ВЕРНУТЬСЯ

«Бір меңіңе Самарқан мен Бұхараны берер ем...»                                                                                                                  Хафиз.                           1.Тәжі сынды мына маңғаз даланың,Бар асылы – жауһар, жиһаз жинағы.Кешір інім,Сен басқарған қаланы,Бір аруға сыйладым.Кінәлама ағаңды сорғалаған өңірден,Өкініш боп мың арман.Ал қаһарың аспас Ақсақ Темірден,Айырылған Самарқан мен Бұхардан.Алматының алмасы еді...Жанары,Жоқ еш жанда ондай нұр.Көрік кеуде ал анары, анары,Менің шөлім...Қанбай тұр.Кім ұнатпас мақтауды,Ақын дархан, өңінде де түсінде.Бере салдым арман қала Ақтауды,Бір сүйгенім үшінде...Түсін, інім, ағаңдағы мықтылық,Талайлардың аһылаған қызығып.Қыз жанының құпиясын ұқтырып.Бір тамшы жас түсті жерге үзіліп.Қатпар-қатпар Нәзік сырды ұғатын,Гүлдер ғана самал желмен ырғала.Шын көңілден, шын көңілден шығатын,Тамшы жастың шын құны да – бір қала.