ВЕРНУТЬСЯ

          Ойланам, ойыма
өзім қуанамын

Ұққанға уақыт
пенен өмір заңын.

Егессе жүз Трумэн
жеңе алмайды

Советтің мен
секілді бір адамын.

Ол үшін
келтірмей-ақ көп дәлелді,

Алалық өткен
соңғы үш-төрт жылды,

Бетпе-бет оқиғалар
кездестірді

Мені мен
америкалық Трумэнді.

Зәрредей бүккенім
жоқ көңілімде

(Емеспін қулық
еткен әмірімде!)

Болған соң жаркын
жанды айтып салдым

Ертеңгі өзім
жазар жыр жөнінде.

Дедім мен:- алда
жақын асыл күндер,

Туады тағы бізден
жақсы өлеңдер.

Жырлаймыз ер
халықтың бостандығын,

Жатырмыз
әзірленіп соған бүгін.

Трумэн қарқылдап
бір күлді дағы,

Тесіле қарап маған
түрды дағы;

- Жоқ!- деді,
ондай жырлар жазылмайды,

Біз бармыз
жаздырмайтын!- деді тағы.

Қадалдым мен де
қатал президентке

Әңгіме созылмады
онша көпке.

Кереміз дедім
оған кім күлгенін

Кездессек
сізбенен біз келешекте...

Үш-төрт жыл өтті
міне содан бері

Қозғалық сонда
үзілген әңгімені!

Қанекей,
күліңізші, керейін мен

Басылмай
кеудеңіздің тұрса желі!

1949