ВЕРНУТЬСЯ

Кеткен-ді көктің түсі оңып,Қазбауыр бұлттар жауа алмай.Төбеде от-күн тұсалып,Кірпігін қақпай қадалды-ай. Осынау шақта аңдысқанШаптығып шықты бір құйын,Екпінмен ерек шаң құсқанЖелпіді көктің түндігін. Қаптады бұлттар атойлап,Аспанды алды көмкеріп.Көкжиекте жатты от ойнап,Жатқандай тауды төңкеріп. Көк жүзі кетті шатынап,Найзағай – ұшқын от бейне.Дүрлігіп қалды атырапШуылдап нөсер жеткенде. Түскендей көктен күткеніЖадырап қалды бар маңай.Тал, терек бойын тіктеді,Серпілді дүние, жалған-ай. Мұнардан аспан тазарды,Тұр еді көптен ашылмай.... Болар еді өмір базарлыНөсерлер соқса осындай.