ВЕРНУТЬСЯ

О,  ғажайып!
Қалғаны-ау  таңның  да 
атып!
Түс  көрдім  бе 
екен  мен  қалғып 
жатып?
Галатеяға  арбалған  Пигмалиондай
Бір  бейнеге  қалайша 
қалдым  қатып?
Сезбей  алда  тұрғанын 
ненің  күтіп,
Ұстамсыздық 
танытты  сенім  жітік.
Байғұс  жүрек  жөңкіліп 
кеткен  кезде
Қалады  екен  деп 
едім  демім  бітіп.
Жөн  болмады  соншама 
тесілгенім!
«Бір  көргеннен  тесілдім 
несін?»  дедім.
Бұрын  мұндай  сурет 
кездеспеп  пе?
«Дұрыс  емес  шығар 
не...
есім  менің!».
Төзімнің  де  сол 
еді  бекінгені
Қалай  құздан  ол 
бірақ  секірмеді?
Ал  сурет
сурет  емес,
сол  сәт
Сөйлеп  кетер  Венера 
секілді  еді.
Жүрген  едім  ең  мөлдір  сәтті 
біле,
Сол  сезім  де мені 
іздеп  тапты,  міне!
Тік  қарамай  мен  оған  тұрмын 
бірақ
Көзім  тиіп  кетер 
деп  пәктігіне.
Ажарына  бір  күдік 
жолатпаған...
Бәрінен  де  тым  қымбат  сол-ақ 
маған.
Мені  танып,
көздері  жаутаңдайды
Қарлығаштай  сымдарға  қонақтаған.
Қинады  не,  білмеймін, 
сенімім  бе?
Сендіріп  ап,  сескентті-ау 
мені  мүлде.
Сұлулықпен  екеуі  қалғыса 
бір,
Бір  түс  көріп 
оянар  еді  күнде.
Келді  осынау  сосын 
да  бір  ой  маған:
Кірпігінде  мөлтілдеп  Күн 
ойнаған
Өмір  бірде  болмаса, 
бірде  тағы
Қыз  Жібекті  туар 
деп  кім  ойлаған!