ВЕРНУТЬСЯ

                                           Алмажан   Азаматқызы  
Батыс   Қазақстан

 «Жетім қыз»                    Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін
құмында

   поэмасы  
                     1823 жылы туған. Қай жылы өлгені жөнінде  

                                            мәлімет   жоқ. 
Әкесі     Азамат        1836-37

жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне
қатысып,  сол көтерілісте қаза тапқан.
Азаматтан Алмажан деген қыз (Алмаш ), Төрежан деген ұл қалады.

            Алмажан жасынан ақын қыз атанып,  өз жанынан өлең  шығаратын болады.  Ол жөнінде бұрынғы Бөкей ордасының қазақтары
арасында әр алуан аңыздар бар. Кейбір аңыздар ертегіге айналғанға ұқсайды. «Өлең
дарыған», «Түсінде Ерпалуан әулие аян беріп, толға» депті. Ертеңіне-ақ сөйлеп
қоя беріпті т.б. Қысқасы, ол қандай тақырыпта 
болсын мейлінше  тез шығарып айта
алатын, қабілеті күшті болған.

            Алмажаның шығарған өлең-жырлары  көп болса да, оның өз атын сақтап, біздің
дәуірімізге жеткен шығармасы - «Жетім қыз» атты поэма.   

            Поэма Алмажанның  өз
атынан  сөйленеді. Шешесі бұрын өліп, бір
қыз, бір бала әкесінің   тәрбиесінде
қалады. Әкесі көтеріліске қатысып, қайтыс болғаннан кейін, мал-мүліктің  иесі қыз бен жас бала  болады.

            Нарын құмындағы  елді
билеген  тоғыз би  Алмажанның 
мал-мүлкіне көз тігеді.  Қайратты
ақын қыз бұған қарсылық білдіріп, ханға арыз айту үшін жас інісінің қолынан
жетелеп, Нарыннан ханның ордасына 
Жасқұсқа  жол тартады. Қыз
кетерінде Азаматтың  шал әкесіне  келіп, билерден   көрген 
жәбірін жыр етеді.  Тоғыз биден
қорқып,  бір адам да  қыз бен балаға ере алмайды.

            Бұрын алыс  жолға шығып
көрмеген  қыз бен жас бала адасып, көп мехнат
шегеді. Сөйтіп жүріп хан  қорығына  тура келеді. 
Оған ханның  ұлықсатынсыз  ешкімнің кіруіне болмайтынын, өз бетімен
барушылар болса жазаланатынын еститін қыз бір пәледен екінші пәлеге жолықтым
деп ойлайды.  Қалың жынысты хан
қорығы  құмдардан гөрі де қиынырақ
соғады. Өстіп, қатты сасып тұрғанда, 
оларға  Сағитжан деген әкесінің
ескі досы кездеседі.  Қыз танып, өзінің
хал-жайын түсіндіріп, хан ордасына апарып салуын сұрайды.  Сағитжан қыз бен баланың  мүшкіл халін көріп, қолынан келген көмегін
көрсетеді. Екеуін ханның ордасына алып барады. 
Хан ордасына келгесін де, Алмажанның ісі оңына келмейді. Мұндағы билер де
Нарындағы  тоғыз биден олқы
соқпайды.  Арыз айту үшін алыстан
арып-ашып келген  қызды тәлкекке салып,
ханға жібермейді. Алмажан олардың да жауыздық ойларын әшкерелейді. Поэманың қысқаша
сюжеті осылай аяқталады.

            Алмажан (Алмаш) Азаматқызы әдебиет тарихына биыл ғана
енгізіліп, оның шығармалары енді ғана зерттелгелі отыр. Оның өлеңдерінен қолда
бары - жоғарыдағы сюжетімен таныстырып өткен «Жетім қыз» поэмасы. Басқа
өлеңдері әлі қолға түскен жоқ. Осы бір поэмасымен де оны әдебиет тарихына
енгізу төрт түрлі себеппен орынды тәрізді. 
   

Бірінші, қазақ халқының тарихында  даңқы жер жарған талай ақын қыздардың
болғанын оқушылар жұршылығы жақсы біледі. 
Сара, Жантолы,  Рысжан, Жібек, Табия
т.б.  Бұлардың ақындық, шешендігі халыққа
мәлім.   Топтан торай шалдырмаған  санлақтармен айтыста талайын сүріндіріп
кеткендері де аз емес.  Бірақ  сол ақын қыздардың аттары тек айтыс өлеңдерде
ғана кездеседі. Ал әлеуметтік мәні бар, жеке тақырыптарға  шығарған не лирикалық, не эпикалық жанрда   өз аттарынан сақталып қалған өлеңдері
жоқ.  Алмажан - қазақ әдебиеті тарихында
өз кезіндегі  ел өмірімен байланысты өте
бір керекті мәселені қамтыған  бірінші
қазақ қызы.  Жасы жас болса да, оның
«Жетім қыз» атты поэманың  авторы болуы
және сол  авторлығы  халық ойында 
сақталып,  біздің дәуірімізге
жетуі, оны әдебиет тарихына енгізудің керектігін талап етеді.

            Екінші, Алмажан поэмасы Исатай, Махамбет  бастаған шаруалар көтерілісімен тікелей
байланысты.  Көтерілістің алғашқы
жеңілген кезіндегі бір эпизодын және сол жеңілудің халықты қандай дәрежеде
күйзелткенін, сонымен қатар хан, сұлтан, билер көтеріліске  қатысушыларды қалай жәбірлегендігін
көрсетеді. «Жетім қыз» поэмасы Махамбет өлеңдеріндегі суреттелетін өмір  шындығын растай, дәлелдей түседі.

            Үшінші, біз XIX ғасырдың бірінші  жартысындағы әдебиетімізде екі түрлі әдеби
бағыт болды десек,  оны бір адам ғана
жасаған жоқ.  Әдебиет тарихында   белгілі бір 
әдеби бағыт болса, сол бағытты бастаушы, негізін салушысы болуымен
қатар,  оның өзінен басқа да сол үлгіде
өлең шығарушылар болуы керек. Идеялық бағытты 
көздеген мақсат,  көркемдік ерекшеліктері,
тілі бір-бірімен сабақтас бірнеше ақындардың болуы ғана әдебиет бағытын не
әдеби стильді туғызатындығы белгілі қағида. 
Егер сол дәуірдегі әдеби бағыттың басы, негізін қалаушы Махамбет десек,
Алмажанды сол бағытқа  тек үн қосушы ғана
емес, үлес те қосушы ақын деуге болады.

            Төртінші, оның поэмасы көлемі шағын болса да,  өз кезіндегі тарихи, әлеуметтік  жағдайлармен байланысты туып және соны шебер
суреттейтін, шын мәніндегі көркем поэманың сапына қосылады.  Міне, осы жайттардың жиынтығы келіп, басқа
ақындармен қатар, Алмажанның да әдебиет тарихына енгізілуі керек екендігін
мойындатады.

            Енді «Жетім қыз» поэмасының өзіне тоқталсақ.

            Біз жоғарыда поэма автордың 
өз атынан баяндалады дедік. 
Бірақ  ол түгелдей жалаң
баяндаудан құрылмайды. Айтайын деген ойына, көрсетейін деген өмір құбылысына
сәйкес,  суреттеулердің әр алуан  түрлері де жиі ұшырайды.

            Поэма - нақтылы өмір шындығы. Алмажан өзінің билерден көрген
зорлық,  зомбылығын,  басынан кешірген ауыр халін, күйінішін,
сондай қиын-қыстауда басқалардың өзіне 
көзқарасын өз қалпында  әдемілеп
айтып береді. Тарихи жағдай, әр алуан өмір 
құбылысына терең бойлап, кеңінен шолып,  
қорытуды Алмаш  мақсат етіп
қоймайды.  Одан оны  талап ету де артық болар еді.  Ол өзінің көргенін, сезгенін ғана
суреттеген.  Соның өзінен де  кезінің шындығы айқын көрінеді.

         Ең алдымен, 1837  жылы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс
жеңіліске ұшырағаннан кейін, ханның 
бұйрығы бойынша, көтеріліске қатысушылардың өздерін ұстап, Орынбор,
Сібірге айдату, мал-мүлкін конфескелеу шарасы қолданылады.  Жергілікті жерлерде мұны орындаушылар ханның
сенімді билері еді.   Олар хан бұйрығын
орындаумен қатар,  бас пайдаларын да  ұмытқан жоқ. 
Бұйрықты бетке ұстап, өз қалта, өз құлқындарын да қоса қамтыды.
Нарындағы тоғыз би туралы:

 

Бар сенгенім тоғыз
би,

Өзіме қарай тап
берді.

Қорғауға қара
таппадым,

Шағынайын енді
кімдерге?

Атамнан қалған
малды алдың,

Мойыныма қой кінәмді,

Жазығым не, билер,
сіздерге?»...

Атаға нәлет тоғыз
би,

Адастырды-ау
жөнімнен.

Адастырған емей
немене

Зорлық етіп
айырдың,

Ата бір қоныс
жерімнен

Сөйлесе билер сөз
қалмас,

Алмаш сынды
«көрімнен».

Екі бірдей
жетімді,

Жайсыз жерде
жылатып,

Қорқыныш жоқ,
тоғыз би,

Нәубетті кезек
өлімнен.

... Атамнан қалған
малды алдың,

Ең болмаса, тоғыз
би,

Шыдамадың
қырқына-ай!» -

дейді.

            Нарындағы тоғыз би 
Азаматтың малын ғана алып 
қоймайды,  сонымен қатар оған
рухани, моральдық та жәбірлер көрсетеді. 
Әуелі алдап, арбап қармағына түсірмекші болады.  Інісін құл, өзін күң етіп, тоқалдыққа алуды
ойлайды. Билердің бұл жаман ойларын түсінген қайратты қыз айтқандарына
көнбегесін, зорлауға көшеді.

            Атасымен қоштасар жерде айтқан сөзінде:

                                  

Атаңа нәлет тоғыз
би,

Қызылы сөнбей
сәуленің,

Жетімге келіп қол
салып

Дұшпанға
қойды  табаға.

Билерден қорлық
көргенсін,

Шыдамай кетіп
барамын

Төрежан сынды
балаға...

Қызымен жасты
Алмашты

«Аламын » деп тап
берді,

Нарындағы тоғыз залымда

Ойласам, ата, дін
бар ма? -

 

дейді.

            Поэманың бас қаһарманы - Алмаштың өзі. Атасына, әкесінің  ескі досы 
Сағитжан ноғайға және ордадағы ханның билеріне  айтқан оның 
сөздерінен қыздың басына түскен ауыр хал де, өзінің ақыл-қайраты
да,  билерге деген өшпенділігі де,
ой-санасының сәбилігі, нанғыштығы да 
жақсы көрінеді.

            Алмажан жас. Өмір тартысының көп жақтары  оған әлі түсініксіз. Сондықтан ол әлі де
болса, ханда әділдік бар деп сенеді.  «Жауыздықты
жасаушы билердің өзі, оған ханның қатысы 
жоқ. Ханға барсам, ісім жөнделеді», - деп ұғады.  Шындығында, бұл тәрізді іс-әрекеттің түп-тамыры
сол ханның өзінде жатқандығына оның көзі жетпейді.

            Сөздеріне қарағанда, Алмажан 
албырт, ержүрек қыздың бейнесін елестетеді. Тоғыз бидің қаһарынан қорқып,
басқалар оның маңына жолауға жарамай, 
өзіне өзге сүйенері де, сенері де жоқ қыз тоғыз биге қарсы күреске
шығады. Алыс жол, сусыз  шөл  не қиындықтар алдында тұрса да, ол кешегі
Азамат ердің  қызы болғандықтан, намысын
аяққа бастыруды өзіне ар біледі. Оның жас інісіне айтқан сөздерінен бұл
жайттардың  бәрі толық  аңғарылады.

 

Толықсыған көңілім

Басылмайды,
қарағым,

Тоғыз биден кек
алмай.

Атаңа нәлет тоғыз
би,

Қаңғыртып бізді
жіберді-ау,

Дүние-малды көре
алмай.

Билерден қорлық
көрген соң,

Келемін іздеп
Жәңгірді,

Жата алмадым
үйімде

Ел, жұртымнан
ұялмай, -

 

дейді.

         Жол мен шөл  қиыншылығына шыдай алмай, зарыққан інісін
жұбатқанда  да әкесінің атына кір
келтірмеуді  бедел тұтады.

 

Тар жерде жылау
лайық па,

Азамат ердің
баласы,

Төрежан деген басыңа!»
-

 

дейді.

            Алмажанның әкесі қатардағы 
жай адам ғана емес,  санаулы
ерлердің бірі екендігін  Алмажанның
Сағитжан ноғаймен сөйлескен сөзінен де көруге болады.

 

Кешегі кеткен әке
екем,

Ерлігін оның
сұрасаң,

Ер Әліден кем
емес,

Өз дегені болмаса.

Пенденің тілін
алмаған.

Ақылы артық
арыстан

Озып еді байтақтан

Үзілсе арқау
жалғаған, -

 дейді.

            «Жетім қыз»  поэмасында өмір  шындығының ерекше  көзге түсетін бір эпизоды Алмажанның хан
ордасына барып, ондағы билермен кездесуі деуге болады. Жауыздық, ордадан алыс
жатқан  Нарында ғана емес, ханның өз
айналасында екенін Алмажан бірден ұғынады. 
Ханға шағымын айтып, тоғыз биден теңдік аламын деп келген қызға
зұлымдықтың ең күшті түрі осы хан орданың 
маңында екендігі анықталады. 
Алмажан орданың  маңындағы билерге
айтқан сөзінде:

 

Елім бір көшті
талдауға,

Талдаудың түбін
барлауға.

Сұрамай жөнімді
ұстадың,

Екі бірдей жас
жетім.

Көрінді ме оп-оңай,

Билерім, сізге
алдауға.

Алыстан іздеп
келгенде,

Сендерден қорлық
көргенім.

Нарындағы тоғыз
залымнан

Құтылдым деген сұм
басым,

Қайтадан түстім
байлауға.

Ай жалыны айда
екен,

Күн жалыны күнде
екен,

Орданың басшы
билері,

Қас-қасқырлар
мында екен.

Арызға  келген жетімді

Жібермей жолдан
тоқтату

Билерім, сізге жөн
бе екен?

Нарындағы тоғыз
залымнан

Құтылдым деген сұм
басым,

Онан да зорлар
мұнда екен... -

дейді.

            Не деген тамаша айтылған сөз! 
Хан маңындағы билердің  сыртқы
портреттері берілмесе де, олардың ішкі портреттері көз алдыңда тұрмай ма?
Құлқынның құлы - құзғын, адамдық арын аяққа басқан, аяушылық сезімі  сөнген топас, қаярлық қанына сіңіп,
жауыздықты жолдас еткен хан маңындағы не 
сұм-сұрқиялардың психологиясын сезінгендей болмайсың ба?

            Басқа ақындармен
салыстырғанда, Алмажанның өзіне тән бір ерекшелігі -  поэмада суреттелген өмір құбылыстарының  табиғилығы.

            Ержеткен ақындар
өмірдің әр алуан жақтарына сарқыла қарап, өмір шындығын ой-сезім түйсігіне
қандырып барып, ой елегінен өткізіп, көзге елестетсе,  Алмажан поэмасы жетім қыз, жетім баламен еріп
жүрген сол кездегі шындықтың бір бөлшегі тәрізді.  Поэманың идеялық құндылығы да осында.

             Поэманың мазмұнына түрі сай.  Ең алдымен, бұл лирико-психологиялық  поэмалардың бір түріне жатады.  Автордың ой-өрісіне қарай, айналасындағы өмір
құбылысына өзінің қарым-қатынасы, көзқарасын көрсете отырып және  оны өз басындағы қайғылы халдермен  тығыз байланыстырып,  өзінің күйініштерін қоса жырлауы - лирикалық
элементтер де, кейбір бөлімдеріндегі қайғылы жан, баяу көңілдің лебі ескендей
әсер етушіліктер - поэмадағы  психологиялық
моменттер.

 

Қанаттасым
жалғызым,

Тар жерде жылап жасыма...

Жылағаның
қоймасаң,

Кешегі кеткен әке
екең,

Балапан болып
жүзбей ме,

Көзіңнен аққан
жасыңа?

Көзіңнен аққан
қанды жас

Араласып у болды

Ішейін деген
асыма.

Құлан бір түзде,
қу көлде,

Көңіліңді бұзып,
қамығып,

Жылай да берме,
шырағым,

Алмажан сынды апа
екең,

Құрбандық болсын
басыңа!

           

Тек бұл ғана емес, 
осы тәрізді өз басындағы күйініш, психологиялық сезім дүниесін тамаша
шебер түрде  суреттейтін эпизодтар
поэмада жиі ұшырайды.

            Поэма тіл жағынан да
құнды. Алмажанның  тіл байлығы, қолданған
сөз образдарының сонылығы, өмір шындығына дәл келушілігі және суреттеу құралы
есебінде қолданылатын  сөздіктерінің
әйел-қыз  ақындарға ғана тән болып
келушілігі, жас та болса,  оның күшті
ақын екендігін дәлелдейді.

                                  

Қараша құс
мекендер

Қарағай, қайың тал
басын.

Киік, құлан
мекендер

Асқар таудың жал
басын.

 

Осы үзіндідегі 
сөздерді өмір шындығына  дәлдігі
жағынан алсақ,  мына сөзі теріс қолданған
екен деп таласу қиын. Егер бұл жерде құс пен аңдардың өміріне  дәл шындықты ғана көрсетсе, төмендегі
үзіндіде ақын дәл осы тәрізді сөздерді қолдана отырып,  басқаша мақсат қояды.

 

Қаршыға құстың
баласы

Ұшады заулап
алысқа,

Қонады зәулім көз
жетпес,

Бәйтерек басы
шалысқа.

Арғымақтан туған
қазанат

Болдырмайды
шабысқа.

Асылдан қалған
тұяғым,

Билерден қорлық
көрген соң,

Шыдамай шықтым
намысқа.

           

Қаршығаның алысқа ұшып, биікке қонуы, қазанаттың
шабысқа  болдырмауы, намысына шыдамай
шыққан өзінің асыл  ердің ұрпағы  екендігіне сәйкес қолданылады.  Сонымен қатар бұл үзіндідегі сөз образдары
өмір шындығымен  нақтылы түрде қабысады.

            Бұл келтірген
үзінділерден  басқа да поэмада  әдемі теңеу, 
көркем эпитет, метафора және фигуралардың да неше алуан түрлері
кездеседі.  Олардың әр қайсысына жеке
тоқтап жатудың керегі аз.  Өйткені  бүгінгі оқушы жұртшылығымыздың поэтикалық
тілдерді өз бетімен айыра алатын теориялық мәліметі мол. Сондықтан біз
поэманың  тіліндегі өзіне тән ерекшелігі
жайлы бір-екі ауыз ғана сөз айтуға тура келеді.

            Әр ақынның сөздігі,
образ қолданысы  оның көзқарасын ашуда
көп нәрсені аңғартады. Ой-санасының өрісі, өскен ортасы, әлеумет өміріндегі
алатын орны, тіршілігі, өзінің немен шұғылданып не нәрсені өнер тұтқаны - бәрі
де олардың сөздігінен байқалады. Аңшылықты кәсіп  еткен 
ақындардың тілінен аңшылықпен байланысты сөз образдарын жиі ұшыратсақ,
мал шаруашылығымен не егін шаруашылығымен көзі шыққан ақындардың өлеңдерінен
сол кәсіптерімен байланысты сөз образдарын молырақ кездестіреміз. Мал  өмірінен алынған теңеу,  метафоралар 
қазақ ақындарының  барлығында
да  көп ұшырайтындығы - сол өмір
тіршілігімен байланысты.

            Осы тұрғыдан қарағанда,
 Алмажанның поэмасында,  авторы қыз болғандықтан, үй іші,
жасау-жабдықтармен байланысты жасалған теңеу, эпитет, метафора, солар сықылды
поэтикалық тілдердің басқа түрлері көп кездеседі.

            Мысалы:

 

Мақпал бір ойсам
жарасар,

Алтын сандық
зерлерге...

Алтын зер салсам
жарасар,

Қара мауыт жағаға.

Қой айдаттым
базарға

Алтынды, күміс
теңгеге.

Жасау бір жидым
жайнатып,

Қарағайдан салған
бөлмеге...

Кешегі әкем
барында,

Арғымақ міндім
жорға деп.

Сағитжан аға,
білмейсіз,

Жөнімді саған
айтайын:

Азамат ердің қызы
едім,

Менің атым -
Алмажан

Сіздің келген
уақытта

Тоғыз жасар қыз
едім,

Тұлымшағымды
салмаған.

Он төртіме
келгенде

Салихалы қыз
болдым.

Жібектей шашым
талдаған.

Пиялай кескен
қолымнан,

Сұңқарым қашып
кеткен соң

Нарындағы тоғыз би

Біздерді келіп
алдаған.

Сусынына шай ішіп,

Бастығына бал
жеген...

           

Бұл үзінділердегі сөз образдарын  тек қыздардан шыққан ақындар ғана тауып
қолдануы мүмкін. Тек қыз ақынға ғана тән образдар.

            «Жетім қыз» поэмасында
кейде  үлкен арманын, мұңын, кейде
аңсаған тілекке өмір шындығы керісінше келіп, 
үмітінің үзіліп кетушілігін сол өз айналасындағы әйел-қыздардың
күнделікті тіршілігімен  байланысты
сөздер арқылы  да оп-оңай айтып береді.
Поэманың  бір жерінде әкесінің ел үшін
еңбек еткен  адам екендігін, қандай
қиындықты болсын жеңіп, көпшілік тілегінің орындалуына сеп болған адамдардың
бірі болғандығын қарапайым ғана сөздермен тамаша, шебер түрде айтып береді.

 

Ақылы артық
арыстаным

Озып еді байтақтан

Үзілсе арқау
жалғаған.

 

Осы үзіндідегі «Арқаудың үзілуі» тәрізді жай, қарапайым  сөздерді өз орнына қолдану арқылы поэтикалық
контраст жасау шын шеберлікті  талғайды.
Әкесінің  өлімін суреттеген  тағы бір жерінде  шендестіру мен әсірелеуді шебер
қолданылған  байланысын да көруге болады.
Мысалы:

 

Алтын  туы жығылды,

Мысыр сынды
қаланың -

Делбесі жібек
үзілді.

Күймелі күміс
шананың.

           

Қорыта айтқанда, Алмажанның поэмасы  өз кезіндегі 
өмір шындығының бір алуан көрінісін көзге елестететін, мазмұны  халықтық, көркемдігі күшті поэманың бірі.
Ондай поэманың авторы Алмажан Азаматқызының әдебиет тарихынан  заңды түрде орын алып, XIX ғасырдағы
санаулы  ақындарымыздың бірі  есептелінуі керек.