ВЕРНУТЬСЯ

        Балалар қамы,
бай қамы,

Ағайын, туған
аймағың

Есейтті-ау сені
тым ерте,

Баяғы айтар
қайда әнің.

Талайын тосып
құрметтің,

Досыңның басын
сыйлы еттің.

Сүйісу, жану
дегенді

Біріңе бірің
үйреттің.

Күндерің өтті
қөңілді,

Бұлттар басқан жоқ көгіңді.

Алма ағаштардың ақ гүлі

Шашыңа ерте
төгілді.

Келген бір
жандай шет елден,

Өзіңді құрмет етем мен.

Қыздарыңнан да сұлусың

Дүниеге кеше
әкелген.

Қинаймыз кейде
ән сал деп,

Айтпаймыз бізді
қарсы ал деп.

Көздерін сатып
Әли жүр,

Көзіңе түсіп
қалсам деп.

Лаулата жандың
отыңды

Кімге де сөзің
өтімді,

Қыздарың қиял,
Әнекем,

Ұлдарың
өсіп-жетілді.

Атыңды білді
атырап,

Көбейді жасыл
жапырақ.

Немере сүйдің
қырықтың

Қырқасына шықпай
жатып-ақ.

Биіксің өзің,
апырмай,

Төбедегі аспан
шатырдай.

Екісі күні
мамырдың

Тойыңа келем
шақырмай.

Бойында сөнбей
қадірлі от,

Әлі де айтар
әнің көп.

Он жетідегі
күніңдей

Жайна бір, жайна
жалын боп.

Ұмытқын
қайғы, уайымды,

Еске сал аппақ
қайыңды.

Арақтан кеттік
алыстап,

Құя бер қызыл шайыңды.

Үлгінді қарындасқа
бер,

Өзіңді тани бастады ел.

Ел сүйген
Едігеңменен

Енді бір елу
жасқа кел.

Арманы көп,
орманы кең

Өмірден бақ көп
сұра

Кірсіз көңіл
болғанымен,

Жырсыз өмір жоқ, сірә.

Күндер бақты
берер өлшеп,

Көңіл шуақ,
көңіл гүл.

Әне-міне
дегеніңше,

Өте шығар өмір бұл.

Жақсылықты артық
дәмет

Ылдида, да, өрде
де.

Жас өмірдің
қарттыққа кеп

Тірелгенін көр
және.

Көкірегіңе ексе де гүл,

Оны ертерек
тойлама.

Ұйқысыз
да өтсе өмір,

Бақсыздау деп
ойлама.

Қатыгездеу көз жолыңда,

Жұмылмайда ол жуықта.

Өз бақытың өз
қолыңда

Дегенді де ұмытпа...

Талабымды
талай-ақ тасқа егедім,

Мен де ол кезде
биік ем, асқақ едім.

Қартайдым ба,
барады қайғы басып,

Бірақ оны бетіме
баспа менің.

Қызметіне
елімнің жарап қалдым,

Кенет бірақ
келмейді аяқталғым.

Сәулесімен
қытықтап қоймай жүріп,

Көңілімдегі
гүлдерді оятты әр күн.

Көңілдегі
бітер-ау күрес бір күн,

Уақыт мені өзіне
ілестірді.

Мен елімнің
сүйкімді қыздарына

Сол оянған
гүлдерді үлестірдім.

Бердім, бердім
барымды мен еліме,

Ерік беріп
жүректің дегеніне.

Үлгім де бар
секілді алатұғын,

Кім қараса
үңіліп тереңіме.

Күзгі күнге
гүлдерім тоналды ма,

Өнеріммен көп
шықтым топ алдына.

Бекер сенің
басқам жоқ топырағыңды,

Бекер сенің жұтқам жоқ ауаңды да.

О, туған жер,
қасиетті кең мекенім,

Сен қаласың,
келмеске мен кетемін.

Еске аларсың
ақпейіл мен байғұсты,

Жер, аспан,
аспан мен жер - мәңгі екеуің.