ВЕРНУТЬСЯ

Ақын Дүйсенбек Қантбаевқа Теңіз де өксіді,Менің кеудем де...Жағада сол күні,Сартап сағыныш сезім боп көлкіді.Жылаған жүректі жұбата алмадыКаспийдің құшағы,Ақ білек толқыны.Іргеде көк шаһар,Таныс бақ,Жалаулы жастықтың көшесі.БүгіндеБасқаша тыныстап,Дутардың сазына буынып,Шиырылған көк шайлы кесесі.Бұрынғы нұрлы аспан, Кіреуке мұң басқан.Қаланың қауқылы көбейген,Кеткендей бұрыннан есесі...Ләйлі тал сыңсиды,Жапырақ-шаштары Мойныма оралып,Қимастай қиылып,Қарайды ақ қайің қадалып.Өмірдің қат-қабат жолындаҚалмасам жоғалып...Красноводск!... Өзіңе соғамын ол анық....Сол күні өксіген көңілмен,Таныс та, алыс та жағада,Жоғалған жастықтың елесінЕкшедім санада.Өйткені көп жылдарЖүйткіпті арада.Ал, сен ше, бардың ба?Сол бір жағаға,Жан-аға...                     5. 10. 2006 жыл.