ВЕРНУТЬСЯ

      Шал боп кетем ұйқыға,

бала болып
оянам,

Әлдилейді
жанымды оятып ап

ой-анам.

Атып келе жатады

аппақ таңы
тірліктің

Балғын жүзін
өзінің аппақ

нұрмен бояған.

Қуанамын
біртүрлі осы таңды
көргенге,

Тербетеді бір
әуен пайда болып

кеудемде.

Ештеңеден
қашпаймын, таспаймын да

саспаймын,

Сырласуды
бастаймын

аспанменен,
жермен де.

Шіркін менің
Алматым, шұғыла тарап өзінен

Кездестіріп тұрады баяғы бір кезімен.

Амандығын
әлемнің

өз көзіммен
көрем де,

Бүтіндігін
денемнің содан кейін

сезінем.

Қарап тұрып тау жаққа, демімізді

бір алдық,

Бала күнгі
кездердей қуануды шығардық.

Үміт, арман тағы
да шақырады бір жаққа,

Бітпеген ғой мендегі тіршілікке

құмарлық.