ВЕРНУТЬСЯ

Сүреңсіз соғыс күндері,Ашулы аңдай жарадар...Көзімде елес сүлдері:Қара шал. Шығыр. Қара нар. Бір жүрген ізін шиырлай,Қара нар жалғар ермегін.Сырғыған қауғасиырдайСүзеді әйкел ернеуін. Шығыр да ығыр қыладыТынымсыз заржақ баладай.Су толы қауға шығады,Қампиған қара сабадай. Жарылған шардай бүрісіп,Құлайды қайта құдыққа.Қаптаған қойлар тұр ішіп,Бас қойып мөлдір тұныққа. Қара нар құмар, шалғынға,Боздайды келіп, боздайды.Қайыстай қара шалдың даҚайдағы шерін қозғайды.Қозғамай және қоймайды,Шығыр да салып «ойбайды».Соғыста жүрген жалғызынҚамығып күнде ойлайды. Қорғайды қоғам малын даҚарашығындай көзінің.Шау тартқан мынау шағындаТемір төс дерсің төзімін. «Киелі ғой, - деп, - киелі...»Мақтайды ойсылқарасын.Мейірімге толы-ау жүрегі!Ойланып үнсіз қаласың... Үмітке нұрлы сенетін,Бөгде бір жанға шағынбай.Қиындықтарды жеңетінКөтеріп қара нарындай.Болды ғой ғайып сүргін шақ,Еріген қардай көктемде.Қараймын қиял-дүрбім сап,Талай мұң құшқан өткенге. Қара нар, әйдік тұлғасы,Тәнті еткен талай күшіне.Сағымда қалқып сұлбасы,Жүреді еніп түсіме... ...Қашанғы тұрсын күн аумай,Кезінде оны көрем де.Қара нар сүйреп шығардай,Мен құлар болсам тереңге...