ВЕРНУТЬСЯ

         Соқ, қаттырақ
барабанды,

Соқ қаттырақ
қыздыр қанды!

Әне, ашудан от
тұтанды,

Намыс пен кек
маздап жанды.

Өрт жүректер
лапылдады

Басты қаптай
алаңдарды.

Шықты көсем
коммунистер -

Бастап батыл
пролетарды,

Соқ, қаттырақ
барабанды!

Көсем жолдас
айтты әділін:

-        Шамырқанды Париж бүгін!

Кім кірлемек,
ыластамақ

Француздың
адалдығын?

Кім қорламақ,
төмендетпек

Француздың адамдығын?

Кім зорламақ, бас
идірмек

Француздың адал
ұлын?

Париж - бүгін
қаһарланды,

Қиюға әзір қан
мен жанды.

Ұрлатпайды
қолындағы

Француздар жейтін
нанды,

Өлтіртпейді
ойындағы

Коммуналар салған
әнді.

Бас, жеделдет,
бас қадамды!

Соқ, қаттырақ
барабанды!

Жолдас көсем
айтты шынын:

-        Шешу керек Париж бүгін:

Я жұтады зымиян
доллар

Француздың
бостандығын;

Я француз салып
жанын,

Керек болса төгіп
қанын -

Күйретеді жау
сұмдығың.

Париж, Париж, өрт
тақалды!

Жау жанына қанжар
салды!

Оқ атқан кім,
өлтірген кім -

Өз бауырың -
шахтерларды?

Білсін сенің
құдіретіңді,

Жу тезірек қанмен
қанды!

Баста батыл -
пролетарды,

Соқ, қаттырақ
барабанды!

1948