ВЕРНУТЬСЯ

            «Алпамыс
батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана
тыңдайтын,  әртүрлі вариант, версиялары
көп эпостың бірі.

            Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан
«Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің
көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ, өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа.

            Қарақалпақ,
өзбек елдеріндегі «Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант, версиясы табылып
отыр. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс» эпосы көп
замандардан бері сақталып келген.

            Қазақта
«Алпамыс» эпосы халық аузынан ХІХ ғасырдың аяғында жазылып алынған. Бірінші рет
басылуы - 1896 жыл. Ең соңғы, толық варианты 1957 жылы ғана басылып шықты. Осы
екі арада талай рет басылған. Біздің бұл еңбегімізде талдау үшін алынатын
негізгі нұсқалар - осы соңғы варианты мен 1896 жылғы басылған эпостың екінші
бөлімі. Басқа тілдердегі «Алпамыстың» вариант, версияларының қысқаша мазмұнын
келтіреміз де, керек болған дәрежеде ғана шолулар жасаймыз.

                                             Бұл
«Алпамыс» эпосының қазақ тілінде «Алпамыс
батыр               толық түрінде
бірінші рет басылуы. (Қаз.                  

     
қиссасы».                      Академиясы тіл
және әдебиет институты,

                                                        1957
жылы). Мұны    Майкөт    ақынның

варианты деп
атайды. Эпостың аяқ жағында қашан, кімнен жазылғаны айтылады.

            Қысқаша
мазмұны: Жиделі-Байсын деген жерде, елі Қоңырат Байбөрі деген бір бай адам
болады. Оның Құлтай дейтін ағасында да, өзінде де бала болмайды. Сол Құлтайдың
күңінен туған бір баланы асырап,  өзіне
бала етеді. Атын Ұлтан қояды. Ол өсе келе екеуіне де қорлық көрсете бастайды.
Оған шыдай алмаған Байбөрі әйелі Аналық екеуі мал-мүлкінен безіп, тәңірден бала
тілеп, әулиелердің моласына түнейді. Ақыры, олар Баба Түкті Шашты Әзиздің
шапқатымен балалы болып, ұлының атын Алпамыс, қызының атын Қарлығаш қояды.

            Шекті
еліндегі досы Сарыбайдың әйелі қыз тауып, атын Гүлбаршын қояды. Байбөрі
Сарыбайға құда түседі. Бірақ кейін Сарыбайға  «Алпамыс жалғыз, өле қалса әмеңгері Ұлтан
құлға қызым қор болады-ау» деген ой келеді де, өзінің шектілерімен қалмақтың
еліне көшіп кетеді. Алпамыс өскен соң 
бұл жайтты бір кемпірден естиді де, көп жылқысының ішінен Шұбар дөненді
ұстап мініп, қалыңдығын алып келуге қалмаққа аттанады.

            Гүлбаршынды
іздеп келе жатып, тастағы бір жазуға кез келіп, Сарыбайдың көшіп келген қалмақ
елінде Қараман атты ханы Гүлбаршынды зорлап алмақ болып жатқанын біледі. Мұны
жазған Гүлбаршын болады. Алпамыс қалмақтармен келе соғыс ашады. Оған шекті
елінің адамдары көмектеседі. Бұл хабар Қараманға жетеді. Қараман Алпамыспен өзі
соғысып, оның қолынан қаза табады. Басқаларын да Алпамыс жеңіп, Сарыбайдың
ауылына келіп, дәстүр бойынша тойдан кейін Гүлбаршынға үйленеді. Атасы
Сарыбайды қалмақ еліне хан қояды да, Баршынды алып, өз еліне қайтады.

       Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде,
қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың
алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс
ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады.
Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың
амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама
қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын
беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып,
Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып,
40 балам бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ
бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді. Байлап алып,
өлтірмекші болады. Бірақ атса оқ, шапса қылыш өтпейді. Суға салса, батпайды,
отқа салса, күймейді. Сондықтан оны терең зынданға салып, аштан өлтірмекші
болады. Бірақ пірлерінің көмегімен ол өлмейді. Атын темір үйге қояды. Жоғарғы
40 қыздың ішінде болған ханның қызы Қаракөзайым Алпамысқа ғашық болып, оны
зынданнан құтқарудың амалын ойлайды. Қаракөзайым әкесінен отау және жүз серке
сұрап алып, өзінің күтуші қыздарымен қаладан шетірек бір далалықты мекендейді.
Қаракөзайым қанша іздесе де, Алпамыстың қайда екенін біле алмайды. Қыздың
серкесін бағушы Кейқуаттың бір серкесі Алпамыстың зынданына түсіп кетеді де,
сол арқылы Алпамыс пен Кейқуат танысып, ол Алпамысқа күніне бір серке беріп
тұрады. Серке таусылғанда, оған серкенің сүйегінен сырнай жасап беріп: «Қыздардың
жолына барып тарт, кім жасағанын тек ханның қызына ғана айт», - дейді. Кейқуат
Қаракөзайымды зындандағы Алпамысқа әкеледі. Алпамыс: «Мені зынданнан тек
Байшұбар шығара алады, соны ал, менің терім сіңген киімімді ішіңнен киіп,
диуана болып, жанынан өтсең, тұрған сарайы қандай болса да, Байшұбар бұзып
шығады. Кімсің десе, диуанамын, жас күнінде емдеп едім, мені танып тұр де. Хан
үйретіп бер дер. Сонда үйретейін, 40 құлаш арқан бер де, сонан кейін мені
шығарасың», - деп ақыл береді. Кейқуат солай жасайды. Алпамыс зынданнан
шыққасын, Тайшық ханның елін шабуыл жасап, бәрін де жеңеді. Тайшықты да,
мыстанды да өлтіріп, Кейқуатты сол елге хан қояды. Өзі Қаракөзайымға үйленеді.
Жүрметұз деген қызды Кейқуатқа қосады.

            Өстіп
жүргенде жеті жыл өтеді. Бір күні түс көріп, Қаракөзайымға еліне кететінін
білдіреді. Қыз амалсыз көнеді. Жылына екі рет келіп тұруға уәде беріп, Алпамыс
еліне жүріп кетеді.

          Алпамыс ел шетіне келісімен,
Құлтайдың баласы Тортайға кездесіп, үй ішінің хал-жайын сұрайды. Алпамыс
кеткесін Ұлтан құл бар билікті өз қолына алып, қоңырат еліне сұлтан болып,
Құлтайды қойға, Байбөріні түйеге, шешесін тезекке, Жәдігерді қозы бақтыруға,
Тортайды жылқыға салып, бәріне де қатты азап көрсетеді. «Әйелің Гүлбаршынды
алмақ болып, Ұлтан құл отыз күн ойын, қырық күн той жасап жатыр», - дейді.
Алпамыс диуана болып киінеді де, бәрін өз көзімен көріп және кімнің дос, кімнің
қас екендігін біліп, ақыры, Ұлтанды дарға асып, оны жақтаушыларды жазалайды.
Ұлтаннан зәбір көрушілерді мүсіркеп, Ұлтан билеген кезде, тарап, тоз-тоз болып
кеткен қоңырат елінің басын қосады.

         Бұл варианттың академик Сәбит Мұқанов
бастырған (1939 ж) варианттан өзгешелігі - бірінші бөлімі - Алпамыстың
Гүлбаршынды іздеп қалмаққа аттануы.

        Мұны қарақалпақтың Жиемұрат
Бекмұхамедұлы деген жырауынан жазып, 1901 жылы жеке кітап етіп А.Диваев
бастырды деп жоғарыда айтылды. Сәбит Мұқановтың кітабында қарақалпақ жырауының
сол вариантына, қазақ тіліндегі Алпамыстың Тайша хан алып кеткен жылқысын қууға
аттанған жорығын, ол кеткенде елінде болған оқиғаларды суреттейтін екінші
бөлімге қосып, біріктіріп шығарған болатын.                                                                    

Қазіргі
басылып шыққалы отырған Алпамыс батыр қиссасы мен бірінші рет Шайхұл Ислам,
екінші рет Сәбит Мұқанов бастырған «Алпамыс батыр» эпосының екінші бөлігінде
айырмашылық аз. Кейбір эпизодтарындағы суреттеулерді кеңейту, толықтырулары
болмаса, оқиға желісі де, бұрынғы түріндегі сөз, сөйлемдері де сол қалпы
кездеседі. Мұндағы өзгешелік бірінші бөлімінде. Бұрын қазіргі бірінші бөлімінің
орнында қарақалпақ жырауы Жиемұрат Бекмұхамедұлынан А.Диваев жазып алып
бастырған «Алпамыс» болатын.                                                      

Қазақ
тіліндегі «Алпамыстың» қазіргі толық түрі саналатын «Қисса Алпамыс батырды»
зерттеушілер түп нұсқасы Майкөт ақынның айтқаны дейді. Бұл варианттың бірінші
бөлімінде Жиемұрат вариантының бірінші бөлімімен салыстырғанда көп өзгешелік
бар. Ең алдымен,  Жиемұраттағыдай, ат
бәйгесі, күрес, жаушылық, қыздың сөзі т.б. жоқ. Тайша хан мүлде аталмайды.
Қалмақтың ханы да, батыры да Қараман болады. Қараман Гүлбаршынды зорлап алмақшы
болып жатқанда, Алпамыс келеді. Бұл жағдайларды тастағы жазу арқылы біледі. Оны
Гүлбаршын әдейі жазады. Қалмаққа қарсы күресте Алпамысқа шектілер де
көмектеседі, Қараман мен Алпамыс еш жерде достаспайды, Алпамыс жеңілген қалмақ
еліне Сарыбайды хан сайлап қалдырады да, Гүлбаршынды алып қайтады.                                         Бұл тек
Жиемұрат емес, қарақалпақ тіліндегі әзірге ең толық нұсқа есебінде саналатын
Қияс жырау вариантынан да, 1934 ж. Қ.Әйімбетов бастырған Өгіз жыраудың
вариантынан да, өзбек тіліндегі Фазил Юлдашев вариантынан да басқаша.                                

2.«Алпамыс» (Жиемұрат варианты).
Ерте заманда, Жиделі Байсында  қоңырат
руынан шыққан Байбөрі деген бай болады. Құлтай деген оның немере ағасы, Тортай
атты немере інісі болады. Бәрі де баласыз. Байбөрі қаншама бай болса да, баласы
болмағандығына қатты налиды. «Өлсем мал-мүлкіме қожа болатын ұлым жоқ, дүние-мал
иесіз қалады», - деп қорқады. Баласыздықтан өзінің күңінен туған Ұлтанды бала
етіп асырайды. Өсе келе, ол Байбөріге тіл тигізіп зәбірлейді. Өгей ұлдан
зәбірленген  Байбөрі мал-мүлкін тастап,
әулие-әмбиелерді іздеп, тәңірден бала тілейді Ол Баба Түкті Шашты Әзиздің
бейітіне түнейді. Шашты Әзиз оған атса оқ, шапса қылыш өтпейтін, отқа
жанбайтын, суға батпайтын бала беретінін аян етеді. Еліне келгесін әйелі жүкті
болып, бір ұл туады. Ұлының атын Алпамыс, қызының атын Қарлығаш қояды.          Сол жердегі шекті елінің Сарыбай
(Байсары) дейтін адамның Гүлбаршын атты қызына бесік құда түседі: Алпамыс 10
жасқа келгесін-ақ ел басқарып, әкім болады. Ұлтанды әкесіне тіл тигізгені үшін
жазалап, қой бақтырады.             Сарыбай
мен Байбөрінің құдалық, татулықтары көпке ұзамай, екеуі бір тойда көкпарға
таласып, бір-біріне қамшы салысады. Байсары (Сарыбай) соған өкпелеп, Тайша хан
қалмақтың еліне кетпекші болады. (Кейде Қытай деп те атайды). Әйелі Алтыншаш
«көшпелік» деп қанша жалынса да болмай, өзіне қараған шекті руын алып, ақыры
Тайша қалмақтың еліне көшіп кетеді. Барып орналасқаннан кейін, арада жеті жыл
өткенде, Гүлбаршын бойжеткен, сұлу қыз болады. Осыны қалмақтың Тайшасы және
Қаражан атты батыр естіп, екеуінің де алғылары келеді. Ақыры өзара келісе алмай,
Байсарыға екеуі де жаушы жібереді. Байсары өзі жауап бере алмай, ерікті қызына
береді. Гүлбаршын елінде қалған Алпамысты іздеп келер деген үмітпен ханның да,
Қаражанның да елшілеріне ұзын арқан, кең тұсау түрде жауап қайырады. «Алты ай
өткесін бәйге тігемін, қырық күншілік жерден кімнің аты озып келсе, кім болсын,
мейлі, соған тиемін», - дейді.                                                            

Байсары
көшкенде жас қалған Алпамыс өсіп ержетеді. Гүлбаршындай қалыңдығы барлығын ол
білмеді. Ақыры бір кемпірден естіп, қалыңдығын іздеуге бел буады. Көп
жылқысының ішінен өзіне ат боларлық Байшұбарды танып, өзі ұстап мінеді.                           Алпамыстың  аттанып келе жатқанын қалмақ батыры Қаражан
аттың дүбірінен біліп, Гүлбаршын үшін соғысып жатқан ханның да, өзінің де
әскеріне соғысты тоқтат деп, өзі Алпамыстың алдынан шығып жекпе-жекке шақырады.
Бірақ Қаражан жеңіліп, мұсылман дініне кіріп, Алпамыспен серттескен дос болады.
Қаражан Гүлбаршынға Алпамыстың келгенін хабарлайды. Тайша ханның тұтқынындағы
Байсары мен Алтыншашты босатады. Қыз өзінің қалмақтарға берген уәдесін бұзбай,
оны Алпамысқа да шарт ретінде ұсынады. Алты ай толғанда бәйгеге Алпамыс та ат
жібереді. Байшұбарға Қаражан мініп шаппақшы болады. Бәйгеге қосылған аттар
шабатын жері Дербент деген жерге барып тоқтайды. Ханның атбегісі сәйгүліктерді
сынағанда, бәрінен де жүйрік Байшұбар деген қорытындыға келеді. Қалмақтар өзара
кеңесіп, жеті күн дем аламыз деп Қаражанды алдап ұйықтатады да, қолын байлап,
Байшұбардың төрт аяғын төрт қазыққа таңып, өздері кетіп қалады. Қаражан төрт
күннен кейін оянып, Алпамыстың пірлерінің арқасында қолдарын босатады да, атына
мініп кеткен қалмақтарға он күн өткесін ғана қуып жетеді. Басқа аттардың
бәрінен озса да, өзінің Қара атынан оза алмайды. Баласы жол бермегесін атын да,
баласын да өлтіріп, Байшұбарды бәйгеден келтіреді. Мұнан кейін Тайшаның тілегі
бойынша палуан күресі болып, Алпамыс ханның палуанын жығады. Ханның бас уәзірі
Көксман қасқа Алпамысты атады. Алпамыс мен Көксманды жақтаушы қалмақтардың
арасында соғыс болып, Алпамыс пен Қаражан батыр оларды жеңеді. Хан Көксманды
дарға асады. Алпамыс Гүлбаршынды еліне алып келеді. Байсары, Алтыншаштар қалмақ
елінде қалады.   

Қарақалпақ
тіліндегі ең соңғы басылған толық вариантының бірінші бөлімі мен бұрығы
Жиемұрат вариантының бірінші бөлімінің сюжет желісінде, оқиға дамуында,
байланыс шиеленістерінде, кісі аттарында ешбір өзгешелік жоқ. Жалғыз-ақ айырма
көлемінде. Қияс Хайратдиновтың вариантында әрбір эпизод көріністер
қаһармандардың іс-амалдары кеңірек түрде суреттеледі. Пікір жаңалығы жоқ та,
эпостың ескі вариантындағы қысқа айтылған ой- пікірлерді ұзартып айтуға
тырысқандық байқалады. Бұл варианттың шұбалаңқылығы осындай жағдайлармен
байланысты туған тәрізді. Ал  Қияс
Хайратдиновтың  Майкөт вариантынан
өзгешеліктері эпостың ІІ бөлімінде.

                        Алпамыс Гүлбаршынды
алып кеткесін,  Тайша

Қияс жырау             
хан Қаражанды ұстап, бес айға зынданға салады

вариантының                да,
Байсары  мен  Алтыншашқа қой   бақтырады.

екінші бөлімінің    
Алтыншаш қалмақ елінде сауда жасап,  Жиделі-

мазмұны                      Байсынға
қайтқан саудагерден     Гүлбаршынға

                                           сәлем
айтып, хал-жайын баяндайды. Олар бәрін

жазып,
Гүлбаршынға береді. Оны естіп, Алпамыс Тайша ханның еліне аттанады. Мұны хан
түс көріп біледі де, мыстан кемпір арқылы Алпамысты ұстаудың амалын ойлайды.
Кемпір ханнан 40 ұста сұрап алып, зындан жасатады. 40 қыз алып оның алдынан
шығып, ертеде қолға түскен Қоңырат қызымын деп алдайды. Ат шалдыруын, жиен
қарындастарымен танысуын сұрайды. Алпамысты мас етіп, зынданға салады.
Қалмақтарға тұтқынға түскен Ашимқал атты қойшы бала өз елінің батыры Алпамысқа
көмектесуді ойлап, зындандағы батырмен тілдеседі. Қойшы бала бағып жүрген
ханның қойынан күніне 7 қой беріп тамақтандырады. Қой таусылғасын, елден нан
сұрап асырайды. Алпамыс 7 қаз арқылы еліне сәлем жазады. Қаздар Жиделі-Байсын
еліне ұшып  келіп, жылқы бағып жүрген
Қарлығашқа кездеседі. Осы хабардан кейін, тұтқыннан босанып, Қоңырат еліне
Алпамысты іздеп келген Қаражанға Қарлығаш ұшырасады. Қаражан Алпамысты
зынданнан босатпақшы болып, еліне қайта аттанады.                             Зынданнан шығармақшы болып жатқанда: «Мені
Құлтай құрлы көрмедің, есіңе алмадың», - деп өкпесін айтады. Алпамыс оның
сөзіне ерегесіп, зынданнан шықпайтынын білдіреді. Қаражан қателестім деп,
жалынса да шықпайды. Екі дос араздасып айырылады. Арада 7 жыл өтеді. Алпамыс
Ашимқалға: «Мен ханның қызы Арзайымның көмегімен ғана босана аламын, мына шаңқобызды
тартып, сол қызбен таныс, менің қай жерде екенімді өзіне ғана айт», - дейді.
Ашимқал оның айтқандарын бұлжытпай орындайды. Қыз әкесінен 200 ұста сұрап,
зынданның үстінен сарай салдырып, Алпамыспен байланысады. Келген-кеткен
саудагерлерден зекет жиюға әкесінен рұқсат сұрайды. Хан рұқсат етеді. Сарай
салынады. Мыстан түс көріп, Арзайымның сарайын көруге, Алпамыстың өлі-тірісін
барлауға келеді. Оны қыздар ұстап, зынданға тастайды. Мыстан  кемпір Алпамыстың қолынан қаза табады.
Әртүрлі сылтаумен қыздар ханнан Байшұбарды, батырдың қару-жарағын сұрап алып,
аты арқылы Алпамысты зынданнан шығарады. Алпамыс шығысымен-ақ, Тайша ханға
қарсы соғыс ашып, оны жеңеді. Ата, енесін азаптан құтқарып, Ашимқалды сол елдің
ханы етіп, Арзайымды Ашимқалға қосады да, Байсары мен Алтыншашты соған тапсырып,
еліне қайтады.                                Елінің
шетіне келгенде Құлтайға кездесіп, елінің хал-жайын естиді. Бұл кеткесін Ұлтан
құл Қоңырат еліне сұлтан болып, бар билікті өзіне алады. Байбөріні қойға, Құлтайды
түйеге, Қарлығашты жылқыға, Жәдігерді қозыға салып, шешесін асшы етіп
қойғандығын және Гүлбаршынды өзі алмақ болып, той жасап жатқанын біледі.                   Алпамыс
Құлтайдың киімін киіп, шал болып, ел аралайды. Көп мезгіл өзін Құлтайдан басқа
ешкімге білдірмей, Құлтай болып жамбы атысқа қатысады, 14 батпан Алпамыстың
садағын ешкім көтере алмай, Ұлтан садақты Жәдігерге алдырады. Ақыры, Алпамыс
Ұлтанды ұстап, оның өзін де, оны жақтаушыларды да жазаға бұйырады. Үй ішін,
ел-жұртын өз қолына алып, Қарлығашты Қаражанға қосады. Бұл бөлімнің оқиғасы
осылай аяқталады.                           Эпостың
соңында Қияс жырау «Алпамысты» кімдер айтып, өзі кімнен үйренгені жайлы: «Әуелі
Ерман, одан Дүйсенбай, Дүйсенбайдан Сейбұлла, одан Бекмұрат, Бекмұраттан мен
үйрендім», - дейді. «Алпамыс» дастанының айтылуы жайлы қысқаша түсінік жазған
А.Каримов жолдас Қияс жыраудың сөздерін растай келіп, Қияс жырау Бекмұраттың
қасында 18 ай жүріп, жаттады. «Қияс жыраудың лақабы 1926 жылы халық арасына
тарады»¹ - дейді.                             

            Біз жоғарыда, қазақ тіліндегі
қазіргі жарияланған вариантының бірінші бөлімінде қарақалпақ тіліндегі
варианттан көптеген өзгешелігі бар дедік. Қарақалпақ тіліндегі соңғы варианттың
екінші бөлімінде қазақ тіліндегі екінші бөлімнен бірнеше өзгешелігі бар.                                     Қазақ
тіліндегі варианттың екінші бөліміндегі оқиға бірінші бөліммен тікелей
жалғаспайды. Мұнда Қараман хандық құрған қалмақтар бір басқа да, Тайшық хандық
құрған қалмақтар екінші басқа бір хандық көрсетіледі. Ал қарақалпақ тілінде
Алпамыстың Гүлбаршынды іздеп барып, алып қайтатыны да, кейін зынданға түсіп, 7
жыл кіріптар болатыны да сол Тайша хан, Қаражан басқарған қалмақтар.  Сөйтіп, қарақалпақ эпосында суреттелетін
оқиғаның І - ІІ бөлімі тығыз байланысты: бірі - себебі, екіншісі оның нәтижесі
болып келеді.          

            Қазақ тіліндегі «Алпамыста» Қаражан
достасып, Алпамыстың үйленуінен кейін сол елде қалып қойса, қарақалпақ
«Алпамысында» ол зынданға түсіп, одан босанғасын Алпамысты өзі іздеп келіп,
Қарлығашқа жолығып, досының ұсталғанын естиді де, оны босату үшін еліне қайта
кетеді. Бірақ Алпамыс арланып, зынданнан шықпайды. Саудагер арқылы сәлем айту,
құстың қанатына хат жазып, Алпамыстың еліне хабарлауы, Қаражанның Қарлығашқа
үйленуі қазақ варианттарында жоқ. Кейбір кісі аттарының өзгешелігі: Қаракөзайым
- Арзайым, Кейқуат - Ашимқал деп аталғаны болмаса, басқа оқиғалары негізінде
біркелкі. Алпамыс кеткесін Ұлтанның үстемдік жүргізіп, өзінің ойына келгенін
жасауы екі тілдегі вариантта да дәлме дәл деуге болады.    

            Өзбек тіліндегі «Алпамыс» (Фазил
Юлдашев варианты, оларда да бірнеше версия бар) қарақалпақ тіліндегі вариантқа
өте жақын. Бірінші бөлімдегі айырмашылық: Байбөрі мен Байсары ағайынды адамдар.
Екеуі де әулиелерге түнеп бала іздеп, Байбөріден бір ұл, бір қыз, Байсарыдан
бір қыз  туып, туысымен-ақ құда болады.
Араздықтарының себебі: қазақ тіліндегідей, Алпамыс өлсе, қызым Ұлтанға қор
болады дегендік те  емес, зекет мәселесі.
Байбөрі, Байсарыға  зекет төлесін дейді.
Ол осыған қатты өкпелеп, жіберген адамдарын жазалап, қалмақ еліне көшеді. Бұл
бір. Екіншісі, Алпамыстың аты әуелде Хаким еді, 14 батман Алыпбидің садағын 7
жасында тарта алғандығы үшін «Алпамыс» атайды. «Алып»  деген

сөзден шыққан
дейді. Үшінші, бұл вариантта Қаражан Сурхайыл деген мыстан кемпірдің 7 батыр
баласының ең кенжесі болады.

_____________________

¹ «Алпамыс», (Қарақалпақ
тілінде), 1957, 182 - б.

Төртінші, Қаражан
Алпамысқа еріп, Қоңырат еліне келеді; Алпамыс Байсары мен Алтыншашты қалмақтың
қорлығынан босату үшін барып, (мұнда 40 жігітпен барады) тұтқынға түскенде,
Қаражан оны зынданнан шығару үшін, осы Қоңырат елінен аттанады. Бірақ мұнда да
Алпамыс арланып, зынданнан шықпайды. Бесінші, өзбек тіліндегі вариантта
Гүлбаршын батыр қыздың бейнесінде суреттеледі.         

Өзбек
тіліндегі («Алпамыста» қойшының аты - Қайқуат, қыздың аты - Тавка - ойим -
делінеді). «Алпамыс» эпосының да кульминация және шешуі, кейбір ұсақ жайттары
болмаса, негізінде бір-біріне жақын.                 

          Туысқан көршілес елдердің тіліндегі
варианттардың кейбіреулерінің қысқаша мазмұнын келтірудегі мақсат - қазақ
оқушыларына «Алпамыс» эпосы туралы молырақ мәлімет беру. Қай елдің
зерттеушілері болсын    «Алпамыс» -
бәрімізге ортақ эпос екендігін, қазақ, өзбек, қарақалпақ не басқа туыстас
елдердің оны өз эпосымыз, Алпамыс өз батырымыз деп оқуына, зерттеуіне праволары
толық екендігін және бұл эпостарда сол елдердің өздеріне тән ұлттық
қасиеттердің «эпоста» қамтылатындығын ешкім жоққа шығармайды. Әрқайсысының
өзінше бірлігімен қатар, ерекшеліктері және оқушыларын қызықтырарлық
әдеміліктері де мол табылады. 

        «Алпамыс» эпосының қай дәуірдегі
оқиғаны қамтитындығы жайлы, профессор В.М.Жирмунский өзбек тіліндегі «Алпамыс»
эпосына жазған алғы сөзінде: «Алпамыс туралы аңыз, кейінгі ұлт-ұлтқа бөліну
кезеңінен әрірек кезде туған», «Өзінің шығу тегіне қарағанда» бұл Қоңыраттардың
рулық эпосы тәрізді. Ал Қоңыраттардың тарихи мәліметтерге белгілі бола бастауы,
моңғолдардың жаулап алуынан соң, яғни ХІІІ ғасырдың іші», - деп топшылайды.
Сонымен қатар В.М.Жирмунский «Алпамыс» ескі заманнан келе жатқан эпостың бірі
саналады» деген пікір ұсынады.                  Бұл
айтылған топшылаулардың екеуі де 
«Алпамыс» эпосының әртүрлі варианттарын салыстыра зерттей келіп, жасаған
ғылыми мәні зор, айрықша көңіл аударарлық пікірлер екені сөзсіз. Қай вариант
болсын, «Алпамыста» батыр өзінің ерлік қимылдарын Қоңырат руының шеңберінде
жасайды. Бұл мотив қазақтың басқа эпостарында да байқалады (Қобыланды, Тарғын
т.б.). Бірақ олардың жырындағы оқиғалар  кей варианттарында тек бір ру ғана емес,
бірнеше рулардың тілек-мүддесін қамти, ру шеңберінен шығып кетіп отырады.
Қобыланды қыпшақ руымен қатар бүкіл ноғайлы елдерінің жыртысын жыртса, Тарғын
бірнеше ноғайлы хандықтарында болып, қалмақтарға қарсы күреседі. Ноғайлы
аталған елдердің қонысы, ар-намысы үшін майданға шығып, ерлік көрсетеді. Ал  оның ертерек кезде туғандығын аңғартатын
негізгі мотивтің бірі - қалыңдығын іздеу жолындағы аттанысы. Бұл - «Алпамыстың»
барлық тілдегі варианттарында да негізгі сюжеттің өзегі. Баршынның басын
бәйгеге тігуі, аты озған, палуан шығып, мергендігі асқанға тиемін деуі де, бас
қаһарманның қалыңдығының басқа біреу алмақ болып, той жасап жатқанда келуі,
алтын қабақ бәйгесі, атса оқ, шапса қылыш өтпеу, отқа салса, күймеу, суға салса,
батпау - бәрі - эпостың әрірек заманда туғандығын аңғартатын жайттар. Мұндай
мотив, сюжеттердің көп халықтарда болғандығын В.М.Жирмунский өзбек, қазақ
эпостары туралы жазған мақалаларында әр елдің эпостарымен көптеген салыстыру
жасайды. Негізінде, бұл пікірлері де құнды, бағалы десек те, бізше, кейде автор
өте шамадан тыс кететін секілді; ауыспалы сюжет жөніндегі қате қисындарды
қолдамаса да, оқушыларының бұрынғыдан осы соңғы пікірдің айырмасы қандай деген
сұрағына толық жауап берілмейді. Салыстырма зерттеу методындағы өзгешелік не
екендігінің жігі айқын ашылмайды.

            Қазіргі салыстырма зерттеудің
негізгі қоятын мәселесі - бір ел мен екінші елдердің эпостарындағы сюжет,
мотивтердің тууының себептерін сол елдердің өз тұрмыс-тіршіліктері мен әлеуметтік
жағдайынан іздеу, оның заңдылығын ашу. Күнкөрісі бір дәрежеде, тұрмыс-салты,
мәдениеті бір дәрежедегі елдердің өмірге көзқарасы да бір-бірінен онша ұзап кете
қоймайды. Ендеше, сондай көзқарас, ой-санадан туған көркем шығармаларда,
олардағы суреттелінетін әр алуан өмір құбылысы, оқиға, сюжет, мотивтері де
біркелкі болуы мүмкін. Сюжет, амал, мотив ұйқастықтарының негізгі себебін, ең
алдымен, сол халықтың өз тұрмысы, өзінің әлеуметтік жағдайынан іздеуіміз керек.
    

            «Алпамыс» эпосының қай тілдегісін
алсақ та, идеясы жағынан айырмасы жоқ. Өз елін, өз Отанын, өз халқын сүю, адам
мен адамның, ер мен әйелдің, ата-ана мен бала, аға мен қарындас, туыстастарының
араларындағы достық, махаббатты жыр ету. Бірақ өмірде ол тілек, мақсат
бөгетсіз, кедергісіз, адамның ойлағанындай бола бермейді. Сол жолда әртүрлі
қиыншылық ұшырайды, зұлымдық күштер де адамға кездесуі мүмкін. Ендеше, халық
солардың бәрін жеңіп шығатын, асқан күш, төтен ерлік, қысқасы, бойында сан алуан
ерен қасиеті бар батырды, ерлікті аңсаған ұлы арман, зор тілектің сәулесі болып
батыр образдары туады десек, «Алпамыс» эпосының идеялық мазмұны да осыны
қамтиды.                                     

                                      Эпостың
бас қаһарманы - Алпамыс.

Алпамыс образы     Сондықтан да  эпос «Алпамыс» деп     аталған.

                                         Алпамыс батырда
эпостық жырлардағы батырларға  тән
қасиеттерді оның басынан мол табуға болады.              

            Алпамыстың батырлығы жасынан-ақ
байқалады. Алпамыс 14 жасында екі түрлі сыннан өтеді. Мұның екеуі де
батырлықтың негізгі шарттарының бірі болатын.                                                                                                         Құлтай: «Сенің қайратты,
ер жігіт екеніңді білейін, өзіңе арнаған атты ұстап ал, егер еншіңді танып
ұстасаң, қолыммен ертттеп берейін», - дейді.     

            Бірінші  өзіне ат бола алатын атты тану, оны құрықсыз
тоқтату - екеуі де үлкен сын. Әсіресе тану қиын. Бірақ Алпамыс ол сынның
екеуінен де өтеді. Біріншіден, тапжылтпай таныса, екіншіден, нар сияқты
Байшұбарды құйрығынан ұстап тоқтатады.                                                        «Алпамыс
деген алып еді, жануар Байшұбар нар сияқты тізесін бүкті, қайшылап құлағын
тікті, үш мәртебе зор салды. Алпамыс жібермеді, Алпамыс алып зорлығын
білдірді», - деп суреттейді әңгіме. Бұлардың бәрі батырлықтың өзі емес, соған
даярлық, үлкен өнердің бастамасы ғана.                         

Алпамыс
батырлығының бірінші айқындалатын жері - Қаражанмен күресуде.                                                                   

Қаражан
- қалмақтың қамал бұзған батырының бірі. Өз елінде қанмен қатар түскен талай
жауды мұқатып, беделі басым болған батыр. Қаражан аттың дүбірін естіп:                                                                           «Тайшаның әскері де, менің әскерім
де қайтыңдар, жау жақын жерге келіп қалды, қырық мың қол келе жатыр», - дейді.                                           Алпамыстың
батырлығын, аруағы артықтығын, ірі екенін Қаражанның астындағы аты да сезіп,
ілгері жүрмей, жалтақтай береді.          Қаражан
атына:                                                                                                                 

Не
көрдің, қара ат, не көрдің?       Алдыңда жолбарыс жатыр ма?                    Бектер құрған шатыр ма?           Келгендер бізден батыр ма?                       Не көрдің, қара ат, не
көрдің?    Батырың қайғы жер ме екен,                Ат
жомылған тер ме екен?         Не көрдің, қара ат, не көрдің? 

            Келгендер бізден ер ме екен?        

 

-       
дейді.

            Атының бұл қорқуы дұрыс болып
шығады. Алпамыс пен Қаражан күрескенде, Алпамыс жеңеді.

            Ол көріністі жырда: «Алпамыс
Қаражанның беліне қол салды, тулап-тулап көтеріп иініне алды. Қаттырақ қысты.
Қаражанның ауыз-мұрнынан қан кетті», - дейді.

            Қаражан осал батыр емес: талайды
тақымына басқан батырдың бірі. Бірақ «Күш әкесін танымайды» дегендей, Алпамысқа
шамасы келмей қалады. Жалғыз Қаражан емес, Гүлбаршынның тойында Алпамыс лездің
ішінде ханның қырық палуанының тоғызын жығады. Ханның әскерімен шайқасып
қалғанда, қалаға қуып тығады:                                                                                  

Сансыз
тұрған қалмаққа,            Шұбарға қамшы
салады.                      Қылышын
суырып алады.         Тура келген
қалмақты

            Жолбарыстай ышқынып,           Қақ маңдайдан шабады.

            Жырда Алпамыстың батырлығын
көрсететін жерлер тек бұлар ғана емес. Жас та болса, оның даңқы жер жарады.
Досына сүйеніш, дұшпанына қорқыныш, үрей бола бастайды. Байбөрінің жылқысын
алған қалмақтың Тайшасы (ханы) түсінен шошып оянып, не қыларын білмей сасып,
алдын ала шара қолданушылығының өзі-ақ, Алпамыстың қандай батыр екендігін
дәлелдейді.                                                                                                                                           

         Мен бір түнеде түс көрдім,           Бір арыстан өзіме,

            Түсімде жаман іс көрдім,              Шабатұғын көрінді.                             Заманым менің
қағынды.              .    .   
.    .    .   
.    .    .

            Қағынбаса не қылды?                      Қаламның аузын қан қылды,

            Құрсаулы қара бір бура,                   Қақпаның аузын шаң қылды.

            Қарсы қарап шабынды.                 Айдарлымды құл қылды,

          .   
.    .    .   
.    .    .   
.    .               Тұлымдымды тұл қылды.

            ...Басымда тәжі дәулетім,               Солқылдаған мырзамды

          Жерге менің төгілді.                          Табанға салып жүн
қылды. . . .

            Бұл - ханның түсі. Алпамыс оған
біресе шабынған бура, біресе бүркіт бейнесінде елестейді. Қайсысы болсын,
Алпамыстың жауына осал көрінбегендігін толық сипаттайды. Ханның бұл көрген түсі
расқа шығады. Алпамыс қалмақ елін шабады. Оның отқа салса, күймейтін, суға
салса, батпайтын, оқ өтпейтін де қасиеті болады. Бұл мысалдардың бәрі де
Алпамыстың асқан күшті, батырлығына толық дәлел бола алады. Батырлықтың күштен
басқа өзіне тән нәрсесінің бірі: аңқау, аңғалдық. Жаңа танысқан Қаражанға
Байшұбарды мінгізіп қоя беруі, Қаражанды шауып тастай жаздауы, мыстан кемпірдің
тіліне еріп, таңдап мінген тұлпары Байшұбардың басын кесуге шақ қалғандығы,
тағысын тағылар.                                             

Бірақ
жырда Алпамыс өне бойы аңғал болып көрсетілмейді. Алды-артын болжайтын ақылды,
керекті жерінде қолданатын тәсіл, айласы бар және он бармағынан өнері төгілген
шебер, ісмер де болып көрсетіледі.                        

Қыз
келгенде қалай жауап беріп, қалай құтылудың амалын айтып, Кейқуатқа ақыл
үйрететін де, өзін құдықтан шығару үшін атты ханнан қалай алудың әдісін айтатын
да Алпамыстың өзі. Әсіресе оның Кейқуат хан болғаннан кейінгі беретін ақылы
тамаша орынды.                           Кейқуатқа
Алпамыс: «Сен құс етін жеймін», - деп мені жұмса, сонда мен: «Тақсыр, бұл
жердің құсы түгілі, көлін де білмеймін» дермін, сонда сен: «Пәтшағар, ордан
өзім суырып алып, адам қылып едім, бүгін менің сөзімді қайырасың», - де. Мені
кінәлі қылып, елден шығарып жіберіңіз, онан кейін ел сізден қорғалар», - дейді.
                            Алпамыс өзі
жоқта елі, үй іші қандай халде екен деп, диуана болып келеді. Өстіп, әртүрлі
ақыл-айласы да бар адам болып суреттеледі. 80 серкенің сүйегінен жасаған
сыбызғысы, Кейқуатқа үйреткен күйі, нөкері мен ханның қызын естерінен
адастырады. Жер баспаған Қаракөзайым тазшаны мойнына мінгізуге шейін
барады.  Алпамыстың зынданнан шығуына
себеп осы сыбызғы мен оның әсем күйі болады.                                                                                 

Алпамыстың
ерлігі, айласы, өнерімен қатар елін, үй ішін сүйетін сезімі де күшті.
Алпамыстың айбыны жауын қорқыта да, досын сүйсіндіре де біледі:                                                                                                                                                 

Жаңа
келдім Байсынды                    Жаңа
көрдім Қоңыратты

            Жерім деймін, жар-жар,                   Елім деймін, жар-жар, -

 

дегенінен  батырдың жұртын сүйетіндігі анық байқалады.
Алпамыс баласын көргенде атынан құлап түседі.                                                                                                          

            Тауға
біткен шиедей                     Ат
үстінен баланы,

            Босатты бала жүйені.                    Көтеріп алып сүйеді.                          Алпыс екі тамыры                        Мейірі сонда қанады.                                   Алпамыстың
иеді.                         Атынан
барып құлады.                                 

Алпамыстың
әрі палуан, әрі батыр, әрі айлакер, әрі өнерпаз, әрі жылы жүрек досына
мейірімді болып суреттелуінде үлкен мән, терең идея жатыр. Алпамыстың образы -
халық мүддесін қамтыған образ. «Бір сырлы, сегіз қырлы» ұл туса, оның өзі отқа
күймейтін, суға салса, батпайтын, оқ өтпейтін, жауын жеңе беретін болса деген
ұлы арман, үлкен мүдденің көлеңкесі. Сөйтіп, Алпамыстың жақсы қасиеттерін
кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.                                                               

                       Эпоста Ұлтан жағымсыз образ. Оның әрекеттерінің

Ұлтан                   
бәрі де өз ниетінің қаралығынан деп
суреттеледі.                                          Халық әдебиетінде нағыз жауыз,
намыссыз геройлардың бірқатарының-ақ арғы тегі - шабыншылықта қолға түскен жау
болғандығынан деген сілтеулер бар.                                            

           

         Екі бірдей қос жетім,                 Ашуың кетпей ойыңнан,

            Қолыңызда келеміз,                  Әлі күнге тақсырым.

            Ерік өзіңе тиген соң,                 Бес байталдық құл ма еді,

            Не қылсаң да мейліңіз.             Бұрынғы ата тегіңіз, -

 

деп Қарлығаш
Ұлтанның атасының жаулығын бетіне басады. Қарлығаштың осы сөзі Ұлтанның
Алпамысқа қарсы әрекеттерінің дәлелдеуі болып есептеледі. Осымен қатар Ұлтан
турасында еске алу қажет болатын тағы бір ерекше жайы бар. Бір жағынан
қарағанда, Ұлтан Алпамыспен теңдік дәрежесінде өспеген. Ол құлдық  халінде кемшілікте, төменшілікте өскен еді.
Оны біресе құл деп, біресе күңнен туды деп, қорлық пен зорлық астында өскен жан
етеді. Оның өмірдегі сыбағасы малшылық пен жалшылық қана болғандай еді.                                               Анық
халықтық санадан қарағанда, бұл - еңбек иесі, бейнетке төзген адам болмаққа
бейім болатын. Ал Ұлтан, екінші жағынан, «Алпамыс» жырында соңғы бөлімде аса
сүйкімсіз, жиренішті бейне болып сипатталады. Жазығы жоқ еңбек ері болғанда,
халық санасы халықтық жырда мұндай образды сүйіп жырласа керек еді. Олай
жырламайды. Бұл жыр тыңдаушыны Ұлтаннан жирентіп, оған неше алуан сипаттар
береді. Осының себебі неде? Бұлай болудың бірінші себебі: «Алпамыс» жырының
қазақша, өзбекше, қарақалпақша жырланған варианттарының бәрінде де Ұлтан қолына
күш-құдірет тиіп, есе атаулының бәрін алған соң, ойдағыдай азамат болмайды.
Халықтық сипат, қасиет таппайды. Бір байдың орнына отырған екінші бай. Қайта
бұрынғыдан да зорлықшы, қиянатшы, бай мен мырзаның, әміршінің өзі болып алады.
Құлдарға теңдік, көпке көмек, жылағанға жәрдем беру сияқты, ел сүйерлік ердің
әрекеті бұнда болмай қалады. Сондықтан ол халық үшін сүйкімді, жағымды бейне
бола алмайды. Екінші жағынан, жырдың басты геройы және жазықсыз геройы, жаудың
қинауында жатқан Алпамысқа қиянат етеді. Оның өлді деген хабары келмесе де,
мұнда Алпамысты адал ниетімен тосып отырған жақсы жар Баршынға және жас балаға
зорлық етеді. Мұнысы адамгершілікке жат, тұрпайылық болады. Сол себепті Ұлтан
жағымсыз бейне болып бағаланады.

          Алпамыс батыр образы ұнамды қаһарман
етіліп суреттеледі десек, Ұлтан соған қарама-қарсы эпостық және лиро-эпостық
жырлардың көпшілігінде-ақ, батырдың сыртқы жауымен қатар, бақталас, мансапқор,
күншіл, өзінің қара басынан басқа ешнәрсе ойына кіріп шықпайтын, ұнамсыз
кейіпкер қатарында жүреді. Олардың негізгі тілектері жақсы адамдарға жамандық
ойлау, аяқтан шалу болады.

          Осылар сықылды ұнамсыз қаһарманның
бірі - Ұлтан. Жырда Ұлтанның бір ісін де адам аяп, есіркегендей етіп
көрсетпейді. Оны елдің ұнатпайтындығы, болашақта одан жақсылық күтуге
болмайтындығы кескінінің өзінен-ақ байқалғандай:

 

Кеуделері кепедей,                        Мұрындары сығымдаған

                                                                               
 талқандай,

Мұрындары төбедей.                   
Көздері терең зындандай,

Күрек тісі кетпендей,                     Басқан ізі от орнындай,

Кеңірдегі жүһуттің көріндей.       
Аузы ошақтай,

Отырған жері                                 Азуы пышақтай.

Алты қанат үйдің орнындай.       
Мұрнының тесігі үңгірдей,

Құлақтары қалқандай,                 
Иегі сіңгірдей, -

 

деп суреттейді.

            Келешекте
ұнамсыз кейіпкер болып суреттелетін болғандықтан, оның алдағы іс-әрекеттеріне
дәл келетін кескін жасайды. Ол кескін тым сорақы, мейірімсіз, адамдық қасиеті,
аяныш сезімі жоқ жанды көзге елестетеді.

       Ұлтан жақсылыққа жамандық ойлайды. «Ат
шаптырып, той қылып, асық жілік ұстатып» бала етіп алған Байбөріге тумағандығын
жасап, жауыздық етеді. Алпамыс қалмақ еліне кеткенде, оның үй ішін бейшаралыққа
салып, барлығына қорлық көрсетеді. Өз басының қамы үшін, зор мансапқа жету
үшін, қандай жауыздықтан да тайынбайды. Жауыздықты Алпамыстың үй ішіне ғана
емес, елге де істегендігі байқалады. Ұлтанның тепкісіне шыдай алмай, елдің
көпшілігі-ақ быт- шыт болып, алды-алдына көшіп кетеді. Жырдың аяқ жағында:

 

Ағайын, жұрты жылады,        
Тозып кеткен жұртының,

Халайық қайран қалады.         Бәрін жиып алады, -

 

деген сөз, бір
жағынан, Алпамысқа елінің қалай қарайтындығын көрсетсе, екінші жағынан,
Ұлтанның кезінде елдің талан-тараж болғандығын көрсетеді.

Ұлтан
құлдың басқа жауыздығын былай қойғанда, ел дәстүрінде болмаған, кісіні көкпарға
беремін деуі - адамдық аяныш сезімі сөнген жанның ғана істейтін ісі. Шығарманың
негізгі мақсаты Ұлтанды жауыздықтың өкілі етіп көрсету болғандықтан, бұл жерде
өте шебер көрсетілген. Қай уақытта болсын бала - қиянатсыздықтың бейнесі. Оның
үстіне Жәдігердің қол-аяғы кісендеулі, халі мүшкіл. Әр адамның да баласы бар.
Әрдайым олар жүректің ең нәзік жерінен орын алады. Осының бәрі жинала келіп,
ешкімге қиянат жасамаған нәрестені көкпарға тарт деп бұйрық берген, әмір иесі
Ұлтанға нәлет айтқызады. Баланы тартпаса да, бұты бұт, қолы қол болып әркімнің
уысында кететін көкпардың көрінісі тыңдаушының 
көз алдына келіп, Жәдігерді аяйды. Тыңдаушы Ұлтаннан мүлде безіп,
түгелдей Жәдігерге ауады.

          Әкеден ұшты- қиыр хабар жоқ,
айналасының бәрі қорлықта, қол-аяғы кісендеулі, өз шешесінің тойында өзін
көкпарға бұйырып, басына қамшы жауып, жауына сөзі өтпей, барар жер, басар тауы
жоқ, екі бетін жас жауып жүрген бала: 

 

Есіктің алды қара қыр,                 
Аяғыңнан ақсағыр,

Аш бүгіліп жарығыр.                   
Жетім қалып сандалып

Жетім қалып, сандалып,               
Құрсау түсіп мойныңа,

Мендей болып жылағыр.             
Мендей болып қақсағыр.

          Тарта
бер, жұртым, тарта бер!        Тарта бер,
жұртым, тарта бер!

          Ешкі
жасын жасағыр,

- деп жылап отырған
Жәдігерді көзге елестеткенде, Ұлтанға деген өшпенділік ұлғая түседі.                                                                                                         Ұлтан
денесі қанша зор болғанмен, қоян жүрек, қорқақ. Жекпе-жек келіп, табан тіресіп,
жауымен күресу оның қолынан келмейді. Оның денесі күшке біткен дене емес, кеспірсіз,
өрескел, сорақылыққа біткен дене. Басқалар былай тұрсын, жеті жасар Жәдігерге
де әлі келмейді.

        

         Ал Қарлығаш жүгірді,                 Арашалай береді,

         .   
.    .    .  
.   .    .   
.    .                Әлі келмей Ұлтанның,

        
Ұлтанға жетіп келеді,                   
Білгізбейін деді де,

         Таяқ жеген жетімді                        Араша беріп жөнеді, -

 

деп, оның
бірме-бірге бара алмайтын қорқақтығын да көрсетеді.

            Эпостағы осы келтірілген
іс-әрекеттерінің бәрі қосыла келіп, Ұлтанды ұнамсыз етіп шығарады. Ұлтанды сөз
қылғанда, эпостың осы сарынын еске алумыз керек. Эпостың оны ұнамсыз етіп
көрсететіні айқын.

            Эпоста өз көзқарасын, әртүрлі
дәлелдеулерін аттап өтіп, оған сүйенбей тексеремін деу, жалаң топшалау болып
шығады.

            Халық Ұлтандарды жауға айбары, елге
қорғандығы жоқ, қу құлқыны үшін кімді болсын сатып кететін, кімді болсын
аямайтын,  көңілі түндей қара, күншіл,
басқаны көре алмайтын іші тар етіп бейнелейді. Ел қорғаны батыр ұлдарға
жаманшылық, апат қана ойлайтын жауыз, жексұрын деп қаралайды. Оны азғын жан деп
көрсетіп, жұртшылықты одан жирендірсе, Алпамыс Қобыландыларды ел намысын жатқа
жібермейтін, елге қорғаныш болған батыр, адал ұлдар деп, жастарға үлгі етеді.

                                         Батырлар эпосының
қайсысында болсын,       Гүлбаршын                 батырдың   өзіне лайық сүйген жары болады.   

                                         Бұлар ел қорғаған
батырды сүйетін ақылды,

мінезді және
халыққа сүйікті болып суреттеледі. Баршын да сондай қыздың бірі. Баршынның
сұлулығы хан мен Қаражанды араздастырып, қалмақ елін жауластырады. Баршынға
таласып, көп қан төгіледі.

            Эпоста, әсіресе айқын көрінетін
нәрсе - ақыл-айласы. Хан мен Қаражан жаушы жібергенде, не ханға, не Қаражанға
уәде бермей, ұзын арқан, кең тұсауға салады.

           

         Арада алты ай өткенде,              Қырық күншілік байрақтан,

            Арығы
болса семірсін,               Аты озып
келгенге,

            Семізі болса таптасын,               Құй қызылбас демеймін,

            ......................................               Бақыты қара Баршынмын,

           

          Мініп бедеу желгенде,                Хан, қараңа айтып бар,

            Армансыз дәурен сүргенде,       Өзім
соған тиемін, -

 

дейді.

            Баршынның мұнысы - айла. Қалмаққа
тиемін деген оның ниеті жоқ. Бірақ тимеймін деп тікелей айта салуға шамасы
болмағандықтан, оған дейін Алпамыс келер деген үмітпен, айла жұмсап қалмақ
ұлықтарын кідірте тұруды ойлайды.

            Баршынның арманы - Алпамыс. Өйткені
бұл - оның жары, қалыңдығы және өзінің туған елі Қоңыраттың жігіті. Сонымен
қатар Баршын қалмақтың қайсысын болсын сүймейді. Олардың ішіне көшіп келіп
отырса да, жауым деп қарайды. Баршын әр жерден-ақ «бақыты қара Баршынмын» деп
сөйлейді. Баршынның еш жағынан кемшілігі жоқ. Ол - асқан сұлу, оған хан мен
батыр екеуі де ғашық. Әйтсе де ол өзін бақытсыз санайды. Өз халқының үнемі
жауласып келген елі қалмаққа тиюін, намысқа тиетін, сүйекке таңба салатын
қорлық деп ұғады. Баршынның өз елін сүйіп, қалмақты жауым деп танитындығының
бір бұтағы шешесі Алтыншашта жатыр. Байсары елінен көшерде, Алтыншаш Байсарының
туған жер, ел-жұртын тастап, басқа елге баруына наразы болады. Жалғыз қызы жат
біреудің діні, салты басқа біреудің олжасы болып кететінін айтып, көшпелік деп
зар жылайды.

            Көшіп бара жатқан Алтыншаш:

           

            Тоқсан кірсе, бақтың гүлі солмай ма?

            Арлы
жігіт намыспенен өлмей ме?

            Ағайынмен кім ұрыспас, таласпас,

            Абырой барда елге қайтсақ, болмай
ма? -

 

десе, жаушылар
келгенде:

        

            Сары
атанға шаһарда жүк арттырдың,

            Дін білмеген қалмақтарға саттырдың,

            Көшпе деп жыладым мен елімде,

            Мұнда
келіп қанша дүние арттырдың? -

 

дейді.

            Баршын өз елін сүюді анасына
үйренген. Қанша қорлық көрсек те шыдалық, жауды паналау ер адамға өліммен тең,
не болсақ та өз еліміздің ішінде көрелік деп зар илеген ананың отанын сүйген
ыстық жүрегі қызы Баршында да бар. Ол Алпамысты, бір жағы, батыр деп сүйсе,
екінші жағынан, өз елінің ұлы деп сүйеді.                                                            Баршынның
эпоста адамдық қасиеті де айқын түрде суреттеледі. Қалмақтың Тайшасын, батырын
алдау үшін айтқан сөзін Алпамыс келгесін де ұмытпайды. Өз уәдесін берік ұстап,
шетелге сөзге сынық болмай, алдап кетті дегізбейін деген оймен бұл уәдесін,
сүйген жары Алпамысқа бірінші шарт етіп қояды.                                                                             Эпоста
Баршынның осы сөзін дәлел етіп, Алпамыстың атының жүйріктігін, өзінің
палуандығын, ерлігін, Қаражанның шын берілгендігін көрсете кетпек. Бірақ ол
жақтары Баршынның өз сөзіне беріктігіне, адамгершілігін жоғары ұстай
білетіндігіне бөгет бола алмайды. Бұл екі жағдай бір-бірімен нық байланысты.
Баршын Алпамысқа шын беріліп, оны сүйеді. Баршынның әкесіне айтқан, Қаражанның
астындағы Байшұбарды көргенде айтқан, Алпамыстың аты озып келгендегі құттықтау
сөздері бұған дәлел. Бұл - әңгіменің бір-ақ жағы. Сонымен қатар эпостың ерекше
бір көрсетейін дегені - оның Алпамысқа жәрдемші бола алатындығы. Батырлардың
көпшілігінде-ақ  сүйген жары жәрдемші
болып суреттеледі. Олардың жәрдемі батырдың атын күтуден басталады. Ол кезде «Ат
- ердің қанаты», жақсы аттың мәні үлкен болады. Аты келіспесе, батырдың жауымен
еркін айқаса алмайтындығы мәлім. Жеңу, жеңілу де атпен байланысты. Сондықтан
батырлардың әйелдерінің ол кездегі ат бағып, оның бабын табуын жеңіл-желпі
нәрсе деп қарауға болмайды. Ол кезде бұның да ер басына достық, отандық,
әлеуметтік мәні болды.                    Баршын
осы жағынан да Алпамысқа көмекші, жәрдемші болып суреттеледі:

           

          Байшұбар аттай бедеудің,        Зиянды қанды қоймады,

            Аяққа қаққан шегесін                Төрт қозының құйрығын

            Қысып ұстап қысқашпен           Қазанға салып күйдіріп,

            Табандап суырып алады.          Аяққа орап салады.

            Арам қанын аяқтың,                  Бәйгеден келеген Шұбарды

            Қортықпен
сорып алады.          Он бес күн Баршын
суытты, -

 

дейді.

            Баршын батырды шын сүйгенін, өз
сертіне беріктігін Алпамыстың хабарсыз кеткен жылдарында да дәлелдеп шығады.
Алпамысты жеті жыл азалап, оның орнын жеті жыл сақтайды. Сүйген жарын қандай
сағыныш, ауыр қайғымен күткендігін сұлудың Алпамыспен айтысқан сөзі толық
дәлелдейді.

           

          Жаңа келдім Байсынды              Жаңа көрдім Қоңыратты

            Жерім деймін, жар-жар,             Елім деймін, жар-жар.

                                   

                                   Жеті жылдай
қақсатып,

                                          Құдай маған бермеді,

                                          Өлім деймін, жар-жар.

           

Бұл
үзіндіден Баршынның батыр жолына жанын құрбан етуге әзір екендігі, өлсе де онан
басқаны сүймейтіндігі анық көрінеді.

            Баршынды жырда ақылды, айлалы, елін
сүйетін, батырды бағалай білетін, Алпамыстың әрі сүйікті жары, әрі жәрдемшісі
етіп, оның осы істерін басқаға да үлгі етеді.

            Гүлбаршын - қарақалпақ тіліндегі
«Алпамыс» эпосында да осы қазақ тіліндегі «Алпамыстағы» тәрізді адал жар, ақыл
иесі, сөзіне берік әйел образы. Ешбір эпизодта оның ерлік қимылы көрсетілмейді.
Бұл эпизодтарда басым суреттелінетін жағы сұлулық, нәзіктілік, жарына, баласына
деген махаббат, сүйіспеншілдік жақтары.

            Өзбек тіліндегі «Алпамыста»
Гүлбаршынның тек қана лирикалық жағынан гөрі, батырлық, күштілік жақтары басым
суреттелінеді. Қалмақ батыры Көкеманды өлтіруі, Кокалдашты жыға алмай жатқанда
Алпамысты қайрап, сен жыға алмасаң, күреске өзім шығамын деуі өз алдына,
Алпамыс зынданға түскенде, оның ата, анасына, туысқан-туғанына сүйеніш те
Гүлбаршын болады.

            Бұл - өзбек «Алпамысындағы» өзіне
тән негізгі ерекшеліктің бірі.

                                    Эпоста    бірнеше   қалмақ  та  бар.
Қаражан,

Қаражан және       
   Қаракөзайым,  Кейқуат. Халық   жыры   
әділ,

басқа образдар         шыншыл     болып   
құралады. Қаражанның 

                                    батырлығы, күштілігі, алған бетінен қайтпайтындығы, Алпамысқа дос
болмай тұрғанға шейін де басындағы бар қасиет еді деп көрсетеді. Қаражанды
бірінші таныстырғанда-ақ өжет, қорықпайтын, тайсалмайтын адам етіп суреттейді.

            Қаражан ханға:

 

Ханның ісі елменен,                   
Нәсіп болса Баршынжан,

Патша зорлық қыла ма,            
Дәурен сүрер бізбенен, -

         Не ісі бар қызбенен.

 

дейді.

            Хан
деп, ханнан қорықпай майданға да шығады. Әрине, бұл әлі оның батырлық, ерлігін
толық сипаттай алмайды. Ол батырлықтың кейбір көрінісі ғана.

            Халық қандай батыр, қай елдің батыры
болсын, оларға ең бірінші қоятын шарты -  өз елін, өз Отанын сүю болады. Бір қарағанда,
батырлықтың негізгі өлшеуіші - күш емес, жаңағы сипатталған, сыналғандай әлді
ме, әлсіз бе, онда емес, кім елін шын сүйсе, сол үшін басын бәйгеге тігіп, өз
басын құрбан ете алса, сол - ер, сол - батыр дегендей.

            Қаражан ең алдымен осы сыннан
өткізіледі. Жау жоқ кезде ханмен араздасса да, жау келіп қалғанда ол: «Хан
әскері де, менің әскерім де ұрысты тоқтатсын», - деп бұйрық беріп шеттен келген
жауға жалғыз аттанады.

           

          Ақ сауытты киейін,                 Қаражан атым құрысын,

            Ат құйрығын түйейін.             Бір шетінен қиғаштап,

            Кімде болса осы жау,              Аш бөрідей тиейін, -

 

дейді.

            Жайшылықта өз ханымен қызға таласып,
қан төгіссе де, қалмақ еліне шеттен жау келгенде, батыр бәрін ұмытып, өз елін
қорғауға аттанады. Бұл жерде жеке тілектен де, ханмен арасындағы кектен де, Отан
тілегі жоғары қойылады. Сондықтан ол, алдымен, өз елінің қорғаны болып
суреттеледі.

            Қаражан өз сертіне берік. Өзіндей
батырды бағалай да біледі. Алпамыс бұның еліне жау емес, тек өзінің жарын
іздеген, әділ жолдағы адам болып шыққан соң, Қаражан оған жауша қастанып
қарамайды. «Әуелі алдап айтып едім, енді шын дос болалық», - деп, Алпамысқа өзі
құшағын ашады. Бұл антынан ол танбайды. Досы үшін тіл алмаған баласын да, жақсы
көрген қара арғымағын да құрбан етеді. Баласының, атының өлімі оған батпайды
емес, өзіне өте ауыр тиеді. Әйтсе де жік-жапар болып жалынса да, тілін алмаған
баласынан досын артық санайды. Әрине, бұл жерде, бір жағынан, қалмақ еліне
жаулық көзбен қарап, шет елден, ислам дініне кірушілер қандай бөгет болса да,
оған қарамай, шын ынтасымен келсін деген бергі айтушылардың діншілдік наным
әсері де бар. Бірақ онан да терең, жырдың көне құрылысында негізгі түйін болып
жатқан мотив - достық. Бұл діндар жыршылар қосқан қоспадан әлдеқайда мағыналы,
қадірлі, халық сүйетін қасиет болып бағаланады.

            Қаражаннан
басқа эпостың екінші бөлімінде тазша бала Кейқуат қатысады. Оны да жыр ұнамды
қаһарман етіп көрсетеді. Кейқуаттың ұнамды болуының негізі себебі: Алпамысқа
еткен көмегі. Батырға жәрдем бергендігі үшін бақытқа қолы жетеді. Эпос
мазмұнындағы негізгі пікірдің бірі - осы Кейқуттың маңында, сондықтан оны да
аша кету керек.

            Алпамыс - халық батыры. Оның күші
ханға, ханның Көкеман тәрізді уәзірлеріне қарсы жұмсалады. Қалмақ елінің батыры
Қаражанға күші жете тұрып: «Осыны өлтіргеннен қара жел толмас», -  деп, тірі қалдырады. Қойшы бала - тазшаны
қалмақ ханын өлтіріп, хан қояды. Қалмақтың екінші  Тайшасына шабуыл жасағанда, ханның
маңындағылар болмаса, жалпы еліне жасаған қорлығы еш жерде көрсетілмеген.
Алпамыстың әділдіктері тыңдаушыға оны ұнататын, жақсы көретін етеді. Алпамыс
Ұлтанға өш болғанда, оның жауыздығы үшін өш болады. Ұлтан сықылды Кейқуатқа
Алпамыс асқан жақсылық жасайды.

            Ұлтан мен Кейқуаттың қатар
көрсетілуі кездейсоқ емес, эпоста айтайын деген ойдың бір түйіні осында. Екінші
сөзбен айтқанда, ел қорғайтын адал ұл батырға кім жақсылық ойласа, дегеніне
жетеді. Кім жамандық, қастық ойласа, апатқа ұшырайды. Ұлтан мен Мыстан екеуі де
апатқа ұшырайды. Бұдан батырға қастық емес, достық ойлау керек деген қорытынды
шығатыны сөзсіз. Сондықтан да Ұлтан мен Кейқуат қарама-қарсы кіргізілген.

            Қаракөзайым - қалмақ қызы. Алпамысты
сүйіп және оған жәрдемдескені үшін оны да ұнамды герой етіп көрсетеді. Кейбір
жақтарынан Қаракөзайым Қобыландыдағы Қарлығаны еске түсіреді. Әйтсе де өзінше
ерекшелігі бар. Қарлығаның батырлық жағы басым десек, Қаракөзайымның ән өнерін
сүю жағы басым. Алпамысқа оның ғашық болуы, Кейқуаттың сыбызғысының нәзік күйі:

 

Молдалар сызған ала хат,             Шаршадым деп жүрмеді,

Біздерменен бас қосып,                         Сонда жата қалады.

Ойнап күлмек салтанат.               Қаракөзайым қабынды,

Айтсаңшы маған кім қылды,                    Жүре көр
деп жалынды.

Айналайын, Кейқуат?!                          Ашылған бақта гүл дейді,

.  .   .   
.    .   .  .   . 
.   .   .                         Сізге берейін пұл дейді.

Бір жерлерге келгенде,                  Шыныңменен шаршасаң,

         Тазша амал табады.                       Кел мойныма мін дейді.

      

Тазша
мұнымен де қоймайды. Ханның қызын әуелде-ақ оңашалап сұрамадың деп жер-жебіріне
жетеді. Қыз күйді сүйгендіктен Кейқуат не айтса да шыдап, мойнына мінгізуге
шейін барады.  Күйді сонша сүйген
сұлудың, сол күйді шығарған және күй ойнайтын сыбызғыны жасаған  әрі өнерпаз, әрі батыр жігітті сүймеске шарасы
болмайды. Мұнан былай сүйіспендік өсе береді. Ақырында қыз Алпамыстың жолына
бәрін құрбан етіп, қалай да батырды өз досы етуге күш салады.

                               Қазақтың ертегі,
жырларында мыстан кемпір көп

Мыстан                  кездеседі. Ол
әрдайым ұнамсыз болып көрсетіледі.      

                                      Мыстанның
ұнамды қаһармандарға жасайтыны ылғи жауыздық қана болады. Оның ойлайтыны алтын,
байлық, қысқасы, құлқыны үшін нендей жамандықтан да жиіркенбейді. Халық
әңгімесінде осы Алпамыстағыдай - мыстандар жауыз хандардың көмекшісі болып
келеді. Ел ұлына, елге қас, зорлықшыл ханның аярлығы, мыстан аярлығы арқылы
суреттеледі.

            Мыстан - мол жауыздықтың бейнесі.
Халық ер адамдардың жауларын жалғыз көзді дәу, алыптардың бейнесінде көрсетсе,
әйелдердегі жауыздық, жексұрындық, көбінесе мыстан образында көрсетіледі. Бірақ
батыр жолы әділдік болады да, дәу мен мыстандарды батырлар жеңе береді. Не
ақылы, не айласымен көп бейнеттің соңынан, әйтеуір, батырлар үстем болып отырады.

            Алпамыс эпосындағы мыстан да Тайша
хан қастығының, жауыздықтарының құралы. Ол өзінің Тазша баласына хан қызын
әперу үшін Алпамысты алдап, қолға түсіреді. Қай уақытта болсын, мыстан кемпір
жақсы адамға жауыздық істеуші болғандықтан, эпос оны адам жиренетіндей етіп
мінездейді.

            «Қабағы тырысқан, көрінгенмен
ұрысқан ... Тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген бір ширек
бойы бар, адам таппас ойы бар» деп суреттейді.

            Оның сөзінен сұрқиялығы анық
көрінеді. Өзі Алпамысты өлтірейін деп тұрып:

           

         Тауға біткен,
андызым,           Құрбан болып өлейін.

            Суға біткен, жалбызым.         Балалығың қалмайды,

            Жабыны жауға мінгендей,     Алпамыс,саған не дейін?

            Нешеу едің, жалғызым.          Астыңдағы жабының

          .  
.   .   .  
.   .   .  
.   .   .  
.  .    Басын кесіп тасташы,

            Сенің үшін жолыңда               Қазанат тауып берейін, -

 

дейді.

            Мыстанды эпос, жауыздықтың өкілі
етіп көрсетіп, асқан сұм, айлакер ете тұрса да, оның дегенін болғызбайды. Ақыр
аяғында өз сұмдығына өзі оралып, мыстан ит пен құсқа жем болады. Сонымен қатар
мыстан кемпір оқиғаның байланысы ретінде Алпамыстың зыңданға түсуіне дәлел
(мотивировка) ретінде кіргізіледі.

            Эпостың екінші бөлімінен мыстанды
алып тастасан, тартыс себебі қалмайды. Мыстан болмаса Алпамыс қолға түспей,
ханды шауып кегін алып, еліне қайтар еді. Онда Ұлтан да өзінің  білгенін жасай алмас еді. Ендеше эпостың
екінші бөлімі мүлде басқаша құрылар еді. Мыстан айласы мен Алпамыстың қолға
түсуі, зынданда жеті жыл жатуы, уақытты созуға, жеті жыл ішінде Ұлтанның
үстемдік жасап, Алпамыстың үй ішіне қорлық көрсетуіне дәлел Алпамыстың
қалмақтармен кездесуіне байланыс болып тұр. Сөйтіп, мыстан кемпір жауыздықтың
өкілі етіп суреттелсе әрі эпостың композициялық құрылысында да үлкен орын бар.

                                                           Қай
елдің тіліндегі «Алпамысты» алсақ  

Алпамыс эпосының                      та, оқиғасының құрылысы жағынан да 

 құрылысындағы               ол айрықша көңіл аударуды
талап етеді.

және тіліндегі кейбір                     Ең алдымен, «Алпамыстың» құрылысы

     ерешеліктері.
                 драмаға   жақын. Айтайын   деген    ой,

                                                            пікір,
көрсетейін деген өмір құбылысы адамдардың қарым-қатынасы арқылы беріледі.
Суреттеуден гөрі, іс-әрекеттерді монолог, диалогтер арқылы оқушыларына жеткізу,
қаһармандарының ішкі психологиялық сезім дүниесіне көп көңіл бөліну жақтары
басым.

            Қаһармандарының басындағы ауыр
халдер тұрмыста жиі кездесетін күлдіргі жағдайлармен араласа келіп отырады,
оқиғаның байланысы эпикалық түрде басталса да, оның шиеленісуі, дамуы драмалық
шығармалардың әдісін меңзейді. Кейде қаһарманға екі түрлі қиын жағдай қатар
кездесіп, соның тек біреуін ғана таңдауы шарт болып келетін драмалық
ситуациялар да жиі ұшырайды.

            (Бұл Байсарының, Гүлбаршынның,
Алпамыс, Қаражан, Қаракөзайымдардың бастарында кездеседі). Осындай жайттар
құрала келіп, эпосқа драмалық әр,  психологиялық нәр береді.

            Оқиға құрылысының бүтіндігі,
тартыстың желісі үзілмей, бір қазықтың айналасында болуы жағынан «Алпамыс» эпосының
ең жақсы варианты қарақалпақ тіліндегі Қияс жырау варианты тәрізді.

            Мұндағы оқиға Қоңырат елі мен Тайша
ханның арасында болады да, оқиға екі-ақ жерде дамып, өрістей келе шарықтау
шегіне жетіп, сол адамдардың аралығындағы қарым-қатынастардың жиынтығында
өзінің шешуін табады.

            Әйтсе де қарақалпақ «Алпамысында»
кездесетін бір кемшілік - шұбалаңқылық. Әр эпизодты суреттеу, баяндауда болсын,
монолог, диалогтерінде болсын, көпсөзділік бары байқалады. (Кейбір шегіністерін
былай қойғанда: Қаражанның Алпамыс еліне келуі, Гүлбаршынның рұқсат сұрауы
т.б.) Бұлар эпостың көлемін үлкейткені болмаса, поэма құрылысының ширақы,
жинақылық жақтарына көмегі аз.

            Бұл жағынан қазақ тіліндегі
«Аллпамыстың» екінші бөлімі анағұрлым ықшамды. Баяндау, суреттеулері қысқа,
тұжырымды, оқиғаға қатысушылар өзінің іс-амалдарымен көз алдыңда отырады.
Оқиға, іс-әрекеттердің қоюлығы, эпостың драмалық жағын күшейте түседі. Кейбір
қаһармандардың басындағы күйініш, сүйініш, психологиялық жайттарды суреттеудегі
қысқалық, ықшамдылық қатысушылардың өз араларындағы қарым-қатыстарға да
ширақтылық, жинақылық түс беретінге ұқсайды.

            Мысал үшін, «Алпамыс» эпосындағы бір
ғана оқиғаның шарықтау шегі мен шешуін алсақ, эпостың құрылысының шеберлігіне
де, көптеген психологялық жайтты қамти алатындығына да және оларды айтайын
деген негізгі пікір, идеялық нысанамен місекерлікпен қабыстыра алатындығына да
шәк келтірмейміз. Жәдігерді дарға асатын жерді оқиғаның шарықтау шегі десек,
бұл эпизодтағы: жалғыз ұлдан тірі айырылып, азап шеккен кемпір-шал, қол-аяғы
кісенде зар жылаған жас бала, өзін Ұлтан құл зорлықпен алмақшы болып, той
жасап, жалғыз ұлы сол тойдың көкпарына тартылатынына көзі жетіп, ет жүрегі
жыртылған ана, үн салған қыз, жас төккен жақын дос - бәрінің басына төнген қара
бұлттай қайғылы халдер шоғырлана, қоюлана келіп, Жәдігердің айналасына түйілуі
драмалық жайттарға анағұрлым жақын емес пе? Және соның барлығы оқушылардың
ой-сезімін Ұлтанға қарсы ұйымдастырмай ма? Өстіп, озбырлық әбден өрістеп, жас
баланы көкпарға тартқызу тәрізді жауыздықтың ең тұрпайы түрі өзінің шегіне
жеткен кезде, күтпеген жерден тартыстың басқаша шешілуі, шығармадағы оқиға
құрылысының асқан шеберлікпен қиюластырылғандығын көрсетпей ме?

            «Алпамыс» эпосындағы композициялық
элементтердің көпшілігі-ақ осы келтірілген мысалымыз тәрізді, драмалық
шығармаларда берік сақталатынын оқиға дамуларының заңдылық шарттары шеберлікпен
қолданылуы, бұл эпостың тек қана өзіне тән ерекшелігі ғана емес, эпостық поэмалардың
өрістеу, дамуы жолындағы жаңа бір кезеңі тәрізді.

            Эпостағы қаһармандарының
іс-әрекеттерінің бәрі де оқушыға заңды, орынды, солай болуының растығына шәк
келтірмегендіктей дәрежеге көтерілуі құрылысының ішкі заңдылығына
мотивировкасына да (дәлелдеу) байланысты. Мысал үшін, эпостың соңғы бөлімін
алсақ, қаһармандардың әрбір қимылы әбден сенерлік түрде дәлелденеді. Алпамыс үй
ішінің азапқа кездесуін батырдың қалмақ еліне барып, қолға түсуімен дәлелдесе,
оның қолға түсуін мыстан кемпірдің айласымен, өзінің сенгіштік, аңғырттығымен,
тірі қалуын өз бойына біткен ерекше қасиетімен дәлелдейді. Аштан өліп қалмауын
Кейқуаттың көмегімен, зынданнан шығуын ханның қызының ғашықтығымен, қысқасы,
қаһармандарының іс-амалдары осылар секілді үздіксіз жалғас, берік шиеленістермен
түйінделіп отыратындығын көреміз.

            Әрине, кейде дәлелдеу ретінде әулие,
әмбиелердің көмегі, тасқа, құс қанатына жазылатын хаттар кездесетіні рас. Бірақ
бұлардың көпшілігі - эпосқа соңғы айтушылардың қоспасы. Ал өзінің ескі
жұрнағының үлгісінде, көп тәңірге сенушілік көзқарастың кейбір қалдықтары
болмаса, негізгі дәлелдеулері шындықтың шеңберінен шығып кетпейді.

            Эпостық поэма жырлардың қайсысында
болса да, халықтың әр алуан тұрмыс-салты: той, бәйге, көкпар, үйлену, алтын
қабақ атысу, палуан түсу, жар-жар т.б. жиі кездеседі десек, ол «Алпамыс»
эпосында да мол көрсетіледі. Бірақ қандай түрде кездесу бар. Бұл жағынан
алғанда, «Алпамыс» эпосының өзіне тән ерекшелігі де жоқ емес. Эпостың көп
эпизодтарында халықтық юмордың сәулесі, күлкілі көріністер жиі ұшырайды.
Мысалы, Кейқуат пен Қаракөзайымның зынданға келуі, Алпамыстың диуана болып,
Гүлбаршынға бал ашуы, бақсының сарынына салып жырлауы, мафияның ұрлығын ашуы,
оның «р» дыбысына тілін келтірмей сақау етуі - бәрі де күлкі үшін керек, сол
үшін ғана қолданылған әдістер деуге болады.

            «Алпамыс» эпосындағы және бір
ерекшелік - адамның ішкі сезім дүниесін, психологиясын шебер суреттеу. Жалпы
халық поэзиясында адамның ішкі сезім дүниесін, күйініш-сүйінішін суреттеуде
ескі заманнан келе жатқан екі түрлі әдіс бар. Бірі - психологияллық
параллелизм, екіншісі - арнаулар арқылы суреттеу. «Алпамыс» эпосында да осы
соңғы түр ерекше көзге түседі.  

            Арнау - фигураның негізгі бір
элементі екені және адамның ішкі сезім дүниесін суреттеуде ерекше орын
алатындығы әдебиет теориясынан мәліметі бар оқушыларға белгілі. Кейде ол жарлай
арнау, сұрай арнау, кейде зарлай арнау, кейде риторикалық сұрау түрінде
қолданылады. Жеке сөздері де, сөйлем құрылыстары да, қаһарманың басындағы
күйініш-сүйініш, көңіл күйлерін оқушы, тыңдаушыларына нәзік, шебер түрде
жеткізуге лайықталынады. Мысал үшін, Құлтайдың монологін алалық.

              

            Бедеу аттың бестісі-ай,

            Адамның азбас естісі-ай,

            Қайда кетіп барасың,

            Қарағымның аманат қойған ешкісі-ай,

           
Шөрей, жаным, шөрей!!

            Тау басында бұлақ-ай,

            Неге шулай бересің,

            Қу Құлтайдың құлағы-ай!

            Қайда кетіп барасың.

            Қарағымның аманат қойған ылағы-ай,

            Шөрей, жаным, шөрей!!

            Ардыс еді көрпесі-ай,

            Ол Жәдігер зарлайды,

            Байбөрінің еркесі-ай,

           Қайда кетіп барасың,

           Қарағымның аманат қойған серкесі-ай,

           Шөрей, жаным, щөрей!!

           Құмға біткен ебелек,

           Биік тауды түн болса,

           Түлкі жортар көбелеп.

           Құлтай бабаң келеді

           Маңдайына төбелеп.

           Кәрі Құлтай жете алмай,

           Жүгіреді шөрелеп.

           Қайда кетіп барасың,

           Иесіз қалған кебенек,

           Шөрей, жаным, шөрей!!

 

            Байбөрінің
тәңірге жалбарынуы, шешесінің зары, Жәдігер, Қарлығаш, Гүлбаршындардың монологтері
- бәрі де арнаудың әр-алуан түрлері негізінде құрылған.

            Бұл
қаһармандардың қайсысының болсын, бастарына ауыр күн туған, жандары жаралы,
көңілдері қаяулы адамдар. Олардың ішкі сезім дүниесі, күйініштерін суреттеу
үшін ол кездегі поэтик тілдердің ішіндегі ең қолайлысының да  күштісінің бірі  осы арнаулар болатын. Тарихқа аты белгісіз
әуелдегі шығарушы ақын да, кейінгі жырлаушылары да ақындық түйсіктерімен дұрыс
сезінген.

            Әрине,
«Алпамыс» эпосында поэтикалық тілдердің әр түрі де кездеседі. Бірақ біз оларға
әдейі тоқталғанымыз  жоқ. Өйткені ол
қазіргі оқушы жұртшылығымыз үшін түсіндіруді керек етпейді. Тек «Алпамыс» қана
емес, басқа эпостардың поэтик тілдерін талдағанда, негізінде, өзіне тән
ерекшшеліктерін жекелеп көрсетуге көңіл бөлінді.

            Қорыта
келгенде, «Алпамыс» эпосы - құнды эпостарымыздың бірі. Алпамыс - әрі батыр, әрі
өнерпаз, жауын жеңе беретін, қандай қиыншылыққа да төзе біліп, мойымайтын, сан
бөгетті жеңіп шығарлық қабілеті мол, өз елін, өз жерін  қатты сүйетін адам образы. Әр жігіттің
басында жақсы қасиеттер түгел болса деген ел арманының сәулесі.

            Ер
намысы, ел намысына шабатын, халық қамқоры болған батыр ұлдардың жолына кесе
тұрушы, аяқтан шалушылар кімде болса өзінің қара ниетіне оралып, апатқа  ұшырайды. Оларға халық аяусыз үкім шғарады.
Ол үкімі - өлім. Батырға қастығы үшін мыстан да, Ұлтан да өлімге ұшырайды.
Батырға кім жақсылық етсе, ол мұратына жетеді. Кейқуаттың хан, Қаракөзайымның
батырдың жары болуы, Қаражанның Қарлығашқа үйленуі осыны аңғартады (соңғы
вариантта Алпамыс Қаракөзайымға үйленеді, Қияс жырау вариантында Қаражан
Қарлығашқа үйленеді).

 Қызмет етсең ерге ет,               
Иттер тартар лашынды.

Ер жеткізер мақсатқа.              
Азамат сайлап, ас берсең,

Ерге берсең асыңды,                
Күндердің күні болғанда,

Ер сыйлайды басыңды.           
Ардақтайды екен басыңды,1 -

Итке берсең асыңды   

 деп қарақалпақтың
Қияс жырауы дұрыс айтқан.

            «Алпамыс» эпосының құндылығы тек
мазмұндылығында ғана емес, сол жақсы мазмұнға сәйкес түр тауып, айтайын деген
ой-пікірін шеберлікпен бере білуінде, шығарманың құрылысындағы місекерлік,
мазмұнға бағынушылығында. 

 

____________________

¹ «Алпамыс» (Қарақалпақ
варианты), 1957, 278-бет.