ВЕРНУТЬСЯ

                                                       
Қандай көркем шығарма болсын өзінің әрі

«Қыз Жібектің»                         мазмұны,   әрі   көркемдігімен бағаланады. 

басылуы жайлы                        «Қыз Жібек» екі жағынан да бағалы поэма.

                                            Бұл жырдың
қай кезде шығарылғаны, кім шығарғаны жайлы дерек жоқ. Ел аузында көптен бері
келе жатқан және халықтың сүйіп тыңдайтын шығармасы.  

            Бірінші
рет басылуы 1894 жылы. Кімнен жазып алып, кім шығарғаны мәлім емес, «Қисса Қыз
Жібек» деген атпен Қазанда басылған. Жинаушысының сөзіне қарағанда сол кездегі
қазақ арасында болған татарлардың бірі тәрізді. Өзі ноғаймын дейді.

            «Қыз Жібекті» екінші рет баспаға ұсынған
фольклорды көп жинаушы адамдардың белгілі бірі Жүсіпбек Шайқұл Ислам
(1900ж).  1894 жылдан бері Қазанда талай
рет басылады. Совет үкіметі кезінде тағы да үш рет басылып шықты (1933ж,
1939ж). Ең соңғы басылуы 1957 жылы (Қазақ Ғылым академиясының тіл және әдебиет
институты).

            Сәкен
Сейфуллин, Сәбит Мұқанов жолдастардың 1933 ж, 1939ж бастырып шығарған «Батырлар
жыры» атты жинақтарына енгізген  «Қыз
Жібек» - Жүсіпбек бастырған  варианты.
Кейбір жеке сөздері болмаса, сол күйі, ешбір өзгеріссіз берілген. Қазіргі, 1957
жылғы бөлек кітап болып шыққаны 1894 жылғы алғашқы рет басылған  «Қисса Қыз Жібек».

            «Қыз
Жібектің» алғашқы Қазанда басылған нұсқасы туралы Жүсіпбек Шайқұл Ислам
төмендегіні айтады:

                              

Басында
менен жайылды,

         Қисса болып бұл Жібек.

         Баспасына қарасам,

         Бәрі шала сөзінің,

         Еңіреп жылап жүр жүдеп, -

 

десе, екінші бір
жерінде «Қисса қылып жазып ем» дегенді де айтады. Жүсіпбек - қазақ ауыз әдебиетіндегі
ескі мұраны көп жинастырған адам. Ол еңбегін бағалаймыз. Бірақ кейде ол өзінің
жинаушылығы мен авторлығының арасына шек қоймайды. Халыққа мәлім белгілі эпос,
лиро-эпостар не айтыстарды жазып алып баспаға даярлағанда, өзі өлеңмен кіріспе
жазатыны, кейде қара сөзбен берілетін жалғастыруды өлеңге айналдыратыны, кейде
оқиғаның шешуі біткенсін, сол жөнінде қорытынды беретіндігі рас. Осылардың
жиынтығында ел аузынан жазып алған әр алуан халық мұрасына ие бола кететіні
бар. Оны ол жаман оймен жасайды деуден аулақпыз, өзінің жеткен жері, түсінігі
сол болу керек. Қандай эпосты алсақ та, оның не қосқандығы, сөз, сөйлем
құрылысы стилі жағынан айқын тұрады. Жүсіпбекте ақындық жоқ адам. Оның
мардымсыз китіңінен шыққан сөздерімен төгіліп жүре беретін тайпалмалы шын
толқу, терең сезімнен шыққан дарынды халық ақындарының сөздері қатар келгенде
айырмалары аспан мен жердей.

            Бірақ
Жүсіпбектің жоғарғы айтқанындағы бір шындық - «Қыз Жібек» әуелде менен тарап
еді деуі. Ол кезде Жүсіпбек 23-ақ жаста болса, оның татар баспаларымен
байланысы болмауы, бастыру әрі өз пайдасы, әрі ел пайдасы екенін ұғынбауы,
сондықтан оның жазып алғандары сол қолжазба күйінде ел-елге тарап, бірнеше
жылдардан кейін Қазанда басылып шығуы да мүмкін. Немесе Жүсіпбек жазып алған
жыршыдан басқа да ақын-жыршылардың «Қыз Жібек» нұсқасын білушілер болды да, оны
Қазанда бастырып шығарған ноғайдың өзі жазып алып бастырды деп топшылауға да
болады. Әйтсе де  Ә.Диваев тәрізді бір
ғалым адамдар болмаса, кез келген ноғайдың өз құлағымен тыңдап, ел аузынан өзі
жазып алып бастырды деу едәуір күдік келтіреді. Сондықтан біз сол бастырушының
қолына Жүсіпбектің қолжазбасы кездесіп, оның өзі жинаушы емес, «Әзір асқа ие
болушы» деген пікірді қолдауға бейімбіз.

            Бірақ
біздің бұл жерде тоқталмағымыз, кімнің кімнен алғандығы емес, осы 1894 жылғы
басылуы мен 1900 жылғы басылуы екі версия не екі вариант деп айтуға келе ме,
айтарлықтай айырмашылықтары бар ма, міне, осы мәселелер. «Қыз Жібектің» ең
соңғы баспасына жазылған түсінікте поэманың екі варианты бар делінген. Бізше,
Жүсіпбек бастырған «Қыз Жібек» пен 1894 ж. басылған «Қисса Қыз Жібектің»
вариант дерлік айырмашылығы жоқ. Өйткені не географиялық жақтарында, не сюжет
желісінде, не қатысушыларының іс-амалдарында немесе композициясында, не оқиғаны
суреттеу, баяндауларында ешбір өзгешелік жоқ. Екі вариант деушілердің барлық
дәлелі кейбір сөздердің түсініктері ғана. Және ең дұрысы, түп нұсқасына жақыны
1894ж басылуы деген пікірді ұсынады. Мысалы:

«Қыз
Жібек» (Жүсіпбек Ш.Ислам                                   «Қисса Қыз Жібек»     

 нұсқасы, 1979ж. С.Мұқанов                                          (1957ж.басылуы).

 «Батырлар» атты
жинаққа енгізген.)

    

Осы келген Қаршыға

Табынан асқан ер еді

Оқпанды жер қыр болып...

Ойнап балық шығады

Айдын көлдің шетіне....

Қамқа зерлі кілемді....

Қолтығынан аққан тер...

Төгіледі шылқылдап....

Осы келген Қаршыға

Топтан асқан ер еді

Ойпаңды жер қыр
болып...»

Ойнап бала шығады

Айдын көлдің
шетіне...»

Қамқап(?) зерлі
кілемді...»

Атқа салды желдікті1...

Қолтығынан аққан
тер

Қоңырау даусы келгенде

Көк жорға атты қамшылап

Жетіп бір келді-ау қасына...

Тебінгіден
шылқылдап...

Қоңырау даусы
келген соң

Көк жорға атты
ағызып,

                                                                                                   Жетіп
бір келді қасына

                                                                       
Атқа салды сәндікке

                                                                                    Төгілдіріп
кілемді...

 

Басқалары
да осы келтірген мысалдар тәрізді, 
кейбір сөз, сөйлем өзгешеліктер. Тек осындай деректерге сүйеніп, екі
вариант деушілік, жұқалап айтқанда, ғылымдағы сәуегейлік. Ал келтірілген
текстегі сөз қолданыстардың қайсысы мағына жағынан дұрыс дегенде, біз, сөз жоқ,
1939 жылғы баспасындағы текстің сөздерін қолдаймыз. Жоғарғы үзінді алған
жолдардағы сөздердің мағынасы, сөйлемдегі логикалық байланыстарға қарағанда,
Жүсіпбектің:

 

           Бары шала сөзінің,

           Еңіреп жылап жүр жүдеп, -

 

деуі дұрыс тәрізді.

            Мысалы:
«Осы келген Қаршыға, топтан асқан ер еді» емес, бұл жердегі суреттелген оқиғаға
қарағанда, дұрысы «Табынан асқан ер еді» болуы керек. «Ойпаңды жер қыр болып»,
«ойнап бала шығады» деген сөйлемдердің де ішкі логикалық байланыстары жоқ.
Ойпаң жер ешуақыт қыр мағынасында қолданылмайды. «Ойпаң - қырлық» бір- біріне
қарама-қарсы ұғым. Бұл жердегі айтайын деген пікір кішкентай төбенің өзі де
болдырған атқа бөгет, асу болды деп әсірелей суреттеу ғой.

            «Ойнап
бала шығады, айдын көлдің шетіне» деген сөйлемнің сөздерін алсақ, ішкі
байланыстары тым әлсіз. Бала судан шыға ма, әлде үйінен шыға ма? Үйінен шықса,
бала ойнауға көл жағасына баруы керек емес пе? Онда көпшесі айтылуы керек қой.
Ал «ойнап балық шығады, айдын көлдің шетіне» әрі мағынасы, әрі өмір шындығына
дәл келуі, қысқасы, барлық жағынан анағұрлым орынды. «Қамқа» деген сөз бар, ал
«Қамқап» деген сөз жоқ. «Қамқа» еш уақытта «қамқап» түрінде айтылмайды.
Басқалары да осылар сықылды. Сондықтан 1894жылғы басылған «Қисса Қыз Жібекті»
поэманың түп нұсқасына жақынырақ деп қараушылық тым үстірт, фактіге
негізделмеген қате пікір. Түсінікті керек ететін кейбір архаизмдері болмаса,
халық поэмалары сөз мағыналарының дәлді, анықтығы, әр образдары өмір шындығынан
алынатындығымен бағалы және бұл зерттеушілерін түп нұсқасына жақындата түсетін
негізгі жайттардың бірі. Бастыруда болсын, зерттеуде болсын, біздің ___________________________________

1 «Дұшпанға қылып ерлікті» деген жолы болатын, ол түсіп
қалған. (Қ.Ж.)

жұртшылыққа
ұсынатынымыз  осындай нұсқа болуы керек.
Сөздерінің мағынасы бұзылған, сөйлемдерінде логикалық байланыс жоқ, ойды дәл
айтып жеткізе алмайтын нұсқалар қосымша қатарында ғана басылып, зерттеушілер,
комминтаторлар кейбір жайттарды салыстыру үшін пайдаланатын қосалқы дерек
ретінде ғана басылуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, 1939 жылғы «Қыз Жібекті»
негізгі нұсқа қатарында шығарып, «Қисса Қыз Жібекті» вариант демей-ақ, тек
бірінші рет басылғандығы үшін зерттеушілерге арнап ұсынған дұрыс тәрізді. Бірақ
«Қыз Жібектің» соңғы баспасында ол жайтттар да және 1894 жылғы нұсқасының
текстісінде кеткен сөз, сөйлемдеріндегі мағына кемшіліктері де ескерілмеген.
Кейбір мағынасыз сөздердің байыбына барып, мұқияттап тексермегендіктен, сол
баспасын мақтауға шейін барған.

            Осы
жағдайларды ескеріп, біз бұл еңбекте келтірілетін үзінділерді 1939 жылғы
баспасынан алуды мақұл таптық.

                                               «Қыз Жібек» - Қазақстандағы жазушы,   
«Қыз Жібек» поэмасы        зерттеушілердің көңілін  ерте 
аударған

туралы көзқарастар                    лиро-эпостың   бірі.  
«Қозы Көрпеш -  

                                                     Баян
сұлудан» да сахнаға бұрын шықты.

1936 жылы Москвада
болған қазақ искусствосының бетке ұстап барған операсының бірі осы поэманың сюжет
негізіне жазылған «Қыз Жібек»1 операсы  болды.

            1941
жылдан бері оқу құралдарында2
сөз болып келеді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиетінің тарихы» I томына да жеке бөлім
болып енгізілді. Бұл томда «Қыз Жібекке» арналған бөлімді жазған профессор
М.О.Әуезов.

            «Қыз
Жібек» поэмасының қай дәуірде шыққандығы жайлы дәл мәлімет жоқ. Проф.
М.О.Әуезов өзінің I томға жазған мақаласында, поэмадағы ел аттары, оқиғаның
болған географиялық жақтарына шолулар жасай келіп және ол елдермен шекаралас
қалмақтардың да болғандарына сүйене отырып, оқиға XVII ғасырда болуы мүмкін деп
топшылайды.

            Еділ,
Жайық бойына қалмақтардың сол ғасырда келіп орналасуы - тарихи нәрсе. Сондықтан
жоғарғы топшылау шындықтан алыс кетпейтін тәрізді. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян
сұлу» поэмасынан мұның анағұрлым кем туғандығы талассыз.

            Поэманың
өз ішінде кездесетін кейбір атауларға, суреттелінетін тұрмыс жабдық, елдің
салт-салтанаттарына қарағанда да, поэманың бергі заманда шығарылғанын аңғару
қиын емес.

 ___________________

1Либреттосын жазған Ғ.М.Мүсірепов, музыкасы
Е.Г.Брусиловскийдікі.

2 «Қыз Жібек» туралы бөлімді алғашқы рет жазған осы
кітаптың авторы.

      
     Оқиғаның
алғашқы байланысы ретінде енгізілген саудагерді кейінгі жыршылардың поэмаға
қоспасы деп қарағанның өзінде, шығарманың заңды элементінің бірі саналатын, Қыз
Жібектің сән-салтанатымен байланысты суреттеулердегі  «кісі бойы кровать», «күймелі арба», «кигені
атлас, қырмызы» тағы басқа да осылар сықылды соңғы дәуірлерді меңзейтін жайттарды
кездейсоқ нәрсе деп қарауға болмайды. Тіпті, қаһармандарының аттары: Базарбай,
Жібек, Шеге, Төлеген болып келушілігі де негізсіз емес. Бұрынғы батырлық
эпостарда да, басқа лиро-эпостарда да бұл тәрізді кісі аттары кездеспейді.

            Жоғарғы
айтылғандарды жинақтай келгенде, поэманың тап қай кезде пайда болғанын кесіп
айтуға болмаса да, бұл онша әріде шыққан поэма емес деп топшылауымызға болады.

            Тек
дәуірі ғана емес, «Қыз Жібек» поэмасының 
негізгі идеялық  мазмұны жөнінде
де біздің зерттеушілердің араларында екі түрлі көзқарас бар. Бірінші пікір: Қыз
Жібек пен Төлеген өмір сүрген рушылдық-феодалдық дәуірдің қараңғылық, мылқау
күшіне аз да болса қарсылық білдіру, ескі салт, оның қолдаушылары Базарбай
сықылдылар  не айтса көніп, кімді
айттырса соған үйленіп, ескіліктің әдет-ғұрпын түп-түгел құптай бермей, өзінше
ойлап, өз бақытын өзі іздеу, бас бостаңдығын аңсау поэманың негізгі идеясы.

            Әрине,
ол кезде ондай ескілікке көнбей  бас
көтерушілер аз да, әлсіз де еді. Оларға қарсы күштер: әлі іргесі мызғымай
жатқан феодалдық салт-сана, кежегесі кейін тартқан кертартпалықтар болатын.
Феодалдық дәуірдің қатал заңы шеңберден шығамын деушілерді салмағымен мерт
етіп, салқынымен қағушы еді. Өз үстемдігін берік сақтау мүддесін өз ішінен
шыққан баласынан да артық санаған қайырымсыз әкенің қатал мінезіне қайшы келіп,
мерт болушылардың бірі - Төлеген. Поэманың 
негізгі идеялық түйінін, әлсіз де болса, осы тәрізді жаңалықтан
іздеуіміз керек те, онда кездесетін ескілік көзқарастың сарқыншақтары болса,
оның себеп жағдайларын ашуымыз керек. Дәуіріне қарағанда, бас бостандығын аңсау,  өзі сүйіп қосыларлық жар іздеу жолындағы
талпыныстың өзінің прогрессивтік мәні бар деген пікірді ұсынады.

            Екінші:
бұл айтылғандардың көпшілігін мойындаса да, шығарманың идеялық мазмұнының түп
қазығы ескілікті құптауда, әмеңгерлікті жақтауда жатыр деп, ой тезисін осыған
құрады да, поэмадан осы көзқарасты дұрыстарлық дәлелдер іздейді.

            Шындығында,
поэмада осы екі пікірдің екеуіне де дәлел боларлық жайттар бар. Қайсысы көп,
қайсысы басым, оны безбенмен өлшеу қиын. Көркем шығарманы талдау мәселесі кейде
дәлелдің көп, аздығымен де шешіле қоймауы мүмкін. Көркем шығарманы талдағанда
негізгі мәселе, оның идеясын кім, қалай ұғынуымен байланысты. Кейде шығарманың
идеялық нысанасы осы ғой деп бір қорытындыға оңай келе салушылық көп уақытқа
шейін зерттеушілерді шатастыра береді. Біз бұл еңбекте жоғарғы екі пікірдің
бірін мақтап, екіншісін даттаудан аулақпыз. Әйтсе де талас мәселеге өз
көзқарасымызды айтып, оны өзімізше дәлелдеуге тырысамыз.

            Қашанда
болсын, шығарманың идеялық мазмұнын ашуда естен шығаруға болмайтын бір мәселе -
сол көркем шығарманың оқушыларына ететін әсері, олардың ой-сезімдерін қай
бағытқа жетектеп, оқиғаға қатысушылардың қайсысын сүйіп, қайсысына қарғыс
айтатындығы, қандай іс-амалды құптап, қандай іс-әрекетті жазғыратындығы болу
керек. Бұл ескі мұраға да, бүгінгі көркем 
шығармаларға да бірдей қолданылатын шарт.  Осы тұрғыдан қарағанда, «Қыз Жібек» поэмасы
туралы жоғарғы айтылған екі түрлі 
көзқарастың біз біріншісін қолдаймыз. Өйткені поэманы оқып шыққанда, оқушылардың
ой-пікір, аянышты сезімі, биікке қол созып, қиынға құлаш ұрған, еңсені зілдей
басқан, ескі феодалдық салт- сананың қатал заң, қалың дүлейіне душар келсе де,
сүйгені үшін елінен жалғыз аттанып, арманына жете алмай кеткен Төлеген жағында
екендігін және поэманың драмалық коллизиясы да бас қаһарманның Жібекті тереңнен
сүюшілік сезімдерінің айналасына құрылғандығын көреміз.

            Ақ
Жайыққа екінші рет аттанар жерде Төлегенге екі бірдей үлкен жағдай қас-қабат
кездеседі. Біріншісі - сүйген жары Жібек, екіншісі - ата-ана, жан дегенде
жалғыз інісі Сансызбай. Поэма оқиғасының қойған шарты бойынша, қаһарман біреуін
ғана таңдауы керек. Екеуі де қаһарманға қымбат. Әйтсе де Төлеген біріншісін
таңдайды. Қамқор ана, қауырсыны қатпаған іні, қалың ел, қадірлі құрбы қабырғасын
қаншама қайыстырса да, қатал әкенің қаһарлы пәрмені оның  қасына ешкімді ергізбейтіндігіне  көзі анық жете тұрса да, сүйгеніне берген
сертіне жету үшін қатері мол, қаупі көп алыс жолға жалғыз аттанады. Төлегеннің
тап осы арадағы бірбеттілігі оның образын 
романтикалық шекке шейін көтереді. Оның бұл тәрізді іс-әрекеті феодалдық
таптың көзқарасынша, қалай жазғыруға да сиятын қылық болса да, поэмада
қаһарманды ол істері үшін даттамайды, керісінше:             

Бектер мінер сұр
қасқа,

         
Шаба алмаса ұр басқа.

         
Батырлық, байлық кімде жоқ,

         
Ғашықтың жөні бір басқа! -

 

деп, қайта оны
құптай түседі. Оқиға желісінде Төлегенге кездесетін бөгеттер мен қатысушылардың
әр алуан күйініш-сүйініштерін суреттеу әдістері де сол бас қаһарманды
оқушылардың сүюіне, аяушылығына лайықталғанға ұқсайды. Сан жылдар жарын сарқыла
күткен сұлудың жақсы үміті, тойдағы Бекежанның сөзінен кейін, кенет үзіліп,
қалың қайғы, жалтыры жоқ қара күнге айналуы, тірі кездестірмек болып, игі
ниетпен іздеп шыққан іні ағасының сүйегінің үстінен шығуы тәрізді азалы қайғы,
қаралы көріністер, оқушылардың  Төлегенді
аяушылық жылы сезімдерін оятады да,  бар
қарғысын, шын сүйіскен екі жастың қосылуына кесе тұрып, апатқа ұшыратқан
феодалдық құрылыстың қатал заңы мен Базарбай сықылдыларға арнайды, оларға қарсы
өшпенділігін де өршіте түседі.

            Біздің
бірінші көзқарасты жақтауымыздың бір себебі, поэманың оқушыларына ететін осы
әсеріне негізделінеді. Сонымен қатар поэманың идеялық мазмұны жайлы пікірімізді
біз поэмадағы адам образы, композициямен байланысты да дәлелдеуге тырысамыз.

                                          
Төлеген  туралы  біз 
жоғарыда      оның

Төлеген образы                 негізгі
 бір     ерекшелігі  ескіліктің қатал  

                                                заңына мойынсұнбай, сүйіспендікті
аңсау,

жүрек әмірін ғана
тыңдап, сол жолдағы мақсатына жетуді арман ету 
деген пікірді айттық. Әрине, әңгіме тек бір адамның іс-әрекеті жайлы
емес, кезіндегі сол сықылды жастардың басындағы іс-әрекет, арман- мүдделерді
бір кісінің басына жинақтауында ғой. Оны Төлеген деп атай ма, әлде басқаша бір
ат бере ме, мәселе онда емес. Бүгінгі біздер үшін осы поэманы шығарған дәуірде
жастардың арасында өзінің бас бостандығын аңсаған тілек-мүдденің азда болса
болғандығы, не болуы керектігінен 
Төлеген образының туғандығы.

            Поэмада
Төлеген сүйіспендік мәселесін ең жоғары санайтын  адам етіліп 
көрсетеді. Бұл жолда ол неге де болса әзір. Бәріне көз жұмып, өзіне нар
тәуекелді ғана жолдас етеді. Оның романтикалық шекке дейін көтерілуі де осында.

 

            Басыма құдай  салған соң

           
Тоқтата алман ішіме

           
Ғашықтықтың қапасын

           
Қыз Жібектің дертінен

           
Көрейін деп барамын,

           
Бейнетті жолдың жапасын...

           
Басыма менің түсіп тұр

           
Ғашықтықтың саудасы...

 

            Сүйіспеншілікті
дәріптеуде осы тақырыпқа жазылған лиро-эпостық поэмалардың қайсысымен де «Қыз
Жібек» таласа алады. Төлегеннің айналасынан лирикалық қаһармандарға тән
нәзіктік, күйректік, қайырымдылық - бәрі де табылады. Сертіне  жетпек болып аттанар жерде өскен ел, туған
жер, туысқан, туғандарын қиып кете алмай, ол қатты толқиды. Артынан қуып келген
інісі Сансызбаймен қоштасқан жерін поэмада:

           Қу бауырды қиялмай,

             Қайырылып келді қасына.

            Көзінен ағып қанды жас,

             Қандай қиын бауырлас.

          
Төлегеннің сүйегі,

          
Бордай болып егілді,

             Алдына жылап келген соң,

           
Ат үстінен Төлеген

           
Көтеріп алды алдына

           
Қабырғасы сөгіліп...-

 

деп суреттейді.

            Төлегеннің
өлер алдындағы алты қазбен қоштасып, ата-анасын, інісін еске түсірген
элегиялық, көңілдің қайғылы халін аңғартатын монологін алсақ, нәзік жанды,
терең сезімді адам екендігіне шәк келтіру қиын. Бұл - жан тапсырғалы жатқан бас
қаһарманның жан сыры, ішкі шын сипаты.

            М.О.Әуезов
жоғарғы айтылған, «Қыз Жібек» туралы мақаласының бір жерінде: «...Бұрынғы
ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жету жолында тұрған
бөгеттің бір саласы адам жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы
табиғат бөгетіне байланысты айтылады. Табиғат бөгетіне жататын нәрселер -
аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол», - дейді.

            Бұл
жалғыз «Қыз Жібек» қана емес, барлық лиро-эпостарға да дәл келетін, дұрыс
айтылған пікір.

            Батырлық
эпостарда бас қаһармандар өздерінің жаумен тоқайласқан, шендескен жерлерде
көрсеткен ерлік қимылдарымен көзге түсіп, көңіл аударса, лиро-эпостардың бас
қаһармандарында ол сықылды ерліктер жоқ. 
Поэманың шығарушысында ондай ерліктерді лирикалық қаһармандарға да
беруге әрекеттенетіні байқалады. Бірақ бұл жайттар жамау тәрізденіп көрінеді.
«Ер Қозы екем», «Ер Төлеген» не «Төлеген де ер еді» деген тәрізді сөздер де, не
ерліксымақ істері де қаһарманның қасиетін сипаттауға көмегі тимей, тек дағдыға
айналған дәстүр дәрежесінде қалып қояды.

            Демек, лиро-эпос поэмаларындағы
қатысушылардың қаһармандықтары қара күштерінде емес, сезім күштерінде, өздері
жай адам қатарында суреттелсе де, жай адамнан ерекшелігі өзінің ғашық болған
жарын тереңнен сүйіп және сол  сезіміне мызғымас
беріктігінде. Олар осы жолда кездесетін қандай қиыншылықтар болса да, бетінен
қайтпайды. Сүйіспендік идеалын жоғары ұстайды. Бөгеті мол адам жауыздығы мен
асуы қиын табиғаттың сан бөгеттеріне қарсы аттанушы лиро-эпос  поэмалардағы қаһармандар тым нәзік, тым
әлсіз. Күш нәрі - тілекке жетсем деген жақсы үміт те, серігі нар тәуекел ғана. Пардасынан
жоғары жатқан қара күштерге қарсы аттану, олардағы қаһармандық негізгі сипаттар
да, образ ретінде ерекше көзге түсіп, көңіл аударушылықтары да осында. Бұл
жайттардың бәрі де Төлегеннің басынан табылады. Оны жұртшылықтың ұнататындығы
да сондықтан.

            Әрине,
Төлеген образында қайшылықтар да жоқ емес. Ол үшін Төлегенді даттау да, не оған
ұнамсыз образ қатарында қарау да орынсыз. Біздер, бүгінгі зертттеушілер, ескі
дәуірден қалған мұраға баға бергенде, оның жасалған дәуірі мен әлеуметтік
жағдайын еш уақытта естен шығармауымыз керек. Қандай мұраға болсын өз кезі,
ортасы ізін  қалдыратыны сөзсіз. Қандай
мақтаулы шығарманы алсақ та, сол дәуірдің салдарынан туған қайшылықтардың
сорабы жатады.

            Төлеген
әмеңгерлік мәселесін, «Аға өлсе, жеңге мұра» идеясын  поэмада екі рет қайталайды. Қыз Жібектің
жеңгесіне өзінің кім екендігін баяндайтын жерінде:

 

            Өліп кетсем Жібекті,

           Еш жаманға қор қылмас,

            Сансызбай атты інім
бар, -

 

десе, Ақ Жайыққа
екінші рет аттанарында Сансызбайға:

 

           Олай- бұлай боп кетсем,

         
Асыл туған Жібекті,

            Еш
жаманға қор қылмай,

            Өзің бір алып сүйгейсін, -

 

дейді.

            Бұл
пікір ескілік көзқарастың салдарының көлеңкесі екендігі рас. Бірақ Төлегеннің
өмір сүрген дәуірін, өскен ортасын алсақ, басқа жолы жоқ. Ел өмірінде бұл салт,
тек ол кез ғана емес, Ұлы Октябрь революциясына шейін келді. Поэманың шығу
кезін XVII ғасыр деп мөлшерлесек, сол дәуірдің адамына әмеңгерлікке қарсы
шықпадың деп кінә тағу орынсыз болған болар еді. Өзі өскен ортаның салт-санасы,
оған жасынан берген тәрбиесі осы. Ендеше, ол әсерлерден Төлеген де, оның
образын жазушы аты белгісіз ақын да құр емес. Төлегенді поэманың өзінде
тұмандай қоршаған ескі феодалдық салттың бір-ақ жағына қарсы адам етіп
көрсетеді. Ол - сүйіспеншілік, бас бостандығы. Поэмада ескілік, кертартпалық
салттардың басқа жақтары сөз болмайды да, ондай мәселелер қойылмайды да. Өз
планында Төлеген - ұнамды қаһарман. Поэма оқиғасы, бас қаһарманның іс-әрекеті
«әмеңгерлік» үшін күрес емес, өзі сүйген қызына қосылу. Ал ол мақсатына жете
алмай кеткенде ғана, Сансызбайға жоғарғы сөзді айтады. Ол - өз кезінің шындығы.
Егер Төлеген: «Аға өлсе, інісі жеңгесін алу - ескі салт, бұл - жаман әдет», -
деген болса, шындыққа жатар ма еді, оған кім сенер еді? Сондықтан біз әр
қаһарманды не ұнамды, не ұнамсыз, не ескі идеяны, не жаңалық идеяны қолдаушы
деп  бағалағанда, өзінің дәуіріндегі
ой-сана дәрежесін еске ала отырумен қатар және оның негізгі нысана, мақсат-
тілегі не нәрсе, сол жолдағы іс-амалдарының кейінгілерге үлгілі, үлгісіз
жақтары қайсы, міне, осы тұрғыдан бағалауымыз керек. Өз планында Төлеген жақсы
жасалған, ұнамды образ.

                                                           Лиро-эпостық     
поэмалардағы   жақсы

Қыз Жібек                            жасалған  ұнамды образдың бірі -  Қыз

                                                           Жібек.
Өз теңін іздеп, сүйгеніне баруды

аңсаушы қыздардың
арман-тілектерінің жиынтығы. Төлегенмен кездескен жердегі сөзінен, оны
алмақшы  талай талапкер болса да, ешбірін
ұнатпай, өзі қалап, өзі сүйген адамын күткендігі аңғарылады. Сол іздеген,
күткен жігіті Төлеген болады.

            Поэмада
Жібек әрі асқан сұлу, әрі ақылды қыз етіп суреттеледі. Поэманың қай жерінде
суреттелсе де, сол ел қиялындағы сұлулықтың символы. Жібектің сұлулығын әр
алуан жағынан алып, көрсете келіп, қорытындысында:

         

           Пейіштен 
шығып келмесе,

              Бұл жалғанда хор қызы, -

 

дейді.

            Әңгіме
тек Жібектің сұлулығында емес, ақылдылығында. Төлегеннің өз теңі екеніне көзі
жеткен Жібек бірден беріле кетпейді. Өзінің ерлік, паңдығын сақтай  отырып, албырт жас жігітті өз сөзінен ұстап,
өршілендіре түседі.

 

Жалғыз атты жолаушы,

Кесірім ұрып кетпесін,

Жақындамай аулақ қаш.

Жақсы айтасың, Төлеген,

Сіздей-сіздей әр жерден,

 

Неше
жігіт келмеген.

Бәрі  де  айтқан
«Жібек-ау,

Сені алмасам»  демеген.

Көбісі келмей шеніме,

Іңкәр болып
жөнеген...

Келсең кел шыңдап
қасыма...

 

            Бұл
Төлегенді шетке қағу емес, қайрау. Оның жігіттік намысына тиіп, қалай да өзіне
оралту.

            Қаршыға
Жібекке Төлегенді алып келгенде, оны сөзге сынық етпей, пәуескесін ашып жүзін
көрсетеді. «Қаршы-екем маған сеніп 
келген екен, көрінбей қалғаным ұят болар» деп ойлайды. Хан қызымын деп,
Қаршығаның намысын аяққа баспайды. Жібек әрдайым алды-артын бірдей ойлай
жүреді. Қаршығаны дүниеге қызықтың деп ұялтпақшы болғанымен, бір жағынан, оның
сөзін жерге тастамай, екінші жағынан, болашақ жолдасы, сүйген жары Төлегенге де
шалқая бермейін деген оймен барамын деген уәдесін береді.

   

Мінген атың
қаракер,

Барайын өзім, бара
бер,

Шақырғанда
бармасам,

 

Қаршекемін алмасам,

Ақыры бір күн
болармын,

Сол жігітке қызметкер.

      

            Бұл қазіргісін ғана емес, болашағын
көздеу. Келешектегі тату-тәтті өмірге кіршік жұқтырмауды ойлағандық. Сондықтан
да ақын оны артықша бағалайды.

           

           Жібектің жайын сұрасаң,

             Асып туған атадан

            Шаһзада кісі еді, -

 

дейді.

            Жібек
заманының ең сұлу, ең ақылды қызы болып сипатталады. Оның ғайыптың ісін
болжайтындығы да бар екені ескертіледі. Төлеген жөніндегі көрген Жібектің түсі
бұлжымай келеді.  Әңгіме түстің келу-келмеуінде
емес, оған түс көргізуінде. Бірақ халық ақындары өзінің ұнамды адамдарын не
жақсылық иелерімен байланыстырып, мұны олардың басындағы ерекшелік ететіні  дағдылы әдеттің бірі.

            Ақылдылық пен сұлулықты эпостық жырларда суреттелінетін
қыздардың көбінен-ақ көруге болады. Бірақ бұл поэмада оның сүйіспеншілігі баса
көрсетіледі. Баян сұлу тәрізді Жібек те сүюге шын берілген жан. Жібек Төлегенді
тапжылмай 8 жыл күтіп, ол өлді деп естігенде өте ауыр халде болады.

            Бұл
жырда:

Бекежанның
бұл сөзі

Мұңды
болған Жібектің

Өкпесінен
ұрады,

Өксіп-өксіп
жылады.

Ғашық
болсаң сондай бол.

Аһ, дариға, құда деп,

Керегені құшақтап,

Етпетінен құлады.

Қыз Жібектің беттерін

Кереге көгі жырады, -

деп баяндалады.

            Төлегенге
шын берілгендігін Жібектің өз сөзінен  де
көруге болады. Жібек:

              
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,

             Жылқысын көптігінен
баға алмайды.

            Өлгені Төлегеннің рас болса,

             Құдайым Қыз Жібекті
неге алмайды, -                                                                                            
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 

дейді.

            Төлегеннің
өлімінің үстінде зорлап аламын деген қалмақ ханы Қорен тап бола кетеді. Бұл
уақиғаны шиелендіріп, дерт үстіне дерт қосылып, қос қабаттау Жібектің халін
ауырлатып, оқушының оны аяушылық сезімін күшейте түседі.

            Жібек өз басында қанша ауыр хал болса да, өз елінің жауласып
келген, сол кездегі дұшпаны Қореннің қармағына түспеуді, қалай да сонан
құтылуды арман етеді. Сондықтан Жібек:

 

Төлегеннен айырылып,

Оңдырмаған екенсін,

Қадыр алда құдая

Басынан-ақ ісімді

Құдіреті күшті жан алда,

Жаратсаң мені бенде қып,

Осы қалмақ алып-ақ,

Құрта
ма менің мысымды...

Не
қылығым құдай-ай,

Іліндім
мұндай қармаққа...

Жаратқан
ием жаббар-ай,

Шыныңмен
несіп қылдың ба,

Нәсілі
жаман қалмаққа... -

 

дейді.

            Бұл монологтан да Жібектің Төлегенді қандай дәрежеде терең
сүйгендігі және оның өлімі үлкен бір қайғылы халге айналып, аяулы ару, атышулы
сұлудың жас жүрегін қандай дәрежеде жаралағаны айқын сезіледі.

            Бірақ ол осындай ауыр халде болса да, қалмаққа еріксіз жар болу
қаупі үстіне төнгенде ширап кетеді. Қалай да ел жауы қалмаққа пенде болмаудың
амалын іздейді. Қореннің қалың әскерінен айбынып, елінен жәрдем күтуге үміті
үзілген Жібек өз жанын қарманып, өзінің ақылы мен айласы арқылы Қореннің аты мен
қаруын қолына түсіріп, ешкімге білдіртпестен Сансызбаймен кетуі көп нәрсені
аңғартады. Қыз Жібектің осы эпизодтағы тапқыштық ерлігі де реалистіктен гөрі
романтикалық мінезге жақындайды.

            Ерекше көзге түсіп, Қыз Жібек тек қана нәзік, махаббат өкілі
емес, қимыл, іс те қолынан келетін қыз болып көрінеді. Бірақ бұл арадағы жыр идеясы
қандай қыз болсын ел жауына пенде болмауы керек деген ойды меңзейді.

            Төлеген
образындағы кейбір қайшылық Жібектің басында да барлығы аңғарылады және
екеуінің қайшылығы сабақтас, бір мәселенің айналасында, Төлеген: «Өліп кетсем
артымда, мұрагерім Сансызбай» бар десе, Жібек:

        

            Тағы да бас қосқаным Жағалбайлы,

             Жылқысын көптігінен
баға алмайды.

              Сол елде, сірә, жігіт жоқ
па,тәңірі-ай!

            Жесірін іздеп келіп
неге алмайды, -

 

дейді.

            Бұл үзіндідегі  сөздердің
бәрінен де Жібектің өзін Жағалбайлының жесірі екендігін мойындайтыны сөзсіз.
Бірақ оның себебі не? Бірінші, Жібек өзін қалыңдығы болған елдің адамымын деп
түсінеді. Төлеген сықылды бұл да 
дегеніне жете алмағандықтан, осыдан басқа жолды таба алмайды. Жібектің
де өскен орта, алған тәрбиесі, аз өміріндегі көрген, білгені - сол әмеңгерлік.
Өзінше, оны ол шет деп білмейді. Жеткен жері сол. Әйтсе де бұл - Жібек образын
сөз еткенде тірелерлік негізгі қасиет, негізгі мінездердің элементтері емес.
Олар: оның махаббатына беріктік, шын сүюшілікті қадір тұту, бас бостандығын
іздеу, сұлулық, ақылдылық, керекті жерінде қайраттылық жақтары. Жібек осы
жақтарымен көзге түседі. Ескіліктің темір торын жыртпақшы болып, өзінің
сүйіспендік бас бостандығын аңсаған кезіндегі қазақ қыздарына тән жақсы мінез-құлықтардың
Жібек жиынтығы болды десек, ол элементтер Жібектің басынан табылады. Жібек
Төлегенді сүйгенде оның өлімін тілеген жоқ, өмірін тіледі. Алғанымен қоса,
ағаруды арман етті. Жағалбайлының әлдекіміне әмеңгер болуды тілеген жоқ. Дегені
болмай, өмірдің жақсылығынан үміті үзілген сұлу енді жаманына да мойынсұнады.
Онан басқа жолды ол білмейді де, таба алмайды да. Ол үшін Төлеген сықылды
Жібекті де даттауға болмайды.

            Екінші, өзінің кімнің жесірі, кімнің меншігі екендігі, сол елді
өзінің іздеп кеткісі келуі, қалмақтар елін қамап, өзін Қорен хан зорлықпен
алмақшы болған кезде есіне түседі. Ата дұшпаны қалмаққа ханша болғанша, өз
ұлты, өз елінің бір жаманына тиіп, жай әйел болуды анағұрлым артық санайды. Ол
тілегіне жету мойыны алыс жатқан Жағалбайлы еліне кетсе ғана мүмкін. Өз елінде
басқа түскен қиыншылықтың барлық жолы түгел кесілген. Сондықтан Жібектің
бұрынғы арманын қазіргі ауыр хал реалдық жайтқа айналдырады. Осы кезге
Сансызбайдың душар келуі, табанда байлау жасап, ертеңіне-ақ  Сансызбаймен жол  тартуға әкеп тілейді. Өзінің Сансызбайға
еруінің негізгі мотивін жеңгесімен қоштасқан жерінде ашық айтады:

          

          Мұндай істі қылмас ем,

          Қорен қалмақ алғалы

            Қамап жатыр ауыр
қол...

          Кәпірдің көзі ағарсын,

          Нан пісіп тұрған деміне...

             Қайтіп қатын болайын,

            Құдайымның дұшпаны

           Нәсілі жаман
қалмаққа...

 

дейді.

        Қалмақтардың бұрынғы және қазіргі
озбырлық әрекеттері сұлудың да намысына тиеді. Кіммен болса да ол кетуге әзір
болатын. Осындай сертте отырғанда Сансызбай Шегелердің келуі «іздегенге
сұраған» бола кетеді. Қалмақтың елге ызасы әбден өткендігін, жеңгесінің сөзінен
де көруге болады. Жеңгесі:

          

          Бағыңды құдай ашсын деп,

            Кәпірдің көңілін
бассын деп.

          Ертелі-кеш, зар қылып,

            Құдайдан мен де
сұрадым, -

 

дейді.

          Поэмада Жібектің осы армандарын үлкен бір
ерлік қасиет, үлгілі істер қатарында суреттейді. Елді қамап жатқан мықты жауды
өзінің айла-амалымен тақыршаққа отырғызып кеткендігі үшін оны дәріптейді.
Қоренннің қызға атын, қаруын алдырып қана қоймай, кетерінде әбден жерлетіп,
жер-жебіріне жеткізеді. «Сен хан болмай, жерге кір!», «Міне, сенің ақымақтығың,
мен мынау елдің жүрегін сескендірейін, кешіктірмей жөнелтсін деп жүрсем, сен
ақымақтығыңды тастамайсың» деген тәрізді сөздер арқылы қалмақ ханын мейлінше
тұқыртулары, Жібектің шоқтығын өсіре түседі.

            Сөйтіп,
Жібектің қаһармандық істері де махаббат, өз елінің жауына пенде болмаушылық,
тапқырлық, айла, ақылымен байланысты. Осы жайттар оны ұнамды қыздардың образы
етеді.

                                                  Бұлардың     екеуі  
де     феодал тобының

     Базарбай                                адамдары.      Біреуі -  ұнамды, 
біреуі -         

мен Сырлыбай                ұнамсыз    образ. Жырдың түп нұсқасында  

                                             Базарбайды    мейлінше  
қатал   адам  етіп

көрсеткен де, жырдың соңғы жағында оның жамандық жақтарын жеңілдеткенге
ұқсайды. Әйтсе де Төлегеннің, әсіресе оның Жайыққа соңғы аттанысында
Базарбайдың беті әбден ашылады. Баласын не сол сықылды жаңалыққа ұмтылғандардың
Базарбайдың уысынан шығуын, оның рұқсатынсыз жұрттың аяғын қия басуын ол өзіне
үлкен ар көреді. «Бала әкені тыңдамады деген не сұмдық» деген бағытынан
таймайды.

            «Бала
тілегімді бермеді, баруына риза емеспін. Біреуің қошемет қылсаңдар, ерсеңдер,
тұзымды салып, теріс батамды беремін. Төлегеннің кететінін білсеңдер, ұстап
беріңдер», - дейді.

            Сүйгеніне берген уәдесіне 
барамын дегеннен басқа Төлегеннің әкесіне кінәсі жоқ. Бірақ бала
тыңдамады деген ескінің жалған намысы Базарбайға ауыр тиеді. Елді уысына
ұстаған қатал әкенің тегеурініне шыдап, қарсы шара қолдануға мүмкін
болмағандықтан, Төлеген жасырынып жалғыз кетеді.

            Көзінің
ағы мен қарасындай екі баланың бірі екіталай ұзақ жолға кетіп бара жатқанда да,
Базарбайдың жібімегендігін Төлегеннің Сансызбаймен қоштасқан жерінен анық
көруге болады.

          Тілімді алмай кеттің деп,

          Бермей әкем батасын, -

 

дейді
Төлеген.

            Сөйтіп, екі жастың қосылуына Базарбай бөгет болады. Сол үшін де
ол ұнамсыз образ болып сипатталады.

            Сырлыбай жырдың бір-ақ жерінде көрінеді. Әйтсе де ол ұнамды
қаһарман етіліп суреттелген. Сырлыбай малды, даңқты қудаламайды. Жұрт Төлегенді
жалғыз атты жолаушы, жаман жігіт деп қаңқу сөздер айтса да, оған ермейді.
Төлегенді көрген соң, Қаршығаға да, қызына да риза болып, батасын береді.

                          

            Жібегім енді өлмесін
білген екен.

         Кешегі айтқан Төлеген осы ма еді?

         Жібегім тисе тисін, өз теңі екен

         Жібегім Төлегенді көрген екен,

         Ризамын не қылса да Қаршығаға,

         Кемітпей тең құрбыдан жүрген екен, -

 

деген
сөздерді айтады.

         Сырлыбайдың бұл сөзі мейлінше  кеңпейілділікпен айтылған. Поэманы шығарушы
ақын «Теңі келсе тегін бер» деген халықтың аталы сөзін Сырлыбайға айтқызып,
сүйіскен жастар теңін тапсын деген пікірді ақпейіл ата Сырлыбайдың басына
жинастырып, оны Базарбайға қарсы қойып, ұнамды образ етіп көрсетеді.

                                                          Қаршыға мен  Шеге екеуі бір образдың

         Қаршыға    екі  жағы 
тәрізді.  Бұлардың     біреуіне

       мен 
Шеге                         берген талдау,  екіншісіне  де  дәл
келеді.  

                                                          Сондықтан Қаршығаның өзіне ғана тоқталамыз. Қаршыға
- Сырлыбай ханның уәзірі, шешені, ақыны, биі. Әйтсе де басқа ертегі, әңгімелер,
не шығыс әдебиетімен байланысты. Қиссалардағы уәзір - бұрынғы билерден басқаша
адам. Олардағы уәзір, билер көбінесе әлеумет мәселесіне ғана кіріседі. Қаршыға
олай емес. Бұл кейде қыз-жігіттің арасына жеңгелікке де жүріп кетеді. Барлық
жағына бірдей сегіз қырлы адам. Жібек Қаршығаға: 

 

          Көке болмай жерге кір,                           Жолама менің ізіме

         Салмаймын құлақ сөзіңе,              Екі тайға ұялмай,

         Бай тауып маған әкел деп,            
Мені сатып сыртымнан,

         Қашан айттым өзіңе.                    Не бетіңмен сөйлейсің.

  Жөндеп баққын жылқыңды,

                                     Бет алдыңа
сандалмай

                                           Көрінбей
жөнел көзіме, -

деп  өзінің хан қызы екендігін, Қаршығаның өзінен
анағұрлым дәрежесі төмен екендігін 
бетіне  басып қатты айтса да,
Қаршыға бәріне шыдап, ептілік пен шешендікке салып, паң қызға өзінің дегенін
істетеді. Қарсы келмей-ақ, Жібекке ой түсіріп, 
айтқанына көндіреді.

            Жырда
Қаршығаның ақылдылығы, шешендігі, ептілігі және батылдығы - бәрі де шебер
суреттеледі.

            Жырдағы:

 

Осы тұрған Қаршыға                    Жібекке жетіп келеді...

Табынан асқан ер еді...                   Қаршығадан өзгеге

Келген осы Қаршыға                     Жібектен жауап алмағы

Епті туған ер еді.                                Қиын-қыстау іс еді,
-

Ептіліктің
белгісі

 

деген
сөздер Қаршығаның бір алуан қасиеттерін ескерту үшін айтылады.

         Қаршығаның шеберлігі тек қыз бен
жігіттің арасында жұмсалатын ептілікте ғана емес, ел қорғау істерінде де
көрінеді. Қаршыға Сырлыбайдың тек ақыны емес, уәзірі, ханмен қатар ел тізгінін
ұстайтын биі дейтініміз сондықтан. Қаршығаның шешендігі де, айла тапқыш, ел
қорғарлық  адам екендігі де Жібекті
Сансызбай алып қашып кетіп, Қорен «Жібек пен тұлпарымды тауып бер, тауып
бермесең, қырамын» деп жатқан жерде көрінеді. Қорен хан күшіне сеніп, күштілік
көрсетіп елдің зәресін алғанда, Сырлыбай елінің атынан қорықпай, Қоренге тіл
қатып, сөзден сүріндіруші Қаршыға болады. Қаршыға:

 

Әйелге тұлпар мінгізген,

Жібектің аты ұрғашы,

Тұлпардың сырын білесің,

Біле тұрып әйелге,

Тұлпарды неге бересің?

Өзің
беріп атыңды,

Елден
неге көресің?

Өз
мініңді ойламай,

Тентектік
қылып, күйеужан,

Алмағын
елдің зәресін, -

 

дейді. 

            Осы үзіндінің өзінен-ақ Қаршығаның шешендік, алғырлығы айқын
көрінеді. Ердің атын әйел мінбейтін қазақ пен қалмақ елінің  салтын тілге тиек етіп, қалмақ ханын сөзден
жығады. Қалмақтың қолын бастап келе жатып, өлген ханды көргенде  жолдастарын өлтіріп кетер деген қауіппен
Қорен ханның өлімтігіне қолды кездестірмей, басқа жолмен бұрып әкетеді.

        Қаршығаның бір-біріне тең екі жасты
қосу үшін жұмыс істеуі шешен, айлалы, ел қорғау үшін жанын аямайтын адам болып
сипатталуы, оны ел көзіне ұнамды етіп көрсетудің негізгі себептері деуге
болады. Бұрынғы икемі аз ескі билер ендігі заманға оралымсыз, қолайсыз,
кейінгілерге Қаршыға, Шеге сықылды істің барлық жағына бірдей адам болуы керек
деген ұғымды аңғартады. 

                                          
Бекежан -  ұры, қарақшы.    Ұрының     
өзі

Бекежан                             әртүрлі. Кейбір жігіттердің «қарақшылыққа,  

                                                    ұрылыққа»
берілуі  сол  кездегі 
әлеуметтік

теңсіздіктен
туды.

            Үстемдік
етушілердің зорлығына шыдай алмай, солармен жеке күреске шығып «ұры» атанып,
талай қуғын-сүргін көріп ұсталған да, айдалған да не қорлықты өз басынан
кешірген, сонысы үшін «ұры» атанған адамдар бар. Бекежан бұл сықылды адамның
тобына жатпайды. Бұл - басқаның бағын көре алмайтын күншіл. «Берсе қолынан,
бермесе жолынан аламын» дейтін қара күш иесі. Ол  біреуден зорлық көргендіктен емес, біреудің
қолындағысын тартып алу үшін атқа мінеді. Кез келгенді сабап, күшке салатын алты
шектінің алпыс мырзасының бірі.

              

            Елімнің несін алып не
бермеймін,

             Дүниеден тірі жүрсем не көрмеймін?

            Арғында Алты Шекті алпыс мырза,

          
Ізіне басып кеткен теңгермеймін, -

 

деген Жібектің сөзі
де осыны аңғартады.

            Бекежан
қырық қарақшының бастығы боп, жол торып жатқанмен, Төлегенді бірме-бірге шақыра
алмайды.

 

Атаңа
нәлет Бекежан

         Арғыннан шыққан қу екен

  Әккі болған сұм екен,

Төлегеннің
артында

Алпыс  қадам жақындап,

Бір құдайды паналап,

Жеткен екен жағалап, -

 

деген үзінді де,
ұзында өші, қысқада кегі жоқ Бекежанның жар астынан ататын опасыз  бұқпантайлығын көрсетеді.

            Ертерек
кездегі салт бойынша шын батырлар жауын еш уақытта да қапылыста өлтірмейді.
Жекпе-жекке шақырады. Кезегін береді. Қазақ жырларындағы батырларды алсақ, бұл
салтты аттап өткен біреуін көрмейміз.

            Ал
Бекежанның басында батырларда, ерлерде болатын бұл сияқты мінездің бірі жоқ.
Оған тән нәрсе - қара жүректік, қанып      Төлегеннің
өлгенін естіп қамыққан Жібек: 

             Атаңа нәлет Бекежан,

            Көрсетпе маған түсіңді,

            Бітіріпсің ісіңді,

             Қайтып көзі қиды екен,

              Сол сықылды мүсінді,-

дейді.

            Бұл
күйікпен айтқан тек Жібектің ғана пікірі емес, ел пікірі, елдің пікірін айтпақ
болған ақынның да пікірі, соның көзқарасы.

            Бекежанның
қара жүректігін суреттейтін жырда басқа да көрініс бар. Төлеген өлейін деп
жатып, Бекежандарға:

 

            Қарға, құзғын жемесін,

            Жасыра кеткін жүзімді,

           Замандас едім, жақсы аға, -

 

дейді. Бірақ не
Бекежан, не басқасы қайырылмайды.

         Жыршының:

          

           Төлегеннің тілдері,

        
 Осы сөзге келеді,

           
Екінші сөзге келмеді,

          
Атаңа нәлет алпыс ит,

            Не айттың, сірә, демеді, -

 

дегені Бекежанның
өзі де, оған ерушілер де қаныпезер, адамшылықтан мүлде безгендер екенін
ескертеді.

                                             

          Алланың салған қорлығы-ай,             Атаңа нәлет алпыс ит,

          Иттердің еткен зорлығы-ай,             
Жанын өзі берсін деп,

          Қамығып сонда жылады                   Қорлықпенен өлсін деп,

         
Жалғыздық түсіп басына,                  Анталап келіп тұрады, -

 

деген  үзінді де, ұзында өші, қысқада кегі жоқ
Бекежаннның адамды жазықсыз өлтіргенімен тұрмай, ауыр қиналып өлгелі жатқан
жанды қызық көру тәрізді қара жүректігін, қаталдығын көрсетсе, екінші жағынан,
Төлегеннің ауыр өліміне оқушыларының жаны ашып, оны мейілінше аяйды. Тереңде
жатқан жүректің жылылығымен, мейірімділігімен Төлегеннің ауыр халіне
ортақтаспақшы болады.

            Жырдың
қай жерінде болсын, «Атаңа нәлет Бекежан» деп келеді. Ұл жалғыз Бекежанды ғана
емес, екі жастың сүйіспеншілігіне бөгет болғандардың бәріне бірдей айтылған
нәлет. Сөйтіп, Бекежанды ұнамсыз образ етіп көрсетумен қатар, кейінгілерге
мұндайлардан ат- тоныңды ала қаш деген қорытынды шығарады.

 

 

 

                                                         Сансызбайдың
көбінесе күйініш-сүйініш

Сансызбай және                           жағы, балалық  мінезі 
суреттеледі де, ал

         Қорен                                     оның  басқа жағынан өсуі өте аз көрінеді.

                                               Сансызбайдың әрекеттерінің көпшілігі-ақ
дәлелденбейді. Сансызбай елінен шыққанда, Жібектің ауылына келгенде,
басқалардан еш айырмасы жоқ, жай ғана бозбала. Бірақ қалмақтың ханы Қорен және
қалмақтың қалың қолымен жалғыз өзі соғысып, қырып-жойып батыр бола қалады.
Басқа жырларды алсақ, олардың болашақ ерліктеріне, мейлі қандай болсын, бір
әзірлік болады. Мұнда ол жоқ. Күтпеген жерден батыр бола салып, қыра береді.

            Мұның
екі себебі бар, бірі: қазақпен шайқасқан жерде қалмақтарды қалай да болсын,
қазаққа жеңдіру керек. Екіншісі: Сансызбайды дегеніне жеткізу керек. 

            Сансызбайды,
кейде ескі әмеңгерлік салттың жоқшысы етіп көрсетуге тырысып, дәлел іздеушілік,
кейде оны образ деп атаушылықтар болды. Мұның екеуі де ойланбай, ұшқалақ айтыла
салынған пікірлер. «Әмеңгерлік жоқшысы» дегендегі бар дәлел - оның Жібекке
үйленуі. Бірақ Сансызбай  Ақ Жайыққа
аттанғанда Жібекке өзінің мұрагерлік талабын айту үшін аттанбайды, ағасының не
өлі, не тірі екендігін білу үшін аттанады.

            Жібекті
алып қашуда да оның еш рөлі жоқ. Жағдаймен байланысты, ол тек себепші ғана. Бұл
іске мұрындық болушы да, оны ұйымдастырушы да Жібек. Оның көзге түсерлік ісі -
Қоренді өлтіру, қалмақтарға шабуыл жасау. Бірақ олары нанымсыз. Оқиғаның дамуы
әрбір іс-амалдардың дәлелденуі жағынан тым әлсіз. Оның тууында, өсуінде ешбір
ерлігі жоқ жай жастың бірі, керек болған жерде батыр болып, Қоренмен батырларша
жекпе-жекке шығып, соңынан қуып келген қалмақтарға асқан ерлік көрсетушілігі,
поэманың өз желісінен шығып, батырлық эпостардың сарынына түсіп кетушілік. Бұл
- поэманың ішіндегі дәлелі жоқ, ең бір әлсіз жері.

            Сол
сықылды Сансызбайдың Жібекке үйленуі де өрісіне жеткізіле суреттелмей, шолақ
қайырыла салады. «Тоқта, Жібек, тоқта! деп, Менде көңілің жоқ па? - деп айқай
салды Сансызбай» деген атүсті айтыла салған бір ауыз сөзден басқа, еш жерде
оның Жібекке  деген  көзқарасы көрсетілмейді. Тек осыған ғана
сүйеніп, оны ескілік салттың жоқтаушыларының типі етемін деу - зорлық. Тіпті
оны тип, образ деп атаудың өзі қиын. Өйткені оның өзінде ағасын іздеуден басқа
ешбір арман-тілегі көрінбейді. Алдына үлкен бір мақсат қойып, соған жету
жолында күрес, тартысқа бел буған, саналы ойдың адамы емес. Шеге мен Жібектің
жетегінде жүрген бір бала есебіндегі ғана адам.

            Қорен
поэмада бір-екі эпизодта ғана көрінеді. Әйтсе де соның өзінде-ақ  оның көп жақтары ашылып қалады.

            Қорен
- құралды күшіне сенген зорлықшыл. Ауыр қолмен ел үстіне төніп, аяулы ару
Жібекті берсе қолынан, бермесе жолынан алатындығын айтып шарт қояды. Ел ары,
жұрт намысын аяққа басып, Шекті еліне ойына келгенін жасап, бәрін де аяғынан
тік тұрғызады. Зорлықшылдықтың қандай түрін болсын өлгенше жек көретін халықтық
идеямен байланысты поэмада Қоренді де зорлықшыл, жауыздықтардың өкілі етіп
көрсетеді.

            Кей
жерлерде оның тәуір жақтары да көрініп қалады, мысалы: Қаршығаның жол айтқан
сөзіне тоқтап, кінәлі өзі екендігін аңғаруы, өзі кезегін алғасын, Сансызбайға
кезек берушіліктері т.б. Бұл жөнінде жоғарғы аталған проф. М.О.Әуезовтің
мақаласында толық айтылғандықтан, бұл жерде оған көп тоқтап жатпаймыз. Әйтсе де
Қорен образымен байланысты эпостардағы ескіден келе жатқан, салтқа айналған бір
мәселенің бетін аша кету мақұл тәрізді.

            Эпостық
поэмалардың қай түрінде болсын, жау жақтың адамын зор қара күш иесі етіп
көрсетсе де, ақыл иесі етіп көрсетпейді. Олардың денесі де тым өрескел ірі,
қимылдары орашолақ, сөзге доғал, айла-амалдары келте, ойға да топастау етіліп
суреттелінеді. Сондықтан олар халық атынан қарсы шыққан батырлармен шайқасқанда
тез жеңіліп, сөзге келсе жай адамдардан да жығылып не алдауға түсіп қала
береді. Бұл тек өз батыры, өз адамдарын көтере суреттеу үшін ғана
қолданылмайды, сонымен қатар оларды күлкіге айналдыру үшін қолданылатын эпостық
поэмаларда  әріден келе жатқан халық
юморының бір түрі. Қорен мен Жібек кездескенде, оның қызға оп-оңай алдануы
былай тұрсын, Көк сандалдың жүрісін байқамақ болған Жібекті көріп, Қорен:      

        
Япырым-ай, япырым,

         Байқадың
ба бозбала,

         Қыз
Жібектің ғапылын?  

         Көксандалды жүгіртер

         Қыз Жібек менің қатыным

 

Басы қатты Сандалкөк

Тастап кетіп жүрмесін,

Айналайын, Жібек-ау,

Ақырын, шапшы, ақырын! -

дейді. Қореннің бұл
сөзін оқығанда оқушылар еріксіз күледі. Сөздегі үлкен менмендік, өркеуделік пен
істегі шалалық, өзінің тақыршаққа отырып қалушылығын аңғармаушылықтың қарсыма-қарсы
келушілігі нағыз кісі күлерлік жағдай (комедийное положение).

            Поэмада
Қореннің образын бұлай күлкі етіп көрсетуі, шығарманың халықтық идеясымен нық
байланысты. Ел тыныштығын бұзып, ел арын аяққа басушыларды сипаттаудың дұрыс
жолы да  оларды ұнамсыз образ қатарында
көрсету.

 

 

 

                                                 «Қыз    Жібек»    
жырының      жалпы

Жырдың құрылысы            көркемдігі,    құрылысы    шеберлікпен  

                                                   
жасалған жыр. Жырды оқып отырғанда,

қазақтың сол
кездегі салт-тұрмысы көз алдыңа тегіс елестегендей болады. Лиро-эпос жырының
батырлар жырынан өзгеше, ерекше қасиетінің бірі тұрмыс-салтқа көп тоқтап, соны
шебер түрде көрсете алушылығы болса, бұл жағынан «Қыз Жібек» - лиро-эпос
жырларының ішіндегі таңдамалысының бірі.

            «Қыз
Жібек» жырын әуелден шығарушы ақын қазақтың көшпелі тұрмысын, көп салтын көркем
етіп бере білген.

            Әсіресе,
адам образын жасаудағы ақынның ұсталығы әр жерден-ақ байқалады. Ақынның көш
бастап бара жатқан бірнеше сұлуды 
суреттеулерін алсақ, бірі екіншісінен асып түседі және көп қыздар біріне
бірі ұқсамайды. Қатар келген адамның суреттерін қайталамай, әр басқа етіп
шығару - асқан шеберлік.

            Оннан
аса әйелдің сұлулығын бірінен соң бірін шебер етіп бере білген ақын Қыз
Жібектің сұлулығын басқалардан да асыра 
суреттейді.

Қыз Жібектің ақтығы

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай.

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай,

Білегінің мүсіні

Айбалтаның сабындай.

Оймақ ауыз құмар көз,

Өткірлігін байқасаң,

Өзі
түгіл Жібектің

Өлігіне
адам қайырылып,

Бетінен
келіп өпкендей.

Қыз
Жібекті Төлеген Ақылменен танып тұр,

Көз
мейірі қанып тұр.

Пейіштен шыққан   
шамшырақ

Көзі жайнап жанып тұр,

Ұсталар соққан кетпендей.

Екі ауыз сөз сөйлескен

      Мұрадына жеткендей.

 

   Белі нәзік талып тұр,

   Тартқан сымнан жіңішке,

   Үзіліп кетпей неғып тұр.

 

            Образ
жасау жөніндегі өте шебер берілген нәрсе - қаһармандардың басында болатын
күйініш-сүйінішті суреттеуі. Күйініш-сүйінішті суреттеу әртүрлі. Кейде
қаһармандардың сөзі арқылы, кейде ішкі сезім арқылы жасалады. Қайткен күнде де
олардың ішкі сезіміндегі не қуаныш, не қорқыныш тәрізді құбылыстарды оқушылардың
тап өз басында болған қайғы, шаттықтай әсер ететіндей етіп беру - негізгі шарт.
Сондықтан да қаһармандардың басында болған күйініш-сүйінішті суреттей білудің
мәні үлкен. Бұл жағынан, «Қыз Жібек» жыры - асқан құнды жыр. Мұнда да күйініш-сүйініш
әртүрлі жолдармен суреттелінеді.

            Сансызбай
мен Төлегеннің айырылысқаны туралы жыршы:

 

Кетіп бара
жатқанда,

Сансызбай жылап
жүгірді.

Төлегеннің
артынан...

Бала келді
жүгіріп,

Аш күзендей
бүгіліп,

Төлеген тұрды кете
алмай,

Көзінен жасы төгіліп,

Көзінен ағып қанды жас.

Қандай қиын бауырлас

Төлегеннің сүйегі,

Бордай болып егілді, -

деп, қаһарманның
ішкі сезіміндегі өзгерістерді, баланың жүгірісі, екеуінің көзден аққан қанды
жасын суреттеу арқылы береді. Солар арқылы сезімге әсер етеді.

            Төлегеннің  өлген кезіндегі, Қыз Жібектің оны жоқтауы,
Сансызбайдың Төлегеннің өлгендігін білгендігінен туған күйініштер,
қаһармандардың монологтері зарлай арнау арқылы берілген.

            Мұндай
арнаулар - күйініш-сүйінішті берудегі үлкен құралдардың бірі. Және зарлай арнау
не автордың өз сөзі, не қаһарманның сөзі ретінде беріледі. Зарлай
арнаудағы  монологтердің сөз қисындары
сезімге әсер етуге лайықталып, ауыр халді сыртқа шығарып, оны оқушыларға
жеткізе аларлықтай болып шыққан. Неше алуан мұндай нәзік арналған сөздер де аз
кездеспейді.

Көкешім менің Төлеген

Көрдің бе десе не   дейсің?..

Баратұғын жеріне

Жетпей кетті дегейсің.

Алтынды сауыт шеге көз

Түймеден кетті дегейсің.

Қособаның түбінде

Қоса кетті дегейсің.

Маңдайынан аққан
қан

Жоса кетті дегейсің.

Өлі екенін
білмеймін,

Тірі екенін
білмеймін,

Жылай-жылай бір
жалғыз

Дүниеден өтті
дегейсің, -

деген Төлеген сөзі
қаһарманның басындағы ауыр халі тамаша түрде суреттейді.

            Поэманың
композициясын  сөз еткенде, еске алатын
бір нәрсе - оқиғаның шешуі Сансызбайдың Жібекке үйленуімен аяқталуы. Бұлай біту
поэманың идеялық мазмұнына нұқсан келтіретіні рас. Өйткені әмеңгерлікке келіп
тіреледі. Бірақ поэманың шыққан дәуірін сол кездегі әлеуметтік жағдайды еске
алсақ, басқаша біту қиын еді. Әмеңгерлікті құптаудан ол кезде көпшілік те, сол
көпшілік көзқарасын поэмаға айналдырушы аты белгісіз ақындар да әлі арылмаған
болатын.

            Тап
сол сықылды поэмадағы екінші бір мәселе - әкенің ақ батасын алмай кетушіліктен
Төлеген апатқа ұшырады-ау деген күдік туғызарлық  бас қаһарманның өлімі мен бата алып кеткен
екінші сатыдағы Сансызбайдың аман-есен, олжалы қайтуы.

            Мұның
екеуі де поэманың негізгі идеясына қайшы келетін әлсіз жақтары екені
сөзсіз.  Алайда поэманы оқып шыққан
адамға ететін әсері мен оның жасайтын қорытындысына бұл жайттар кесе тұра
алмайды. Әр оқушының сүйіп қарайтыны да, жаны ашып жақтайтыны да бас
қаһармандары  - арманда кеткен ғашықтар -
Төлеген мен Жібек. Бірін-бірі шын сүйген, адал ниет, ыстық жүрекпен, теңдесім
деп сүйген кінәсыз жандарды мерт етіп, бірін өлімге, екіншісін күйікке
ұшыратқан кесірі мол, кесапаты көп феодалдық салтқа да, оның қожасы, күзетшісі
болған Базарбай мен Бекежанға да әр оқушы лағынет айтып, тіксіне қарайды.

            Поэманың
идеялық түйіні де, бағалылығы да осы жақтарында деуге болады.

                                              «Қыз Жібек» - тіл жағынан да асқан көркем

 Жырдың тілі                  жыр.
Жырдан көркем сөздердің неше алуан  

 тамашаларын табуға
болады.

Қыз Жібекті ақтығы                     

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы

         Ақ тауықтың қанындай,

         Білегінің мүсіні    

Айбалтаның сабындай, -

деген үзіндідегі
теңеу мен шендестіру - басқа жырларда сирек кездесетін образды сөздер.

          Тартқан сымнан жіңішке,

          Үзіліп кетпей неғып тұр, -

деген шендестіру
арқылы жасалған әсірелеу де айтайын дегенін шегіне жеткізіп айта алғандықты
көрсетеді.

            Бірақ
біздің айтайын дегеніміз тілінің жалпы көркемдігі емес, басқа жырларда жоқ
кейбір ерекшеліктері, жырда кездесетін эллипсис (сөз тастап кету) туралы.

            Эллипсистің
негізгі түрі - не уақиғаны жиілету үшін, не айтуға мүмкіндігі болмағандықтан
айтылмай қалатын сөздер. Бірақ олардың не сөз екендігін, контекстің мағынасына
қарап тауып алуға болады. Сонымен қатар айтайын деген нәрсесіне қатысы бар,
бірнеше нәрселерді айта келіп, нақ сол нәрсенің 
өзін айтпай қоюшылықтар болады. Айтуға, сипаттап суреттеуге тіл
жетпейді. Сондықтан оған әуре болудың керегі 
жоқ деген қорытындыға келгендей, үндемей қоюшылық та эллипсиске жатады.

            Бұл
- бір тамаша әдіс. Мұның асқан шеберлікпен қолданған түрін осы «Қыз Жібектен»
кездестіреміз.

            «Қыз
Жібек» жырында асқан сұлу алты қыздың суреті беріледі. Төлеген бірінші қызды
көргенде-ақ Жібек екен деп қалады. Қаршыға «Жібек осы десе» ол сенетін секілді.
Бірақ екінші қыз онан да асып түседі. Үшінші қыз соңғы қыздан да артық. Осылай
бірінен-бірі асып, арада бұл алтауынан басқа және он бір қыз өтеді. Бұлай
суреттеу -  дамыту әдісі. Сол дамыту
арқылы сипатталған сұлулардың талайын көрген 
Төлеген Жібектің шешесін көргенде, әлгі қыздардың бәрі де әшейін-ақ
болып қалады.

 

Көш
алдына қараса,

Бір
бәйбіше нұр жүзді

Көшті
тартып барады.

Көш
алдында бәйбіше

Сап
алтыннан жабдығы.

Екі
жүз түйе қазына

Қызыл
алтын сандығы.

Аға
жүніс перідей,

Көркінің
раушандығы.

Жазығы
қатын демесең,

Қартайса
да ілгері,

 

Әлгі қыздың
барлығынан салдығы

Айдың өткен нешесі,

Ай қараңғы кешесі,

Жазығы қатын
демесең,

Қартайса да ілгері,

Әлгі қыздан    мүшесі.

Асылдай болып
есіліп,

Нұрдай болып
шешіліп..

Көшті тартып
барады,

Жібектің тапқан
шешесі. 

            Шынында,
ақынның айтайын, суреттейін дегені - Жібек. Басқа қыздар сол үшін керек болған.
Бірақ ақын Жібек  жөнінде бұл жерде
ештеңе айтпайды. Шешесін суреттейді де қояды. Ақын Жібектің қартайған шешесін
ғана  суреттеп, оны суреттелген қыздардың
барлығынан «қартайса да ілгері» деп, Жібек туралы үндемей қоюының өзімен-ақ
Жібектің асқан сұлу екендігін аңғартады. Өйткені қартайған шешесі мынадай, бұл
шешеден туған қыздың одан анағұрлым сұлулығы өзінен өзі анық қой, сондықтан оны
суреттеп жатудың керегі де жоқ деген сияқты. Сөйтіп, жырда дамыту мен эллипсис
әдісін қатар қолдану арқылы, өзінің айтайын деген пікірін оқушыларына тамаша шебер
түрде айтып бере алған.

            «Қыз
Жібек поэмасының бұл суреттеу әдісі кейінгі халық  ақындарына да үлкен әсер еткендігін көреміз.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер» дегендей, әркім өз қадірінше
үйреніп, өз шамасынша қолданды.

            Ескі
салтқа қарсы өздерінің бас бостаңдығы үшін күрескен жігіт пен қыз сонау ерте
заманда үлкен прогрестік идея болатын. Сондықтан қалың бұқара бұл поэманы өте
сүйіп оқитын, жастардың бас бостандығын көксеген жүректері Төлеген мен Жібектің
жүректерімен бірге соғатын. Сондықтан да мұның әлеуметтік маңызы ерекше зор
болатын.

            «Қыз
Жібек» поэмасы бүгінде өзінің тарихи мәнін жойған жоқ. Поэмадан өткен өмірдің
бейнесін бір білсек, қазіргі жастар мен бұрынғы жастардың тұрмыстарындағы
айырмасын да жақсы көре аламыз. Оның асқан көркемдігі бізге рухани азық болса,
Төлеген мен Жібек басындағы қайғылы хал ескі өмірдің сорақы дәстүрі біздің
әділетсіздікке деген өшпенділігімізді күшейте түседі.