ВЕРНУТЬСЯ

        Құттықтады аппақ таңнан келінің,

Құттықтады Күрөзектен көп інің.

Құттықтады жарың, балаң, қыздарың

Барлығы да
білдіріп жатыр көңілін.

Болдық біз де
өзімізше мемлекет,

Өтіп жатыр
түрлі-түрлі әрекет.

Ұлдан,
қыздан туған

немерелерің де

Беріп жатыр
аппақ таңнан гүл әкеп.

Не аяйды
тірлігінде дос достан,

Жұлдыз болар кезіңі де тосты аспан.

Ұзақ
жаса дейді

саған барлығы,

Бақытты бол
деген сөзді қоспастан.

Нұрға толсын тірлігіңнің бар күні,

Бас жармайды
қуаныштың артығы.

Туған жерің құттықтайды сені ылғи

Апа, сіңлі, інілерің арқылы.

Құттықтау сөз, жерде де айтыл, көкте айтыл,

Кезегінде қалған
емес өтпей тіл.

Сені ұмытпай ылғи құттықтайтұғын

Жетпей тұр-ау, Құралайың жетпей тұр.

Соғар бетке
тіршіліктің желі кей,

Жүр бәрібір сен
өмірден жерімей.

Туған күнің құтты болсын

ғұмыр кеш

Құттықтаушы адамдарың
кемімей.