ВЕРНУТЬСЯ

Жүрсең жұмсақ жүрегіңнар маядай иіп бір,Мен өзіңе боламынжан-тәніммен сүйіп құл.Жанымызбен жарасып,тағдырымыз қосқанда,Жолығады дедік пеекеумізге күйік бұл. Әйел жаны - әулие,ер деген де тас емес,Үлбіресе гүл-жүрек,көңіл қалай босамас?Үлпілдеген сезімдіүкілей біз алмасақ,Алтын таңдай әлемніңғұмыры ұзақ жасамас. Бұл әлемді баласақтеңіздегі кемеге,Капитаны кім екен?..Іркілемін мен неге?Ер басыммен...Жо-жо-жоқ.Билеушім бол сен ізгі,Ақылды бол,арлы бол,алау жақ өр кеудеме. Күннің нұрын құйып ап бұлт шалмайтын бейнеңе,Жан жарыңа сен мәңгі,оны ешқашан жау деме.Біз келеміз, жарығым,ұлы өмірдің көшінде,Жарға жықпас тегіндежас жұбайды  әлдене!. Ұзақ-сонар тіршілік...не жолықпас пендеге,Бұлқан-талқан болмайықашу түйіп әрнеге,« Сен – капитан» дедім ғой,басқара біл ендеше,Майда тілмен тербей біл,өктемсіп құр терлеме. Әйел жаны жұқа тым,жұмсақ болған жарасар,Күн шуағы секілдіжарқыраса ана, жар,Дүниенің тұманытозаңынан сейіліп,Жүректер де жазыларболған небір жарадар. Әйел-ана емші ғойтіршіліктің бәріне,Сусындаған бар адаммахаббаттың нәріне,Соныменен жеңеді олқатігездік дегенді,Бір ғаламат сиқыр баржаны менен тәнінде. Сен де, жаным, сол күйіңжанды баурап, бағындыр,Жүрегіңнен төгілсінөмір сүйген жалын-жыр,Құдіретің сол болсын,махаббатың зор болсын,Көзің тайса сәл ғанатағат бермей сағындыр. Сонда саған бас иіп,біз де күшке енерміз,Буырқанып қан тамыр,оттай жанар денеміз,Махаббатқа ұйығанғұмыр-дария төсіндеТолқындардан тайсалмайөрге жүзер кемеміз!

Автор: