ВЕРНУТЬСЯ

Ауыз
әдебиеті                         Қай елдің болсын
жазба әдебиеті шықпас   

тарихы
және жазба               бұрын ауыз
әдебиеті болды.    Жазу-сызу

әдебиеттің
өздеріне                шығып,    мәдени   
сатыға    көтерілгенге

тән
ерекшеліктері                  дейін қай халық
болсын  ой-пікір,  көңіл

                                                           күйлерін,  тап   
болған  қоғамды,  таптық

тілек-мүддесін
ауызша жырлап, ауызша айтып берді. Олар ауыздан-ауызға тарап, халықтың, оның
жыршыларының жадында сақталып, біздің дәуірімізге жетті. Жазуы жоқ елде
сақталудың мұнан басқа жолы да болмайды.

            Ауыз
әдебиеті жазба әдебиеттен бұрын туғандықтан, жазба әдебиеттің өсу, даму жолында
негізгі бір қоры, негізгі бір тірегі саналады. Ауыз әдебиетінен тыс, онымен
байланыссыз дамып, өз алдына, жеке өскен жазба әдебиетті тарих білмейді. XVIII
ғасырда мәдениеті тез өсіп, дүниежүзілік мәдениет әдебиеттерімен тез араласып,
қоян-қолтық келген, XIX ғасырдан бастап, Еуропаны таңғалдырған орыстың жазба
әдебиеті ұлы орыс халқының ауыз әдебиетімен нық байланысты, бір тамыры сол ауыз
әдебиетінде жатыр.

Жазбасы
кеш басталып, шын мәнінде мәдениетке социалистік Ұлы Октябрь революциясынан
кейін, Совет өкіметі кезінде ғана еркін қолы жеткен қазақтың жазба әдебиеті
өзінен бұрынғы ауыз әдебиетімен тікелей байланысты. Қазақтың ұлы ақыны Абайға
шейінгі ақындарымыздың көпшілігі ауыз әдебиетінің ықпалында болып, соның
негізінде өсті.

            Ол
кездегі қазақ ақындары орыс тілін білмеді, сондықтан орыс, Еуропа мәдениетімен
араласа алмады. XIX ғасырдың бірінші жарымының аяқ кезінде өмір сүрген кейбір
ақындардан шағатай, түрік, татар тілінде басылып шыққан әдеби шығармаларға
еліктеушілік байқалады. Дүниетану көзқарастарына ислам дінінің әсер еткені
сезіледі. Бірақ, жалпы алғанда, қазақтың жазба әдебиет үлгісінің өсу жолындағы
алғашқы өнегесі қазақтың ауыз әдебиеті болды.

            XVIII
ғасырдың екінші жарымынан басталатын әдебиетіміздің тарихын бақылап, өмір
құбылысын танудағы көзқарасын алсақ та, оны суреттеу әдісін алсақ та, негізгі
арнасы - ауыз әдебиеті. Әрине, әр кезең, әрбір әлеуметтік құрылысқа байланысты
ақындардың бір таптың жыршысы болуына байланысты, өздерінің таптық тілегіне,
мүддесіне қарай өзара ерекшеліктері бар. Бірақ бәрінің де ұшқан ұясы негізінде
ауыз әдебиеті екені даусыз.

            Бұл
ауыз әдебиеті мен XVIII ғасырдан басталатын тарихи әдебиетіміздің арасындағы
байланысы десек, ал бұлардың айырмасы қалай? Енді соған келелік.

            Ауыз
әдебиетін - фольклорды кім шығарғаны мәлім емес. Бұл әдеби мұралар XVIII
ғасырдың екінші жарымына шейін келді де, сол кездерден бастап, кейбір
шығармалардың авторлары мәлім бола бастады.

            Қазақтың
қай облыс, қай өлкесінде болсын шығармалары өз атынан айтылып, өзінің
авторлығын толық сақтаған, аңыз-легенда емес, дәл сол кезде өзі болған тарихи
адам - бірінші ақын Бұхар жырау болды. Сондықтан ол тарихи әдебиетіміздің басы
саналады. Бұхарға шейінгі әдебиет нұсқаларында Асан қайғы, Сыпыра жыраулардың
да аттары аталғанмен, олар тарихи адамнан гөрі 
легендаға айналып кеткен, тарихта дәл қай кезде болғаны мәлім емес және
олар айтыпты-мыс деген  толғау сөздер әр
жерде әртүрлі айтылуын еске алсақ, олар әдебиет тарихының басы бола алмайды.

            Тарихи
әдебиет пен ауыз әдебиетінің жігін ашудағы белгінің бірі - осы, авторын сақтау
десек, сонымен қатар, негізгі айырмасы тарихи әдебиеттің бірімен бірі
байланысты түрде өсуі деуге болады.

            Жазба
әдебиет сол әдебиетте жазу-сызудың шығуымен, жазылған мұралардың мәлім болуынан
басталады. Бұл жағынан алып қарағанда, ислам дінінің Орта Азияға жайылуы   XI-XII ғасырлардан басталады. Олардың
дінімен байланысты жазбасы да Орта Азияға, оның ішінде, қазақ даласына тарай
бастайды. Бірақ ол кезден бізге қалған, қазақтың өзіне тән, тікелей байланысты
мұралар жоқ, болса даулы.

Ал
XVIII ғасырдың екінші жарымы, XIXғасырдың бас кезінен бері қарай тарихта
бірінші рет аты мәлім, шығармалары да бірінші рет өзінің атымен сақталған ақын
- Бұхар жырау. Бұхардан бергі көп ақындардың аттары мәлім және көпшілігі хат та
білген. XIX ғасырдың бірінші жарымында өмір сүрген Махамбет Өтемісовтің 1839
жылғы жазылған хаты қолжазба күйінде бүгінге шейін сақтаулы. Сондықтан оларды
жазбады, барлық өлеңдерін тек қана ауызша шығарды деуге бола бермейді.
Негізінде олар ауызша шығарып айтса, керекті жерінде жазып та шығаруы, не өзіне
ауызша шығарғандарын ойлап, қағазға түсіруі де мүмкін. Қазақта хат білген,
ауызша да, жазып та шығара алатын халық ақындары күні бүгінге шейін бар.( Иса,
Саяділ, Қуат т.б.).

            Бұхар,
Махамбет, тағы басқаларының өлеңдері бізге жазба түрінде емес, ауызша сақталған
түрде жетті. Хат білмейтін немесе хат білушілері мейлінше аз, көпшілігі шала
көшпелі қазақ елінде одан басқа сақталудың жолы да жоқ еді. Бірақ халықта ауыз
әдебиет жыр, өлеңдердің сақталуы мен аты мәлім ақындардың сөздерінің сақталуы
басқашарақ. Жырлардың, салт өлеңдердің бірнеше варианттары болса, Бұхардан
бергі ақындардың өлеңдерін кім айтсын, Қазақстанның қай өлкесінде айтылсын өз
атынан айтады. Екінші варианты жоқ. Ұрпақтан-ұрпаққа бір-ақ вариант, бір алуан
сөз түрінде сақталады.

            Жазу
не жазбасы болу ауыз әдебиетінен жазба әдебиетке көшудің негізгі мәселесінің
бірі саналатынын, солай ұғынудың дағдыға айналғандығын ұлы сыншы Белинский
мойындаса да, ол тек қана сол жазу, жазылу негізгі шарт десек, бұл екеуінің
арасындағы айырмашылығы дұрыс болмайды дейді.

Ауыз
әдебиеті мен көркем әдебиеттің әрқайсысына тән ерекшеліктері туралы бірнеше
ғылыми, құнды пікір айта келіп, былай дейді:

«Бірінші
ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның аты жұртқа белгілі авторы болмайды, өйткені
қашанда болса, әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның
жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін
қарапайым, үстіртін - аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, мұны ешкім
білмейді».1

«Ал
әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның
авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ой-ақылы арқылы білдіретін
жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын өз қолына
алды, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып
белгіленеді».2    

Екіншіден,
«Ауыз әдебиетінің шығармалары тура халықтың рухынан туа отырып, мазмұн жағынан
да, түр жағынан да сол халық рухының белгісін өз бойына сақтап отырады:
бұлардың өз араларындағы байланыс, қарым-қатыс осы түрде ғана болады. Бұлардың
бірде-бірі екіншісіне әсер етпейді, осы секілді бұлардың бірі екіншісінің
салдарынан туып та отырмайды, олар жеке-жеке бытыранды болады, сондықтан да
бұлардың желілі тарихы да болмайды.3

            Осы мақаласының
тағы бір жерінде, орыс әдебиетін не үшін «әдебиет» деп айтамыз деген сұраққа
жауап беру үшін, сыншы Белинский орыста Пушкинге дейін Державин, Ломоносов,
Дмитриев, Карамзиндер болды. Бәрінің соңынан тарихи сахнаға А.С.Пушкин шықты
деп келеді де, олар мен Пушкиннің байланысын айқындап береді.

            «Пушкин,
ең алдымен, ақын суретші; ол орыс поэзиясының тілін қайта құрып, оны
көркемдіктің ең жоғарғы сатысына жеткізді; орыс әдебиетінде бірінші рет
искусствоның искусстволық дәрежеге жетіп, кемеліне келуі Пушкинмен байланысты.
Пушкин өзінен бұрынғы болған орыстың көркем әдебиетін бойына толық сіңірді,  әдебиетте өзінің беті бар, сөз шебері, ұлы
ақын, ақындық дәрежеге ие

 

________________

1В.Г.Белинский. Толық
жинақ. Вольф баспасы.

2 Бұл да сонда.

3 В.Г.Белинский. Толық
жинақ. Вольф баспасы.

болғанға шейін
өзінен бұрынғы ақындардың жолын қуушы шәкірті болды, олардың барлық табыс,
жетістіктерін толық меңгеріп, өзіндік

етті, өзінен
бұрынғылардың қолынан келмеген көркемдіктер Пушкиннің қолынан келе алды, бірақ
олардың кемшіліктерін Пушкин қайталамады. Сондықтан Ломоносов пен Пушкиннің
араларында үзілмей келе жатқан желілі байланысы бар. Бұлардың бірі - себебі,
екіншісі соның салдары тәрізді. Демек, орыс әдебиетінің дамуы жолындағы осындай
үзілмей келе жатқан өзек, байланыстың болушылығы оның «әдебиет» деп аталуына
право береді...».1

            Ұлы
сыншы Белинскийдің орыс әдебиеті жөніндегі айтқан осы терең ғылыми пікірінің
біздер үшін де мәні зор. Бізде Ломоносов та, Пушкин де жоқ. Біздің жазба
әдебиетіміз орыстың бай, көлемді, дүниежүзілік мәні бар әдебиет қатарынан
шалғай жатыр. Бірақ әр елдің өз тарихына шақ, өз шеңберінде ауыз әдебиеті,
жазба әдебиеті бар. Әр елдің өз шеңберінде ақын-жазушылары болды. Бұлардың бірі
мен екіншісінің арасында үзілмей келе жатқан өзек, тартылып жатқан желі бар. Бұл
- ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің шегін көрсететін негізгі мәселе. Жоғарғы
Белинскийден келтірген үзіндідегі бізге ең керектісі қазақтың жазба әдебиеті
тарихын айқындауда басшылық етерлік жағы десек, әсіресе оның алдыңғы ақындар
мен соңғы ақындардың араларындағы үзілмей келе жатқан байланысы болуы -әдебиет
тарихы деп айтуға право береді деген пікірі. Бұл - тамаша құнды, үлкен ғылыми
пікір. Біз қазақ жазба әдебиетінің, әдебиет тарихының басы Бұхар жырау дегенде,
Бұхардан бастап Абайға шейін әдебиетімізде үзілмей келе жатқан өзек, желі,
байланыс бар дейміз. Бұхар аты мәлім бірінші ақын болса, онан кейінгі Дулат, Жанкісі,
Махамбет, Шернияз, Шортанбай, т.б. болды.

            Абай
да Пушкин тәрізді өзіне шейінгі бұл ақындардың барлық табысы, жетістігі деген
жақтарын өз бойына толық сіңіріп, кемшіліктерін қайталамай, әдебиеттің
көркемдік жағын өсірді. Олардан Абайдың және бір артықшылығы - олардың қолынан
келмеген орыс халқының ұлы классиктері үлгі-өнегелерін ала отырып, оны да қазақ
көркем әдебиетін өркендету, дамыту ісіне негізгі құралдың бірі етіп пайдаланды.
Сөйтіп, Абайдың Абай болуы, оның көркем әдебиетіміздің белі болуы бір күннің не
бір жылдың ісі емес, ол - Абайға шейінгі бірнеше ғасыр бойы әдебиетіміздің туып-
дамуының жемісі.

            Көркем
әдебиет пен ауыз әдебиетінің мазмұны, түрі жағынан айырмасы туралы Белинский
мынаны айтады:

«Көркем
поэзия әрқашан да нақтылы халық поэзиясынан жоғары сатыда тұрады. Соңғысы
(халық поэзиясы) халықтың сәбилік

 

_____________

1Бұл да сонда.

дәуіріндегі
былдырлаған тәтті тілі, қараңғыда қарманған түйсік, бұлдыр сезім дүниесінің
көлеңкесі ғана, халық поэзиясы айтайын деген ойын дәл етіп берерлік сөздер таба
алмай, болжалдап айту әдісіне: пернелеу (аллегория), бейнелеуге (символға)
әрдайым иек сүйеп отырады; ал көркем поэзия бұл 
- ержеткен сананың үзілді-кесілді сөзі, түрі мен мазмұны тең түскен
нақтылы шындық болмыстың сәулесі. Көркем поэзия айтайын деген ойын әр кезде де
дәл, идеясымен тең түсерлік айқын образдармен айтып береді», - дейді. Сөйтіп,
қорыта келгенде, көркем әдебиеттің аты мәлім авторы болуы, ол аттары мәлім
ақындардың біріншісі екіншісінің шығармасына әсерін тигізіп, өзекті сарындары
сабақтасып, жалғасып, бір-бірімен байланысты болып отыруы, бұлардың
көпшілігінің жаза білетін сауаты бар адамдар болып (қазақ жағдайында әуелде
жазба түрінде қалдыру мүмкіншіліктерінің де барлығы), көркем әдебиет ержеткен
сананың сәулесі болуы, міне, осылардың бәрін жинақтай келгенде, бұлар жазба
әдебиеттің өзіне тән өзгешеліктері болып табылады. Сондықтан да қазақ
әдебиетінің тарихы бар. Қазақ әдебиет тарихының басы - Бұхар жырау дейміз.

             Бұлардың шығармаларының түп нұсқасы сақталмаса
да (ол елдің көшпелі тұрмысына, мәдени мешеулігіне байланысты ғой), бұл
шығармалардың жазба әдебиеттің бастамасы екендігіне айқын бір дәлел - Бұхардың
жоғарыда айтқандай т.б. өлеңдерінің белгілі бір дәуірдің тұрмысын суреттеген
шығарма болумен қатар, біздің заманымызға дейін, негізінен алғанда, өзгермей
жетуі (әртүрлі вариантты болмауы) деуге болады.

            Сайып
келгенде, біз бұл ақындардың шығармаларын өз заманының өмір шындығынан із
қалдырған белгілі бір авторлары бар, авторсыз жалпы ауыз әдебиетінен өзгеше,
фольклордан жазба әдебиетке көшу сатысындағы әдебиет болады, сондықтан тарихи
әдебиеттің басы деп қараймыз.

                                              
Қазақ әдебиетінің тарихы Бұхар жыраудан

Әдеби бағыттар                     басталады
деу оны мақтау,  дәріптеу  емес,

туралы                               тарихи шындық. Ол  өзінің  замандастары

                                            Үмітай, Жанкісі, Дулат, тағы басқалардан әдебиетке бұрын келді. Аты да,
сөзі де халыққа бұрын тарады. Тарихи әдебиеттің даму жолдарын зерттеушілер
Бұхарды алдымен ауызға алатын себебі - әдебиетіміздің тарихи даму жолдарының
мүмкін болған дәрежеде хронологиясын сақтауға тырысушылық.

            Жазылып
қалған деректер болмағандықтан, бұл топшылаулардың артық, кем жақтары болуы
мүмкін. Бірақ негізінің дұрыстығын мойындауымыз керек.

            Соңғы
кездерге шейін әдебиетіміздің тарихын зерттеуші, оның даму кезеңдері туралы
пікір айтушылардың арасында сыңаржақ кетушілер Бұхар, Дулат тағы солар
сықылдылардың аттары аталса болды, бас салып сынау, шенеу, осының негізінде
жаман ой жатқан жоқ па деп қараушылықтар болды. Әдебиеттің тарихы кімнен
басталып, кімдермен жалғасып, кімдермен аяқталу мәселесі сөз болса немесе
әдебиеттегі бағыт, стильдер туралы әңгіме қозғалса «бірыңғай ағым»  деген жарлық тағып, айыптаушылыққа шейін
барады. Әдебиет тарихын зерттеудегі «бірыңғай ағым»(орысша: «единый поток»)
деген не?

            Түптеп
келгенде, бұл - әдебиеттің таптық қасиетін жоққа шығаруға тырысушылық. Тап
болған қоғамда адамның ой-санасы оның экономикалық тіршілігіне, әлеумет
өміріндегі алатын орнына қарай айқындалатыны белгілі қағида болса,  «бірыңғай ағымды» жақтаушылар оны мойындағысы
келмейді.

            Белгілі
дәуір, белгілі әлеуметтік жағдайда туған әдебиет бірыңғай дамиды: не феодалдық-буржуазиялық,
не демократтық бағытта деген пікірді ұсынады. Белгілі бір дәуір, кезең, белгілі
әлеуметтік құрылыста, әдебиетте екі түрлі ағым бола алмайды, феодалдық
құрылыста - әдебиет тек феодалдық, ал демократтық идея үстем болса, онда
әдебиет сол демократтық бағытта дамиды деген қорытынды шығарады.

            Бұл
жаңа пікір емес. «Әдебиеттің бостандығы», «Көркемөнер  көркемөнер үшін» дейтін әдебиеттану ғылымында
ескіден келе жатқан буржуазияшыл теорияның екінші бір көрінісі. « Көркемөнер  көркемөнер үшін» «қисынның» ғылымдық негізі
жоқ, әдебиеттің әлеуметтік, таптық, тәрбиелік мәнін тану, әдебиетті мүлде теріс
бағытқа жетектеу екендігін әшкерелегендер, ең алдымен, орыстың ұлы
демократтары: В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Добролюбов, Писаревтер болды.

            Революцияшыл
орыстың ұлы демократтары көркемөнердің әлеуметтік мәні туралы тамаша құнды
пікір, терең ой, кейінгілер үшін ғылыми қағидаға айналған анықтаулар қалдырды.

            «Көркемөнер
- өмір», «Поэзия, ең алдымен, өмір, өмірдің нәрі», «Көркемөнер - өмірдің оқу
құралы», «Көркемөнер өмірді түсіндіру үшін қызмет етеді» тағы басқалар.

            В.Г.Белинский,
Н.Г.Чернышевскийдің ұрпақтарына қалдырып кеткен теориялық, эстетикалық
көзқарастары, олардың жолын қуушыларға сүйсінерлік дерек, сүйенерлік тірек
болды. Солардың көркемөнер (искусство), әдебиет туралы ғылыми көзқарастарын
құптай отырып, Г.В.Плеханов та бұл мәселеге айрықша тоқтап, өзінің «Адрессіз
хаттар», «Көркемөнер және қоғам өмірі» атты мақалаларында бірнеше соны пікір
айтты. Көркемөнердің қоғамға қызмет етуі, оның тәрбиелік мәні не деген мәселелерге
айрықша көңіл бөлді.

            Әйтсе
де мұнымен күрес тоқталмады. Әр кезең, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты «Көркемөнер үшін», «Әдебиеттің бостандығы» жайлы буржуазияшыл қисын
көркемөнерде де, әдебиеттану ғылымында да әркез, әр жағдайға байланысты және әр
түрлі формада өзінің әлі өліп болмағандығын білдіріп отырды.

            XX
ғасырдың басында «Көркемөнер көркемөнер үшін» деп аталатын буржуазияшыл қисынға
тойтара соққы берген кемеңгеріміз - В.И.Ленин. Ол өзінің «Партия ұйымы және
партия әдебиеті» атты мақаласында бұл мәселеге айрықша тоқталды. Сол
мақаласының бір жерінде Владимир Ильич: «Буржуазиялық дарашыл господиндер,
сіздердің абсолюттік бостандық туралы айтып жүрген сөздеріңіз екіжүзділік қана
екенін біз айтуға тиістіміз. Ақша билігіне негізделген қоғамда, еңбекшілер
бұқарасы қайыршылыққа ұшырап, ат төбеліндей арамтамақ байлар жатып ішіп, сорып
жатқан қоғамда, іс жүзінде реальді, шын «бостандық» болуы мүмкін емес. Жазушы
господин, сіз буржуазиялық баспа иесіне бағынышты емессіз бе? Сіз «қасиетті»
сахна өнеріне «қосымша» ретінде жезөкшелік өмірден алынып рамкаларға,
картиналарға салынған порнографиялар жасауды талап етіп отырған буржуазия
жұртшылығына бағынышты емессіз бе?

            Мұндай
абсолюттік бостандық дегеніңнің өзі буржуазиялық немесе анархистік (өйткені
дүниетану жөнінде, анархизм дегеніміз өңі айналдырылған буржуазиялық) жел сөз
ғой. Қоғам ішінде өмір сүре тұра, ол қоғамға бағынудан бостан болуға болмайды. Буржуазиялық жазушының, суретшінің,
актрисаның бостандығы дегеніміз - тек түсін бояған (не екіжүзділікпен түсін
боятқан) ақша қапшығына, пайда-параға, ақыға бағыныштылық қана.

            Сондықтан
да біз, социалистер, бұл екіжүзділікті әшкерелейміз, оның жалған пердесін жұлып
тастаймыз, бұл істі бұлай еткенде біз таптан тыс әдебиет және таптан тыс
искусство жасау үшін істейміз (мұндай әдебиет және искусствоны тапсыз
социалистік қоғамда ғана жасауға болады) екіжүзді бостан, ал іс жүзінде
буржуазияға байланысты әдебиетке, пролетариатпен ашықтан-ашық байланысып
отырған шын ерікті әдебиетті қарама-қарсы қою үшін істейміз.

            Бұл
ерікті әдебиет болады, өйткені бұл әдебиеттің қатарына құлқын үшін емес, мансап
үшін емес, социализм идеясы үшін және еңбекшілерге тілектестігі үшін жаңа
күштер қосылып отырады. Бұл ерікті әдебиет болады, өйткені бұл әдебиет тойғандықтан
секіретін героинаға, семіздіктен ерігетін, семіздіктен қапаланатын «бетке шығар
оншақты мыңға» қызмет етпейді, елдің көркі, күші, келешегі болып отырған
миллиондаған, он миллиондаған еңбекшіге қызмет етеді. Бұл әдебиет адам
баласының революциялық ой-пікірінің ең соңғы жемісін, социалистік пролетариаттың
тәжірибесімен, күнделікті жұмысымен байытатын бұрынғы тәжірибемен (социализмнің
жабайы, утопиялық формаларын аяқтаған ғылыми социализммен) қазіргі тәжірибені
(жұмысшы жолдастардың қазіргі күресін) ылғи өзара ұштастырып отыратын ерікті
әдебиет болады»,  - деді.

            В.И.Лениннің
бұл мақаласы көркемөнер, әдебиет жөніндегі буржуазияшыл теорияларды бір-ақ
төңкеріп тастағаны өз алдына, сонымен қатар кейінгілер үшін әдебиетті зерттеуде
марксистік ұлы басшылық болды.

            Кейінгі
кездердегі буржуазияшыл теорияны қолдаушылар бұрынғыша «Көркемөнер көркемөнер
үшін» деп ашық шықпаса да, пернелеуге, сол пікірді жіңішкелеп өткізуге тырысты.
Бір ұлт әдебиетінің даму тарихын сөз еткенде, оның өз ішіндегі дүниеге көзқарастары
жағынан бір-біріне қарама-қарсылықты ашпай не ашқысы келмей, бір ұлттың барлық
ақын-жазушылары түгел не феодал табының идеясын жыр етеді, не түп-түгел
халықтың идеясын жыр етеді деп бағалады. Міне, осы негізде әдебиеттегі
«бірыңғай ағым» қисыны келіп туды.

            Қай
елдің әдебиет даму тарихын алсақ та, еш уақытта бұлай болған емес. Өйткені тап
болған қоғамда әдебиет таптық. Жеке меншік тууымен байланысты тап туды деген
марксистік қағиданың тұрғысынан қарағанда, әдебиеттің таптығы сонау ескі заманнан
бері келе жатқаны сөзсіз. Ал  әрбір ұлт
мәдениетінің түрі, мазмұны қандай болады және оның социалдық негізі туралы
кемеңгеріміз В.И.Лениннің оқуы - бізге сара жол. Бұл мәселеге Ленин көзқарасын
дұрыс қолдана алсақ қана көздеген нысанаға жете аламыз. В.И.Ленин өзінің
«Критические заметки по национальному вопросу» деген мақаласында ұлт мәдениеті
туралы былай дейді.

            «Әрбір
ұлттық мәдениетте демократиялық және социалистік мәдениеттің элементтері бар,
жетілмеген болса да бар, өйткені әрбір ұлтта еңбекші және қаналушы бұқара бар,
оның өмір сүру жағдайлары демократиялық және социалистік идеологияны туғызбай
қоймайды. Бірақ, сонымен қатар әрбір ұлтта бужуазиялық (ал көпшілігінде әлі де
болса қаражүздік және клерикалдық) мәдениет те бар, оның бер жағында, бұл
мәдениет «элементтер» түрінде ғана емес, үстем мәдениет түрінде болып отыр.
Сондықтан «ұлттық мәдениет» жалпы алғанда помещиктердің, поптардың,
буржуазиялардың мәдениеті болып табылады».

            В.
И.Лениннің ұлт мәдениетіне берген бұл анықтауы әдебиеттің таптығын
мойындамаушыларға да, олардың бір көрінісі болып есептелетін әдебиеттегі
«бірыңғай ағым» тәрізді қисынсымақтарға да қарсы күрес үшін біздерге негізгі
тірек десек, сонымен қатар әрбір ұлт әдебиетінің тарихи даму жолдарын
айқындауға да сара басшылық.

            Біз
әңгіме еткелі отырған XVIII ғасырдың екінші жартысындағы және  XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ
әдебиет тарихын алсақ, ол кезде қазақтар феодалдық қоғам құрылысы болғандығы,
онда жіктері ашылған екі түрлі таптың барлығы оқушылар жұртшылығымызға мәлім.

            Шығармалары
өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген тарихи әдебиет өкілдері:
Бұхар, Үмітай, Дулат, Жанкісі жыраулар (XVIII ғасыр), Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз,
Алмаш т.б. (XIX ғасыр) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де,
олардың дүниетаным, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені бұлардың бәрі бір
таптың ақындары емес. Сондықтан өмір құбылысын әркім өз ортасы, өз табының
көзқарас тұрғысынан танымақ.

            Мысалы,
Бұхар, Үмітай, Дулаттарды алсақ, негізінде феодалдық салт-сананы қолдаушы, сол
таптың идеясын жырлаушылар болды. Бұхар хандық құрылыстың мызғымас беріктігін
аңсады. Абылайдың іс-әрекетінің көпшілігін құптап, басқаларға ханның ықпалын
жүргізуді өлеңдерінің идеялық өзегі етті. Ескіден келе жатқан әр алуан салтты
үгіттеу және ол салттардың ел өмірінде өзгермей қалуын үндеу оның поэзиясынан
кең орын алды. Бұхардың өлеңдерінің кейбір жақтарымен, яғни өз кезіндегі өмір
құбылысына ескілік мұнарасынан қараса да, кейбір өмір шындықтарын көрмей кете
алмауымен айырмашылығы бар,  Дулат та
негізінде сол Бұхар жыраудың идеялық бағытын қолдады. Үмітей өлеңдерінің сарыны
да алдыңғылармен сыбайлас.

            Бірақ
осылардың өкше ізін баса шыққан Жанкісі жырауды алсақ, өзінің Қоқан ханының
зекет-пітір жинаушылары туралы айтқан өлеңінде хан салықшыларының елді қатты
зәбірлеп, алым-салықпен әбден титығына жеткендігін әшкереледі. Олардың әр алуан
зұлымдықтарының бетін ашты.

            XVIII
ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетіміздің тарихында халық атынан сөйлеп,
езілушілердің мұңын айтқан, демократтық бағыттың өкілі дерлік және сөздері
өзінің атын сақтап қалған, әзірге бізге мәлім тек Жанкісі жырау ғана. Әрине,
осы Жанкісімен бағыттас, бір пікір, бір идеядағы, шын мәнінде халық мұңын жыр
еткен басқа да ақындар болғандығы сөзсіз. Бірақ олардың сөздері өз аттарын
сақтап қала алмай, ауыз әдебиетінің жалпы қорына қосылып кеткенге ұқсайды.

            Аталып
өткен ғасырлардағы әдебиет тарихында екі түрлі әдеби бағыт  болды деген пікірді анықтау үшін айқын мысал
бола аларлық, әсіресе XIX ғасырдың  бірінші
жартысынан бергі біздерге жеткен поэзия нұсқалары. Бұл кезеңнен біздің
дәуірімізге шейін өлеңдері авторын сақтап қалғандар: Байтоқ, Жанұзақ, Боран
жырау, Махамбет, Шернияз, (әлі оқушылар жұртшылығына көп мәлім емес) Алмаш
Азаматқызы.

            Өз
заманындағы әр алуан мәселелерге көзқарастары, тақырып таңдаулары  немесе ол тақырыптарды қалай суреттеулерін
алсақ, олар аралары алшақ жатқан, бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы, екі топқа
жататын ақындар екендігін көреміз. Бірінші топқа жататындар: Байтоқ, Боран,
Жанұзақтар да, екіншілері: Махамбет, Шернияз, Алмаштар.

            Олардың
әр басқа тақырыптарға шығарған өлеңдерінің идеялық мазмұндары бір-біріне
ұқсамаулары былай тұрсын, бір тақырып, бір түрлі өмір құбылысы не бір адам
туралы шығарған өлеңдері де идея жағынан бір-біріне қарама-қарсы.

            Жанұзақ
жыраудың «Жәңгір ханның алдында айтқаны» дейтін ұзақ өлеңінде де, Байтоқ
жыраудың «Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан сөзі» дейтін жоқтауында да,
Жәңгірдің істеген істерін аспанға шығарып мақтайды. «Әділ еді, қайырымды еді,
басқа хандардан артық еді», қысқасы, қай жағынан алғанда да асыл адам еді деп
дәріптейді.

            Осы
тақырыпқа шығарған өлеңдерінде Махамбет Жәңгірді жерден алып, жерге салады.
Байтоқ, Жанұзақтар мақтаған қасиеттерінен еш нәрсе де қалдырмайды. Тап осы
тәрізді көзқарасты Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқан сөздерінен де көруге
болады.

            Жанұзақ
Жәңгірдің әкесін мақтай келіп:

           

            Өз тұсыңа қалғанда,

            Жарлы байға теңеліп,

         
Қызы менен жігіті,

            Қызыл шұғаға бөленіп,

             Ием, сенің дәулетіңнің барында,

          
«Бір» деп атқа мінгеннен

            Үкімің жүрді Нарында

            Тентегің тыйдың
қазақтың

          Аға сұлтан-тағында, -

 

десе, Махамбет:

           

         Хан емессің қасқырсың,

           Қас албасты басқырсың.

           Достарың келіп табалап,

           Дұшпаның сені басқа ұрсын!

        
Хан емессің ылаңсың,

           Қара шұбар жылансың.

        
Хан емессің аянсың,

           Айыр құйрық шаянсың, -

 

деді.

            Жанұзақ
өз сөзінде Жәңгірдің кезінде «Жарлы байға теңеліп» Нарында тамаша бір жақсы
күндер болып еді» десе, Махамбет:

            ... Қатарланған қара
нар,

            Арқанын қиып алған
күн.

         
Алма мойын аруды

            Ат көтіне салған күн.

            Сандық толы сары
алтын.

            Сапырым судай шашқан
күн.

 

немесе:

 

            Міне алмаған алағай,

           Шыға алмаған далағай

          Қара қазақ баласын,

            Атаңа нәлет Жәңгір хан,

            Шетінен тізіп жіберді-ау,

            Орынбор деген қалаға-ай! -

 

деді.
Байтоқ Жәңгірдің баласы Сақыпкерей сұлтан туралы айтқан өлеңінде оны жер-көкке
сыйғызбай мақтаса, Баймағамбет сұлтанға арналған бір алуан сөздерінде, Шернияз
да Махамбет тәрізді хан, сұлтандардың халыққа жасаған жауыздықтарының бетін
ашып, елді бүлікшілікке ұшыратқандығын әшкерелейді.

            Шернияз
Баймағамбетке айтқан бір сөзінде:

 

           Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,

           Бай-еке, елің бар ма бүлдірмеген?

           Қоректеп төбе (лер) де
төбет қалып,

          Туып тұр ел басына бұл күн деген.

           . . . . . . . . . . . . . ...............................

         
Қазақтың қара жұртын пыт-шыт қылған,

           Төре емессің төбетсің дым білмеген, -

 

деді.

            Махамбет
пен Шернияз ханның өзінің, сұлтандарының халыққа жасаған жауыздықтарын
жұртшылыққа әшкерелесе, Алмажан (Алмаш) Азаматқызының « Жетім қыздың сөзі» деп
аталатын поэмасында ханның әмірін орындаушы билердің зұлымдық іс-әрекеттері
суреттеледі.

            Феодал
табының ақындары Байтоқ пен Жанұзақ Жәңгірдің 
хандық құрған кезінде:

 

                  Жарлы байға теңеліп,

                   Қызы менен жігіті,

                   Қызыл шұғаға бөленіп, -

 

десе, өмірдің
нақтылы шындығы басқаша бейнеде екендігін даңқты ақындардың өлеңдерінен ғана
емес, жай, қатардағы ғана ақын қыздардың бірі Алмажан поэмасынан  да көруге болады.

            Жәңгірдің
қара халық жөніндегі қолданған саясатын бұлжытпай орындаушы билерінің
(Нарындағы 9 би және орданың өз басындағы билер) жауыздықтарын өз басынан
кешірген, билердің зорлық, зомбылық, рухани қысымшылығын көрген қыздың өзі сол
поэманың авторы  болуы бұл шығарманың өте
бір құндылық жағы деуге болады.

...Бар сенгенім
тоғыз би

Өзіме қарап тап
берді,

Қорғалауға қара
таппадым,

Шағайын енді
кімдерге?

Атамнан қалған
малды алдың,

Мойыныма қой
кінәмді,

Жазығым не, билер,
сіздерге?..

...Атаңа нәлет
тоғыз би

Адастырды-ау
жөнімнен.

Адастырған емей
немене,

Зорлық етіп
айырдың.

Ата бір қоныс
жерімнен.

Қызымен жасты
Алмашты

« Аламын» деп тап
берді,

Нарындағы тоғыз
залымда,

Ойласам ата, дін
бар ма?»

...Ай жалыны айда
екен,

Күн жалыны күнде
екен,

Орданың басшы
билері,

Қас  қасқырлар мұнда екен.

Арызға келген
жетімді

Жібермей жолдан
тоқтату

Билерім, сізге жөн
бе екен.

Нарындағы тоғыз
залымнан.

Құтылдым деген сұм
басым,

Онан да зорлар
мұнда екен...

 

Алмаш
қыздың бұл сөздерінен Байтоқ, Жанұзақ мақтаған Жәңгір заманындағы халықтың ұлы
мен қызының халі қандай болғандығы айқын көрінеді.

            Исатай,
Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушылардың басын айдауға, малын
талауға салып, әйелін жесір, баласын жетім етті. Сол өмірдің бір көрінісі - осы
«Жетім қыз» поэмасы.

            Сөйтіп,
ақындардың бір дәуірде өмір сүруі не бір тақырыпта жазуы, олардың өмір
құбылысына көзқарастарын белгілей алмайтындығына жоғарғы келтірген мысалдар
толық дәлел бола алады. Ендеше, ақындардың өмірге көзқарасын белгілейтін,
шындықты қалай түсінулерін шешетін олардың таптық жағдайлары екенін көреміз.
Ақын өмірге қандай таптың мұнарасынан қарайды - әңгіме осында.

            Байтоқ,
Жанұзақ не солар сықылды ақындар өмірге феодал табының тұрғысынан қарады да,
сол таптың өкілдері: ханды, сұлтанды, би-феодалдарды дәріптеді. Өмір құбылысын,
өмірдегі әр алуан шындықты үстемдік етуші тап көзқарасының шеңберінде ғана
таныды, оған қайшы келетін шындық құбылыстарды көрмеді не көргісі келмеді.
Өстіп олар сол кездегі үстем таптың жырын жырлап, таяғын соқты.

            Олардың
өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, түрі де демократтық бағыттағы ақындардан
өзгеше болды. Сөз образдарының көпшілігі буалдыр, пернелеп, тұспалдап айтылып,
белгілі өз ортасының ұғымына 
лайықталынды. 

Ай не болар күннен
соң?

Күн не болар айдан
соң?

Айналасын жер
тұтқан,

Ай да батпас
демеңіз.

Айнала ішсе
азайып,

Көл суалмас
демеңіз (Бұхар).

Айдын-айдын, айдын
көл,

Айдынға құяр аққан
соң.

Айдын-айдын, айдын
көл,

Қара жер екен
қайтқан соң (Байтоқ).

   Бұл ақындардың сөздіктеріне тән
ерекшеліктері: архаизм, диалект (көбіне сарай маңында қолданылатын сөздер), дін
ұғымымен байланысты атаулар, шет сөздер.

Алғырттан далғырт ел дархан

Әннен сарай салдырған (Байтоқ).

«Айт десең, ал айтайын

Можабай салған жерінен. -

Командысы қару-жарақты...

Двойной жапқан тартпалы

Саксонски қақпалы...»

Фрмени салған көк ала үй...

Дәулетті артық именің...(Жанұзақ).    

Байтоқ,
Жанұзақтарға тағы бір тән нәрсе - өмір құбылысын суреттеуде жиі қолданылатын
поэтик тілінің түрі, көбіне, әсерлеу (гипербола).

            Әрине,
бұл кездейсоқ емес, өлеңдерінің мазмұнымен байланысты. Олардың негізгі нысанасы
феодалдық, хандық құрылысты мақтау болғандықтан, сол таптың өкілдерінің іс-әрекеттерін
көтере, шектен асыра мақтаулары керек болды. «Түймедейін түйедей, көздей
нәрсесін көлдей» етіп суреттеді. Сол арқылы жұртшылықтың көңілін аудармақ
болды.

            Байтоқ
ақынның Жәңгірді жоқтап айтқан сөзінің бір жерінде:            

Атаның алмаған қонысын алып,

Әннен сарай салдырған,

Ол салдырған сарайдың,

Айналасы айшылық,

Көлденеңі күншілік, -

дейді.

            Басқа
жағын алмай-ақ, тек осы үзіндінің өзін алсақ та, көп нәрсені аңғаруға болады.
Мақтап отырған сарайы бірнеше бөлмелі, күйдірген кірпіштен салынған екі этажды
ғана үй. Әйтсе де Байтоқ оны «Айналасы айшылық, көлденеңі күншілік» деп
суреттейді. Мұнысы ешбір шындыққа жанаспаса да, ханды дәріптеу үшін сарай
маңындағы феодал ақындарының ой-санасына сыйымды. Өмірде шындық негізі жоқ
мақтау сөз образдарының да шындықтан алыс кетуіне әкеп тірегенге ұқсайды.

            Егер
біз феодалдық көзқарастағы ақындардың тіл ерекшеліктерінен осыны көрсек, оған
қарсы көзқарастағы демократ ақындардың поэзиясына тән ерекшеліктердің басқаша
болып келетіндігін көреміз.

            Махамбет,
Шернияз өлеңдерінің идеялық мазмұны  хан,
сұлтан, би-феодалдардың халықты езіп отырғандығын әшкерелеуге, халықты соларға
қарсы күреске үндеуге арналса, олардың қолданған сөз образдары поэтик тілін, жалпы
сөздіктерінің халық көпшілігіне түсініктілігін керек етті. Олар сөздерінің
мағынасы тұжырымды, дәл, анық және образдарының өмір шындығынан алынуына, жұртшылыққа
мейлінше түсінікті болуына алдымен көңіл бөлді. Түсініксіз шет сөз, диалект,
жаргондар олардың өлеңдерінде кездеспейді десек, асырып айтушылық емес.

Мысалы:

Бағаналы терек жарылса,

Бақыраш жамап болар ма?

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақ бітсейші,

Қыранға тұғыр қыларға.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы,

Артымыздан біздердің,

Ақырып теңдік сұрарға! (Махамбет).

Осы
үзіндіні тілі жағынан алып қарасақ, ешбір пернелеу, тұспалдаулар жоқ. Бүгін өздері
дегеніне жете алмаса, келешек ұрпақ күресті тоқтатпау керек деген үлкен ой,
терең пікірді, халықтың өзіне түсінікті «Бағаналы терегі, бақырашы, қарағайы,
қыраны, оған тұғыр жасауға жарайтын иір бұтақты емені» арқылы айтып берген.

            «
Исатай өлмеген, тек ұсталған ғана болып, қайтып келсе, не деп жырлар едің»
дегенде, Шернияз:          

Бармысың, жауға
түскен алтыным-ай?

Самалым, саз
қонысым, салқыным-ай?

Жатпапты асыл
болат қап түбінде,

Шықтың ба, қабын
жарып жарқыным-ай!..

деп мойынын құшар
едім депті. Мұның да әр сөзі, әр образы жұртшылықтың ұғымына оңай, түсінуіне
жеңіл, халықтың өз өмірінен алынған сөздер:

«Самал,
саз қоныс, салқын, асыл болат, алтын» тағы басқа, осылар тәрізді ел өмірінде
күнде қолданылып жүрген сөздерді әдемі қиюластыру арқылы ұлғайған метафора мен
метафоралық эпитеттер жасалған.

            Бұл
келтірілген фактілер мен оларға жасалған жеке талдауларды жинастырғанда, бір
дәуір, бір әлеуметтік құрылыста өмір сүрген ақындардан қалған әдеби нұсқалардың
бір бағытта болмайтындығы, мұқият қарап, тереңірек тексерсек шығармаларының
идеяларына, кімнің жырын жырлауына қарай бір-бірінен үлкен айырмалары
болатындығын көреміз.

            Бұхар,
Дулат, Байтоқ, Жанұзақтардың өмірге көзқарастары, өз кезіндегі әлеумет
өміріндегі күрес-тартыстарды қалай ұғынып, өлеңдерінде қалай суреттеулері, өз
ой-пікірлерін көпшілікке қандай сөз образдары арқылы қалай жеткізулері жағынан
бір басқа десек, Жанкісі, Махамбет, Шернияз, Алмажандардың осы айтылған
мәселелер жөніндегі көзқарастары екінші басқа, алдыңғыларға қарама-қарсы
келушіліктері, XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басындағы әдебиетімізде жігі
айқындалған феодалдық және демократтық - екі түрлі әдеби бағыт болғанын
аңғартады. Бірінші әдебиеттік бағыттың басты өкілдері: Бұхар, Дулат, Байтоқ,
Жанұзақ т.б. болса, екінші әдеби бағыттың басты тұлғалары: Жанкісі, Махамбет,
Шернияз, Алмажан т. б. болды.

            Белгілі
бір дәуірдегі бір елдің әдебиетінде бір-біріне қарама- қарсы екі түрлі әдеби
бағыт болуы, сол елдің әлеуметтік құрылысында екі түрлі таптың болуына
негізделеді деп, біз жоғарыда айтып өттік. Өмірдің өзінде болып отыратын,
таптардың арасындағы әр алуан қайшылық, күрестер өздерінің жыршыларын туғызуы
да заңды. Сөз болып отырған дәуірлерде қазақ әдебиетінде екі түрлі бағыттың
болуы да бұл пікірдің растығын дәлелдейді.

            Бұл
фактілерді сөз етудегі негізгі мақсат әдебиетіміздің даму процесі еш уақытта
бірыңғай ағымда болмағандығын, қазақ елінің өз әлеуметтік жағдайына, оның өз
ішіндегі тап қайшылықтарына сәйкес, әдебиетімізде екі түрлі бағыт, екі түрлі
ағым болып отырғандығын айқындау.

            Екі
түрлі әдеби бағыттың мазмұны және түрі жағынан өздеріне тән ерекшеліктерін
салыстыра отырып, тексеру - әдебиеттің таптық табиғатын дәлелдеу үшін де ең
керекті шарттардың бірі.