ВЕРНУТЬСЯ

                                                           Бұхар   -   
XVIII      ғасырдың    
екінші

Бұхардың өмірі                      жартысында  өмір сүрген ақын.    Бұхар                      

      туралы                                     жырау
Арғынның бір бұтағы саналатын

                                                            Қаржас, оның ішінде Алтын торы Қалқаманұлы. Әкесі Қалқаман батыр
атанған деседі. Бұхар Баянауылда туып, сол жерде өлген. Моласы Далба тауының
ішінде көрінеді.

            Бұхар
жөніндегі нақтылы тарихи дерек - XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған
Абылайдың кезінде өмр сүруі. Бір сөзінде Абылайды 11 жасынан бері білемін
дегенді айтады. Абылай 1710 жылы туып, 1781 жылы өлген. Ал Абылай өлгенде Бұхар
жырау тірі. Өйткені оның өлер алдында Абылайға көңіл сұрап келіп айтқан сөзі
күні бүгінге шейін сақталған.

            Бұхардың
көп жасаған адам екендігін бірнеше өлеңдері дәлелдейді. Абылайдың дәуірлеп тұрған
кезінде айтқан бір сөзінде:

Күнде мендей
жырлайтын,

Тоқсан үште қария

Енді сағын
табылмас, -

десе, екінші өзі
туралы айтқан бір сөзінде:

«Тоқсан бес» деген
- тор екен,

Дүйім жанның қоры
екен.

Қарғиын десең, екі
жағы ор екен.

Найза бойы жар
екен.

Түбі жоқ терең көл
екен.

Ел қонбайтын шөл
екен.

Келмейтұғын неме
екен, -

дейді. Бұхардың өмірі
жайлы әзірге белгілі мәліметтер - осы айтылғандар.

                                                  Біз   әдебиет 
тарихы     бөліміне    жасаған 

Бұхардың                            жалпы  кіріспемізде, шығармалары
өз атын

шығармасы                     сақтаған
бірінші ақын Бұхар жырау дедік.  

                                               Сондықтан
да  ол тарихи әдебиеттің   басы

саналады.

            Бұхардың
бізге жеткен өлеңдері: «Ай, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», «
Айналасын жер тұтқан», « Бірінші тілек тілеңіз», «Жал құйрығын қаба деп», «Сен
он бір жасыңда», «Қалданменен ұрысып», «Кәрілік туралы».

            Бұл
өлеңдердің бәрі де жазба түрде емес, ауызша сақталған. Бірақ бұлардың Бұхар
жыраудікі екендігіне ешкім күдік келтірмейді. Өйткені Бұхар өлеңдерінің жалғыз
«Керей, қайда барасың?» деген өлеңінің бірен-саран ғана жолдарының басқаша
айтылатыны болмаса («Садыр, қайда барасың?»), басқалары Қазақстанның қай
жерінде болсын өзгеріссіз, сөздері бірдей болып келеді. Әр облыс, әр адамнан
жазылып алынған нұсқаларын салыстырып қарағанда, өзгешелік жоқ, не жоқтың қасы.
Оның негізгі бір себебі Бұхар сөздерін тек жыршылар ғана емес, көпшілік білген
де, жыршылардың еркін кете беруіне мүмкіндік болмаған. Бұзылмай сақталудың
екінші себебі - оның сөздеріне тән дидактикалық сарын. Дидактикалық өлең-жырлар
ойға, өмірді бақылай келіп айтылған қорытынды пікірлерге құрылады. Қалай
қорытуы ақын-жыраулардың таптық көзқарасымен байланысты, олар өмір
тәжірибесінен дұрыс та, теріс те қорытынды шығаруы мүмкін. Бірақ бұл ойланып
айтылған сөздердің тобына жатады. Бұл жайт, дидактикалық өлең-жырларды кез келген
айтушылардың өз жандарынан сөз қосып, өзінше өзгертулеріне мүмкіндік бере
бермейді. Жырауларға тән дидактикалық сарын, айтушылардың белгілі шектен шығып
кетпеулерін керек етеді. Жыршылардың ақын болуы мүмкін, бірақ  кез келгені дидактикалық өлең шығара аларлық
жырау-ақын бола беруі - өте сирек кездесетін жағдай.

            Бұхар
өлеңдерінің саны аз, көбінің көлемі шағын болса да, әдебиет тарихын
зерттеушілер үшін керекті жақтары көп. Өйткені оның бір алуан өлеңдері өз
кезіндегі әлеуметтік мәселелерге арналады, кейбір өлеңдері тарихи жағдайлармен
байланысты шығарылған. Сонымен қатар  тыңдаушы, оқушыларына ой түсірерлік сөздерінің
дидактикалық жағы да сол кездің әдебиетін зерттеушілер үшін аса қажет.

            Бұхар
тек ақын ғана емес, әрі жырау және өз кезеңінің қабырғалы биінің бірі. Ол көп
уақыт сарай маңында болып, ел басқару ісіне де тікелей қатысқан. Сондықтан ол
өмір құбылысын да, әр алуан әлеуметтік мәселелерді де феодалдық таптың
көзқарасынша түсініп, сол тұрғыдан бағалайды.

            Оның
негізгі көзқарасын айқындайтын «Абылай туралы», «Керей, қайда барасың»,
«Айналасын жер тұтқан» т.б. өлеңдерін алсақ, Бұхар сол таптың қамқоршы қариясы,
қадір тұтқан жырауы екендігі аңғарылады. Бір жағынан, ол Абылайды мақтап, оны
басқалар алдында бедел етіп дәріптесе, екінші жағынан, оның кемшіліктерін
бетіне басып сынайды. Өзінің бағытына қайшы келсе ханды да, оны жақтаушы
батырды да шенеп, өз айтқанын өткізіп, өз дегенін істетуге тырысады.

            Орыс
патшалығымен соғыспақшы болған Абылайға және оны жақтаушыларға Бұхар жырау
қарсы болады. Соғыс ел тыныштығын бұзатын әрекет, хан мен оның шашпауын
көтерушілерінің тасқандығынан туған желіктің нәтижесі деп біледі де, ханның да,
батырдың да жер-жебіріне жетеді.

 

Ай, Абылай,
Абылай!

Сені мен көргенде,

Тұрымтайдай ұл
едің...

Сен қай жерде
жүріп жетілдің?

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл
едің

...Сен, Қанжығалы
Бөгенбай

Қамалды бұзып қақ
жарған

Қайда батыр ер
едің?

Батырдан жолды игі
деп

Жортып қана жүр
едің.

Жұрт ауызына
ілінген

Тоқымы кеппес ұры
едің.

Қабанбайдан бұрын
найзаңды.

Жауға қашан
тіредің

Өтіңменен жарылма!

Өкпеңменен қабынба!

Орыспенен соғысып,

Басына моншақ
көтерген,

Жұртыңа жаулық
сағынба! -

дейді.

            Ел
аңызында Бұхардың сөзінен кейін Абылай жорыққа аттанбай, қолын тартқан деседі.
Абылай туралы жазылған тарихи зерттеулерде оның дипломат адам болғанына айрықша
тоқталады. Жоғарғы сөзге қарағанда, Абылайдың тыныштықты көздеген саясаттарының
бір тамыры Бұхарда жатқанға ұқсайды.

            Бұхардың
орыспен соғысуға қарсы болушылығы өз кезінде алыстағыны болжампаз адамның бірі
болғандығын көрсетеді. Бұхар пікірінің дұрыстығын сол кездегі өмір шындығы
қолға таяқ ұстатқандай дәлелдеді.

            1729-1731
жылдары жеңіліс тапқан жоңғарлар 1741 жылы қазақ еліне шабуылын қайта бастап,
тағы соғыс ашады. Бұл соғыста қалмақтар қазақты ығыстырып, тағы да көп жерлерін
жаулап алады. Абылай екі жүз кісімен қалмақтарға қолға түседі. Әбілмәмбет
әскерімен Орскіге шегініп, Орскінің губернаторы Урусовқа паналайды.

            Урусов
мұны өз билігімен емес, Петербордағы патша үкіметінің рұқсаты бойынша істейді.
Патша үкіметінің Әбілмәмбетке көмекке келуінің негізгі себебі, осы уақиғадан
бір жыл бұрын, 1740 жылы Әбілмәмбет пен Абылайдың патша үкіметіне бағынамыз
деп, Орскінің генерал-лейтенант Урусовке уәде беріп,сөз байласулары болады. Бұл
келісімнің 1741 жылғы қалмақтармен соғыс кезінде Әбілмәмбеттерге көп пайдасы
тиеді. Патша үкіметі қазақ хандығына әскери көмек бермесе де, дипломатиялық
көмегін аяған жоқ. Біріншіден, қысылып, көп қолмен барған Әбілмәмбетті Орскіге
паналатса, екіншіден, Галдан-Цереннің (Қалдан-Церен) қолына тұтқындыққа түскен
Абылайдың босануына көмектесті.

            Бұхар
айтқан «Орыспенен соғыспай» тату тұру сол кездің өзінде-ақ қазақ елі үшін зор
пайданың бір көрінісі тәрізді болатын.

            Ханның
көршілес елдермен қандай қарым-қатыстары болуы және тыныштық саясат қолдануы
жөніндегі Бұхардың көзқарасын төмендегі сөздерінен де көруге болады:

«Отының болсын
жантақтан.

Қатының болсын
қалмақтан.

Қоңсың болсын
қазақтан.

Сегіз қиыр
шартарап,

Төріңде жатып
салмақтан».

Ел
мен ханның арасында қандай қарым-қатыс болуы керек, бұл мәселе жөнінде де жырау
өз пікірін ашық айтқан:

«Ханның жақсы
болмағы,

Қарашаның елдігі.

Қараша халқы
сыйласа,

Алтыннан соққан
белдігі», -

дейді.

            Хан,
би, сұлтандар өздерін халықтың үстінен қараушы, ел тағдырын шешушіміз деп,
қаншама көкірегін көтерсе де, өздерін басқалардан жоғары санаса да, күш халықта
екендігін Бұхар дұрыс ұғынып, ел билеушілерге басалқылық айтады.

            Бұл
жерде де ол өзінің таптық көзқарасына берік. Сөз мазмұны хандардың пайдасына
арналады, яғни, қараша халықты қайткенде өздеріне қаратып, өз дегендерін істету
мәселесін сөз етеді. Әйтсе де әлеумет өміріндегі талай тартыс, талай ситуацияны
өз көзімен көріп, өз басынан кешірген қарт жырау бұл жерде де бір шындықтың
бетін ашады: ол  - күш  халықта деген пікір. «Бәрін айт та бірін айт,
халық қозғалса, тұра алмайды хан тағында» деген сөздің негізінде тарихи шындық
жатқандығын аңғартады.

            Бұхар
жыраудың шығу тегі де, өмірге көзқарасы да сол кездегі үстемдік етуші феодалдық
таптың тілегімен ұштасып жатады дедік. Бірақ бұл да жалаң нәрсе емес. Бір шығарманың
өзінен де қайшылықтардың ұшқынын көруге болады. « Керей, қайда барасың» деген
өлеңін алсақ, оны аңғару қиын емес.

Керей, қайда барасың,

Сырдың бойын көбелеп?!

Сен қашсаң да, мен қойман,

Арғымағым жебелеп...

Ақмырзаңды өлтірдім

Ақ сойылмен төбелеп.

Мен Арғын деген арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен бұзау терісі - шөншіксің,

Мен өгіз терісі - талыспын.

Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын.

Абылай алдында сен бітпесең,

Атасын білмес алыспын...

Ауызыңнан ас кетер,

Қара көзден жас кетер,

Бұл қылығың қоймасаң,

Сонау кеудедегі

Дулығадай бас кетер...

Бұл
жөнінде Бұхар кісісін өлтіртіп, қаралы болып, теңдік алуға күші келмей, қаша
көшкен аз руға әрі ру атынан сөйлеп, бай ру, көп рудың өкілі ретінде тізе
көрсетіп, әрі хан қасындағы қараша, ханға сөзі өтетін, дегенін істететін адам
болып сөйлейді. Абылайды өзінің белі ғана емес және беделі етіп ұстайды; Керей
ырқына көнсе көнді, көнбесе, күшпен де тоқтатуға құдіреті келетіндігін
білдіреді. Сөйтіп, бұл өлеңінде жырау рубасы, ел тізгіні өз қолындағы үстем
таптың өкілі, соның ұраншысы болып көрінеді.

Бірақ
оның бұл сөзінің объективтік түрде, сол жағдаймен байланысты алғанда, ел үшін
керекті жағы да болады.

Өйткені
қалмақтың қазақ елін жаулап алмақ болып кезеніп тұрған кезінде, қазақтың
тәуелсіздігін сақтау үшін бірлік ең керекті, ең негізгі мәселенің бірі болатын.
Сондықтан өз іштеріндегі ру тартысының нәтижесінде Керейдің бөліне көшуі -
жалпы ел қорғау тілегіне қайшы келетін, бірлікті, қалмаққа қарсы құрылған күшті
әлсірететін  еді. Міне, осы жағынан алып
қарағанда, сол дәуірдің тілегіне сәйкес, бірлікке шақырушылық мәні болды.

Елдің
бірлігін жырлау - Бұхар өлеңдерінде негізгі мәселенің бірі. Бұл, әсіресе
«Бірінші тілек тілеңіз» деген өлеңінде мол жырланады. Мұның тарихи негізінде
осы еңбектің кіріспесінде айтылған, 1723-1755 жылдардың ішіндегі қалмақтардың
қазақ еліне жасаған қанды жорықтары болды. Көп соғыстардың нәтижесінде ел
басына қиын күндер туды. Елдің ел болып қалу, қалмауы оның бірлігіне тірелді.
Демек, бұл жағдайларда Бұхар сықылды әрі ойлы, әрі көпті көрген көне жыраудың
бірлік мәселесін көтермеуі мүмкін емес еді. Шындығында да ол елдің бірлігі
мәселесіне үлкен мән берді.

Бірінші
тілек тілеңіз,

Пиғылы
жаман залымның

Тіліне
еріп азбасқа.

Екінші
тілек тілеңіз,

Ардақтаған
аяулың

Өзіңнен
басқа бір жанға

Тегін
олжа болмасқа.

Үшінші
тілек тілеңіз,

Желкілдеген
ту келіп,

Жер
қайысқан қол келіп,

Сонан
да сасып тұрмасқа.

Төртінші
тілек тілеңіз,

Омыртқасы
үзіліп,

Аязды
күнде айналған,

Тар
құрсағын кеңіткен

Тас
емшегін жібіткен,

Анаң
бір аңырап қалмасқа.

Бұл
өлең - Бұхар өлеңдерінің ішіндегі идеясы жағынан ең құндыларының бірі. «Бірлік
болмай, тірлік жоқ» дегендей, қазақ елінің жоңғар қалмақтарына қарсы күресі
кезінде ел бірлігі ең актуальды мәселе болды. Сондықтан да жыраудың бұл өлеңі
сол кездегі ел көңіліндегі тілек-мүддені қамтыған өлеңдердің қатарында біздің
дәуірімізге шейін сақталды.

                                          Бұхар  жыраудың поэзиясында  ерекше

Өмір туралы                                    көңіл бөлген  тақырыбының  бірі - өмір.

                                                           Көп
жасаған қарт жырау адам өмірін буын-буынға бөліп суреттейді. Жасына қарай
адамның ой-санасы, көңіл қошы, жігер-қайраты қандай болатындығын айта келіп,
жастық өмірге айрықша тоқтайды.              

Атам болған жиырма бес,

Қызықты күнде қыздырған,

Асуды талқан бұздырған.

Қызды ауылды көргенде,

Бұлаңдатқан жиырма бес,

Төстен қашқан түлкідей,

Сылаңдатқан жиырма бес,

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінген жиырма бес,

Күрек тісін қасқитып,

Сұлуды құшқан жиырма бес

Іздесең де табылмас... -

дейді жырау.

            Үстірт қарағанда,
жастық өмірі есіне түсіп кетіп, жай айта салған өлең тәрізді. Шынына келгенде,
мұнда үлкен мазмұн, терең ой жатыр. Жастар үшін бұл өлеңнің тәрбиелік мәні
күшті, 95-ке келген қарт жырау адам өмірінің ең қызық шағы - адамның қатарына
қосылып, іс істейтін, дегеніне жету үшін еңбек, талап, әрекет жасайтын шағы -
жастық шақ екенін төтенше көрсетіп өтеді. «Асуды талқан бұздырған» жастық шақ
қартайған соң іздесең де таптырмайтындығын айта келіп, жас өмірді дұрыс
пайдалана білу керек дейді.

            Бұхар сол жастық
өмірге кәрілік өмірді қарсы қояды.

            Жетпіс бес жасқа келгенде,

            Шал ауырып пір екен...

Жетпіс бес жасқа келгенде

Жылуы болмас қойынның,

Қаруы болмас сойылдың,

Өлмесең де жойылдың.

Сексен бес деген сыр екен.

Шындап ұрған пір екен...

Сексен бес жасқа келгенде,

Екі қара көзді алар,

Аузыңдағы сөзді алар,

Бетіңдегі нұрды алар.

Бойыңдағы жырды алар

Аузыңдағы тісті алар,

Бетіңдегі  түсті
алар

Қолыңдағы істі алар.

Өлмегенде нең қалар?

Тоқсан бес деген тор екен.

Дүйім жанның қоры екен.

Қарғиын десең екі жағы ор екен,

Найза бойы жар екен,

Түсіп кетсең түбіне,

Түбі жоқ терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен, -

дейді.

            Сөйтіп, екі өмірді
біріне-бірін қарсы қояды да, ең қымбатты өмір, адамның іс істейтін өмірі жастық
шақ, соны босқа жіберме, кәріліктің түрі мынадай: «ел қонбайтын шөл, екі жағы
ор, келмейтұғын неме екен», - деп қорытынды шығарады. Бұл өлеңнің де біздер
үшін мәні зор. Жырау жастық өмірге кәрілік өмірді қарсы қою арқылы кейінгі
ұрпақтың жас өмірін бос өткізіп алмай, өзі үшін де, ел үшін де еңбек етуге
жарарлық өнер-білім алу жолына жұмсауды үндейді.

                                                                Бұхар, ең алдымен, жырау. Кейде ел

Бұхар өлеңдерінің                            жыршыны
да жырау деп атайды. Бұл

ерекшеліктері                            қате. Шындығында,
жырау    жыршы 

                                                                 емес.
Жыршы болу үшін ақын болу шарт емес. Ол өз жанынан еш нәрсе шығармай-ақ,
біреудің шығарғанын жаттап алып та, жыршы бола береді.

Жырау әрі ақын, әрі шешен, өз заманының
көрнекті ақыны. Ең алдымен, жыраулар ырғағы бар, ұйқасы бар, белгілі өлшеуге
жататын өз жанынан өлең шығара алатын болуы керек. Екінші, жыраудың сөздері
терең мағыналы, сырты сұлу келетін шешендік сөздер тобына жататын тақпақ болып
келуі керек. Үшінші, әлеуметтік мәні бар ойлы пікір айтуы керек. Сонда ғана ол
жыраудың міндетін атқара алады.

Жыраудың тақырыптары да жай ақындардан бөлек
келеді. Жай ақындар әлеуметтік тақырыптармен қатар, жеке сүйіспендік, жеке
өзіндік мәселелерді де тақырып етіп ала береді. Жыраулар көбіне әлеуметтік мәні
бар үлкен нәрселерді тақырып етіп алады да, сол жөнінде өз заманының салтына,
тілек-мүддесіне сай сүбелі сөз, ұстамды билік, күрделі пікір айтады. Өмірге
үңіле қарап, зерттей келе, өзінше қорытынды шығарады. Сөйлемдерінің көбі нақыл
сөз болып келеді де, бірнеше уақыттан кейін мақал-мәтелге айналып кетеді.  Сөйлемдері құрылысы жағынан билер сөзіне
ұқсайды. Сөздері толғау болып, өлеңдерінің әр жолдарының буын саны 7-8 болып
келеді. Кей жерлерінде ой толқынына қарай асып та кетеді. Бірақ бұл онша көп
кездеспейді. Және ондай жерлері айтайын деген пікірмен нық байланысты
болғандықтан, ерсі де болып көрінбейді. Жыр - эпостық жанрдың жай түрі, толғау
дидактикалық поэзия түріне жатады. Бұлар өмір құбылысын жай қалыпта суреттеу
емес, өмірді бақылай келіп, сол жөніндегі айтылған қорытынды пікір.

Бұхар да 
осы жыраулар тобынан шыққан ақын. Оның өлеңдері шешендікке толы.
Шешендік сөздер қай елде болсын, мазмұнының, терең құрылысының көркем болуын
талап етеді. Бұхар сөздері бұл жағынан шек келтірмейді. Бұхар жырау өткен
ғасырлардағы билердің, шешендердің сөздерін де, сол шешендікке жататын мақал
сөздерін де жақсы біліп, оларды мейлінше меңгерген. Бұхар сөздерін оқығанда,
бұл, ең алдымен, көзге түседі. Мысалы:

Айналасын жер тұтқан,

Шиделі батпас демеңіз -

Айнала ішсе азайып,

Көл суалмас демеңіз -

т.б. осы сықылды нақыл сөздер оның жырларында көп кездеседі. Оның қай
сөйлемін алсақ та, мазмұны терең, түрі көркем болып келеді. Әр сөйлем
шешендікке, билікке, ақыл айтуға лайықталып құрылады. Бұл - жырау сөздерінің
негізгі бір ерекшелігі. Бұхар сөздеріндегі осы ерекшеліктерді кейінгі жыраулар
өзіне үлгі етті. «Бұхар сарыны, Бұхар үлгісі» болып, әдебиет тарихынан орын
алды.

Бірақ Бұхар өлеңдерінің ерекшеліктері нақыл
сөздерде ғана емес, сонымен қатар оның ақындық тілі де өз дәуіріне тән, кейінгі
ақындардан ерекше. Мысалы:

Сен бұзау терісі - шөншіксің,

Мен өгіз терісі - талыспын, -

 

деген  метафоралар, сөз жоқ, Бұхардың
өмір сүрген дәуіріне лайық сөздер. Қазір бұлар - архаизм, әйтсе де тіл тарихын,
тіл арқылы өткен өмірді зерттеушілер үшін мәні зор. Бұл сықылды сол өмірдің
сәулесі болған жеке атаулармен қатар, Бұхар сөздерінде тамаша, көркем эпитет,
теңеу, метафора не шендестіру тағы басқа да образды сөздер көп табылады.

Ақ иық бүркіт төмендер,

Екі қанат талғанда...

Төстен қашқан түлкідей,

Бұлаңдатқан жиырма бес...

Арыстанға ақыруға

Бөденеде күш бар ма?..     

Ақ сұңқар құстай түледің,

Алыстан тоят тіледің, -

дейді Бұхар.

            Осы үзінділерді көркем
образдардың қайсысы болсын, олқы емес, айтайын деген ойына дәл, шебер түрде
қолданылған.

            Бұхар жыраудың сүйіп
қолданатын бір образы, әсіресе метафораның ұлғайған түрі. Метафораның бұл түрі
ірі ақындарда жиі кездеседі. Бір нәрсені бірнеше нәрсеге қабат балау жағынан
алсақ та, балайтын нәрсенің өзін суреттеп алып, сонан соң барып, балауы жағынан
алсақ та, Бұхардың мына бір жері - күні бүгінге дейін айта қалғандай тамаша
суреттеу.

Тоқсан бес деген тор екен,

Қарғиын десең, екі жағы ор екен,

Найза бойы жар екен,

Түсіп кетсең түбіне,

Түбі жоқ терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен, -

дейді Бұхар.

Жыраудың осы үзіндідегі суреттейін дегені - «тоқсан
бес», оны: «торға», «жарға», «орға», «көлге», «шөлге» - бес нәрсеге балайды.
Бұл, ең алдымен, бір нәрсені (жасты) бірнеше нәрсеге балау арқылы жасалған
метафораның ұлғайған түрі десек, екіншіден, балайтын нәрсесінің өзін суреттеу
арқылы да метафораның ұлғайған түрі болып есептеледі. Ол үшін: жары - жай жар
емес, «найза көл»; шөлі - «ел қонбайтын шөл». Сөйтіп, балайтын нәрсенің өзін
эпитет арқылы суреттеп, сонан соң барып, оны балайды. Бұл үзіндідегі «тор екен»
дегеннен бастап, түгелдей метафораның ұлғайған түрі.

Жалпы жыраулардың өлең құрылысы тәрізді. Бұхар
өлеңдері де ылғи толғау. Толғау - заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти
айтатын үгіт, дидактикалық өлеңдер. Жыраулар қоғамдық мәні бар үлкен-үлкен
тақырыпты алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, кеңінен шоли айтады,
жарқыншақ ой болмайды. Толғауда ой желісі үзілмей, пікірі тұтас, бір қазықтың
айналасында болып шығады. Ой өрісінде шашыраңқылық жоқ, бір бүтін кесек, «дауын
да, шешуін де» өзі айтқан пікір болып келеді.

Басқа жыраулар сықылды, Бұхар өлеңдері де, негізінде,
7-8 буынды өлеңдерден құрылады.

Мысалы:

Керей, қайда барасың,

Сырдың бойын көбелеп?

Сен қашсаң да, мен қойман

Арғымақпен жебелеп, -

деген  өлең жеті буыннан
құрылған.

            Кейде бірнеше жолдары
қабатынан 7 буын, кейде 8 буын боп араласып кетеді.

            Мысалы:

Ашуланба, Абылай,

Көтеремін, көнермін,

Көтеріп қазына салармын,

Өтіңменен жарылма,

Өкпеңменен қабынба!

Орыспенен соғысып,

Басына моншақ көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба!

Бұхар өлеңдерінің құрылыстарының көпшілігі - осы
екі-ақ түр. Кейбір жолдарының буын сандары жоғарғы мөлшерден асып та кетеді.
Мысалы: «Қарғиын десең, екі жағы ор екен».т.б. Бұл жолдағы екі дауысты дыбыстың
қатар келіп, біреуі жойылатындығын және оқылғанда айтылмай түсіп қалатын
дауысты дыбысты еске алғанның өзінде де буын саны сегізден артық. Мұндай буыны
асып кететіндік  жалғыз Бұхарда ғана емес,
барлық жырауларда да бола береді. Мұның себебі - сөздің ойға бағынушылығы.
Айтайын деген пікірдің дағдылы ырғаққа сыймай қалушылығынан.

Бұхар өлеңдерінің ұйқасы бір-ақ түрлі. Қай өлеңін
алсақ та, ерікті ұйқаспен құралады.

Мысалы:

Ханға жауап бермесем,

Ханның көңілі қайтады.

Хан Абылай, Абылай,

Мұндай суық хабарды

Қайтара жауап сөйлесем,

Халқым не деп айтады.

Сұрамасаң, не етеді?

Сұраған соң, айтпасам,

Кісілігім кетеді.

Енді айтайын, тыңдасаң,

Маған қаһар қылмасаң.

Бұл өлеңде ұйқас бар, бірақ ұйқас белгілі бір
тәртіппен емес, кейде олай, кейде бұлай, ой толқуына қарай ұйқаса береді.
Ерікті ұйқас жалпы жыраулардың өлеңдеріне және жыр ағымына тән нәрсе.  

                                            Бұхар   жыраудың    
дүниеге   көзқарасы,

Қорытынды                                 негізінде,    ескілікті    аңсаған, феодалдық 

                                                        көзқарас дедік. Көпшілік өлеңдерінің идеялық мазмұны да, ол мазмұнды
оқушыларына жеткізу үшін қолданған тілі, сөз образдары да осыны дәлелдейді.

Әйтсе де ол әдебиетіміздің тарихынан орын алып
келеді. Өйткені ол - қазақ әдебиетінің тарихында шығармалары өз атымен
сақталған бірінші ақын. Сонымен қатар өмір құбылысындағы кейбір мәселелерге ой
көзімен қарап, кезінде көпшіліктің керек еткен тақырыбын жыр етті: ел шетіне
жау келіп, ел басына қауіп төнген күнде жұртшылықты бірлікке шақырып, сөзі
арқылы жауға қарсы ел күшін ұйымдастыруға үгітші болуы, көршілес отырған
елдермен, әсіресе ұлы орыс халқымен тату болуды үндеуі, халықтың зор күш
екендігін ұғынуы, жас өміріңді бос өткізіп алмай, өмірден өз керегіңді ала біл
деу тәрізді тәрбиелік мәні бар жақсы пікірлер ұсынуы, оның әдебиет тарихына
енгізілуі, шығармаларын сын көзімен қарап, зерттеуді керек етеді.

Қазақ әдебиет тарихының даму жолдарын
зерттегенде, әдеби стиль, метод, жанр, поэтик тіл мәселелеріне тоқталмай өтуге
болмайды. Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктерін сөз етпей, әдебиеттің тек
мазмұнына ғана тоқталсақ, жалаң социалогияға барып, тірелетіндігіміз сөзсіз.
Демократтық бағытта әдебиетіміздің өзіне тән ерекшеліктерін көрсету үшін де,
оған қарсы әдебиеттің өзіне тән стиль, жанр, методтары қандай, соларды
салыстыра отырып, зерттеуіміз қажет. Міне, осы жағдайларды еске алғанда,
Бұхарды қазақ әдебиет тарихына енгізу де, зерттеу де заңды.