ВЕРНУТЬСЯ

       Кетпейді достар
да ойдан, туыс та ойдан,

Алтын тойға ұластың күміс тойдан.

Жұмекем өз баласын еркелетіп,

Атын да Сұлуқыз деп дұрыс қойған.

Арымен, елге
ардақты мекенімен,

Істеген өз жұмысын өте білген.

Сұлуқыз сан
жігітке арман болып,

Ұстаған
біреуінің етегінен.

Ақырын өміріңіз
келде күзге,

Бақыттың
барлығына сендіңіз бе.

"Еңбектің
ардагері" апамызды

Кез келді
еркелетер енді бізге.

Шіркін-ай,
болдың екен баста қандай,

Жасыңыз әлі
отыздан аспағандай.

"Құрметті байланысшы"

елдің бәрін

Бақытпен байлап,
матап тастағандай.

Әлі де ер
еңбектің ұзар құны,

Жоқ оның
игілікті бұзар күні.

Қазақтың
газеттері,

журналдары

Иесін тауып
жатты Сіз арқылы.

Сұлуқыз, алтын сәуле, ақ жамбыдай,

Бөлінген бір
сәулесіз таңнан былай.

Мен білсем,
Сіздің жүрген жоқ кезіңіз

Көз бенен
көңілімізді алдандырмай.

Өзіңмен сырымыз
да, мұңымыз да,

Жақсының
шұғыласы, күні құзда.

Демалыс сұлулыққа берілмейді,

Демалыс, әрине,
жоқ Сұлуқызға.

Әркімнің бар
атар таң, батар күні,

Жүректегі
сөнбесін от алтыны.

Сіз бізге кеп тұрыңыз уақыт тауып,

Хабарласып
тұрыңыз хат арқылы.