ВЕРНУТЬСЯ

        Ескі ауылда, әр
ауылдың шаруа күйіне лайықты «өзіңдік бишігеші» болатынды, ауыл сыртындағы
кеңестерге сол ғана қатнасып, ат үстінде сол ғана жүретінді, сондықтан оны
ауылдың өзге момын шаруасы «атқамінер» дейтінді.

Асып кеткен бай
шаруалы адамы жоқ, ең ауқатты дегенінде жеңіл айғыр үйірлік қана жылқы бар
Жуанағаш ауылының атқамінері Досмағамбет. Ол үнемі ат үстінен түспей ел қыдырып
жүреді де, үйіне анда-санда бірақ соғады.

Ол, әрине,
жайдан-жай қыдырмайды. Ел ішінде біреуге біреудің өкпе-сапқасы, кемпірназы,
болмаса даушары болмай қоймайды. Ол кездің болысы, ауылнайы, билері,
атқа-мінерлері, пысықшалары осындай жұмыстарды «жайғастырмақ» боп елді аралайды
да жүреді. Бүл жүрістің бір жағы, Абайдың тілімен айтқанда, «арам болыс, аш
билердің» пара іздеуіне, екінші жағы тамақ асырауына байланысты болып жатады.
Елдің жылы-жұмсағы ауылдарды топтала, қона, түстене аралаған осылардың аузында.
Кім мен кімнің араздығын, кімде қандай жақсы ас барын, кімнің соғымы семізін
біліп, бұл «құзғындарды» бастап жүретіндер - Досмағамбет сияқты пысықшалар.

Досмағамбет,
солайша, ел қыдырып жүрді, Жуанағашта дағдылы өмірімен тұрып жатты...

Біздің Солтүстік
Қазақстанның қысы әр жағдайда боп өтеді: кейбір қысы - аязы, бораны араласқан
тиышсыз: кейбір қысы - жайма-шуақ... Неге екенін кім білсін,- қысы сайлы
болатын жылдың жазы да жайлы келеді. Өткен жаз, патша өкіметінің қазақ
жігіттерін майдан жұмысына алуымен байланысты, ел ішінде дүрбелең болғанмен,
жаз: аңызақ желсіз, шыжыған ыстықсыз, жаңбыры араласқан әдемі қоңыржаймен өткен,
жер от, мал күйлі болған күз де қоңырсып ұзағырақ тұрып.дар да бұрқан-тарқансыз
бәсеңдей жауып, елдің қоралық малдары кешірек қамалған, қыз-құйрықты жылқы
атаулы тайтұяғы қалмастан тебінге шығып, қолда міңгі аттар ғана қалған...
Біздің Керей атаулы ел сәуегей көріп, сөздеріне құлақ тұрып отыратын Шағырай
және Қалық дейтін есепшілердің айтуынша, биылғы қыс та. жаздың мысалымен өте
жайлы боп етуге тиіс...

Расында да солай
болды. Бастапқы жартысы он алтыншыға, соңғы жартысы он жетінші жылға жататын
сол бір қыс өте шуақ боп өткен жаздың жайлылығынан болу керек - февраль, март
айларында ішті малдардың алды төлдей бастады. Бұл айлардан бастап, ауылға -
«жуан созылады, жіңішке үзіледі» дегендей, шаруа адамдардың жаз және күз
жинаған азықтары сарқылып «қараезек шақ» басталды. Сондай кезде мал телдеп,
қараөзек адамдардың ауыздары аққа тиді, қандай қаныбет!..

Шаруасы дөңгелек
болғанмен, Жуанағашта тоқ үйдің және дастарқаны берекелі үйдің біреуі
Шәймердендікі екендігі жоғарыда айтылды. Қыс ортасы ауыл, менен балалары оқитын
кей кедей үйлердің азықтары шағындалған кезде, Шаймерден үйінің бірер сиыры
бұзаулап, аққа молықты. Содан кейін, менің қамқоршым - Ұлберген шешей:

- Балам сен,
басқа үйлердің малдары төлдегенше, жақ-жұтты боп өзге үйлерге жуымайақ қой,
осында тұра бер,- деп, басқа үйге көшуге ұлықсат етпеді.

Бай үйлер
болмаса, шаруа үйлер ол кезде соғымды аз-соятын да, етті турамшылап, сорпасуанымен
шылап қана жейтін, қонақжай үйлер біреу-міреу кеп ұят боп қалар деп, соғымның
жылы-жұмсағын келетін қонағына сақтайтын. Шәймердендікі де сондай үйдің біреуі
болатын. Сондықтан қыс ортасы ауа Ұлберген шешейдің шеміші шағындалып, сорпаны
сирек татыра бастаған.

Екі сиыр осындай
кезде бұзаулағаннан кейін, Ұлберген шешей күн сайын кішірек қазанды толтыра
қатық ұйытатын да, түс кезінде ыстық астың орнына аяқпен үлестіріп, біз ішіне
нан турап, ыңқытып соғып алатынбыз Ол да өзінше аса бір жарасымды тәтті тамақ
болатын...

Шаруа баққан
момын Шәймерденнің үй ішіне жәйлі жігіт екендігі жоғарыда айтылды. Соған қоса
оның бір мінезі,- әйелімен, шешесімен, балаларымен, әсіресе Кекеш, Бөкес,
аталатын үйелмелі-сүйелмелі қыздарымен, менімен, үйіне қыдырып келген басқа
адамдармен қалжыңдасып ойнап отырады. Сондай әдемі ететін күндердің біреуінде:

-        Уа, Шәймерденші, Шәймерден! - деген
айғай естілді терезе сыртынан.- Шығып кет!

Ол кездегі
ауылдың салтында бұндай айғай не той, не жаназа сияқты ерекше бір оқиғаға
байланысты ғана шығады. Соның қайсысы екенін білмей сасқалақтаған Шәймерден
«апырай, бұ кім еді?!» деп, терезеден қарады да:

-        Досым! - деді, «кім?» деп үрейленген
шешесіне.

-        Қай Досым?

-        Өзіміздің! Досмағамбет.

-        Е, ол жындынікі не, мұнша айғайлап. Не
боп қапты? Білші, тысқа шығып!..

Шәймерденге мен ере
шықтым. Астындағы аты бусанған салт Досмағамбет:

-        Уә, Шәке, шүйінші! - деді Шәймерденге,
өзінің белгілі қуланған кескінімен.

-        Ия, не бопты?

-        Құрият!..

-        Не дейсің? - деді Шәймерден,
Досмағамбеттің сөзіне түсінбеген кескінмен.

-        Құрият бопты, құрият!..

-        Жын соққан-ау,- деді Шәймерден, жасы
кіші Досмағамбетке ұрса сөйлеп,- айтсаң дұрыстап айтсайшы, айтатыныңды.
Жұмбақтап немене оттап тұрғаның?..

-        Неге ұрсасың, Шәке-ау, жақсылық хабар
әкеп тұрған кісіге? - деді Досмағамбет.

- Түгіңе түсінсем
бұйырмасын, не деп тұрсың өзің?

-        «Құрият бопты» деп тұрмын ғой.

-        Сандалмай түс үйге!.. Осындай да ойын
бола ма екен,- деп, жеңіл шыққан киімінен тоңазыған Шәймерден бұрылып жүре
берді.

-        Рас, Шәке! - деді Досмағамбет,- тоқташы,
айтайын.

Шәймерден жауап
қатпай үйіне кіріп кетті. Мен тосыңқырап тұрғанда, Досмағамбет те атынан түсті.

-        Ә, Сәпке, аман? - деп ол маған қулана
амандасты да, үйге кіріп кетті.

Үйге мен
кідіріңкіреп кірсем,- Досың айранын ішіп болған аяқты Ұлбергенге қайтарып,
мұртындағы жұғынын ерңімен сорып жатыр екен. Жұғынын жалаған мұртын ол
алақанымен бірер сипады да:

-        Шәке, келмей қалма!-деді орнынан тұра
беріп Шәймерденге.

-        Көрерміз,- деді Шәймерден.

-        Көргенді қой, кел!

-        О не? - деп сұрадым мен, Досмағамбет
шығып кеткеннен кейін Шәймерденнен.

-        Өзім де түсінген жоқпын сол жыннын,
сөзіне.

-        Не дейді?

-        «Патша тақтан құлапты» деп сандалады.

-        Кайдағы патша?

-        Мекалай патшаның барын білмейтін бе
едің? - деді Шәймерден.

Ия, ия...

-        Соны тақтан құлатыпты деп оттайды әлгі,
Досым. Түгіне түсінсем бұйырмасын.

-        Осы баланы кешке ала баршы, бәрібір шана
жегіп барасың ғой,- деді Шәймерденге шешесі.

-        Егер барсам,- деді Шәймерден.

-        Әдейілеп шақырған соң бар,- деді шешесі.

-        Қайда? - деп сұрадым мен.

-        Қаратерекке,- деді Шәймерден.

-        Онда не болады екен?

-        «Сонда кешке Ғалауетден келеді, болыс
келеді, ауылнай келеді, жиналыс болады» деп кетті әлгі жын. Расы ма, ойыны ма,-
кім біледі со жынның не айтып жүргенін. Қулықпен де айтып, осылай
дүрліктіретіні болатын жүртты.

-        Мұнысы қулық болмас,- деді Ұлберген,-
өзгемен ойнаса да, патшамен ойнай ма ол. «Естімеген елде көп» деген екен. Патша
тақтан құлапты деген не сұмдық екен бұл?!.

«Қаратерек»
дегеніміз - Самай руының бір ауылы, Жуанағаштан бес-алты шақырым жерде, онда
бұл арадағы Жәңгісі Самайдың ең байы - Аяпбергеннің Қайралабы тұрады. Сол
ауылға баруға Шәймерден кешке қарай жиналып, тойыршытау қара кек атын,
жадағайлау шанаға жекті де, барғым келген мені қасына отырғызып жүріп кетті.

-        Қайрекең үйінде сыйлы қонақтар болар,-
деді ол «Қаратерекке» жақындай,- біз Жамантай прәдәрдің үйіне түсейік.

Кедей шаруалы
Жамантай прәдэрдің үйінен шай ішіп жылынғаннан кейін, ымырт жабыла Шәймерден
екеуміз Қайралап үйіне тарттық. Бұрын келіп керген ол үйдің алдындағы қоқтықпен
қоршаған кең алапқа ат пен шаналар симай, керші үйлердің қасындағы ат,
шаналарға ұтасып кеткен екен.

Қайралаптын,
қысқы үйі, екі бөлек екенін білем: бірінде кіші баласы Қазы мен езі тұрады,
бірінде, үлкен баласы Имақ тұрады. Үйдің екеуі де, шымнан салынған, Қайралаптын,
өз үйі екі белмелі, кең, Имақтікі, отаусымақтау шағын. Екі үй, кең қораның екі
қабырғасына қарама-қарсы салынған.

Ішіне екі жерден
панар ілінген кең қораның күңгірт сәулесінен, ішінде сапырылысқан кеп адам
көрінді. Шәймерденге еріп, солардың ортасын жарып келе жатқан маған Қайралап
үйінің есігінің алдында жолыққан сол ауылдың жылпос жігітті Байғұтты:

-        Сен қайда барасың? Әрі кет! - деп
иығымнан ұстай алды.

-        Менімен барады,- деді Шәймерден оған.

-        Сыйлы адамдар отыр онда, Имақтікіне
барсын бұл бала, өзің кір! - деді Байғұтты.

-        Жоқ, менімен барады! - деген сөзді
Шәймерден шегелей айтты да,- ал, қалма, бала! -деп бір қолымнан ұстай үйге
кірді. Үй іші ете тығыз екен. Ауыз белмеден әрі асып болар емес. Сондықтан:

-        Бала, сен осы бөлмеде қала тұр,- деді
Шәймерден маған,- мен төргі бөлмедегі жақсыларға сәлем беріп шығайын.

Шәймерденнен мен
қалып қойдым. Бұл үй - біздің елдің сол кездегі стандарттық үйлерінің біреуі:
қабырғаларын шымнан қалап, тебесін жадағай жалпақтау қып жабатын бұндай
үйлердің, егер байдың үйі болса,- ұзындығы шамасы он бес, жиырма метрдей, көлденеңі
бес, он метрдей болады; қабырғасы осылай тұтас салынған үйдің ортасын «шұбалма»
аталатын пешпен бөліп, ауыз бөлме, төр бөлме жасайды. Ас-су ауыз бөлмеде
даярланады. Кәрәсін шамның жарығы екі бөлмеге бірдей түсу үшін, шұбалма пештің
орта тұсынан шам қоятын тесік қалдырады. Әдетте ауыз белмедегі қазандықта
асылатын ет бүгін жоқ екен. Себебін жорамалдап тұрмын: ете сыйлы қонақ
келгенде, отауы бар үйдің асы сонда даярланатын әдеті.

Шәймерден төргі бөлмеге
озғанда, мен де қысылып-қымтырылып шам қоятын тесікке жеттім де, төр жаққа сығаладым.
Ең алдымен, менің кезіме, жылы бөлмеде сыртқы киімдерін шешіп, қамзолшаң
отырған зор, жуан денелі, өзімізге мәлім Нұрғожа түсті. Ол қоңқиған зор мұрнын
анда-санда бір пысқырып қойып, ете жайдары кескінмен отыр. Оның оң жақ тізесін
ала, басында татарша дөңгелек қара тақиясы, үстінде қалаша тігілген костюмі,
галстукты ақ көйлегі, аяғында ақ чесанкасы бар, дөңгелек, көркем жүзділеу,
кішірек көзділеу, шапаты шағын денелілеу, оң бетінде ай таңбасы бар жас жігіт
отыр... Сәні ме, әлде ете жылыны жақсы кере ме, мынадай ып-ыстық бөлмеде
арқасына жасыл шұғамен тыстаған жеңілдеу түлкі ішігін жамылып апты. «Ғалауетден
осы болуы керек» деген ой келді маған. Ол әлденені сөйлеп отыр, өзгелері ұйи
тыңдап отыр.

Нұрғожаның екі қанатын
қоршай отырған одан басқалардың көбін таныдым. Олар - Әнәстәсіп аталатын болыстағы:
Қапсыт, Самай, Нұрымбет руларының шонжарлары.

«Игі жақсыларға»
сәлем берген Шәймерден кешікпей ауыз бөлмеге шықты.

Екі бөлмеде де
гу-гу сөз. Сөздің көбі «патшаның тақтан құлауы» туралы. Қанша құлақ тіккенмен,
мен ұғатын сөздер емес бұлар. Қайдан ұғам, менен өзгелер де «апырай бұ қалай?»
деп бірінен бірі сұрап, «ол солай» деген тиянақты жауапты ешқайсысы да айта
алмай, әртүрлі жорамалмен айнала шатасады.

-        Кәне, ас келеді, қонақтарға, жайланып
ішсін астарын, тараңдар енді, ауыз бөлмедегілер! - деген дыбыс естілді бір
кезде, ауыз бөлмедегілер сөгіле бастағанда:

-        Шәймерден, сен қонақтарға табақ тартыс.-
Қасыңдағы бала Имақтың үйіне барып сорпа-суын ішер.

Қайралаптың үйі,
сол күні жылқының семіз етін молақ асқан екен. Сондықтан сыбағалы тамақ
жемегенмен, маған да қанағаттанарлық ас тиді. Менің қанағатсыздығым ол жағында
емес, әңгімеде... «Патша тақтан құлапты!..» Не сөз бұл?! Қалай құлаған?! Кім
құлатқан?!. Рас па, етірік пе?!.» Бұл сұрауларыма, Қаратеректен аттанғаннан кейін
жауапты Шәймерденнен алған сияқтандым.

-        Менімше, патшаның тақтан құлауы өтірік,-
деді ол.

-        Неге, Шәке?

-        Патша құласа, оған сүйенгеннің бәрі
құлауы керек қой. Мысалы,- Құрымбай тұқымы... Нұрғожа... Осы араның патшасы сол
емес пе? Патша құласа, ол неге құламайды? Құлаудың орнына, гүл-гүл жайнайды!..
Сөзіне қарасам, бұрынғысынан да күшейіп алған сияқты.

-        Қалай?

-        Бұған дейін ол бір інісі Ыбырды болыс
қойып, елді сыртынан бағушы еді ғой! Енді! мына құрият болғанда, екінші інісі
Қазиды болыс қояйын деп отыр.

-        Кім айтты?

-        Құрияттың болысын сайлауға Есілбайдың
Ғалаует-дені шыққанын көрдің ғой?

-        Көрдім.

-        Көрсең, біз келгенше, жаңа болысты
сайлауға Қайралап үйінде отырған шонжарлар пәтуа қып қойыпты.

-        Кімді?

-        Байғожаның Қазиын. Білесің бе, оны?

-        Білем. Байғожа Нұрғожаның інісі емес пе?

-        Үстінен түстің. Қази әрі жас, Ыбырдан
әлдеқайда қу. Көрерсің, елдің жұлынын желкесінен соратынның әзі сол болады.
Сайланып алған соң, құрияттың болысы қандай болатынын елге көрсетеді ол.

-        Шәке,- дедім мен,- «құрият, құрият!..»
деседі жұрт, сол не сөз өзі?

-        Оның мағнасын Ғалауетден айырып берді,-
деді Шәймерден,- арабша «хұррият» деген сөз екен, қазақша мағнасы: «еркіндік,
бостандық» дегенге келеді екен, «жауыз патша түсіп, халық еркіндік алды,
бостандық алды» дегені ғой. Бірақ Құрымбай тұқымынан болыстык, кетпей, елге
бостандық бола қояр ма екен. Соған қарағанда, осылардың «хұррияты» «құр ұят»
бола ма деп қорқам.

-        Не дедіңіз?-дедім мен, соңғы «хұррият»
деген сөзді Шәймерден «құр ұят» сияқты қып айтқан соң.

-        «Құр ұят» деген қазақ сөзін білесің бе?
- деді Шәймерден, «құр» мен «ұяттың» арасын әдейі бөліп айтып.

-        Білем ғой,- дедім мен,- ұятқа қалдыратын
істі айтады ғой, «құр ұят» деп.

-        Ендеше «патша тақтан құлады», хұррият
болды дегенмен, «құрият, құрият!» деп шапқылаудың арты «құр ұятқа» соға ма деп
қорқам.