ВЕРНУТЬСЯ

          Махамбет
өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс.
Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын
өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи
шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын,
ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Лирикалық
сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе
екендігі кімге де болса мәлім.

Бұлай
баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға
айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі.

«Соғыс»
деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне
сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен
тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі
өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ
бұл - өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі
белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа
өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз
әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы
қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің
өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.

Ал
біздің бұл жерде айтпағымыз - ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен
бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың
салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі
аңғарылады.

Қырғыз
халқының  (сонымен қатар қазақтың да)
ертегілер мен аңыз, өлеңдерінің тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп
жазады:

«Егер
жұрттың айтуымен Геродот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен аңыздарының аз
да болса, тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп, мысал тәрізді болып кеткен
аңыздардың негізінде оқиға шындыққа жататын болса, қырғыздың аталарының өмір
тұрмысын, әдет-ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол
елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып, ол халықтың осы
күнгі мінез, құлықтарымен және олар жөніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсақ,
ол аңыздардың тарихи мәні болуы мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек»1.

__________________________

1Орыстың императорлық
география қоғамының этнографиялық бөлімдерінің запискалары, СГБ, 1904, ХХІХ
том, 190-бет.

Шоқан
Уәлихановтың  эпос, ертегі-аңыздардың
тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай
араласып жатқан тарихи оқиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының
тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық,
талассыз.

Біз
жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. Бірақ
бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық
деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек,
мақсаттарын өздерінің хан-сұлтандарға қарым-қатынастарын жай баяндау түрінде
айта келіп, кей жерлерінде не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін
сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді.
Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық сарын жалынды
лирикамен аралас келеді.

Кешегі Исатайдың
барында,

Алақандай Нарынды

Басушы едік
құлаштай!

Жәбір беріп жапа
етсең,

Былғанған басым
ласқа-ай!

Мен бір шарға
ұстаған қара балта едім,

Шабуын таппай
кетілдім.

Қайраса, тағы
жетілдім...

Көрмес, келмес деп
едім,

Өз еркіммен
бетіңді-ай!1

Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе - лирика. Махамбет өлеңдерінің
негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар Махамбет лирикасы
өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым
айырмасы да, өзіне тән ерекшелігі де бар.

Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып,
терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты
туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің
көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан оның лирикасын әлеуметтік
сарындағы, саяси-үгіттік лирика деп атауға тура келеді.

Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық
күрес саяси, таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия көркем
лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері

болуы да мүмкін.
Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес.

____________

1 «Махамбет өлеңдері».
Алматы, 1939, 111-бет.

Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап
күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың
бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси
лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы,
саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі - үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу,
белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы
көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет
поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының
шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен
байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы
батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына
артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты
қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы
тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен
салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің
негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек
жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой,
нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл
үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс
туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет
өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет
деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереулі атқа ер
салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері - мазмұнына түрі сай, жалынды
үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің
мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған
отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып
келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады.
Мысалы үшін, «Мұңайма» деген өлеңін алайық:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды,

Қанды көбе киініп,

Бір Аллаға сиынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым, мұңайма!.. -

дейді ақын.

Мұндағы
«азамат, жолдастарым» деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық
сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне
сай.

Махамбет
өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа түрлері бар.
Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау өлеңдердің үлгісінде құрылады.

Қазақ
фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып,
толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері
фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. («Тарланым»,
«Тайманның ұлы Исатай»). Исатайдың өліміне арнаған «Тарланым» деген өлеңін
алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен батырдың өміріндегі әр алуан іс, амал,
қасиет, мінездерін санап көрсетеді. Бірақ мұнда да  Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері
бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің  әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың
езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап, феодал, ақсүйектерге
қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді.
Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.

Махамбеттің
жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері оның басқа өлеңдеріне қарағанда
фольклормен тығызырақ байланысты деуге болады. Өйткені эпитет, метафора
теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтик тілдер.

Ал
Махамбеттің кейбір өлеңдері өзінше философиялық бағытқа негізделген өлеңдер
болып келеді.

Қоғалы көлдер, құм сулар

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал

Кімдерге сайғақ болмаған?

Басына жібек байлаған

Арулар кімнен қалмаған?

Таңдап мінген тұлпарлар

Иесін қайда жауға салмаған?

Құландар ішпес бұршақ қақ,

Кімдерге шәрбат болмаған?

Садағына сары шіркей ұялап,

Жау іздеген ерлердің

Қайда басы қалмаған?

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойналық та күлелік,

Абайласаң, жігіттер,

Мынау жалған сұм дүние,

Кімдерден кейін қалмаған? -

деп, риторикалық
сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. «Толғау» деген
өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға
негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл
кеңесіне аударады да, одан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың
серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта хан-төренің тағдыры
халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында, дәл
халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше
қорытынды жасайды:

Батыр болмақ ойдан-ды:

Айқайласып жауға ти,

Тәңірім білер, жігіттер,

Ажалымыз қайдан-ды?

Махамбеттің
бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқанын мына
өлеңінен де көруге болады:

Бұл дүниенің жүзінде,

Айдан көркем нәрсе жоқ.

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тіл де бар да, дінде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ,

Бірде бар да, бірде жоқ.

Азамат ерлер кімде жоқ,

Еріккен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды,

Тура әділдік биде жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт,

Қаумалаған қарындас,

Қазақта бар да, менде жоқ.1

Бұл
тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына
философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде

_______________

1 «Махамбет өлеңдері».
Алматы, 1939,116-бет.

дұрыстық, әділдік
жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп,
қасіретке шомады.

Мұнан
кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі
шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. «Абайламай айырылдым», «Нарын» және
басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған жан қасіретін
көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық
мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған
сияқты.

Мен тауда ойнаған қарт марал,

Табаным тасқа тиер деп,

Сақсынып шыққан қиядан.

Қайыңның басын жел соқса,

Қаршыға құс қайғырар:

Балапаным суға кетер деп,

Мамығын төккен ұядан,

О дағы біздей болған сорлы екен,1 -  

дейді ол.

Махамбеттің
элегиялық өлеңдері - аса суретті, тамаша, көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз
қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы
болды. 

Кейбір
өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі
көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін
суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс
салған аңшылық, өз елінің өмірінде орны бар жан-жануар, аң, құстардың образын
көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ бұл ел, табиғат байлығын,
жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана
көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттемейді. Мұнда да ақын ел тағдырымен
байланысты өз басынан кешірген қиын-қыстау кезеңдердегі ой, сезімін оқушылары
толық сезінгендей етіп, ашығырақ көрсетуге құрал есебінде қолданады. Бұған мына
төмендегі үзінді толық дәлел:   

Назары
қайтқан күн болған.

Жібектен
бауы көнеріп.

Ақсұңқар
ұшқан күн болған.

Бағаналы
боз орда

Еңкейінкі
күн болған.

________________

1 «Махамбет өлеңдері» - 1939, 106-бет.

Телегей
теңіз шалқыған

Қоғалы
көлдер суалып,

Тізеге
жетер, жетпес күн болған.

Жапанға біткен бәйтерек

Жапырағынан айырылып,

Қу түбір болған күн болған.

Алқалаған жер болса,

Азамат басы құралса,

Мәшурат кеңес сұралса

Мәшурат берер едік;

Исатайдан айырылып

Алқалай келген кеңесте

Дем құрыған күн болған.

Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі
көркем образдардың қайсысын алсақ та, ақынның айтайын деген негізгі идеясына
бағыныңқы. Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай,
көтеріліс жеңілгесін, хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел
басына ауырмалықты күшейте түсті. Бұл жағдай ақынның поэзиясынан орын алмауы
мүмкін емес еді.  Ақынның бірқатар
өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты болды десек,
Махамбеттегі  элегиялық өлеңдердің негізі
сол жағдайлар деуге болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, жауына деген
өшпенділік бар, сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден түңілмеуге
шақырып, болашаққа сенушіліктер бар. 
Міне, осылардың жиынтығы келіп,  Махамбет
өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді.

Ірі мазмұнға түрін сай етіп шығаруда
да ақынның шеберлігі күшті.

II

Махамбет хадимше хат танып, жаза да
білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша
жазған хатының  қолжазбасы күні бүгінге
шейін архивте сақтаулы. Ол хаттан біз жоғарыда үзінді де келтірдік.

Кейбір тарихи материалдарда
Махамбетті орысша да білуші еді дейді. Бірақ қайда оқып, қай жағдайда орысша
білді, ол жағы айтылмайды. Махамбет жас шағында Жәңгірдің үлкен баласы
Зұлқарнаймен бірге Орынборда болған. Бұл - тарихи  дәлелденген нәрсе. Демек, Махамбет сол
Орынборда болған кезінде орысша өз бетімен оқып, хат тануы мүмкін деп топшылауға
болады. Жасынан  дарынды, зейінді ақын
орыс мектебінен ресми түрде сабақ алушы хан баласының қасында  жүріп те, одан кем білмеуі ықтимал. Әйтсе де
бұл мәселе әлі де зерттеуді керек етеді.

Махамбет хат біле тұрса да, оның
бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ  ауызба-ауыз, суырыпсалмалық әдісімен
шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырыпсалып айту - қазақ ақындарына
дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған
дағдыланушылықтан десе, Махамбет те суырыпсалмалыққа жас шағынан  талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.

Махамбет өлеңдері, көбіне, жыр ағымымен
келеді. Суырыпсалма ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр
ағымымен шығарады. Әрине, бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырыпсалма
ақындар (импровизаторлар) болмайды екен 
деген ұғым тумауы керек.

 Айтайын деген ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды
өлеңмен айтып беру тақырыпқа, суреттейін деген жағдайға байланысты.

 Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ,
бәрі дерлік, жыр ағымымен  (7-8 буынды)
келеді. Ол  кездейсоқ емес.  Батырлар жырында суреттелетін әр алуан  ерлік 
қимылдар: жорық, шабуыл, тартыс, жекпе-жек, айқас, т.б.

 Әртүрлі өмір құбылысы өзіне тән  суреттеу әдісін  керек 
ететіні  бізге  мәлім. Ақын-жазушылардың оны саналы түрде
ұғынбауы мүмкін, бірақ сезінбеуі мүмкін емес. 
Бұл - оларға  табиғи нәрсе.
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы - ерлік, халықты ерлік  қимылға үндеу. Сондықтан  жаймашуақ 
жай кездегі көңіл күйін көрсетуге 
қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден гөрі де, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс,
жортуыл тәрізді өмір  құбылыстарын
суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған
анағұрлым жақын, анағұрлым ыңғайлы тәрізді.

Біздің байқауымызша, ойдан тез
шығарып айтушыларға, белгілі синтаксистік біткен бір ойды көрсету үшін  төрт жол, не алты, не сегіз жолды керек
ететін және шумақтарының бірыңғай болып келуін қажет қылатын он бір буынды
өлеңнен гөрі, жыр ағымымен келетін  жеті-сегіз
буынды өлең құрылысы әлдеқайда жеңіл тәрізді. Өйткені жыр  ағымымен 
шығарылған  өлеңдерде  синтаксистік 
бір ойдың  бітуі  үшін 
шумақ төрт  не  сегіз 
жолдан  бітуі  және алдыңғы 
шумақ  құрылысы, өлеңнің  соңғы 
жолдарында  сақталып  отыруы 
немесе  шумақ  төрт 
жолдан  құрылса, үш  жолы 
ұйқасып,  бір жолы ұйқассыз  қалуы (а-а-в-а)  шарт 
емес. Жыр  ағымында  шумақ аз 
жолдан да,  көп  жолдан да құрыла  береді. Мысалы, Махамбеттің «Ереулі атқа  ер 
салмай» атты  өлеңі - 19  жол. Бір-ақ 
шумақ. 19 жол  өлең  көп 
бағыныңқылы  бір-ақ  сабақтас 
сөйлемнен  құралады.

Сонымен  қатар  жыр 
ағымында,  көбіне,  ұйқас 
ерікті  болып келеді. 11
буынды  өлең  тәрізді 
белгілі  бір  ойды 
айтып  беру  үшін 1-2-4 
жолдары  ұйқасып, 3 жолы
ұйқассыз  қалып  отыратын 
тәртіп жоқ. Ой қалай  бітсе,
өлең  жолдарының  ұйқастары да соған  бағынады. Бұл 
өлең  құрылысы
импровизаторларға  анағұрлым жеңіл  соғатынға ұқсайды. Әрине, жыр  ағымы 
импровизаторлықтың  негізгі  шарты 
емес, кейде  бұл үйрену,
ақынның  дағдылануымен  де байланысты 
болуы  мүмкін.

 Махамбет 
өлеңдерін  буыны  жағынан 
қарастырсақ,  үш  түрлі 
өлең  құрылысы  барлығы 
аңғарылады. Он  бір  буынды, жеті 
буын  мен  сегіз 
буын  араласып  келетін 
жыр  ағымы, таза  жеті 
буынды  өлеңдер.

Он бір  буынды Махамбетте  бір-ақ 
өлең. «Мінгені  Исатайдың  Ақтабан-ай». Басқа  өлеңдерінің 
бәрі  де  не  7   мен 8 
буыннан,  не  таза 
7  буын  болып 
келеді. 7-8 буын  аралас  келетін 
өлең түрлері:

                            

Еменнің 
түбі  сары  бал,8

Еріскен 
көңіл  бәрі  бал.7

Жоғарыдан 
төмен  төгейін,8

Керегіңді 
теріп  ал!7

таза  7  буынды:

Бұл 
дүниенің  жүзінде7

Айдан 
көркем  нәрсе  жоқ7

Түнде  бар  да, 
күндіз  жоқ7

Күннен 
көркем  нәрсе  жоқ,7

Күндіз  бар  да, 
түнде  жоқ. 7

      
Сонымен  қатар  аралас 
буынды  болып  келетін 
өлеңдер  тек  жеті 
буын  мен сегіз  буынды 
ғана  емес,  кейбір 
жолдарының  буын  саны онан 
да  гөрі  басқаша. Мысалы:

                           

Толарсақтан 
саз  кешіп, 7

Тоқтамай 
тартып  шығарға8

Қас  үлектен  туған қатепті9

Қара  нар  керек 
біздің  бұл  іске.10

   

Махамбет  өлеңдерінде 
кездесетін  мұндай  жолдар 
айтайын  деген  ойына 
сабақтас. Өлеңнің  ұйқасы  мен 
ырғағын  ойға  бағындырудан 
туған  деуге  болады. Әрине,  бұл 
жаңалық  емес. Онан  бұрынғы 
тарихқа  аты   белгісіз, 
эпостық  тамаша  жырлар 
шығарып  кеткен  халық 
ақындарының  өлең-жырларында  мұндай 
жолдар  кездеседі.

Бірақ Махамбет  өзінен 
бұрынғы  және  өз  кезіндегі  ақындардың 
қайсысынан болсын  жалы  биік, 
өркеші  жоғары  тұратын 
ақын. Әңгіме  оның  өлеңдерінің 
мазмұны  жағынан  ғана 
емес,  көркемдігі  жағынан да 
солай.

Махамбеттің  қай 
өлеңін  алсақ  та, 
терең  мазмұнды,  тамаша, 
көркем  образдарға  бөлеп, 
өлең  сөйлемдерінің  логикалық 
жағын  шебер  байланыстыруында. Сондықтан белгілі  зерттеушілер 
болмаса,  жай  оқушылар 
оны  кейбір  жолдарының буын артықтығын аңғармай  да 
қалады. Өйткені өлеңнің 
мазмұны  оқушыға  тек 
солай  құруды,  сондай 
сөздерді  керек  ететін 
тәрізді  ой-сезім  туғызады. Махамбеттің   Баймағамбет 
сұлтанға  айтқан  атышулы 
өлеңінің  бір  жерінде:

                         

Шамдансам  жығар  асаумын,8

Шамырқансам 
сынар   болатпын,9 -

 

деген  жолдарында
буын  сандары өлеңнің  жалпы 
құрылысынан  бөлекше  келгендіктен, олқы   соғып 
отыр  деп  кім 
айта  алады? Өзінің  өрлік, 
ерліктерін  көрсету  үшін 
ол  жауының  алдында 
тек  солай  сөйлеуге 
ғана  тиісті  тәрізді.

 Махамбет 
өлеңдерінде  (11 буынды,  қара 
өлең  ұйқасымен  келетін 
бір-ақ  өлеңін  есепке 
алмағанда)  үш  түрлі 
ұйқасты  кездестіреміз:
шұбыртпалы,  кезекті,  ерікті 
ұйқастар. Ақын,  көбінесе,  шұбыртпалы  
ұйқас  пен  ерікті 
ұйқасты  көбірек  қолданылады. Өйткені  бұл 
екі  ұйқастың  екеуі 
де  ақынның  айтайын 
деген  ой-  пікірін 
дәл  беруге  ыңғайлы, 
белгілі  бір  заңды 
өлшеуге  бағынған  шумақты, 
ұйқасты  өлеңдерден  шеңбері 
тарлық  етпейтінге  ұқсайды.

 

1.Шұбыртпалы  ұйқас:

                      Беркініп  садақ 
асынбай,

                      Біріндей 
жауды  қашырмай.

                      Білтеліге  доп 
салмай,

                      Қорамсаққа  қол 
салмай,

                      Қозы  жауырын 
оқ  алмай,

                      Ерлердің  ісі 
бітер  ме?

 

2.Кезекті  ұйқас:

                      Аспандағы  бозторғай

                      Бозаңда  болар 
ұясы,

                      Бозаңның  түбін 
су  алса,

                      Қайғыда  болар 
анасы.

                      Қара  лашын, 
ақ  тұйғын,

                      Қайыңда  болар 
ұясы.

                      Қайыңның  басын 
жел  соқса

                      Қайғыда  болар 
анасы.

 

3. Ерікті  айнымалы 
ұйқас:

                      Алты  күндей 
алаулап,

                      Он  екі 
күндей  ой  ойлап,

                      Ақылды алпыс  жаққа 
шаптырып,

                      Ақыл  жөнге 
келгесін,

                      Толғай-толғай  жүгірген,

                      Топырақты  суырған,

                      Ертеңнен  салса  
кешке  озған,

                      Қой  мойынды 
көк жұлын

  
                   Томаға  көзді 
қасқа  азбан.

                      Көк  жұлынды 
жетелеп,

                      Қисық  жерден 
төтелеп,

Қабырға  қол  сөгіліп,

Арғымақ  ат  бүгіліп...

 

Ақыретті  жанға  байланып,

Талай  жүрдік  далада

Әділ  жаннан  түгіліп, -

тағы  басқалар.

            Махамбет поэзиясының тілі, шын мәнінде,
халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының 
тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне   жарата да білген.  

            Көшпелі шаруашылық тұрмыс
жағдайынан  туған әртүрлі атаулар мен
түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, 
асқан місекерлікпен Махамбет  
өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да,
сол жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған
жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет өлеңдерінен
өшпестік орын алады. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар халық өмірінің
басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз бейнелері күні
бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.

            Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан
Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет
тілінің асқан көркемдігі, анықтық, дәлдігі, әр алуан поэтик тілдердің
элементтерін (эпитет, теңеу, троп, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара
байланысты түрде де өте шеберлікпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның
өлеңдерінде кездесетін сөз  образдарының
өмір шындығына дәл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі  логикалық байланыстарының беріктігінде.

            Қандай ақынға болсын, ең алдымен
қойылатын шарт - өлеңдеріндегі қолданылатын сөз образдарының тек сыртқы
сұлулығы емес, логикалық мәні, образының өмір шындығына  дәл келу, келмеуі, міне, осы болуы керек.
Көркемсөз образдарын әр ақын-ақ таба алады. Бірақ сол қолданылып отырған сөз
образдары өмір шындығына  дәл келмей,
айтайын деген ойдың бір керегіне жарамайтын болса, ол оқушының эстетикалық
сезімін  оята алмайды. Ұлы ақындардың
қайсысын алсақ та, сөз образдары өмірдің 
бір бөлшегі  болып, сол сөздің
төркінін қуаласақ, тұрмыстың өзінде дәл сол айтқанындай болып шығады.

            Лермонтовтан Абай аударған «Қанжардың» бір
жерінде:

 

Болатша дірілдеген жалын  көрген,

Бір күңгірт  тартып және оттай
жанған, -

 

деген жолдардағы сөз 
образында қаншама шындық жатыр? Сүйген жігітімен тіл қатыса алмаған жас
сұлудың айырылар жердегі көзінде ойнаған құбылыс арқылы оны ішкі сезім дүниесін
жалын көрген болаттың жүзіндегі өзгерістерге салыстыру арқылы көзге елестету
шеберлігі өз алдына, осы  образдың
өмірдегі шындығына келсек, дәл солай емес деп кім айта алады? Жалын көрген шым
болаттың  дір етіп әуелі күңгірт тартып,
сосын жасылдана түсетіні  нақтылы өмір
шындығынан алынған емес пе?

            Осы айтылғандар тәрізді, сөз
образдарының өмірдегі нақтылы шындықтан алынып, мағына дәлдігіне бейнелеу
теңеулері де дәл келіп отырушылық  - Махамбет
өлеңдеріне де тән.

Мысалы:

           

Арғымақтың баласы

Аз оттар да, көп жусар,

Талаудан татқан дәні  бар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да, көп жортар,

Дұшпанда кеткен ары мен

Барымтаға  түскен  малы 
бар, -

 

деген үзіндіні алсақ, мұндағы сөз образдарының қайсысы
болса да өмір шындығына дәл. 

            «Арғымақтың баласы» деп  қазанаттың ең асылданған тегін ұғынсақ, олар
шындығында аз оттап, көп жусайды.

            Өзі 
үшін туып, ел үшін еңбек етуді аңсаған ер ұлдардың қиыннан тоят тілеп,
қияға құлаш сермеулері, ел намысын, ер намысын аяққа бастырмау үшін жарғақ
құлағы жастыққа тимей, жауымен арпалысып, жорық жолында өлетіндігіне - әр елдің-ақ
тарихы, тарихи   ерлердің өмірі айғақ.

            Өмірдің әр алуан құбылыстарына шаншыла көз тігіп, терең ұғынуға
машықтанған ақын, сөз  образдарын да сол
өмірдің бір  бөлшегі етуге тырысқан.

            Екінші бір өлеңінде:                       

Тағыдай таңдап су ішкен,

Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген, -

дейді.

         Махамбет  өлеңдерін сөз еткенде, екінші бір көңіл
аударатын мәселе оның өлең жолдарының ішкі 
логикалық байланыстарының беріктігі 
дедік, қандай ақынға болсын бұл - ең керекті шарттың бірі. Не көркем сөз,
не әдеби, тіпті үздік  образдарды
қолданса да, өлең сөйлемдердің ішкі мазмұны өзара жымдасып, шебер түрде  қиюласып жатпаса, образдар айтайын деген
ойдың бір керегіне аспаса, ол 
образдардың  оқушыға ешбір әсері
болмайды. Көркемдіктің негізгі тірегі - мазмұн. Мазмұн сөйлемдегі сөздердің өзара  логикалық тығыз байланысынан туады.

            Махамбет 
өлеңдерін сан рет оқысаң да, оқығың келе беретіндігінің, оқыған сайын
оқушының эстетикалық сезімін оятып, өзіне қызықтыра түсетіндігінің бір тамыры -
сол логикалық байланыстарының күштілігінде. Оның  өлең жолдарында ой нендей жайылма сөйлеммен
айтылса да, кейде көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем  болып келсе де, өлең жолдарындағы логиканың
күштілігі оқушысын ертіп әкетеді. Сөйлемдеріндегі  логикалық 
байланыстардың күштілігі, бағыты бір өлең жолдарында кездесетін артық
буындарды да аңғартпай кетеді.

            Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем,
әрі  образды, әрі өткір, әрі күшті
болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне  лайықты және 
соған тән  болып келеді. Оның
тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында.

            Мысалы:       

Мұнар да, мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн, -

деген үзіндідегі «мұнар», «шұбар» деген  эпитеттерді алсақ,  бұл 
эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен  ауыр халдерін суреттеп  беруде үлкен мәні бар. Хан мен билердің ел
басына туғызған қара  күнін, басқа
күндерден айрықша көрсету үшін ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз
алдына елестету үшін «күн» деген сөздің алдына, 
«шұбар», «мұнар» деген  эпитеттерді
қолданған. Осы үзіндідегі: 

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн, -

деген үзіндідегі «Мұнар», «шұбар» деген  эпитеттерді алсақ,  жасалған эпитеттермен аралас келген
поэтикалық контраст тамаша қолданылған.

            Мақсаты орындалмай, Исатай өліп,
жолдастары оққа ұшып, көтеріліс апатқа ұшырап, оңға деген іс теріске, ойлаған
мақсат керісінше шыққандықтан, 
Махамбеттің қолданатын образы, сөздері де керісінше, шалыс келеді.

            Дұрысын 
алғанда, буыршын,  жалпы  жас 
түйе  мұзға  таймайды: оның қарақұсы өткір,  табаны 
бедерлі  болады. Мұны  ол 
білмей  отырған  жоқ, 
біле  тұра  қолданып 
отыр. Сол  шалыс  келген образдар  арқылы 
ел басындағы  ауыр  күндерді 
жайшылықтағы  күндерден  жекелеп 
көрсетіп,  оқушыларын  өз 
көзімен  көргендей,  өз 
жүрегімен  сезгендей  дәрежеге 
жеткізу  үшін  қолданып 
отыр.

            Жалғыз 
эпитет  не  поэтикалық 
контраст  емес - теңеу,  метафора 
қолданыстары  да  ақынның 
мақсатымен  ұштасып  жататынын және  өздерін 
жауынан  жоғары  етіп, жауын 
төмендете,  оған  оқушылары  
жексұрын  көзбен  қарайтын 
етіп  шығару  үшін 
қолданғандығын   көреміз.

            Исатайды  ел 
қамқоры  етіп  көрсету 
үшін: «Қызғыштай  болған  есіл 
ер», - дейді.

            Қазақ  елінің 
ұғымында  бұл -  жақсы 
түсінік  беретін  теңеу. Ал 
оның  ерлігін  көрсетейін 
деген   жерде  оны 
арыстанға  балайды:

                                        

Арыстан  еді-ау  Исатай,

Бұл  фәнидің  жүзінде

Арыстан  одан   кім 
өткен? -

деп   оның   ерлігін 
метафора  арқылы  көрсетеді. Арыстан - ел  ұғымындағы  
ең  күшті  аң. Біреуді 
мықты  етіп  көрсетпек 
болса,  елдің  арыстанға, 
жолбарысқа  балап,  теңейтіні 
бізге  мәлім. Сөйтіп,  ол 
Исатайды  арыстанға  баласа, 
өздерін  апатқа  ұшыратқан 
жауын   ел  ұғымындағы 
ең  оңбаған  айуанға 
балайды,  Баймағамбетке:
«Сендей  нарқоспақтың  баласы», - дейді. Өйткені  балап 
отырған  түйесі - түйенің  ең 
жаман  түрі. Мал  шаруашылығымен  күн 
көрген,  әсіресе  көшпелі 
елдердің  түйе  малы 
ішінде  ең  жақсы 
көретіні  бір  тума 
нар,  қас  жампоз, 
онан  кейінгісі  қоспақ. (түйенің  басқа 
да  түрлері   көп): ең 
жек  көретіні  гүрт, 
жарыбай,  сұлама,  нарқоспақ. Міне,  Махамбет 
жауын  жексұрын  етіп 
көрсету  үшін  Баймағамбетті 
қор  туған  нарқоспаққа 
балайды. Махамбет  бір  жерде:

                                        

Шамдансам,  жығар  асаумын,

Шамырқансам сынар  болатпын, -

дейді.

            Бұл 
арада  да жауынан  өзін 
биік  етіп  көрсететіндігі,  сондықтан 
да  өзін  асыл 
нәрселерге  балайтыны  анық.

            Махамбет 
шығармаларында  жай  теңеу,  
метафораның  ұлғайған  түрі 
көп  кездеседі.

            Мысалы:
     

                               Мен  тауда 
ойнаған   қарт  марал,

                                 Табаным  тасқа 
тиер  деп,

                                 Сақсынып   шыққан 
қиядан, -

деген  
үзінді  бұған  толық 
мысал  бола  алады.

            Ақындық 
тілдің  өте  бір 
толық  түрі,  ақынның   
шеберлігін  керек  ететін 
(өз  орнына  қолдана 
алса),  суреттейін  деген, 
өмір  құбылысын  айтып 
беру  үшін  мәні 
күшті   ауыстырып  айтатын 
сөздердің  бір  түрлері 
-  метонимия (алмастыру).

            Махамбеттің:

Қой  мойынды,  көк 
жұлын....

Көк  жұлынды  жетелеп, -

деген  екі  жолындағы 
метонимия  әрі  орынды, 
әрі  шебер  болып 
шыққан. Бұл  сықылды  метонимиялар 
Махамбетте  көп,  оның   
бәрін  келтіріп  жатудың 
керегі  аз.

            Махамбет 
өлеңдерінде  теңеу  не  
метафораға  кездесіп  қана 
қоймайды,  ауыстырудың  алуан 
түрлері  де  табылады. Сонымен  қатар 
оның  өлеңдерінен  фигураның 
түрлері  де  өте 
көп  кездеседі.

            Мысалы:

Ау,
қызғыш   құс,  қызғыш құс,

Көл  қорыған 
сен  едің -

Сен  де  айырылдың  көліңнен.

Ел   қорыған 
мен    едім -

Мен   де 
айырылдым  елімнен, -

деген  
параллелизм  немесе:         

Борай  да  борай  
қар   жауса,

Қалыңға  боран  борар 
ма?

Қаптап  соққан  боранда

Қаптама   киген  тоңар 
ма?

Ту  түбінде  тұлпар 
жығылса,

Ту  байласа,  тұрар 
ма?

Туырлығы  жоқ  тұл 
үйге

Шаппаған  нәмерт   оңар 
ма?

Қарындастың   қамы  үшін,

Қатын  менен  бала 
үшін,

Қайырылмай  кеткен  жігіттің

Өзін  қатын  алғанын,

Талам  деп  айтсам, 
болар  ма? -

деген  
риторик  сұраулар  фигураға 
жатады.

            Фигураларды   қолданысы  
да  оның  негізгі 
тілегімен  байланысты.  Бұл 
риторикалық   сұрауларға  берілетін 
жауаптың  бәрі  де 
қарындас  үшін,   қатын-бала 
үшін,  екінші  сөзбен 
айтқанда,  ел  үшін, 
отан  үшін   жауға  
шап  деген  оның 
негізгі   мақсатымен  ұштасып 
жатыр.

            Махамбет 
өлеңдерінде  көркем   тілдердің  
жеке-жеке  барлық   түрі 
де  кездеседі.  Махамбет 
өлеңдерінде  эпитет, теңеу,  әсірелеу, литота,  ауыстыру 
мағынасында  қолданылатын  фигура 
өзара  байланысты түрде де  жиі 
ұшырайды. Бұлардың  өзара  байланыстары 
ақынның  сөзге  шеберлігін 
дәлелдейді.  Бұл  жағынан 
алып  қарағанда,  Махамбеттің  
көркемсөз  ұстасы  екендігіне 
ешкім   шек  келтіре 
алмайды.

            Мысалы:

Кермиығым,  кербезім!

Керіскендей  шандозым!

Құландай  ащы  дауыстым!

Құлжадай  айбар  мүйіздім!

Қырмызыдай  ажарлым!

Хиуадай  базарлым!

Теңіздей  терең  ақылдым!

Тебіренбес  ауыр  мінездім, -

деген   
үзіндіде   метафора,  теңеу, 
эпитет  бір-бірімен  байланысып 
келетінін  көреміз. Мұндағы  образдар 
шебер  қолданылмаған,  мына 
жері  жетіспей  тұр 
не  артық  деп 
айта  аламыз  ба? Жоқ. Әр 
сөзі  орынды.  Әр 
сөзі  суреттеп  отырған 
геройының  характерін  айқындайды. Осы  өлеңнен:

                                        

Адырнасын   ала   өгіздей 
мөңіреткен,

Атылған   оғы  Еділ-Жайық  
тең  өткен

Атқанда  қардай  боратқан,

Көк   шыбығын  қанды 
ауыздан   жалатқан -

Арыстан  еді-ау  Исатай!

Бұл  фәнидің  жүзінде,

Арыстан  одан  кім 
өткен?! -

деген 
үзіндіні  алсақ,  теңеу, 
метафора,  әсірелей  теңеу 
(эпитет)  және   әсірелеуді  
кездестіреміз.  Міне,   не 
барлығы  6-7   жолдың 
ішінде  бір-бірімен  тығыз 
байланысты  бірнеше   көркем сөздердің  қабат 
келуі,  түр  жағынан 
алып  қарағанда  да, 
оның  шеберлігін  көрсетеді. Бірақ  оның 
шеберлігі  тек  қана  
сол   сөздерді табуында  емес, 
сол  образды  сөздердің 
ақынның  ойымен байланыстылығында.
Демек,  бұл  контексте 
қолданылған  образдар  тек 
көркемдік  үшін  тұрған 
жоқ,  бәрі  де 
ақынның  негізгі  пікіріне 
бағыныңқы;  суреттейін  деген 
құбылысының,  айтайын  деген 
ойының  бірі  онысына, 
бірі  мұнысына  жарап  тұр. Ақынның 
күштілігі  де, сөздердің  көркемдігі 
де  осында.

            Қай  жазушы,  қай 
ақын  болса  да, 
шындық,  болмысты  образ 
арқылы  суреттейді. Бірақ
көрсетейін  деген  құбылысты, айтайын  деген ойды 
суреттеу  үшін  кез 
келген  образ  кез 
келген  жерде  дәл 
келе  бермейді. Бір  уақиғаны 
айтып  беру  үшін 
бір  жерде  эпитет, 
екінші  жерде  теңеу, 
ауыстыру  не  фигура  
керек, не жоғарғы мысал тәрізді аралас келуі керек. Ақын-жазушылар
мұнымен санасады, санасуы да керек. Образды айтайын деген ойына,  суреттейін деген уақиғасына қарай  таңдап 
қолданушылық:  ол
ақын-жазушылардың сөзге  ұсталығын
көрсетеді. Бұл жағынан  алғанда, Махамбет
өзінің шеберлігіне таңғалдырады. Ол Исатайдың жауға шапқан жерін:

Толғай-толғай оқ атқан,

Он екі тұтам жай тартқан,

Қабырғасын қақыратқан,

Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінінен кесе атқан, -

деп суреттейді.

            Бұл арада ақын көрсетейін деген
құбылысын  дамыту арқылы берген.  Түтеген оқ, 
бораған атысты  олай суреттемесе,
уақиға  шындығы жинақы,   жанды 
боп шықпас еді. Бұл жерде уақиғаның дамыту арқылы  суреттелуі өте орынды.

            Махамбет бір нәрсенің ұлылығын  айтпақ болса 
не бір нәрсені мақтамақ болса, 
көбіне әсірелеуді қолданады.

            Мысалы, «Нарын» деген өлеңін алсақ:

Қойды  мыңға жеткізген

Нарынның анау құмдары,

Түйені жүзге  тол тырған

Көкпекті, шытыр жерлері,

Жатып қалған тайлағы

Жардай атан болған жер,

Жабағылы тоқтысы

Қой болып қора  толған жер.

Балдырғаны білектей,

Баттауығы жүректей, -

деп суреттейді. Мұнда Махамбеттің көрсетейін дегені -
Нарын. Мұның үшін Махамбет әсірелеуді қолданған.

            Бір нәрсені мақтайын дегенде  не үлкейтіп көрсетейін  дегенде 
әсірелеуді  пайдаланса, бір
нәрсені кішірейтіп көрсету үшін не істің оңға келмей қалғанын суреттеу үшін ол
литотаны қолданады.

            Өздерінің  
дегені  болмай,  жауынан жеңілген күндерін суреттейтін
өлеңдерінің бір жерінде:        

Телегей теңіз  шалқыған

Қоғалы көлдер суалып,

Тізеге жетер, жетпес күн болған.

Жапанға біткен бәйтерек

Жапырағынан айырылып,

Қу түбір болған күн болған, -

деп суреттейді.

            Бұл
келтірген мысалдарымыз - Махамбеттің айтайын деген ойына,   суреттейін деген  құбылысына керекті образдарды таңдап ала
біледі деген пікірлерімізге  толық дәлел.

            Сонымен қатар Махамбет нені айтсын, нені суреттесін, мейлінше
еркін,  жеріне жеткізе, ар жағында
қалмағандай, онан асып ешкім айта алмағандай етіп суреттейді. Махамбет
өлеңдерінің тіл мәселесі жөніндегі келтірілген көркем әдебиетке тән сөздердің
бәрін де таба алатындығын, әр сөзінің орындылығын, оның мазмұнымен тығыз
байланыстылығын көрсетеді. Қорытып айтқанда, Махамбет - шын мағынасында көркем
сөздің ұстасы.

                                          Ұлы   орыс 
халқының  атақты  революционер -

Қорытынды                 демократ сыншыларының  бірі Н.А.Добролюбов       

                                              әдебиеттің міндетін былай деп баяндайды: «Жалпы
алғанда, әдебиет - халық үшін күресетін құралдың бірі, оның міндеті үгітте, ал
оның шын бағасы қалай үгіттеумен дәріптеледі», - дейді.

            Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы
халық үшін қызмет істеуінде, еңбекші бұқараның 
мүддесін іске асыруында. Мұны  біз
жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін  талдаумен байланысты дәлелдеуге күш салдық.

            Махамбет, сөз жоқ, көтерілісші елдің
ақыны  болды. Ол ақсүйек, феодалдарға
қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын, мұңын жырлады. Оның үгіттік
лирикасына тақырып  болған да осы
халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай  дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те
ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық тілегімен қабысып жатқан  идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр, тек
қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен
де  дұшпанын найзадай түйреп, езілуші
халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның 
өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік,  өлеңдері 
үгіт рөлін атқарды. Бірақ Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға,
сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді.

            Махамбет поэзиясын біз марксизм-ленинизм
көзқарасымен бағалап, шын ғылыми түрде зерттеуіміз керек. Бірақ оның шығармаларынан
бүгінгі біздің көзқарас, біздің дүниетанушылықтарымызды талап етуге болмайды.
Өйткені Махамбеттің өмір сүрген заманы мен біздің қазіргі социалистік
заманымыздың арасында үлкен-үлкен айырмалар бар. Ол айырмалар өткен
мәдениеттегі  кемшіліктерді сынай отырып,
нағыз керегін ғана кәдемізге асыруды бізден талап етеді.

                                                               Махамбет өлеңінің, әсіресе көп таралған

        Махамбет                                    жері  - Батыс   
Қазақстан   облысының                                              

өлеңдерінің
жиналуы   бұрынғы  Бөкей  ордасы.
 Онан    басқа

            және                                        Орынбор,   Астрахань       айналасында,

басылуы
жайлы                                  Ақтөбе,   Қостанай,
                      Гурьев   

                                                                облыстарында да көп жайылған. Ал
Қазақстанның өзге  облыстарына Махамбет
өлеңдері басылғанға шейін еркін жете алмаған, тек 1925 жылы Махамбет өлеңдері
баспадан шыққаннан кейін Қазақстанға тегіс 
таралған болатын. Қазақ әдебиетінің атақты классигі Абай Құнанбайұлының
да Махамбет өлеңдерін білмеген себебі: Абайдың тірі кезінде ол өлкеге
жетпегендік болуы керек. Бірақ  Жетісуда 
туып-өскен атышулы  Жамбыл
Жабайұлы Махамбет өлеңдерін жақсы білген.

            Батыс Қазақстанда Махамбет өлеңдері
ауызша таралған,  бұл өлкедегі елдер
ақынның көзі тірісінде де, өлгеннен кейін де оның өлеңдерін тегіс білген де
және жаттап та алған. Махамбет өлеңдерін жатқа білетін адамдар Батыс Қазақстан
облысында осы күнге дейін бар.

            Ал Махамбет өлеңдерін жатқа білу
ақындарға парыз сияқты нәрсе болған. Махамбеттің өз заманындағы Шернияз, Қуан,
онан кейінгі - кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылман ақындар бұл
өлеңді жатқа біліп, елден елге  жайып,
атадан балаға қалдырып келген. Ұлы ақынның біздің заманымызға  жеткен өлеңдері сол Мұрат ақынның аузынан
Ығылман жаттап, Ығылмағаннан баспаға беру үшін жазып алынған. Ақындар Махамбет
өлеңдерін құр ғана жаттап қоймаған және оған еліктеген. Кейінгі ақындардың
шығармаларына Махамбет үлкен әсер еткен. 1868 жылы өлген кішкене Қобыланды
ақынның   «Шектімен айтысы» дейтін бір
өлеңі бар. Бұл өлең құрылыс жағынан да, образды 
пайдалану әдісі  жөнінен де
Махамбет өлеңдеріне қатты ұқсас. Ал Махамбеттің Мұрат ақынға  тигізген әсерін алсақ өзгешелеу, өйткені бұл
екеуінің әлеуметтік мәні, дүниеге көзқарасы 
екі түрлі болды.  Феодалдық  ру 
қоғамын өте  дәріптеген Мұратқа
Махамбеттің төңкерісшіл өлеңдері кейбір түр жағынан ғана ықпалын тигізген. Оның
«Шалгезі» мен «Үш Қиян» деген өлеңдері - Махамбетке түр жағынан еліктеумен
шығарылған өлеңдер. Ығылман Шөрекұлының «Исатай, Махамбет» деген үлкен поэмасы
да осы Махамбет өлеңдерінің күшті ықпалымен жазылған. Махамбет поэзиясының
әсерін біздің жас ақындарымыздың өлеңдерінен де табуға болады.

            Махамбеттің негізгі  өлеңдері бірінші рет 1925 жылы Ташкентте
басылды дедік. Екінші   рет басылуы  - Алматы, 1939 жылы.

            Махамбет өлеңдері бұрынғы баспаларына кірген өлеңдері
негізінде Гурьев облысының  маңында
сақталған. Сол өлкеде туып, өскен ақындардың аузынан алынған өлеңдер.
Махамбеттің негізгі  өлеңдерін ең
әуелі  жатқа білген қаратоқай Мұрат ақын
да, одан Ығылман Шөреков жаттап алып, 1925 жылы баспаға шыққан өлеңдер де, 1939
жылғы басылып шыққан өлеңдері де  осы
Ығылман ақыннан жазылынып алған.

            1939 жылғы баспасына бұрынғы баспасында
жоқ екі өлең кірді. «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны», «Бағаналы терек жарылса».
Бұл Батыс Қазақстан Таловка  ауданының
қазағы Мұрат Құсниұлынан жазылынып, екінші басылуына енгізілді. Осы соңғы
екі  өлеңі болмаса, басқа өлеңдері
түгелдей Гурев облысының ақындары сақтаған өлеңдер. Бірақ Махамбеттің туып,
өскен және Исатай екеуінің ханға қарсы езілуші қара шаруалардың  көтерілісін 
басқарып,  сол  көтерілістің  
жалынды   жыршысы  болып, 
халық  аузына  бірінші  
іліккенде,  даңқы  жер 
жарып,  ақындық   күшіне 
жұрттың  басын  идірген 
жері  де  Батыс 
Қазақстан,  бұрынғы  Орда 
ауданы. Әйтсе  де  Махамбет 
өлеңдерін  зерттеушілерге,  соңғы 
кезге  дейін,  Қазан  университетінің  профессоры 
Васильев  жинаған  бірен-саран 
өлеңі  болмаса,  еш 
мәлімет  түскен  емес. Профессор  Васильевтің 
Қазақ  ССР  Ғылым 
Академиясының  Тіл  және 
әдебиет  институтына  жіберген 
өлеңдері  де  Махамбеттің  
басылып  жүрген  өлеңдерінің 
кейбіреулерін  Батыс  Қазақстаннан    жазып 
алғаны  болмаса,  жаңалығы 
жоқ.

            Басқа   облыс,  басқа 
аудандарға  қарағанда,  оның 
туып-өскен  жерінде  Махамбеттің 
сөздерін  жатқа  білушілер 
көбірек  болуы  заңды 
да,  орынды  да. Расында 
да  солай  болып 
шықты.

            1938  жылы біз  Орда 
ауданында  болып,  бұрынғы 
хан  орданың  тұрған 
жері  Жасқұстан   бастап, 
Теректі, Баршақұм, Жаңақала, 
қысқасы,  Махамбеттің  туған 
жері  мен  өмір 
сүрген  жерлерін  және 
көтерілістің  болған  ізімен 
екі  айдан  аса 
ел  аралап,  көптеген 
материал  жинадық.

    Исатай,
Махамбет  жөніндегі  ел 
аузындағы  толып  жатқан 
аңыз, қызықты  ертегі,  әңгімелер 
өз  алдына,  Махамбет 
өлеңдерін  басынан  аяғына 
шейін  жатқа  білетіндердің 
көптігі  мәлім  болды. Олардың  бірқатары 
біз  барғанда  елде 
болмады,  бірқатары  басқа 
жаққа  көшіп  кеткен. Әйтсе де  он 
шақты  адамға  айтқызып, 
солардың  ішінен  үш- төрт 
адамның  аузынан  Махамбеттің 
бұрын  бізге  белгісіз 
өлеңдерін  жазып  алдық:

       «Әй,
Махамбет,  жолдасым», «Мінгені   Исатайдың 
Ақтабаны-ай», «Исатай  деген  ағам 
бар», «Арқаның  қызыл  изені», «Мен 
құстан  туған  құмаймын», «Белгілі  туған 
ер  едім», «Арғымақ  сені 
сақтадым», «Арғымақтың  баласы»,
«Қарағай  шаптым  шандоздан», «Адыра  қалған Нарынның», «Еңселігім  екі 
елі», «Атадан  туған  ардақты 
ер» - не  бары  төрт 
жүз  жол  өлең.

            Бұлардың 
бірқатары  Орда  ауданы 
Мешітқұм  деген  жердегі 
түйе  совхозында  тұратын 
Бекқазы  деген  шалдан, 
кейбіреулері  Орданың  өзінде 
тұрушы,  кеңсе  қызметкері 
Насибулла Жанекешовтен, 
негізгі  көпшілігі Батыс  Қазақстан 
Жаңақала  ауданы  20 
ауыл,  «Бірлік»  колхозының 
мүшесі  Қайролла  Төлеев 
деген  адамнан  жазылынып 
алынды. Махамбет  өлеңдерін  бұлардан 
басқа  да  білушілер болды. Бірақ  жаңалықтары 
аз, жоғары  үшеуінің  айтқандарынан 
өзгешелігі  жоқ. Сондықтан  сол 
үшеуінің  айтқандарынан  жазылынып 
алынған  өлеңдерді  жинаққа 
ұсындық.

            Махамбет 
өлеңдерін  жатқа  білушілердің 
ішінде  зерттеушілердің   көңілін 
аударарлық  айрықша  мәні 
бар  айтушылар -  Бекқазы 
мен  Қайролла  Төлеев. Бекқазы  85 
жастағы,  Қайролла  Төлеев 
- 70  жастағы  адамдар. Бұлардың  екеуі 
де  Махамбеттің  өлеңдерін  
жазбасынан  емес, бұрынғы  ел 
аузындағы  түрінде  жаттап 
алғандар. Осы  жағынан  алғанда, 
олардың  бізге  берген 
материалдарының  мәні ерекше. Өйткені  басылып 
жүрген  өлеңдердің  қолжазбалары 
болмағандықтан,  осы  өлеңдер 
Махамбеттің  өзінікі  ме, 
жоқ  па, өзінікі  болса, 
дұрыстығы  қандай  деген 
кейбір  күдіктер  де 
болуы  мүмкін  еді. Ал 
мына  жасынан  білетін 
айтушылардың  жадындағы  Махамбет 
өлеңдері мен  басылып  шыққандарын 
салыстырсақ,  жоғарғы   күдіктерге 
жол  қалмайды.

            Бұл 
айтушылардан  Махамбет  өлеңдерін 
жазғанымызда,  1925  жылғы 
баспасы  қолымызда  болды. Жыршыларға  айтқызып, 
өзіміз  кітаптан  қарап 
отырдық. Таңғаларлық  нәрсе  17 
жасынан  немесе  19 
жасынан  бері  білетін 
айтушылар мен  басылып  шыққан  
өлеңдердің  арасында  айырма 
мүлде  жоқтың  қасы. Мұрат, Ығылмандардың  айтуларынан 
түсіп  қалған,  сондықтан 
баспасына  енбеген  бірен-саран 
жол, бірлі-жарым  шумақ  болмаса, 
түгелдей баспасындағымен дәл келеді. Бұл жөнінде, ең  алдымен, 
Мұрат  пен  Ығылманға   үлкен 
алғыс  айтқандайсың. Ал  жоғарғы тізімі   берілген 
жаңа  өлеңдер  Мұрат 
пен  Ығылманға (Гурьев облысына)
ол  кезде 
жетпеген  не  халықты 
тікелей  күреске  шақырған 
алдыңғы  кездегі  күресшілдік 
сөздері  берік  сақталып, 
көтерілістің  соңғы  кездеріндегі 
елдің  ауыр  халі мен 
ақынның  өз  басындағы  
көңіл  күйін  суреттеген 
лирикалары  ұмытылған  болуы 
мүмкін. Көтерілістің  барлық  кезеңдерін 
суреттеген  өлеңдері  Гурьевтен 
де  гөрі  бұрынғы 
Бөкей  елінде  түгел 
және   берік  сақталуы 
да  бізге  заңды. Өйткені  барлық 
күрес  те,  көтеріліс 
те,  көтеріліс  әбден 
жеңілгеннен  кейінгі  ел 
басына  ойналған  шоқпар 
мен  сойыл  да 
Бөкей  қазақтарының  басында 
болды. Бөкей  елі  мен 
Гурьевті  салыстырғанда,  Гурьев 
қазақтары  басқаша  жағдайда  
еді,  «Киіз  кімдікі 
болса,  білек  сонікі» 
дегендей, бұрынғы  Бөкей  өлкесінде 
Махамбет   өлеңдерінің   әрі 
түгел,  әрі   ұзақ  
сақталуы  Махамбет  жыр 
еткен  ауыр  күн, 
ауыр  халдерді   өз 
бастарынан  тікелей  кешіргендігі 
деп  білуіміз  керек.

            Жоғарғы  
екі  жыршы:  Қайролла 
Төлеев   пен  Бекқазы  
қарттардың  Махамбет  сөздерін 
баспаға  шықпастан  40-50 
жыл  бұрын  білуі 
және  басылып  шыққан 
өлеңдер  мен  олардың  
білген  өлеңдері  дәлме 
дәл   келуі,  біз 
жазып  алған  өлеңдердің 
де    дұрыстығына,  шын 
Махамбеттікі  екендігіне  шектендірмейді.  Сонымен 
қатар бұл  жазылып  алынған 
өлеңдердің  шын  Махамбеттікі 
екендігіне  біз   тақырып 
жағынан  болсын,  идеялық 
мазмұны,  стилі,  өлеңнің 
құрылысы,  образ,  сөз  
қолданыстары   жағынан   болсын, 
өзімізше   даусыз,  талассыз 
деп  ойлаймыз.

            Жаңадан 
жазылып  алынған  өлеңдердің 
негізгі   мазмұны: хан-сұлтандар  мен  
қара   халықтың  күресі, 
сол  халық  көтерілісін 
басқарған  Исатай  мен 
оның  туының  астында 
болған  батыр   ұлдардың  
мезгілсіз   өлімін  қайғы 
етіп,  орындалмай  қалған 
ұлы   тілекті   арман 
ету,  қапыда   өткен 
өмірді,  әлі де  болса  
оптимистік  романтикалық  бағытта 
жыр  ету,  әлі де 
болса  күресті  аңсау.

            Бұл - Махамбеттің  жұртшылыққа 
мәлім,  басылып  шыққан 
өлеңдеріне  тән  тақырып, 
идеялық  мазмұн.  Ел 
тілегі,  күрес  идеясы - 
Махамбеттің  қай  өлеңінің  
болсын  негізгі  арқауы.

            Ақынның   жаңадан   табылып 
отырған  өлеңдері  оның 
бұрынғы  өлеңдерімен  жанр 
жағынан  да  үндес. 
Біз  жоғарыда,  Махамбет 
поэзиясына  тән  жанр 
саяси,  үгіттік   лирика 
дедік.  Бұл  жағынан 
да  бірін  екіншісінен 
айырып  болмайды.

            Әсіресе,  сөз   қолданыс, 
сөйлем  құрылыс  жақтары 
дәлме-дәл.  Кейбір   жолдары 
Махамбеттің  жұртқа  мәлім 
өлеңдерінің  екінші   түрдегі  
қайталамасы  екені  ап-айқын 
тұрады. Мысалы: «Ереулі  атқа   ер 
салмай»   деп  басталатын  
өлеңі - 19   жол,  бірақ 
бәрі - бір құрмалас сөйлем. Ең аяққы «Ерлердің ісі бітер ме?» деген
жолына шейін  ой бітпейді. Егер осыны
мағынасына қарап, екінші түрде құрсақ:

              Ереулі
атқа ер салмай,

            Ерлердің
ісі бітер ме?

            Егеулі
найза қолға алмай,

            Ерлердің
ісі бітер ме? -

 

деген тәрізді жай құрмалас болып шығады.

            Махамбет олай құрмаған, айтайын деген ойын
түйдектеп келіп,  аз сөзге көп ой
сиғызу  заңымен,  барлығын күрделі  бір құрмалас сөйлем еткен.

            Жаңа табылып отырған  өлеңдеріндегі кейбір  шумақтар  дәл  осы
«Ереулі атқа ер салмайдың»  түрінде
құрылады.  Тіпті осы өлеңнің  ұмытылған 
жолдары ма  дегендей ой келтіреді.

            Мысалы:

           

         Қақаулап
шақырмай,

            Қанды
көбік түкірмей,

        
.....................................

            Бұзбай
құлан пісірмей,

            Мұз
үстіне от жақпай,

тағы басқалар.

            Осы өлеңнің  кейбір жолдары  дәл сол мағынада, бірақ  басқа сөздермен, «Ереулі  атқа ер салмайдың» кейбір  жолдарын қайталайды.

 

            ...
Алғашқы алған арудың

            Ақша
бетін солдырмай,

            Ата
менен ананы, -

            Қайғыменен
қатырмай,

            Әлпешті
ұлың жат болмай,

            Шайған
жалғыз малтаның

            Сатқан
да суы ат болмай...

            Өлеңнің бұл жолдары «Ереулі атқа ер салмай» деген өлеңмен
тікелей байланысты. Мазмұн жағынан 
қайталау болғанмен,  сол мағынаны
басқа сөздермен  айтқандықтан және  басқа бір өлеңнің контексінде келіп,  өзінше жеке 
өлең құрап тұрғандықтан, сол жазып алған 
қалпында жіберіп отырмыз. Мұны сол «Ереулі  атқа ер салмайдың» екінші варианты деп
қарасақ, не сол өлеңнен  үзілген жолдар,
не сол сарынмен шығарылған десек те, түбі Махамбетке жатқандығы даусыз. Біздің
бұл жердегі   дәлелдемегіміз  тек осы ғана 
болғандықтан, басқа  жағын көпшілік  сынына қалдырғымыз келеді.

            Махамбетің  сөз образдары өзіне шейінгі  халық әдебиетінің, батырлар жырының үлгісінде  болып келсе де,  өзіне тән бір ерекшелігі:  әрбір образы әрі үздік, көркем,  әрі терең мазмұнды, логикасы күшті, көп
сөздері афоризмге негізделінген десек, Махамбеттің жаңа  өлеңдерінен де осыны көреміз.

            Біз, Махамбет өлеңдерін зерттеушілер,
соңғы табылған өлеңдердің «Әй, Махамбет, жолдасым»  дегеннен басқасын стилі, жанры,  тілі жағынан салыстыра тексергенде,
Махамбеттікі екендігіне шек келтірмейміз. Бірақ бұл біздің тек өз пікіріміз
ғана. Басқа зерттеушілер басқа пікір ұсынып, өзінше дәлелдесе,  нұр үстіне нұр.

            Біз жоғарыда «Әй, Махамбет, жолдасым»
деген  өлеңді бөлек қалдырдық. Оның
себебі: Махамбеттің  жаңа табылған  өлеңдерінің ішінде  бұл өлең түрі стилі жағынан  ерекшелеу тәрізді.

            Ең алдымен,  бұл 
«Әй, Махамбет, жолдасым» делініп, монолог түрінде беріледі. Мұндай
Махамбеттің  бір де өлеңі жоқ, Махамбет  әрдайым өлеңді  бірінші жақтан сөйлейді. Екінші:  өлеңде іс, әрекет, тілек, мақсаттарды,
қайғылы халде, әсіресе ішкі психологияны суреттеуге көбірек орын беріледі.
Психологияны суреттеу Махамбеттің басқа өлеңдеріне де жат емес, бірақ басындағы
хал қандай қиын, қандай қайғылы болса да, 
басқа өлеңдерінде сол ауыр жағдайды ол ерлік, төзімділікпен қарсы
алып,  оны өлеңмен сыртына шығарғанда зар
мен қайғыдан шыққан сөз емес,  ызалы
кекке суырылып шыққан сөз етеді.

            Міне, осы жағы бұл өлеңде  жетіңкіремейтін сықылды. Әйтсе де  өлеңнің қашан шығуы мүмкіндігін, мазмұнын
және ішіндегі Махамбетке  тән образ
сөздердің де барлығын еске алсақ,  бұл
өлең де Махамбеттің өзінікі ғой деп ойлаймыз. 
Оның мынадай себептері бар: бұл өлең Махамбеттің Исатай қолға түскен күнінен
кейін шығарылған.  Сондықтан әрі
досы,  әрі көтерілістің басшысы, ең жақын
адамының  ауыр қазасы  жанына қатты батқан  ақынның сөзінен мұң, зардың үні естілуі ғажап
нәрсе емес тәрізді, бұл бір. 
Екінші,  ел аузындағы әңгімеде
де,  кейбір тарихи мәліметте де Исатай
баласы Жақияны Махамбетке  өз аузынан
тапсырады. Үшінші, бұл  өлеңдерде
Махамбетке  тән ірі сөз, кесек образдар
бар. Олардың бірқатары басқаша контексте, Махамбеттің жұртқа мәлім  өлеңдерінде кездесіп отырады.

«Бұрала
бікен емендей,

Қисық
туған сорлы ағаң»...

«Арыстан
туған Исатай»...

«Ақ
жүрегім тербеліп,

Ақ
көңілім  желденіп.

Ақсүйектің
баласын

Қара
ұлына теңгеріп,

Қоңыраулы
найза өңгеріп,

Жетімдерге
жем бердім,

Жесірлерге
жер бердім...

«Көктей
өтіп Жайықты,

Бір
қасық ішкен қара су,

Жұмасына
ас қылдым»,

тағы басқалар.

            Ол келтірген деректерге қарап, бұл өлең де Махамбеттікі болуға
тиіс деп ойлаймыз.

            Исатай тарихшылардың 
айтуынша да,  ел аузындағы
әңгімелерде де,  осы өлеңнің ішінде де
өте бірбетті, өз айтқанынан  қайтпайтын
адам болған.

Қырық
бір жасқа келгенше,

Өз
дегенім болмаса,

Өзгенің
тілін алмаған, -

деген жолдар да 
жоғары мәліметтерді 
растайды.  Исатай  орданы қамауын  қамаса да, оны шабуға келгенде  қате жібереді. Мұндай қателер басқа жағдайда
да болғанға ұқсайды.

            Бірақ
 Махамбет Исатайды өзінің көсемі деп
біледі. Әрдайым оны бедел етіп ұстады. 
Оның қателіктерін іштей сезсе де, 
тірі кезінде сыртқа шығарып, жарқыншақ жасауға Махамбет барған жоқ,
көтерілістің тілек мақсатын  басқалардан гөрі  терең түсінген ақынға Исатайды зор
бедел,  көсем етіп ұстау - елдің бірлігін
сақтау, халықты соның маңына жиыстыру, көтеріліс үшін ең керекті мәселе еді.
Сондықтан оның қатесін сезе, біле тұрса да, оған әрдайым шәк келтірмей ұстады.

            1837 жылы аз кісімен Жайықтың бергі бетіне өтіп, Қаракөл,
Қарабаудағы елдерге келіп тұрақтағанда, бұл жақтағы елдерге Исатайды, өздерінің
Бөкей ордасында істеген істерін баяндап сөйлеген соңғы бір сөзінде Махамбет:

Исатай
деген ағам бар.

Ақ
кіреуке жағам бар,

Хан
ұлымен қас болып,

Қара
ұлына бас болып,

Хан
үстіне барғанда,

«Шабайық
ханды» дегенде,

Шапқандай
ханды амал бар,

Амал
барда, хан шаппай,

Құдай
қылды, не амал бар? -

деп, болған қателікті ақын жасырмаса да, Исатайды
арашалап алып, «Құдай қылды, не амал бар»? деп «тағдырға» жабады да:

Ат
туады байталдан,

Айт
десе лебіз қайтарман,

Халық
қайғысын айтуға

Хан
ұлынан тайсалман.

Төрт
-бес жылдай алысып,

Мына
отырған Иса-екем.

Ханның
бір тауын қайтарған.

Ат
туар ма шұбардай,

Ер
туар ма бұлардай,

Дулығалы
бас кесіп,

Дұшпанының
қанына

Ақ
алмасын суарды-ай! -

 

деп, оның ел үшін еткен ерлік істерін, халықтың жаулары
хан-сұлтандарға қарсы күресін асқақтата, 
көтере жырлайды. Исатайдың аты мен даңқына қанық болса да,  бірінші рет көріп  отырған Жайықтың бергі бетіндегі елдерге
осылай таныстырады. Өздері ел жиып хан-сұлтандарға халықта қайта көтереміз
деген ниетпен   келген ат төбеліндей аз
кісі біреуді бедел етіп ұстап, соның туының астына халықты қоғамдастырмаса
болмайтыны өзінен өзі мәлім. Қанша қателесті десе де Исатайдан беделді ешкім
жоқ. Сондықтан оның «Жаманын жасыра, жақсысын асыра» сөйлеуі Махамбетке дұрыс та,
керек те еді.

            «Әй, Махамбет, жолдасым!» деген өлең
Исатай өлгесін шығарылған болуы керек дедік. Мұнда да жоғарғы өлеңдегі  кейбір пікірлер қайталанып, кеңейтіліп,
толықтандырылады. Ақын көтерілістің жеңіліс табуындағы бір себебінің  өзінше бетін ашпақшы болады. Ол Исатайдың хан
орданы  қамағандағы кеңесін алмауы,
алдануы деп, осыларды жұқалап көрсетпекші болады.  Тіріде өзін сыйласа,  өлгенде батырдың  аруағын сыйлап, ол қателіктердің сыншысын
да,  төрешісін де  батырдың өзі етіп, өзіне сөйлетіп,  өзінің айтайын деген ой, пікірін Исатайдың
монологі  арқылы беруі де осы пікірден
тууы мүмкін. Және бұл, яғни, монолог арқылы беру,  өлеңнің характерін  өзгертетіні сөзсіз. Қай кезде болсын ақын
ойын монолог  арқылы беремін дегенде,
сөйлеуші өзі емес, сондықтан «сөз де өзінікі емес», қаһармандікі.  Соның сезімін,  оның сөз, 
сөйлем құрылысын бұлжытпай беру жалпы заң десек, «Әй, Махамбет,
жолдасым!» атты Махамбеттің өлеңінің 
басқа өлеңдерінен бізге ерекше көрінуі бұл өлеңнің осы  монолог түрінде құрылуы да себеп болуы
мүмкін. Өйткені  бұл басқаның аузынан
берілетін монолог түрінде  жырланатын
Махамбетке жалғыз-ақ өлең.

            Сөйтіп, өлеңнің шығарылуының  өзі өте ауыр жағдай, Исатайдың өлімімен  байланысты болуы, сондықтан  кейбір жерлерінде қайғының әлсіз үні естілуі
заңды екенін, Жақияны тапсыруы тәрізді мазмұны, ойын монолог  арқылы берудің  өлеңге екінші түс, басқаша үн беретіндігі,
басқа өлеңдермен  сөз, образ  бірліктерін еске алып, жинақтай келгенде,  бұл өлең де Махамбеттікі деумізге күдік  қалдырмайтынға ұқсайды.

            Махамбеттің жаңа өлеңдерінің,  жалпы Махамбет еңбектерін   терең түсінуіміз үшін мәні зор. Жоғарыдағы
«Исатай деген ағам бар» деген жаңа өлеңі Исатай,  Махамбеттің Бөкей ордасынан  қашып шығып, 1837 жылы Жайықтың  бергі бетіне 
өткен кезіндегі олардың ісі, әрекет, үгіт-насихат  жұмыстарынан 
ақпар берсе, «Әй, Махамбет, жолдасым» атты монолог батырдың  көтеріліс кезінде  жіберген кейбір  қателіктерін өздері де сезіп,  ұғынғандықтарын аңғартады.  Махамбеттің 
жаңа өлеңдерінің ішінде, әсіресе ерекше орын алатын өлең «Әй, Махамбет,
жолдасым!» деуге болады. Бұл өлеңнің, ең алдымен,  құндылығы тарихи мәліметтермен көп жерлері
дәл келіп отырады. Бұл өлеңнің негізінде 
тарихи  шын болған  оқиға жатқандығына, Махамбет өлеңдері
шаруалар көтерілісінің  шындық сәулесі
екендігіне «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты бұл қысқа өлеңнің  өзі-ақ дәлел бола алады.

            Өлеңнің бір жерінде:

 

            Ауыр
әскер қол ертіп,

            Жасқұсқа
барып кіргенде,   

            Арыстандай
ақырған,

            Айбатыма
шыдамай,

            Хан
баласы жылады-ай,

            «Жанымды
қи» деп сұрады-ай, -

десе,  тарихи
мәліметте бұл жағдайды подполковник Гекке өзінің Перовскийге 1837 жылы 5
ноябрьде жазған хатында  былай баяндайды:
«Хан ордасына аман-есен келдім. Исатай өзіне ерген жасағымен Ордаға 8 километр жерде.  Исатайларды «Әне келіп қалды, міне келіп
қалды» деп күткен Орда маңындағылардың 
мүлде үрейі ұшуда көрінеді.  Ат
төбеліндей топты менің келуім  сергіткендей  болды. Әскерсіз өзім ғана келіп, оларға
тигізерлік көмегім жоқ болса да,  хан сол
мен келген үшін де қатты қуанды»,1 - дейді.

            Өлеңнің екінші жерінде:

Ақкөңіл
аңқау жүрекпен

Беремін,
- деп мен тұрдым.

Көк
бедеуді бауырлап,

Шабамын
деп сен тұрдың,

Исатай
басшы білсін деп,

Ауыр
әскер қол тұрды.

.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қанша
айтсаң да болмадым,

Сөзіңе
құлақ салмадым.

.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

________________

1  Рязанов «Исатай Тайманов
көтерілісі», 60-бет.

Хан
сөзіне сенгенім,

Он
бір күн сүрек бергенім,

Әскерімді
таратып,

Бекетай
құмға келгенім.     

            Осы
келтірілген бірнеше  жол өлеңдердің  тарихи мәліметтерге дұрыстық жағын  іздестірсек, таңғалдырғандай дәлдіктерін
көреміз.  Осы мақаланың бас жағында:
«Көтерілістің  жаны болған Махамбет
Өтемісұлын», «Исатайды қарулы күреске үндеп, бірнеше  деп жетектеуші де сол болды» деп А.Ф.Рязановтан  келтірген үзінділермен қатар, сол хан Орданы
қамап жатқанда,  Махамбеттің ханмен  сөйлесті үзуі керек,  хан-сұлтандар алдап жүр,  оған сенудің аяғы өлім деген пікірде болғандығын
айқындайтын да тарихи мәлімет бар. Хан мен Геккенің әскеріне тұтқынға  түскен бір адам былай  деп жауап беріпті: «Мен  Сарт Еділұлына Шыңғали Орманов сұлтанға
өзің  барып, кешірім сұра дедім, ол
көнгендей болып еді, бірақ Махамбет Өтемісұлы: «Өлгің келсе, соны жаса», - деп
керісінше кеңес берді. Сонан кейін Сарт айнып қалды»,1 - дейді.

            «Хан сөзіне сенгенім, он бір күн сүрек
бергенім» деп батырдың өзі айтса, Рязанов ол туралы былай деп жазады:

            «Хан ставкасына қарсы батырдың ешбір қатты
қимыл көрсетпеуі былай тұрсын, барлық мүмкіншілік өз қолында тұрып, ол хан
орданың  басқалармен байланыс жасамауы
үшін де  түк шаралар қолданбады»2.
Екі жұмадай ханның  жауабын күтті;
ал  хан мен Гекке Астрахань, Орынборға
қағаздар жазып, әскер келгенше, сөйлес жазып, уақыт өту үшін бұлаңқұйрыққа
салды дегенді айтады тарихшы Рязанов. «Әй, Махамбет, жолдасымдағы» «Әскерімді
таратып, Бекетай құмға келгенім» деген сөзі де 
тарихи материалға дәл.

            Хан орданы қамап жатқанда, Исатай өзінің  соңына ерген үш мың жарым қолдың бәрін ұстап
тұра алмай, хан сөзінен шықпаса, қайтадан шабуыл жасау, соғысу керек болса,
қолдың  жиналмақ жері Бекетай құмы
болады.  Кейін өздері хан ордадан
шегінгенде Бекетай  құмына барып біраз
тұрақтап, жасақты жинап алады, Бекетайдан Тастөбеге қарай кетерде қуғыншылардың
сол ізбен жүретіндігін сезіп, ол 
жерлерді өртеп кетеді.

            «Бекетай құмынан көшерінде Исатай бұл жердегі пішендердің бәрін
өртеп кетті»3, -  дейді
Рязанов.

          Міне,
осы келтірілген аз-маз салыстырулардың өзі де тарихпен  байланыстыра отырып, Махамбет өлеңдерін  бұрынғыдан да гөрі  тереңірек зерттеп, тереңірек түсінуде  жаңа өлеңдерінің  біз үшін мәні

____________

1  Рязанов «Исатай Тайманов
көтерілісі»,73-бет.

 2  Бұл да сонда, 68-бет.

3 Бұл да сонда, 71-бет

үлкен, аса құнды мәлімет деп білеміз.

            1938  жылы 
жиналған Махамбет  өлеңдері
«Махамбет»     және

«Махамбет Утемисов» атты жинақтарға толық енгізіліп,
Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы 1948 жылы қазақша, орысша екі тілде басып
шығарды.  Осыдан кейін, 1951 жылы Қазақ
Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасы шығарды.

            Сөйтіп, 1925 жылғы бірінші рет жеке жинақ
болып шыққан күннен санағанда, Махамбет өлеңдерінің бұл - бесінші рет басылуы.

         Бұрынғы
жинақтар мен бұл жинақты  салыстырғанда,
екі  түрлі айырмашылық бар: Махамбет өлеңдерінің  ең толық жинағы саналатын, Қазақ ССР Ғылым
Академиясының Тіл және әдебиет институты 1948 жылы бастырып шығарған жинаққа
1954 жылдың  бер жағында жаңадан табылған
бірнеше  өлеңі қосылып отыр.

         1954 жыл
мен 1957 жылдардың арасында Қазақ ССР Ғылым Академиясының  Тіл және әдебиет институты мен «Қазақ
әдебиеті» газетінің редакциясы Махамбет Өтемісовтың өлеңдерін жинауда  бірқатар игілікті жұмыстар жүргізді:
экспедиция ұйымдастыру,  газетке
мақалалар жазып,  ақынның өлеңдерін жатқа
білетіндердің  абайын аудару,  олардың кейбіреулерімен хат арқылы  байланыстар 
жасау т.б. Міне, осы жұмыстардың нәтижесінде ұлы ақынның  тағы да бірнеше жаңа өлеңі  табылып отыр.

            Бұл жаңа өлеңдерді жинаушылар:  қазақ ауыз әдебиетін  көп білетін және  оны жинауда көп еңбек сіңірген, бұрынғы Бөкей
ордасының азаматы Мұрат Құсниұлы, Пушкин атындағы Орал пед. институтының  аға оқытушысы, филология ғылымдарының
кандидаты Мәтжан  Тілеужанов; «Қазақ
әдебиеті» газетінің  қызметкері, жас ақын
және жас  әдебиетшілеріміздің бірі
Берқайыр Аманшин;  бұрынғы Орда ауданы (қазіргі
Жәнібек) 10 жылдық мектебінің  қарт
мұғалімі Ғұмар Зарипов жолдастар.

            Соңғы
жылдары жиналған  өлеңдердің жалпы саны -
15 өлең.  Солардың ішінен таңдап алып,
осы жинаққа 9 өлең енгізіп отырмыз: «Исатай хан 
ордасынан кеткеннен кейін Махамбеттің ханға айтқаны», «Махамбеттің өзі
ордадан кетерде ханға айтқаны», «Еліммен қоштасу», «Жабығу» (Исатай атынан
сөйлеген сөз жинаушы: Тілеужанов); «Әй, Шонты би!», «Мен Нарыннан кеткенмін»
(Аманшин); «Құлжа қуған тегешік», «Желден де желгір ақбөкен»,     «Қылыштай қиғыр алмас ем» (Зарипов).

            Тілеужанов жолдас бұл өлеңдерді 1954 жылы
Батыс Қазақстан облысының «Қаратөбе ауданында 
тұратын Қалиев Қази және  Жаңақала
ауданын мекендейтін  Бірәлиев Дәулет тағы
солар сықылды қарттардың аузынан жазып алған да, 1955 ж. 1 июльде «Қазақ
әдебиеті» газетіне бастырған. Бір кемшілік, 
жинаушы өзінің жазған 
дәйектемесінде,  қай өлеңді кім
берді, ол жағын дәл көрсетпейді.

        
Аманшин Берқайыр жолдас  бастырған
екі өлеңді Батыс Қазақстан бұрынғы Орда 
ауданының  азаматы Тайыр  Құланғалиев деген ақсақалдың аузынан жазып
алып, 1956 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 22 апрельдегі 16-санына бастырды.

            Зарипов Ғұмар жолдас Махамбеттің: «Құлжа қуған текешек», «Желден
де желгір ақбөкен», «Қылыштай қиғыр алмас ем» деген өлеңдерін бұрынғы Орда  ауданына қарасты Карл Маркс атындағы
колхоздың  мүшесі 65 жастағы  Шатаев Қадыр 
деген азаматтан жазып алдым дейді. (Бұл өлеңдер «Қазақ әдебиеті»
газетінің 1957 ж. 5 апрельдегі номеріне 
басылды.)

            Біз жоғарыда, Махамбеттің  соңғы жылдарда табылған өлеңдері 10-15 болса да,
іштерінен таңдалынып, 9-ақ өлең жаңа жинаққа кіргізілді дедік.

            Ол кездейсоқ емес. Махамбеттің өзіне
тән  ерекшеліктері бар.  Ол сөйлем құрылысында, сөз орамында, образ
қолданыстары және тілінде. Солардың жиынтығы келіп Махамбеттің стилін, тек
соған ғана қас  ерекшеліктерін
туғызады.  Махамбет өлеңдерімен  жақсы таныс адамға, бұрын белгісіз өлеңдері
кездессе, айтпай-ақ, мынау  Махамбеттікі
деп тани кетеді.  Сонымен қатар Махамбет
өлеңдері белгілі  бір тарихи жағдайға,  жер аты,  адам аты тағы басқа да өзін танытарлық
деректерге байланысты  болады. Міне,
осындай себептермен Махамбет өлеңдерін жинаушылар да, сонікі деп айтып берушілер
де, негізінде,  дұрыс танып, дұрыс
жинаған.  Бұл жинаққа қосылып отырған
жаңа  өлеңдердің Махамбеттікі екендігіне
оның өлеңін зерттеушілер шәк келтірмейді. Мазмұны да, құрылысы да, сөз
образдары да Махамбет стиліне дәл. Ал аз-маз да болса күдік келтірерлік не оның
оқушыларға мәлім кейбір өлеңдерінің әлсіздеу сыңары тәрізді жаңа  өлеңдерді жинаққа енгізбей тұра тұруды мақұл
көрдік. Олар әлі зерттеуді, салыстыруды, ақынның басқа  өлеңдерінде қолданылатын сөз образдарына дәл
келмеушіліктерінің себептерін  айқындауды
керек етеді. Сондықтан біз  ондай
өлеңдерді  жинаққа енгізгеніміз жоқ.

            Бұл жинақтың бұрынғы  басылып келген  жинақтардан екінші айырмасы, ақынның
өмірбаяны, творчествосына  берілетін
талдаулар негізінен қайта жазылып, көптеген жаңа фактілермен толықтырылып,
кейбір әдеби мәселелерді зерттеу ісін тереңдете түсуге тырыстық. Бірақ Махамбетпен
 шұғылданушылардың  соңғы сөзі емес.  Соңғы жылдарда табылып отырған тарихи
деректер мен оның жаңа өлеңдері, әдебиет институты мен газеттеріміздің  ел аузындағы Махамбет өлеңдерін әлі  де жинай түсуді, архив материалдарын әлі де
қараңқырай  түсуді керек етеді.