ВЕРНУТЬСЯ

Үш бұрыш хаттар легі,Майданға кірді, жетті елге.Окоптарға кеп түнеді,Ұмтылды алғы шептерге. Тіл қатып қалам ұшымен,Алуан ұлттар тілінде.Оралды оттың ішінен,Осынау хаттар бүгінге. Жазатын былай жеңгеміз,Солдаттың жары елжіреп:«Біздерді қойшы, елдеміз,Сен аман жүрсең болды!» - деп. Қарайды әже белеңге,Күтумен ұлын жүреді.Сенбейді өлді дегенге,Көнбейді оның жүрегі.Қимастық осы сезімнің,Босамас бойдан құрсауы.Әжетай, ұйықтап көз ілгін,Әлдилеп жаздың нұр шағы. Боздақтар күні батқасын,Төсегі болды-ау жат мекен.Қанша үйдің келіп қақпасынҚаралы қағаз қақты екен?! Жылдарды сонау жаралыОйға алып әркім отырар.Ерлікке баулыр баланы,Жауынгер сөзі оқылар. Бұлақтар небір сарқылып,Өтті ғой бастан шақ талай.Сағыныш демге шарпылып,Сарғайып кеткен хаттар-ай!..