ВЕРНУТЬСЯ

Ей, өмір,Сырыңа әлі-ақ, қанығамын,Өзіңнен бақыт қана танығаным.Демеймін қамығамын, жабығамын,Жігерім-шар қайраққа жанығамын.Ән бар болса жүректі дір еткізер,Ол-менің Әнім!!!              ***Он сегіз мезгіл екен,Арнадан тасып, толар.Он сегіз мезгіл екен-Өртене ғашық болар.Он сегіз мезгіл екен-Жалп етіп сөнбейтұғын.Он сегіз мезгіл екен-Өзгеге көнбейтұғын.Он сегіз мезгіл екен,Дастан-жыр тыңдап бағар.Он сегіз мезгіл екен-Досты да мыңдап табар.Жаратпас дамылды аса,Жарыста дүлде алады.«Дауасы» табылмаса,Он сегіз «жынданады».             ***Жастық деген:Ай мұңдасы                                                               Әм сырласы екен ғой,Той жиынның ән-жыр басы екен ғой.Иран бақтың бұл-бұл сазы екен ғой,Пәк көңілдің әзіл-назы екен ғой.Байқамаса күйдіретін өрт екен,Гүл сыйлаған, қол алысқан серт екен.Сондықтан да тұрамын да ертемен,Нұр өмірді әрлеу үшін тер төгем.Кей кездерде қарсы ұмтылсам қылышқа,Қосағасы, албыртсың деп ұрыспа!