ВЕРНУТЬСЯ

Сексеуіл өсер шөлдегі,Бой бермей аптап ағынға.Өн бойы – мезгіл өрнегі,Шомылған құмға, шағылға. Жын-ойнақ салып, жел де есіп,Құрсаған оны жауын, қар.Долдана соғып, белдесіп,Жыға алмай кеткен дауылдар. Тұрады-ау, қашпай сабыры,Дүрліксін мейлі дүниең.Сіміріп суды тамыры,Жеті қат жердің түбінен. Тереңнен тауып миятты,Ауырлықтарға шыдап бар.Құлшынып тұрған сияқты,Палуан білек-бұтақтар.Әлсіздік оған дерт шығар,Шымыр боп солай өседі.Адамды кейбір морт сынар,«Сексеуіл мінез» деседі. Беріш боп қатқан безінде,Жатыр-ау батпан қиындық.Өрлік бар қандай өзінде,Өткізбек тірлік, құйын ғып! Жаныммен мұны сезінем,Тағдырым менің тұр жерде...Өтеміз өмір тезінен,Сексеуіл сынды, біздер де!