ВЕРНУТЬСЯ

Сұлулықтан  жаралғандай  бар 
ізгі
(Сұлуларға  тәкаппарлық  парыз-ды!)
Көгілдір  көл,
жерде  пайда  болмай-ақ,
Көк  аспаннан  сынып 
түскен  тәрізді.
Көңілдерде  көктем  шығып - сең 
жүріп,
Құмар  ойды  құштарлыққа 
жеңдіріп,
Ертегілер  есі  дұрыс 
жанды  да
Сенбейтінге  қояды  екен 
сендіріп.
Аулақ  жүрсін  күрсіністер, 
уайымдар!
Көп  қуаныш  күтетін 
де  жайым  бар.
Тек  белгісіз  бір  жаққа  ертіп 
кетпесе,
Жағадағы  жалаң  аяқ  қайыңдар.