ВЕРНУТЬСЯ

           Тақырып.

                 Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ                                               
                                 шығарма     болсын, 
жазушы-ақындар өмір туралы, адам 
және олардың араларындағы қарым-қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің
ой-пікірлерін, көзқарастарын ұсынады.

Шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол
туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін
негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы саналады.

М.О.Әуезовтің атақты «Абай» романы - төрт томдық, көлемді еңбек. Әйтсе де
сол романның негізгі тақырыбы не деген сұраққа: «ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында ғасырлар бойы үстемдік алып келген
рушыл-феодалдық таптың өкілдері мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік
бағытты қолдаушы демократтық топтардың күресі» дер едік.

Әрине, әңгіме негізгі тақырып туралы, мұндай желісі ұзаққа тартылған үлкен
шығармаларда қосымша тақырыптар да аз болмайды. Сүйіспеншілік, феодалдардың
өзара тартысы, барымта-сырымта тәрізді тұрмыс-салт мәселесі т.б. бар.

Сол тәрізді А.С.Серафимовичтің «Темір тасқынының» тақырыбы - 20 жылдың бас
кезінде Кубаньда болған азамат соғысы; А.А.Фадеевтің «Тасталқан» атты романының
тақырыбы - азамат соғысы кезінде Қиыр Шығыстағы айнала қоршаған интервенттердің
қамауын бұзып шығу үшін күрескен қызыл партизан отрядының ерліктері деуге болар
еді.

Шығарманың тақырыбын оның идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының
шығарманы не туралы жазуын тақырыбы десек, шығармадағы суреттелген өмір
құбылыстарына оның өз көзқарасы, қалай бағалаушылығы шығарманың идеясы болмақ.

Тақырыпты жазушылар қалай болса, солай 
ала салмайды. Шығармаға тақырып боларлық өмір құбылысы, әр алуан өмір
мәселелері көп. Солардың ішінен әр жазушы өзінің өмірге көзқарасы,
дүниетанушылығы, өз табының тілек-мүддесіне керекті деген тақырыпты таңдайды.
Кейде екі таптың ақын-жазушылары бір тақырып туралы жазуы да мүмкін. Бірақ ол
тақырыптың негізінде суреттелінетін өмір құбылысын оқушыларына жеткізу, суреттеу
әдістері, оқушыларының ой-сезіміне әсер етуі әр басқа.

Бұрын да және осы кезде де өз Отанына деген махаббат, сүйіспеншілігін
көрсететін ақындардың өлеңдері аз емес. Олардың тақырыбы да, идеясы да бір.
Бірақ сол махаббат, сүйіспеншілікті оқушыларға жеткізу, олардың ой-сезіміне
әсер етудің әдістері әртүрлі. Бір ақын не жазушы өз отанының елдігін, ерлігін
мадақтап, соған өзі терең сүйінумен қатар, басқаларды да сүйіндіреді. Екіншісі,
сол отанның символы ретінде табиғаттың бір көрінісін, не адамды, не туған жерін
сүйсіне жырлау арқылы да отанына деген махаббатын сездіреді. Оқушыларына сол
суреттеп отырған нәрсесі арқылы әсер етеді.

Бұл айтқандарымыз бір бағыт, бір идеялық көзқарастағы ақындар туралы. Ал әр
басқа идеялық бағыт, әр басқа көзқарастағы ақын-жазушыларды алсақ, олар бір
тақырып туралы жазса да, әрқайсысы өзінің дүниетанушылық көзқарасы тұрғысынан
жырлайтындығын көреміз. Мысалы, ХІХ ғасырдың бірінші жарымында өмір сүрген
феодалдық әдеби бағыттағы ақындар Байтоқ, Жанұзақ пен демократтық әдебиет өкілдері
Махамбет, Шернияздарды алсақ, өз кезіндегі әлеуметтік мәні бар мәселелерді
шығармаларына тақырып етіп алса да, оны суреттеулерінің  тек әдісі ғана емес, оқушыларына сілтейтін
бағыты да, олардың ой-сезіміне әсер ететін әсерлері де әр басқа болды. Алдыңғылары
хандықты жақтап, оны халықтың қамқоры деп білсе, соңғылар хандықты өлтіре
сынады. Хандық - шаруаларды қанаудың күшті құралының бірі деп білді. Байтоқтар
хандықтың берік болуын тілесе, Махамбеттер оның жойылуын арман етті. Бұл -
тақырыпты қалай көрсетудің тек әдістік өзгешелігі емес, идеялық көзқарастардың
басқалығы еді.

Сонымен қатар орыс, қазақ халықтарының әдебиет тарихына шолу жасасақ, әр
таптың ақын,жазушыларының  тақырып
таңдаулары негізінде әр басқа болатындығын көреміз. Бір таптың ақындарын өмір
құбылысының бір алуан жақтары қызықтырса не соны керекті деп тапса, екінші
таптың ақын, жазушыларын ол өмір құбылысы мүлде қызықтырмауы, өмірдің басқа бір
құбылысы не басқа мәселесі қызықтыруы, соны тақырып етіп алушылық өз табы үшін
анағұрлым артық, анағұрлым керекті болуы мүмкін. Міне, осы айтылғандардан
тақырыптың таптық мәні, таптық сипаты келіп шығады.

Плеханов Некрасов туралы жазған бір мақаласында, орыстың
дворяндық-буржуазиялық жазушыларымен Некрасовты салыстыра келіп, әр таптың
жазушыларының тақырыбы әр басқа болатындығы туралы мынаны айтады: «Біз
Некрасовтан тіпті өзгеше нәрсені көреміз. Оның даңқты шығармаларының көпшілігі
халық мұңына арналады».

Революцияшыл-демократтық бағыттағы әдебиет өкілдері: Некрасов,
Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Успенскийлер дворян жазушыларынан басқаша
тақырыптар алды. Ондағы мақсаттары феодалдық-крепостнойлық қоғамның,
чиновниктердің, помещиктердің, либерал мылжыңдардың бет перделерін жыртып,
қатты шенеу, кезіндегі кертартпалық көзқарастың тамырына балта шабу болды.
Сонымен қатар феодал-помещиктердің қанауында жүрген шаруалардың ауыр халін,
мұқтаждық жағдайларын шығармаларының негізгі тақырыбы етті және олардың
өмірлерін өте аянышты түрде суреттеп, оқушыларының адамгершілік ой-сезімін
оятуға күш салды.

Революцияшыл демократия бағытындағы әдебиет ақын-жазушылардың көңілін
аударғанда, олардың өмір құбылыстарынан таңдап алып шығармалардың тақырыбы
еткендері де, міне, осылар болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Әбубәкір мен Алтынсаринды алсақ,
бірі ескішілдік, бірі жаңашылдық көзқарасты қолдаушы ақындар екенін көреміз.
Олардың тақырып таңдаулары да, сол тақырыптың негізінде суреттелген өмір
құбылыстарын оқушыларына жеткізу әдістері де өздерінің өміртану көзқарастарымен
нық байланысты.

Әбубәкірді не сол сықылды ақындарды қызықтырған - ескі өмір. Сондықтан
олардың шығармаларының негізгі тақырыбы ескі феодалдық, хандық құрылыс, ол
құрылыстың іргесі босап, әлсіреуімен байланысты әр алуан мәселелер болды. Олар,
өз түсініктерінше, әлеумет үшін ең керекті мәселелер ескі заманның салт-санасын
бұзбай, өз қалпында сақтау деп ұқты да, соған сәйкес тақырыптар таңдады. Өткен
күндерді сұғына жырлап, оқушыларының ой-сезіміне өз әсерлерін тигізу, көркем
сөздерінің күші арқылы көпшілікті өз көзқарастарының дұрыстығына сендіру,
иландыруды мақсат етті. Жаңалықтың қай түрін болса да, сықақ етіп суреттеді,
жұртшылықты олардан бездіруге тырысты.

Әбубәкір ақынның замандасы Ы.Алтынсаринды алсақ, ол өз кезіндегі өмір
құбылысын Әбубәкірден басқаша таныды. Басқаша суреттеді. Өйткені Алтынсарин сол
дәуірдегі прогрестік идеяны қолдаушылардың бірі болды. Ол шығармаларының
тақырыбы етіп оқу, өнер, әр алуан жаңалық, қысқасы, халық ағарту мәселелерін
алды. Қайткенде халықты оқу-өнерге қызықтыруға болады деген мәселені негізгі
нысана етіп қойды да, өмір құбылысын шебер суреттеу арқылы оқушыларының
ой-сезіміне әсер етуге, өзінің ағартушылық идеясын таратуға күш салды. Өз
халқының алға басуы, оның өнерлі елдердің қатарына қосылуы тек оқу, өнердің
күшімен ғана мүмкін екендігіне көзі айқын жеткен Алтынсарин өзінің бар өмірін,
бойындағы творчестволық қабілетін сол жолға жұмсады.

Әбубәкірге керісінше, Алтынсарин жаңалықты өз шығармаларының тақырыбы етіп
қана қойған жоқ, надандық, мәдениетсіздік, діншілдік, кертартпалық тағы басқа
ескілік көлеңкелерінің ағартушылық ісіне бөгет екендігін, халықтың ілгерілеуіне
зиян келтіріп, кежегені кейін тартқызарлық, кер қырсық деп білді. Сондықтан
оларды өзінің өлең, әңгімелерінде шенеп, сықақ етті.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай ескішілдікті сынап, жаңалықты қолдауда
Алтынсариннан да гөрі тереңірек барып, батылырақ қимылдады. Оның өлең, қара
сөздерінің тақырыбы да, идеялық мазмұны да жаңалыққа үндеу, сол жаңалықтарды
іске асыруға кесел келтіріп отырған ескішілдікке қарсы күрес ашу болды.

Тақырып таңдау не жаңа тақырыптардың пайда болуы кездейсоқ нәрсе емес.
Қоғам өмірінің дамуымен нық байланысты. Әлеумет өміріндегі өзгерістер, тап
тартысы не олардың кезеңдері өз тілектеріне сай жаңа идеяны керек етеді. Ол
жаңа идея жаңаша тақырыптар таңдауды талап етеді.

1905 жылғы революция уақытша жеңіліске ұшыраса да, жұмысшы табы жауларын
ақыры жеңіп шығатындығына анық сенушілік идеясы М.Горькийдің «Ана» романына
тақырыптық негіз болса, Ұлы Октябрь револциясы Россияда жеңіп шыққаннан
кейінгі, тез дамып, тез өскен совет әдебиетінде сандаған жаңа тақырыптар, сол
тақырыптарға жазылған көркем шығармалар дүниеге келді. Бұл романдардың
тақырыптары: азамат соғысы, соғыс зардабынан бүлінген өндіріс, шаруашылықты
сабасына келтіру, Октябрь күндеріндегі совет адамдарының ғажап ерліктері болды.
Фадеевтің «Тасталқаны», Фурмановтың «Чапаевы», Серафимовичтың «Темір тасқыны»,
Мұқановтың «Октябрь өткелдері», «Ботакөзі», Н.Островскийдің «Құрыш қалай
шынықтысы» т.б.

Кейінгі колхоз құрылысы кезінде: Панферовтің «Кесінділері», Шолоховтың
«Көтерілген тыңы», Майлинның сол тақырыпқа жазылған әңгімелері, Мүсіреповтің
«Талпақ танауы», Әуезовтің «Шатқалаң», «Іздері», Мұстафинның «Миллионер»,
«Шығанағы» т.б. шығармалары туды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі сан алуан поэма,
романдар: Фадеевтің «Жас гвардиясы», К.Симоновтың «Күндер мен түндері»,
Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» т.б. туды.

Бұлардың бәрі де Коммунистік партияның кемеңгерлік басшылығы арқылы
еңбекшілер жұртшылығының социалистік жаңа өмір құрудағы, отан қорғаудағы
қаһармандық, ерлік күрестерін көрсетті.

КПСС ХХІІ съезі партияның жаңа Программасына сәйкес, елімізде коммунизмнің
техникалық-экономикалық базасын жасау жоспарына байланысты көркем
әдебиетіміздің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет - халықты коммунизм
рухында тәрбиелеу, ұлы жоспарды орындаудағы озаттардың ерлік істерін суреттеп,
жұртшылыққа үлгі, өнеге ету, қысқасы, қай мәселеде болсын, партия мен
мемлекетіміздің халқымызға ұсынып отырған игілікті ұлы жоспарын мерзімінде
орындап шығуға жәрдемші болу. Демек, ендігі әдебиетіміздің негізгі, жетекші
тақырыбы да, идеясы да осы мәселелермен тығыз байланысты болуы керек.

Жазушының дүниетанушылығын аңғартумен қатар, шығарманың идеялық бағытын
белгілеумен қатар, тақырыптың және бір маңызды жағы - суреттелетін өмір
құбылысын, сол үшін алынған оқиғаның нысанасын белгілеу. Шығармада нені
көрсетпек, ол үшін не керек, тек соларды ғана алып, басқа жаққа бұрылмай,
оқиғаны да, онымен байланысты айтылмақ ой-пікірді  де белгілі бір жүйеде баяндау үшін тақырып
Темірқазық жұлдызындай алда тұрады да, жазушының маңдайын аудырмауға
көмектеседі.

Тақырыбы өзіне әбден айқындалған болса, жазушы бірді айтып, екіншіге
кетпейді. Қандай ұзақ, қандай көлемді шығарма болса да, негізгі тақырыптың
идеясы қамшының өзегіндей шығарманың ұзын бойына тартылып жатады да, қосымша
тақырыптар сол негізгі ойды толықтыру үшін ғана қолданылады.

Егер шығарманың негізгі нысанасы балалық шақты суреттеу екен, ендеше оған
көлденең оқиғалар енгізілмей, сол балалық шақ суреттелінуі керек. Балаларға тән
мінез, наным, сенім, психология тағы басқалар ғана әңгіме болуы керек.

Негізгі тақырыпты нысанаға берік ұстау - шығарма құрылысының жарқыншақсыз,
сындарлы шығуына да көмектеспек.

Сөйтіп, тақырыптың көркем шығарманың идеясын айқындауда болсын, жазушының
дүниетанушылығын белгілеуде болсын, шығарма құрылысын шыңдап жетілдіруде болсын
үлкен мәні бар.           

                                               
Қандай шығарма болсын, белгілі

Шығарманың                             бір    идеяны      үндейді      дедік.

 идеясы                                              Тақырып,    оқиға   және     
оның

                                           
құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы сол тартыс, оларды
суреттеу әдістері, түптеп келгенде - жазушының сол шығармадағы айтайын деген
идеясына бағыныңқы.

Ал қандай идеяны
үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді.
Шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды бораз арқылы
оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезіміне әсер ете отырып, жазушы оларды өзі
меңзеген бағытқа жетектейді.

Біз жоғарыда М.
Горькийдің "Ана" романы 1905 жылғы революция жеңілгеннен кейін басылып шықты,
жазушы оқиғаны революцияның алдыңғы жылдарынан бастаса да, сол қиын-қыстау
жылдарды, сол кездің өзінде жұмысшы табының алдыңғы саптағы өкілдерінің
күресін, бұрын езілген жұмысшы әйелдердің, қазір революциялық қимылдың әсерімен
қайта тәрбиеленгенін, олардың революция жолындағы батылдығын суреттейді дедік.

Романның негізгі
идеясы - осы сияқты үлкен мақсат, ұлы тілектің туын көтерген қайтпас ер,
қаһарман күрескерлерді туғызып отырған тапқа, ісінің уақытша оңына келмеуі,
уақытша жеңілуі бөгет бола алмайды; түбінде жеңіп шығатын осы пролетариат табы
деген пікір. Кітапты оқып шыққан адам осы қорытындыға келеді.

Бірақ көркем
шығарманың идеясын айқындау тек оның мазмұнын ғана айту емес, сол идеяны образ
арқылы (адам образы) оқушыларының ой-сезіміне қалай жететіндігін ашу.

Шығармадағы оқиға
байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау шегі, шешуі, қысқа айтқанда, құрылысы,
адам образы, олардың  жасалу жолдары -
бәрі шығармадағы негізгі идеяны оқушыларға жеткізу үшін керек екендігі сөзсіз.
Әйтсе де шығарманың идеясын ашу үшін осылардың ішінде шешуші орын алатыны -
адам образы. Олардың өзара күрес-тартысын, іс-әрекетін наным-сенімін,
мінез-құлқын суреттей келе, жазушы оқушыларының ой-сезіміне әсер етеді және
өзінің ойын ең алдымен сол образдар арқылы жеткізеді.

Мысалы, Отан қорғау
тақырыбына жазылған романдардың негізгі идеясы - патриотизм, өз елі, өз жеріне
шын берілген ерліктерді көрсету, соны басқаларға үлгі ету. Бірақ осыны біз жазушыны
қаламынан шыққан көркем шығармаларда тек ақылымызбен болжап, біліп қана
қоймаймыз, сезінеміз. Совет адамдарының Отанына шын берілген ерлік істері бізді
сүйіндіреді; ойымызға мақтаныш, көңілімізге қуаныш, жүрегімізге жылылық пайда
болады. Көркем шығармадағы әлдеқандай жасырын күш сезіммен бірге ойыңды да
билеп әкетеді. Бұлардың бәрі сол образдың, көркемдіктің күшімен байланысты.

Шығармаларды
талдауда бұл жайларға біз айрықша көңіл бөлуіміз қажет.

Есте болатын бір
нәрсе, шығарманың негізгі, жетекші идеясымен қатар, сол негізгі идеяны
толықтыра түсетін қосымша идеялар да болады.

Мысалы, Фадеевтің
«Жас гвардиясындағы» негізгі идея - Коммунистік партия мен Совет үкіметінің
тәрбиесінде өскен комсомол жастардың 
патриоттығы. Сонымен қатар ерлік, төзімділік, тапқыштық, көнбістік тағы
басқалар. Осылар тәрізді қосымша идеялар да кездеседі. Осылардың әрқайсысы -
жеке шығармаға тақырып, негізгі идея боларлық мәселелер. Бірақ бұл романда
солардың бәрі негізгі идеяға, совет жастарының Ұлы Отанын тереңнен сүйген патриоттықтарын
көрсетуге бағыныңқы.