ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қадірлі Николай Иванович!
 . ..Менің мектеп жұмыстарым орталық
мектептерде, құдайға шүкір, жақсы жүріп жатыр. Әйтеуір,
бізде болғандардың бәрі де және екі класты мектептерімізді бітіргеннен кейін
оқушыларымыз барып түскен оқу орындарының бастықтары да осыны айтады. Жуырда бір қуаныш хабар алдым: қазір біздің
төрт оқушымыз оқып жатқан Красноуфимскідеп
реальное училищенің директоры біздің оқушыларымыздың қабілеттілігін тамаша мақтап, мұны дәлелдеу үшін округтің попечителіне олардың істеген
заттарының үлгісін - былғары мен сабын -жіберіпті. Қазақтарға мұндай өнер үйретуді Василий Владимирович екеуміз қоймай жүріп енгізген
едік. Ал попечитель өз тарапынан әлгі
заттарды министрге жіберіпті. Бұл қазақ балаларынық реальное училищеде оқи бастағанына
алты ай ғана болды. Біз, Василий Владимирович екеуміз, қазақтардың арасынан бастауыш орыс мектептерінің ашылуын, бұларды жақсы
бітіргендерінің бірқатарынан: 1)
баскаларға орыстың тілі мен жазуын үйретуші етіп шығаратын оқуға; 2) тері илеу,
сабын қайнату, майшам жасау және қазақтардың мал шаруашылығынан түсетін жүн-жұрқадан жай мата тоқу сияқты өнер үйрететін практикалық мектептерге
жіберілуін сұрап келеміз. Ал қазақтардың тез қадаммен отырықшылық түрмысқа
көшіп жатқанын еске алып,
халыққа осы жөнінде көмектесу максатымен ағаш ұсталығы үйретілетін ерекше, тек қана ерекше екі-үш қолөнері мектептерін ашуды ұсынып едік. Мше енді, біздің
бақытымызға, бұл алғашқы тәжрибеміз жақсы жеміс беріп отыр.
Торғайда ашылған Яковлев атындағы
қолөнері мектебінде ағаш үсталығы
және киім тігу (машинамен тігу) жұмыстары қазір өте жақсы жүріп жатыр. Бірақ біздің
күнәміз бастаудан әрі аяғымызды бастырмай отыр. Болыстық мектептер туралы әзір ешбір ресми хабар жоқ. Баска жобаларымыз
да тоқтап жатыр, бұл -
қаранғы адамдардың айыбы емес, сауатты адамдардікі... Біздіқ ісіміздің жайы осындай!..
Бұл арада
Сіздің алдыңызға бір тілек қойып мазаңызды алайын деп отырмын, Сіздің жас
таныстарыңыздың ішінде
арнаулы қолөнері мектебін бітірген ағаш ұстасы немесе ұста-токарь бір адам жоқ па? Бұл сабақтарды оқытып
жүрген оқытушымыз май айында бізден кеткелі
жатыр. Егер қолайлы бір оқытушыға меңзесеңіз, ал ол бізге келуге қарсы болмаса маған арыз жаздырып  жіберсеңіз,
бұл бізге істеген үлкен қайырымыңыз болар еді.
Ана жолы Сіздің маған Қазаннан ұсынған екі оқытушыңыз жайында амалсыз сөзімнен шықпап едім,
бірақ бұл жолы олай болмайды. Оның
жайы басқаша еді. Мен онда
бастықтарымыздың ауызша берген уәдесіне сеніп, Қостанайға келіп қоныстанған
орыстардың балалары үшін жуырда басқа бір екі класты мектеп ашамын ғой деп
ойлап едім. Бірақ бұл мәселе әкімдеріміздің әрқашан да істеп отыратын кесірінен
әлі күнге дейін шешілген жоқ. Мұның себебінін, не екенін де білмеймін, бірақ
жұрт: бұл мектеп ашу мәселесін әкімдер көтермей, оқу бастықтары кетергендіктен
ғана тоқтап жатыр деседі. Бұл оқытушылардың біреуі, қалай болған күнде де, май
айында керек болады. Мен Сіздің қайрымдылығыңызға сенемін. Өзімнің алғашқы өтінішімді
еріксіз орындай алмасам да, Сіз оны жіберерсіз деп ойлаймын. Қолөнері мектебіне
татар тілін білетін оқытушы табылса жақсы болған болар еді, бірақ ондай оқытушы
табылмайды ғой. Сондықтан, қазақ не татар тілін білмейтін, орыс оқытушысымен де
қанағаттана береміз. Қолөнері мектебінің оқытушысына 400 сом жалақы береміз, ал
пәтер, отын, шам тегін беріледі. Александр Павловичке көп-көп сәлем айтыңыз. Смоленский
мырзалар мен Смоленская ханымдарға, Николай Алексеевичке сәлем айтыңыз. Мен олардың алдында кіналымын, өйткені, осы уақытқа дейін хаттарына жауап берген
жоқпын. Әзірге ұрса берсін;
бірақ, егер Сіздің білетін адамыңыз
жоқ болса, қолөнері мектебіне оның
да оқытушылар тауып беруін сұраймын.
Мен бұл мылжыңмен Сізді жалықтырып жіберген шығармын; сондықтан, жазуымды
тоқтатып, Сізге және Екатерина
Степановнаға мың сан құлдық айтумен хатымды аяқтаймын.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1887 жыл, 19 март.
Қостанай қаласы.