ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қадірлі Николай Иванович!
  Мен әлі күнге
Орынборда жатырмын. Қазақтың
бастауыш мектептерінде қолөнері
сабағын енгізу мәселесі жөнінде губернатордың қаһарына душар
болдым. Мен қолөнері сабағын, губернатордың айтып отырғанындай мол көлемде енгізу қазақ мектептерінің алдына қойып отырған басты мақсатына, - қазақ балаларын орыс тілін, орысша дұрыс жаза білуді үйрету
мақсатына кедергі болады; өйткені, оқу уақытының, бүкіл курстың бәрін жалпы білім беретін пәндерге
пайдаланғанның өзінде де
қазақ балалары орыстың тілі мен жазуын әрең меңгеретіні тәжрибе көрсетіп отыр деп,
мәлімдеме түсірген едім. Бұл губернатордыд шамына тиіп, ол мені бір шет аймаққа жер аударып жібере
жаздады. Бірақ, мұның бәрі қазір, В. В. Катаринскийдің араға түсуінің арқасында ғана, қайтадан жөнделіп келе
жатқан сияқты. Жалпы
айтқанда, соңғы кезде мені әйтеуір ешбір кінасіз,
көп әуреге салды. Амал не!..
Бірақ, мен
Сіздің, мейірімді Николай
Иванович, шағыммен мазаңызды
алайын деп отырған жоқпын. Қазір қазақ
хрестоматиясының екінші
бөлімін құрастырып жатыр едім
(айтқандай, орыс әліппесін қайдан алып жүред
деген сияқтыларды айтып, мені
бұл сорлы кітап үшін де мүбталаға
салды); ал кітаптың осы
бөлімінің тарих тарауында қазақ
тарихынан да мақалалар берілуі керек еді, бірақ оған еш жерден материал таба алмай
отырмын. Тіпті, Левшин мен Вельяминов-Зерновтың шығармаларын да еш жерден таба алмадым. Сондықтан қазақтар жайында тарихи материалдар
Қазаннан табылмас па екен, немесе егер ондай кітаптардың сатылатын жері болса, кімге жазып, кімге
ақша жіберуіме болар екен; осы жөнінде маған бір жақсылық жасамас па екенсіз деп Сізге өтінгелі отырмын.
Сонымен, қазақ
тілінде бір жалпы білім беретін кітап құрастырып, туған еліме тағы бір қызмет
көрсетейін деп отырмын, мейірімді
Николай Иванович, ал осыдан кейінгі
жерде сірә тырбаңдауды қойып,
малшы болып жаралған жанмын ғой, мал
бағуға шығатын шығармын. Біздід
татар профессорларымыздың кесірінен қазақ арасына қазір терең тамыр жайып алған
болемен күресу, қиын екен; ал сәл нәрседен жақпай қалған адал адамның басын
жойып жіберуден тайынбайтын өкімет бастықтарымен істесу одан да бетер қиын және
қауыпты екен...
Енді сірә шынымен үйіме қайтатын сияқтымын. Екатерина
Степановнаға менен жалынды
сәлем айтуыңызды өтінемін.
Сізге шын ниетімен берілген
бағынышты пендеңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1884 жыл, 30 сентябрь.
Орынбор қаласы.