ВЕРНУТЬСЯ

Сені маған Тәңір өзі жіберген:Осы арудың болшы деумен серігі,Қосағыңның болшы деумен сенімі,Жеті құрлық жердің шарын кезсең де,Жолықпайды одан асқан керімі,Ғажап деумен жаратылыс елігі! Алғаш рет көргенімде гүл-өңмен:Жанарыңнан жақұт-сәуле шашылып,Сөйлеп едің ақ бұлақтай ашылып...Мендік жүрек жанартаудай бұлқынып,Жалын сезім оянды да ғашықтық,Сөйлеп едім толқын сынды тасынып. Ұлы Аллам аппақ тілеу тілеумен:Төгіп өтті жанымызға ақ нұрын,Аямады ақ нөсерлі жаңбырын.Бал құрақтай балауса шақ кезіндеҰйығанбыз махаббатқа бал-шырын,Жырақтасақ, көзге ұялап тамшы-мұң. Егіздейін бір ананы тем емген:Жалғыз жүріп бұл ғұмырды сүрместей,Жүзі жайнап, ойнап-тағы күлместей,Жан-тәніміз жаралған бір жандармыз,Түсінісіп тұратұғын тілдеспей. Шағым болса менің кейде түнерген,Сенің отты жүрегіңнің күні өртер.Білем, жаным, жетті көзім, білем мен,Сені маған Тәңір өзі жіберген. Құлым болшы десең болам құлың мен,Тәнті етесің баладай пәк түріңмен,Ерітесің, елжіретіп үніңмен,Сені, жаным тең санаймынТәңірімтарту еткен мынау ұлы ғұмырмен!

Автор: