ВЕРНУТЬСЯ

          О, менің
қарағайларым,

Білмейтін
ашу-айбарды,

Күзде де көк,

Қыста да көк,

Жасыл айдарлы!

Жас жігіттей

Бойы сұңғақ,

Келе жатқан
иілмей,

О, менің
қарағайларым,

Жатыр ойым тулап

Өзімнің жырлы,
шулы үйімдей.

О, менің
қайыңдарым,

Қозғайтын ой
ырғағын,

Айнымайтын
Арқаның аруынан,

Қараңғы түн де

Қарағандай
болатын

Аппақ күн
қабығынан!

О, менің
қайыңдарым,

Сендер жайлы
жырларым тұрды дайын,

Ақ қайың,

Қызыл қайың!

Сырлы қайың.

О, баяғы жас
қыздар,

Әдепті, ұяң
ырайлар,

О, баяғы жас
қыздар,

Аққұба, қызыл
шырайлар!

О, көкала
теңіздер,

Қүн болып күркіреген,

Бұлт болып сіркіреген,

Ашуы қайнап
басылмай,

Қабағы жайнап
ашылмай,

Толқындары бұлт
боп бұрқыраған,

Көбіктері
жасынның үйір-үйір тасындай,

Көкала теңіз -
көк аспан,

Биікке шырқап тұңғиық,

Тереңдерге жол
ашқан! -

О, менің
теңіздерім,

Сен мені неге
іздедің?

Көк теңіз,

Күрең қарағай,

Ақ қайың,

Ардақтар асылым
ең.

Келіпсіңдер

Жер-көкпенен,

Конверттермен.

Мен бүгін
сендерді таптым

Почта жәшігінен.