ВЕРНУТЬСЯ

                                                      Шернияз  Жарылғасұлы  қазіргі    
Ақтөбе 

Шернияздың  өмірі                 облысы  
Ойыл  ауданы      Жарыпшыққан  

және  өлеңдерінің                    дейтін 
өзеннің  бойындағы  ақкете  
руынан 

сақталуы 
жайлы              шыққан.   Ақкете 
-  өзінен  саналғанда   
он

мәліметтері              
       бірінші  атасы. Шернияздың туған,    өлген 

                                                     жылы   туралы 
дәл мәлімет  жоқ. Бірақ  Исатай, 
Махамбет   бастаған  халық 
көтерілісіне  бастан-аяқ  қатысуы, 
көтеріліс   басылғаннан   кейін 
де,  бірнеше  жылдар 
өмір  сүргені  мәлім1.  Нұртуған ақынның  айтуынша, Жаман  жыраудың 
аузынан  жазылып  алынған бір мәліметте: «Ақкете  Шернияз жиырмаға келгенде Исатайдың дабысына
құмартып, сонымен таныс болуға әдейі іздеп барыпты», - дейді. Бұл 1836-1837
жылдар шамасы болуы керек, өйткені Жайықтың бергі бетіне Исатайдың атағы шыққан
жылдар осы кез. Ал Балмырзаның 
Нұрымға  айтқан өлеңінен 1881 жылы
Шернияздың  қайтыс болғаны мәлім болады.                                              

Менің ағам Шернияз

Дабылы жерді
жарулы,

Алты алашқа
танулы,

Сөйлей қалған
кәдімгі

Тірідегі  дабысы

Талай жерге
барулы,

Сан азамат жиналса,

Басын топқа
салулы,

Шайыр туған
Шене-екем

Бүгінде демі бітіп
қалуы, -

дейді.

            Егер
ол 1836-1837  жылдары  жиырмалар шамасында болып, 1881 жылдары
қайтыс болса, туған жылы 1817 жылдар шамасы деп мөлшерлеуге болады.

            Шернияз көп жылдар Жайықтың арғы бетінде,
Бөкейлікте, Исатайдың  жыршысы, серігі
ретінде қасында болады. Исатай, Махамбет халықты хан, сұлтандарға қарсы күреске
ұйымдастырғанда үгітші, ұраншысының бірі Шернияз ақын болған.

            Көтеріліс басылып Исатай өлгеннен
кейін, Шернияз Махамбетпен бірге 1838-1839 жылдар Хиуа елдерінде  жүргенге ұқсайды. Шернияз туралы
қолжазбалардың бірінде:1 «Кете Шернияз ақын Хиуа жұртына барып,
бірер жыл жүріп, еліне қайтыпты. Жаздың айы екен. Аулына ара күндік жер
қалғанда, кешке бір байдың үйіне

_______________

1 ИЯЛ архиві, ІІ материал, 12-бет.

1 ИЯЛ архиві, 201 материал, 1-2-
бет.

сөйлес етіпті.  Бір жігіт  
шығып қондырғысы келмей,  әр    нәрсені сылтауратып сұрай беріпті. Шернияз
оның ниетін сезіп, мына сөзді айтыпты:

Руымды  сұрасаң,

Жеті рудың ағасы,

Ақкетенің баласы

Жаз жайлауым
сұрасаң,

Тайсойған, Бүйрек
арасы;

Қыс қыстауым
сұрасаң,

Жем, Сағыздың
саласы.

Жер шамасын
сұрасаң,

Ара қонып келеді

Жүк салған жолмен
қалашы

Өзімнің атым
Шернияз

Жарылғас бидің
баласы.

Тап осылай деп
айтпасам,

Қондырмаймын деп
тұрсың ғой шамасы», -

дейді.

            Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі
Шернияздың жүрген жері Жайықтың бергі беті, Әлім, Байұлы, Жеті ру елдері.
Исатай, Махамбет көтерілісіне белсене қатысушының бірі болғандықтан, Шернияз
әуелгі кезде хан, сұлтандардан қашып жүреді. Жайықтың бергі бетіндегі елдерді
басқарушы сұлтан Айшуақ Баймағамбеттің қудалауынан құтыла алмайтын болғандықтан,
Шернияз Баймағамбетке өзі келеді. (Кейбір 
материалда Баймағамбет айдатып алдырады.)

            Сол 
кездердегі хан, сұлтандардың өз ордасында тәуір  деген  ақын, жырау ұстайтын салттары бойынша Шернияз
айдалу жазасынан аман қалады. Баймағамбет сұлтан оны сарай ақыны ету мақсатымен
бұрынғы хандарға қарсы болған «күнәсін» 
кешеді.

            Ел аузындағы бірнеше әңгімелерге
қарағанда Шернияз Баймағамбетке келгесін де өздерінің бұрынғы серіктері,
көтерілістің басқарушысы болған достарынан қол үзбегенге ұқсайды.

            Махамбет өз өмірінің соңғы
кезінде  де Шернияз  үйіне әлденеше рет келіп, қонып кетіп
жүріпті. Махамбеттің Шерниязбен  ең соңғы
кездесуінде, араларында мынадай сөз болыпты дейді.

Шернияз:

Көлдеуде көгала
үйрек жергілікті,

Молдалар
шариғаттан сөз біліпті

Жолдасы ер Исатай,
ер Махамбет.

Сөз бар ма бізге
айтқандай ескілікті.

Махамбет:

Көп қағып
дауылпазды көл шайқаған,

Арғымақ бір
шапқанда айналасы

Алты айшылық жер
шайқаған.

Күн бұлт, ай
қараңғы жортар құлжа,

Шернияз шешен
болсаң бұл сөзді жылдам

                                                             
болжа:

Құйылып таң
мезгілі мұнар шалып,

Төрт лашын бір
сұңқарды ортаға алып

                                              қылған олжа,

Он бүркіт, отыз
аққу көлде жатқан,

Лашын қанат қақпай
дәмін татқан...         

Бұл
өлең Шернияз бен Махамбеттің араларындағы достық қарым- қатынасты көрсететін
бағалы  деректің бірі. Мұнан басқа және
бір ел аңызында: Махамбетті ұстауға Баймағамбет сұлтан бір бөлек адамдарды
аттандырады. Оның ішінде Шернияз да бар екен. Іздеп келе жатқан отрядқа
Махамбет қарсы шығады. Шернияз Махамбетті алыстан танып, әнімен қауіпті
білдіріп, бетін басқа жаққа бұрады, сөйтіп, Махамбеттің ол жолы ұсталудан аман қалуына
себепші болады. Бұл да жоғарғы тәрізді, екеуінің араларындағы достық қатынастың
үзілмегенін растайды.

            Шернияз жайлы мәліметтерді
қарастырғанда, оның  өмірінің бірінші
кезеңі халық  қамын ойлаған Исатай,
Махамбеттердің қасында өтіп,  халық тілегі,
ел мүддесіне  жұмсалып, халықтың ыстығына
күйіп, суығына тоңумен өткендігін көрсек, екінші кезеңі халық тілегін өз
мүддесі, мансап, дәреже үшін сатушы Баймағамбет сұлтанның сарайында өткендігін
көреміз.  Сол кез, сол жағдайды еске
алсақ, неге олай болғандығының нақтылы себептерін айқындау қиын емес.

            Исатай, Махамбет бастаған халық
көтерілісі жеңілгеннен кейін хан, сұлтан, феодалдар көтеріліске қатысушылар
енді қайтып бас көтермес үшін қатты- қатты шаралар қолданды. Мал-мүлкін конфескеледі,
Сібірге айдатты, шетінен ұстап түрмеге жаптырды, қуғын-сүргінге ұшыратты.
Сондағы қуғын көргеннің  бірі Шернияз
болды. Біресе Әлім, біресе Шемен, біресе Табын, біресе Хиуа елдеріне барып,
Шернияз, Махамбеттердің  сырғи берулері -
Жәңгір, Баймағамбет, Перовскийлердің оларды қалай да ұстау керек  деген әмірінің күші, ізіне шам алып
түсулері  еді. Сондықтан Шернияздың
Баймағамбет сұлтанға келуі, еш лаждың жоқтығы, бүгін болмаса, ертең қолға
түсетіндігіне көзі жеткендігі, әйтеуір ұсталатын болғасын, не ұсталып тыну, не
себебін таба алса, құтылу, екінің бірі, «шешінген судан таймастың» кері
болатын.

            Шерниязды паналатуда Баймағамбеттің
өз есебі, өзінше мақсаты болды. Бақ аңсап, даңқ іздеген, Жәңгірмен өзінше іш
бәсекесі зор тырашсынған Баймағамбет сұлтанға атышулы Шернияз шешенді өз
қолында ұстау, оның лажсыздығын пайдаланып, өзінің сарай ақыны ету мақтан
есепті болды.

            Өздерін мақтатып, жұрт алдында
беделдерін көтеру үшін, ең шешен, талантты ақындарды сарай маңында ұстау жалпы
хандардың ескі салты екені мәлім. Бұл дәстүрдің жалғасы аға сұлтан дәуірі ғана
емес, тіпті кешегі Октябрь революциясына шейін келді деуге болады. Қазақтың
үлкен феодал, болыс-билерінің қасында өзінің шашбауын көтеретін кейбір ақындары
болатын.

            Сөйтіп, Шернияздың Баймағамбетті
паналауы лажсыз жағдаймен байланысты болса, Баймағамбеттің оны аман сақтап
қалуы өз мүдде, өз тілегіне бағыныңқы.

            Шернияз өз кезінде де, өзі өлгеннен
кейін де халыққа аты  көп жайылған,
даңқты ақынның бірі. Оның сөздері халыққа ерте күннен мәлім. Қазақстанның қай
түкпірі болсын Шерниязды жақсы біледі. Оның өлеңдерін сүйіп тыңдайды, сүйсініп
оқиды. Бұған бір жинаушының мына бір сөзі толық дәлел.

            «Біздің жақта, - дейді жинаушы, -
Шернияз сөздерін әңгімеге үйірлігі бар жігіттердің көбі-ақ біледі. Өлеңші
ақындардың білмейтіні жоқ. Әсіресе: «Байеке, сіздің қызда жаман бар ма» деген өлеңі
мақалға айналған. Ақын көрсе «Шерниязды айт» деп  көпшілік қолқа қылады1. Жалғыз
Жетісуда ғана емес, Қазақстанның қай облысы, қай ауданында болсын халықтың
Шерниязды қолдайтыны  рас. Халыққа
көп  тарағандығы  жағынан Шернияз қазақтың қай ақынымен  де таласа алады.

            Тіл-әдебиет институтында Шернияздың
1925 жылы Москвада басылған Алыш ақынның варианты, Омарбек, Мәшһүр-Жүсіп
жинаған варианты (Мәшһүр-Жүсіп, ІІ том, 8-бет) - үш түрлі вариант бар («Шернияз
ақын» өлеңдері, «Шернияз», «Шернияздың Баймағамбетке айтқаны»). Бұлардың аттары
әр басқа болғанмен, желісі бір. Өлеңдер Шернияздың Баймағамбетке келіп
кездесуінен басталады да, өзінің кім екенін 
таныстыру, Баймағамбет бұйрығы бойынша, оның   қызын, әйелін, өзін мақтау, Исатайды мақтау,
Медебаймен  (бір вариантында Марабай
делінеді) айтысып жеңуімен аяқталады.

            Алыш ақынның вариантында Шернияз
өлеңдерінің аяғы Байғара болыстан зорлық көрген Шернияздың арыз айтуымен тынса,
Мәшһүр-Жүсіп варианты Шернияздың Баймағамбеттің қызының тойын бастауы, Баянасқа
айтқан өлеңімен  аяқталады.

            Жоғарыда айтылған үш варианттан
басқа институт архивында

____________

1 ИЯЛ архиві,7 материал,
«Шернияз», 1-бет.

Нұржігітұлының
«Шернияз тарихы»1 және Жәмет жыраудың «Ақкете Шернияз  өлеңі» 
атты  қолжазбалары тағы бірнеше
ұсақ өлең бар. Әсіресе құнды материал деп Нұржігітұлының қолжазбасын айтуға
болады. Мұнда Шернияздың өмірімен байланысты оның әр жағдайда айтқан ұтымды
қысқа-қысқа бір ауыз, екі ауыз өлеңдері мен бұрынғы баспа, жинақтарда болмаған
«Шернияздың  Қази би мен Әлен төреге
айтқан сөзі», «Терме», «Өмір туралы айтқаны» дейтін бірнеше жаңа өлеңі бар.
Бұл  өлеңдері Шернияздың көзқарасын
айқындау үшін бағалы материалдар деуге болады.

            «Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазба
Нұртуған ақынның  айтуынан жатталынып,
кейін Нұртуғанның жиені Жәмет жыраудан жазылған. Бұл да бұрын ешкімге мәлім
емес шығарма. Өзі жай ғана өлең емес, оқиғаға құрылған  қысқаша поэма деуге болады. Кіші жүз Сиықтың
шежіресін айта келіп, Исатай мен Наушаның өз арасындағы қарым-қатынастары,
Исатайдың  ерлік өлімі, оның сүйегін  Наушаның алып шыққаны баяндалады. Аяғы
Шернияздың  басқа белгілі өлеңдері
тәрізді Баймағамбетпен Шернияздың кездесуі, Марабай ақынмен айтысы, оны
жеңуімен тоқтайды. Көркемдігі жағынан бұл онша құнды өлең емес. Бірақ
оқиғасында тарихи кейбір шындықтардың бетін ашатын жерлері бар. (Мысалы:
Исатайдың  сүйегін жаудан кім алып
шыққанын айқындау, стихиялық түрде бастаған шаруалар көтерілісін
басқарушылардың өз араларындағы келісе алмаушылықты көрсету, тағы басқалар).

            Жоғарғы үш ақынның аузынан жазылып
алынған үш түрлі варианттың желісі бір десек те, әрқайсысының өзінше
өзгешеліктері  бар. Бас-аяғы бүтін,
әңгіме желісі дұрыс,  адам  мен  ел
аттары  тарихқа дәл  келетін Көкшетаудың  Алыш ақыны 
айтқан  варианты. Мәшһүр-Жүсіп
варианты Алыш ақынға, негізінде, жақын келеді. Әйтсе де сөздерінде кейбір
өзгешеліктері де жоқ емес.  «Арқада ту
ұстаған Арынғазы»  (Мәшһүр), «Аржақта ту
ұстаған Арынғазы» (Алыш), дұрысы: «Аржақта ту ұстаған Арынғазы»  болуы 
керек. Өйткені әңгіме атақты Арынғазы атты хан туралы. Бөкейліктегі ел,
Жайықтың бергі бетіндегі елді «аржақ» деп сөйлейді. Оның Арғынмен еш байланысы
жоқ, сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп 
вариантында, көп жерлері түсіп қалған не сөздері басқаша құралатын
жерлері көп.

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан,

Өлім десе, қорқады
шыбындай жан,

Сәлемді алдыңызға
сала алмаған,

Баяғыдай заман жоқ
құйқылжыған.1

_______________

1 ИЯЛ архиві, 27 номерлі материал, 50-бет.

1 Алыш варианты.

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан,

Өлім десе, қорқады
шыбындай жан,

Өлімнен қашып
келіп қорғалаған,

Қуып жүр
құйқылжыған құрғыр заман,1

тағы басқа  осылар 
тәрізді  жолдарының,  сөздерінің өзгешеліктері  толып 
жатыр. Мәшһүр-Жүсіп вариантында «Бай-еке, сіз бір аққан бұлағымыз»  деген тәрізді кейбір шумақтары мүлде  жоқ. Алыш  
вариантына  қарағанда,  Мәшһүр-Жүсіп варианты  анағұрлым қысқа.

            Омарбек варианты (Жетісу
елінікі)  жоғарғы  Алыш, Мәшһүр-Жүсіп варианттарына қарағанда
көлемді. Мұнда да Шернияздың Баймағамбетке айтқан сөздерінің желісі дұрыс  сақталады. Бірақ әр шумағына жолдар қосылып,
ұзартылып айтылған. Шумақтың не басында, не ортасында, не аяғында жоғарғы екі
вариантта кездесетін таныс жолдарды түгел қайталайтын шумақтар кездеседі.
Омарбек варианты алыстан талып жеткен әңгіменің желісіне құралған, қоспасы  көп, әуелде біреулер Шернияз  сөзін 
толық  білсе  де, кейін ол ұмытылыңқырап, әр ақын өзінше
долбарлап айтумен байланысты көп өзгеріске ұшырағанға ұқсайды.

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан!!

Молдалар  хат жазады 
дәуіт, қалам,

Кешегі ел ұстаған
ханзаданың

Сізді де ұрпағы
деп бердім  сәлем...

Ежелден шынжыр
балақ, шұбар төс ең,

Бұқараң үймелегін
хан тұтып жан.

Жалаңаш елден
шыққан бір сорлымын,

Жалғыз-ақ үмітім
бар рақымыңнан

Басымды алар
болсаң жылдам алшы,

Ызғары өтіп барады
аяғымнан.2

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан,

Өлім десе, қорқады
шыбындай жан,

Сәлемді
алдыңызға  сала  алмаған,

Баяғыдай заман жоқ
құйқылжыған,

Сіздер  де ханзаданың баласы  деп,

Алдияр деп  алдыңа бердім 
сәлем.

Осы  күнде адам жоқ бізден жаман,

Жалаң аяқ, жалаң
бас зарлап тұрмын,

Көзіңнің қырын
салар  бар ма заман?

Бай-еке, келгенім
жоқ бұл шағыңа,

___________

1 Мәшһүр-Жүсіп варианты

2  Омарбек
варианты

Ақ сұңқар мен бір
қонған қияғыңа,

Жорғамын шаң
тиместей тұяғыма,

Күміс сапты
найзамын қияғыңа

Құдайдың түні  суық, қаһары 
қатты,

Жалаң аяқ, жалаң
бас жылап тұрмын.

Көзіңнің қырын
салшы сыяғыма.1

            Бұл 
екі үзіндіні  салыстырғанда, жалпы
желісі  бір болғанмен, пікір жағында
болсын, жеке сөз, сөйлемдерінде  болсын,
недәуір өзгешеліктер бар. «Шынжыр балақ, шұбар төс»  деген образдар - соңғы  кездердегі шыққан образдар. «Ызғары  өтіп барады аяғымнан»  деген жолдың 
алдыңғы  жолдармен логикалық  байланысы жоқ. Бұл Алыш   ақынның 
вариантында  айрықша  шумақ  
болып  айтылатын.                         

Бай-еке, сіз  бір аққан бұлағымыз.

Зарланған  біз 
бір  жетім лағыңыз.

Лыпадан  тал бойымда еш нәрсе жоқ,

Жалғыз-ақ  жарты күйген тұмағымыз.

Аяғым
тоңғаннан  соң басып тұрмын,

Үсіп кетіп  барады  
құлағымыз.

Тақсыр- ау, бізді
өлтірсең, тезден  өлтір,

Зарланған біз бір
жетім шұнағыңыз, -

 

деген   өлеңнің 
мазмұнынан  алынғанға  ұқсайды.

            Омарбек  вариантының  
қара  сөздері  не кейбір 
жолдары  Алыш  вариантындағы 
ел  аттарынан бөлек. Исатай мен
Баймағамбеттің    араларындағы  күрес, 
тартыстарда  Омарбекте  көмескі, ертегіге  айналғаны 
байқалады.

            Бас сөзінде: «Бұрынғы заманда
Баймағамбет деген хан болыпты. Исатай Баймағамбетпен туысқан, тоқал
қатынның  баласы  екен», - деп бастауы немесе өлеңдегі:                                 

Аржақта  дүмбірлеген Арынғазы,

Жайлаған
арғын-найман өтен сазы

Аржақты ту ұстаған
Арыстанбек, -

деген тәрізді   жолдар әңгіменің  тарихи 
ізінен алыс жатқандығын  
аңғартады. Алыш ақын вариантында 
Шернияз  бен  Баймағамбет, Исатай  не 
басқалардың  қай  ел, қай 
жерде  болғандары, олардың  арасындағы 
күрес, тартыстардың  ұлы   сорабы 
дұрыс беріледі. Сондықтан бұл 
Шернияз  өлеңдерін сұрыптауда
негізгі  вариант болып есептелуі  қажет.

__________

1 Алыш варианты     

Әйтсе
де Омарбек  пен Алыш варианттарында  дәлме-дәл 
келетін  жерлері  де 
жоқ  емес. «Сағынам ауызға   алсам Исатайды», «Бармысың жауға түскен,
алтыным-ай» деп басталатын өлеңдері 
екеуінде  де  өзгеріссіз. «Бай-еке, сіздің  қызда 
жаман  бар  ма», 
«Бай-еке,  заманында  тасуын-ай» дейтін  шумақтарында 
бірен-саран  сөз  өзгешеліктері 
болмаса,  дәлме-дәл  жақын 
деуге  болады.

            Алыш 
пен  Омарбек  вариантының 
екеуі  де 1925  жылдан 
бастап  баспа  жүзін 
көрді. Онан кейін жеке  кітап     болмаса да, хрестоматия,  орта 
мектеп оқу  құралдарында  (1941 жылдан бері), жоғарғы  мектепке 
арналған  Сәбит  Мұқанов  
жолдастың  1942 жылғы  шыққан 
«Қазақтың ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  әдебиетінің 
тарихынан  очерктер»  атты 
еңбегінде  үзінділері  басылып, 
екі  варианттың  екеуі 
де  Шернияз  сөздері 
делінеді. Бұл  жоғары  еңбекте 
болсын  не  басқа 
зерттеушілерде  болсын  күні 
бүгінге  дейін  елеулі 
кемшілік:  осы  варианттың 
қайсысын  негізгі  етіп 
алуы  керек,  бұл 
әлі  еш  жерде 
сөз  болған  емес. Шернияздың  өзінен 
қалған  қолжазба болмағандықтан  және 
Шерниязды  әдебиет  тарихына 
енгізіп, жазба  әдебиеттің  өкілі 
ретінде  зерттеп  отырғандықтан,  жоғарғы 
үш  варианттың  біреуіне 
тоқтап,  Шернияздың  өз 
сөз,  өз  өлеңдері 
осы,  басқалары  осының 
желісіне  қарап,  әр 
ақындардың  өзінше,  Шернияз 
атынан  айтылған  варианты 
ғана  деп   ұғынуымыз 
керек. Бізше, Шернияздың  өз  нұсқасын 
сақтаған, өзгертілмей 
айтылатын,  оның  басқа 
өлеңдері  мен  стиль 
жағынан  үндес  келетін 
Алыш  ақынның  варианты. 
Алыштың  қара  әңгімелері 
де,  Шернияз  өлеңдеріндегі 
кісі  аттары  да, Исатайдың 
өлімі  де, тарих  мәліметтеріне 
дәлме-дәл  келеді  деуге 
болады. Сондықтан  біз қазіргі
зерттеуде  негізгі  текст 
етіп  Алыш ақындікін  алдық. Басқа варианттар мұны  толтыру 
үшін  ғана  қолданылмақ. Шернияздың  өмірі, 
оның  өлеңдерінің  варианттары, 
кім  не   жазған 
жөнінде  сөзді  осымен 
қысқартып,  енді  оның  шығармаларына  тоқталық.

                                                        Шернияз соңғы  кездерге 
шейін  әдебиет

Шернияздың         тарихына кіре  алмай   келді. Бұған 
                   өлеңдері туралы                   жалғыз-ақ  себеп - Шернияздың  өмірінің  

                                                   соңғы   
кезінде    Баймағамбет    сұлтанға 

келуі. Біз  жоғарыда 
өмірбаянымен  байланысты,  оның 
қалай   келгенін  айттық. Әңгіме Шернияздың  Баймағамбетке 
тек  келуінде  ғана 
емес  не  жырлап, қалай 
жырлағанында.

            Шернияз  өлеңдерінде 
тарихи  екі  адам 
туралы  айтылады. Бірі -  халықты 
езуші, жауы  Баймағамбет.

            Шернияздың  Баймағамбетке 
айтқан  сөздерін  мазмұны, 
құрылысы  жағынан  алып 
қарасақ,  мақтады  деген 
өлеңдерінің  өзінде  де 
мысқыл,  кекесін  жатады. «Мені жамандашы» деген  сұлтанның 
өз  сөзін  пайдаланып, Шернияз  Баймағамбеттің  жауыздық 
іс, әрекеттерінің  бетін  ашып, 
жұртқа  әшкерелеп  береді. Өзі 
өлім  мен өмірдің  шекарасында 
тұрса  да,  бас 
кетеді  деп  тіл 
тартпай, Баймағамбеттің 
жауыздығын  әшкерелеу  арқылы  басқа 
да  хан,  сұлтандардың 
халыққа  жасаған  зорлық, зомбылықтарын  терең 
толғап  суреттейді. Мұндай  жерде 
ақын  әрдайым Баймағамбетке  Исатайды 
қарама- қарсы қою  әдісін  қолданып, 
бірінің  елге  деген 
достығын, екіншісінің  елге  деген 
қастық,  жауыздығын айқындайды.

 

Аржақта  Арынғазы 
дүмбірлеген,

Бай-еке, елің  бар ма 
бүлдірмеген?

Қоректеп  төбеде 
төбет  қалып,

Туып  тұр 
ел  басына бұл күн  деген.

Қазақтың  қара 
жұртын  быт-шыт қылған

Төре емессің,  төбетсің дым білмеген.      

Осы  үзіндінің 
өзінде  Баймағамбетке  деген 
қаншама  өшпенділік  жатқаны 
кімге  де  болса 
мәлім. Сонымен қатар  бұл  жерде 
ақын  көп шындықтың  бетін 
ашады.

            Исатай өліп,  көтеріліс 
басылғаннан  кейін  хан, 
сұлтандар  елге  қатты- қатты 
шаралар қолданды. Айдатты, дүре 
соқтырды, төрін    талқан,
есігін  ойран  етті. Осындай 
ел  бүліншілігін  басқарған, 
Орынбордан  шыққан   патша 
әскерін  көтерілушілерге  өзі бастап 
әкеліп, Исатайдың  өліміне  ортақ, 
көтерілістің  жеңілуіне  себепші 
болған  Баймағамбетке  мұз 
боп  қатқан  ескі 
кек  Шерниязды  шыдатпайды. Өзі өлім  аузында 
тұрса да,  ақын  батыл 
түрде  Баймағамбеттің  халыққа 
істеген  жауыздығын  бетіне 
басады.                     

Па, шіркін,
Исатайдай  сабаз  тумас,

Қас  етсең, қасында да  адам 
жумас,

Ел  ұстап, жұрт  билейтін 
қылығың жоқ,

Хан емес, қас
қатынсың мұндар қубас, -

деп, ел сүйген  батыл 
ұлға Баймағамбетті қарама- қарсы қойып, кімнің  кім 
екендігін  көрсетпекші болады.
Бұл  жердегі  әрқайсысына 
қолданып  отырған  образдарының 
өзінен  де  ақынның 
кімге  қалай  қарайтындығы 
айқын  сезіледі. «Төбет», «қубас»
деген  сөздер  Баймағамбеттің  сұрқиялығын 
дәл  етіп,  батыл 
түрде  суреттеу  тілегінен 
туып  отырғандығы  айқын.

            Біз  
негізге  алып  отырған 
Алыш  ақынның  вариантында 
Шернияздың  Баймағамбетті   мақтауы 
амалсыздықтан  туды, ол  оның 
шын  ниетімен  жақсы 
көруінен  емес  еді 
деген  пікірді   мегзейді.

            Баймағамбет  әзіл үшін әуелі әйелін, қыздарын  жамандатып, 
өзінше,  соған  мәз-мәйрам 
болады  да, Шерниязға: «Енді   өзімді 
жаманда», - дейді. Шернияз: 
«Шыдай  алмассыз», -  деп бірнеше ескертсе де, Баймағамбет
қоймағасын  жамандайды. Өлтіре
жамандайды. Әуелі  көзбе-көз  жамандауға өзі рұқсат  етсе де, шындық  сөз сүйегінен 
өткен Баймағамбет  шыдай алмай,
Шернияздың басын шаппақ болып қылыш суырады. Сасып қалған Шернияз:

Хан қолында
ұстаған, қысқа қылыш,

Қаһарлансаң
өтесің  тасқа, қылыш.

Хан қолында тұтқаң
бар ұстап тұрған,

Жарлықтан хан
бұйырмай аспа, қылыш, -

 

деп қылышты  тоқтата тұрады   да:                                  

Атыңыз  кешегі өткен Абылай-ды.

Абылай көп ерлігін
жұртқа жайды... -

деген тәрізді  сөздермен Баймағамбетті  «мақтайды». Мақтан сүйгіш  Баймағамбет 
ақынның  мақтау  сөздеріне 
жібиді  де, Шерниязды  өлім 
жазасынан  босатады. Ақынның
Баймағамбетті  мақтап айтқан  өлеңі осындай жағдайда шығарылады. Сондықтан
мұны шын мәніндегі  сүйіспендіктен туған
мақтау деп қарау қиын. Бұл ақынның 
дүниетанушылық көзқарасы жүйесін 
айқындайтын  өлең емес, жаңағыдай
жағдаймен байланысты туған өлең, оның шығармасын бүтіндей алып талдағанда, сол
жағдай, сол сәттегі ақынның әлсіздігін көрсететін өлең және мықты қайшылығының
бірі деп бағалауымыз дұрыс тәрізді.

            Ақынның шын сырын, шын көңілін
Исатай туралы айтқан өлеңдерінен көруге болады. Исатай жөнінде қолданған әр
сөз, әр образында үлкен махаббат,  терең
сүйіс  жатқандығы аңғарылады. «Па,
шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Сағынам ауызға алсам Исатайды», «Исатай -
ел  еркесі, ел  серкесі» 
деген жолдарының өзінен-ақ өміріндегі ең сүйікті,  ең 
ардақты  санаған шын дос,
қымбаттысынан айырылған шерлі жыраудың 
мұңды зары мен терең сыры байқалғандай болады.

            Исатай өлмей, ұсталып қайтып келген
болса не дер едің дегенде:

Бармысын жауға
түскен, алтыным-ай!

Самалым, саз
қонысым, салқыным-ай!

Жауыңның қоржынына
түсіп едің,

Шықтың ба қабын
жарып, жарқыным-ай;

Ақ алмас, алтын сапты,
қылышым-ай!

Құртып ең алты
алаштың тынысын-ай!

Жатпапты асыл
пышақ қап түбінде,

Шықтың ба қабын
жарып, ырысым- ай!?

деп, мойнынан құшақтар  едім, - дейді.

            Осы үзіндінің  өзінен-ақ Шернияздың Исатайды қандай дәрежеде
сүйіп, қандай дәрежеде жақсы  көретіндігі  айқын көрінеді. Адамның ішкі сезім дүниесін
беруде  қолданылатын зарлай арнаудың
әдісімен суреттейді.

            Әрине, бұл сықылды терең сүйіс
Шернияздың жеке, тек өз басының ғана  ойы
емес, батырға  деген ел махаббаты, жұрт
аңсауының көлеңкесі.                           

Сағынам
ауызға  алсам  Исатайды,

Ер тумас ел бағына
ондай жайлы,

Қарадан халқы
сүйіп ханым деген,

Жігіт  еді төрт тұрманы түгел сайлы...

Ер тумас ел бағына
Исатайдай,

Мінезі
толқушы  еді туған айдай,

Тарлан  боз, тарғыл  
ала  жылқы біткен,

Ер  еді, құтым еді, о дариға-ай...

Исатай - ел
еркесі, ер серкесі

Бір мен емес,
алашқа жайлым еді,

Елге алғау, маған
да алғау ер Исатай,

Айырылып Шерің
содан қайғылы еді... -

деген сөздерінен
Исатайды  халықтың  сүюі, халықтың  жақсы 
көруі Шернияз  жырына  нәр, 
негіз  болды.

            Исатай ел мүддесі, жұрт
мақсатын  көздегендіктен,  халық 
оны  өз  ері, 
өзінің  адал ұлы деп білді.
Сол  пікірді  үндемекші 
болған Шернияздың  алған  тақырыбы да, жырлаған жыры да Исатайға
арналады. Шернияздың  өзі  де шаруалар ортасынан шықты және шаруалар  көтерілісіне белсене қатысушының бірі  болды. Арман еткен мақсаты  да сол шаруалардың  тілек-мүддесіне  сәйкес, 
сол шеңберде  қалды. Шернияз  өлеңінде 
ол өрістен  асып  не 
болашақты аңсау, не түңіліп, өткен 
өмірге бой ұру,  не
діншілдікке  берілу, не бұл дүниеден   безіп, өлімге  үндеу - екеуі 
де жоқ. Ақын өмір шындығын өзінің арман 
еткен, белсене  қатысқан шаруа
табының тұрғысынан қарап таниды да, сол мұнарадан суреттейді. Шернияз өлеңінің
негізгі көпшілігі Исатай немесе сол сықылды халық қамқоры болған ерлерді
дәріптейді. Әрине, Шернияз  өлеңі  қайшылықсыз,  
онда  кемшілік,  қате 
жоқ  деген  пікірден 
біз  аулақпыз. Оның кейбір
қайшылығын жоғарыда  көрсеттік.

            Әйтсе  де Шернияздың 
өлеңдерінің терең  тамыры  езілуші 
қара  халықтың  тілек-мүддесін жырлауда  жатыр.

            Әрине, біздің бұл  пікіріміз Шернияз  өлеңдері 
туралы  үзілді- кесілді, қорытынды   пікір 
емес, ойласу ғана. Өйткені 
Шернияз өлеңдері  әлі  толық жиналып 
болған  жоқ. Ол  туралы бір алуан мәліметтер соңғы жылдары
түсті. Олардың ішінде құнды, бағалы материалдар 
да аз емес. Солардың 
ішіндегі  ең  құнды  
материал - Шәйіптікі.

            Шәйіп Нұржігітұлының
қолжазбасында  Шернияздың  бұрын 
жұртқа  мәлім  емес 
екі  термесі  және 
бірнеше  қысқа  өлеңі 
бар. Термесінің  бірі «Өмір  туралы» деп, екіншісі  тек 
«Терме»  деп аталады.

            Бұл 
термелер Шернияздың тек  жай  ғана 
ақын   емес,  өмірді 
кеңінен  шолып,  оған 
өзінше  баға  бермек 
болған, өзінше  қорытынды  пікір 
айтуға  ұмтылған  ақын 
екендігін  көрсетеді.

                                  

Аттан  аттың 
несі  кем,

Өзі  тарлан-көк болса?

Ерден ердің
несі  кем,

Айтқан  сөзі берік  
болса?

Хандардан  ханның 
несі  кем,

Халыққа  әділ 
ерік  болса, -

деген  сықылды 
риторикалық  сұраумен
термелеп  келеді  де, 
өзінің  бақылауынша  кейбір 
жерлерінде  қорытынды   ретінде 
пікір  де  айтады. Осы 
термесінің  тағы  бір 
жерінде:                          

Ай,  жігіттер, жігіттер,

Жердің  жүзін 
қарасаң,

Мұнша  неге 
кең  болған.

Жеті  мүше 
денеміз

Бір-біріне  тең 
болған.

Төрт  аяқты 
айуандар,

Неге  адамнан 
кем  болған.

Жарық  үшін 
күн  болған,

Тыным    үшін 
түн  болған,

Тамашалап  қарасаң,

Ай  мен 
жұлдыз,  күндіз  түн,

Орман,  тоғай, 
от  пен  су,

Тап-тамаша  кім 
қылған?

Құрт-құмырсқа,
ұшқан  құс

Бұ  да басқа түр 
болған, -

дейді.

            Шернияздың  бұл 
сөздерінің  өз  кезінде 
мәні  зор. Қазақтың  оған 
шейінгі  ауыз  әдебиеті, 
тарихи  әдебиет  нұсқаларын 
алсақ,  табиғаттың  әр 
алуан  құбылыстарын   бақылай 
келіп,  оларды  тану 
үшін  жоғарғы  айтылғандар  
тәрізді,  тұжырымды  сұрақтар 
қойған  шығарма  не 
жоқ,  не  жоқтың 
қасы. Оқу-өнерден  кенже  қалған 
халыққа  ондай  сұрақты 
қоюдың  өзі - кезінде  үлкен 
нәрсе. Әрине, Шернияз  да ол
сұрақтарға  дұп-дұрыс  ғылыми 
жауап  бере  алды 
деген  пікірден  біз 
аулақпыз. Ол  сұрақтарға  ақын 
жауап  бере  алған 
жоқ. Ол мүмкін  де  емес 
еді. Әйтсе  де  сол сұрақтарды  қоюдың  
өзі  тек  қана 
ақынның  емес, халықтың  өмір 
құбылыстарын  білсек,  танысақ 
деген  арманын  мегзейтін 
секілді.

            Сонымен  қатар ақын өмірдің бірқалыпта  тұрмай, өзгеріп  отыратындығын да аңғарған. Бұл, әрине, Шернияздың  жаңалығы емес. Өмірдің әрдайым өзгеріп
отыратындығын аңғару ауыз әдебиетінде де, Бұхар, тағы  басқа ақындардың шығармаларында да кездеседі.
Бұл мәселені біз Шерниязбен байланысты 
тек факті  ретінде  ғана 
айтып  отырмыз.

Ақын:

Болжалды күн болған
соң,

Бұл дүниеден кім
қалған?

Батыр  өткен 
шабынған,

Жүйрік өткен
шабылған,

Сұлу өткен  жағынған,

Кербез өткен
қағынған,

Не  жайсаңдар өтпеген,

Озған жүйрік
табынан? -

дейді.

            Бірақ  табиғат 
және  өмір  құбылыстарында  әртүрлі 
өзгерістер  болып  отыратындығын 
ақын  тұрпайы  түрде 
болғанмен  дұрыс  түсінсе 
де,  әлеумет  өмірінің 
кейбір  негізгі   мәселелерін 
мүлде  теріс  түсінеді.

Мысалы:

Бәрімізге  ай 
ортақ,

Қайырлы  болса, 
бай  ортақ.

Жақсы  болса, 
би ортақ, -

деген  сөздерін 
алсақ, «қайырлы бай», «жақсы би», «жақсы хан» болады-мыс  дейтін 
нағыз  ұсақ байшылдық  көзқарасты 
дәріптейтіндігін  көреміз.
Әрине,  ол  үшін 
Шерниязды даттауға болмайды. Өйткені стихиялы түрде басталатын шаруалар
көтерілісінің  басшылары мен жыршылары
өздері белгілі бір ханға не патшаға қарсы қарулы күрес ашып, сол жолда өлімге
де, өмірге де бел байлап майданға шықса да, хандық, патшалық  жүйені (системены) құрытуды олар мақсат
етпейді, тек сол жауыз хан, жауыз патшаны жоюды мақсат етеді. Олар  «жақсы хан», «жақсы патша»  болады, елді солар бастаса, тұрмыс түзелер
еді, рухани қысымшылық болмас еді деп ұғады. Шаруалар көтерілісінің негізгі бір
әлсіздігі, негізгі бір қайшылығы да осында. Демек, бұл әлсіздік пен қайшылық
шаруалар көтерілісінің әрі  қатысушысы,
әрі жыршысының бірі болған Шернияз өлеңдерінде кездеспеуі мүмкін емес. Жалғыз
ғана бұл өлең емес, оның басқа өлеңдерінде де кездеседі. Сондықтан  Шернияздың Баймағамбет сұлтанға  айтқан және басқа өлеңдеріндегі
қайшылықтардың негізгі себептерін біз ақынның өз басынан емес, сол тарихи
жағдай мен кезеңінен іздестіруіміз керек.

                                                              Шернияз - аз да
болса ескіше (арабша) 

Шернияздың ақындық    оқыған,    хат  білген 
адам. Әкесі ерекшеліктері жайлы
            Жарылғас   молда 
делінеді.     Кейбір

                                                   мәліметтерде
Шернияздың өзін де әйелдер «молда қайын аға» деп атаушы еді дейді. Бірақ
Шернияз өлеңдерінің  құрылысы мен қолда
бар материалға қарағанда, ол өлеңдерін жазып шығарған адам емес, ауызша,  керегінде жанынан тез шығарып айтуға бейім
ақын  екендігі аңғарылады. Өйткені өлеңді
тез шығаруы жағынан  алсақ та, тілі
жағынан алсақ та немесе  айтыстарында қолданған
әдіс жағынан қарасақ та, Шернияз өлеңдерінде суырыпсалмалық дәстүр берік
сақталады.

            Суырыпсалмалықтың өзіне  тән сан алуан ерекшеліктері бар. Соның бірі -
жепелдеме сөз тапқыш, әзір жауаптылық. Бұл қасиет Шерниязда да анық байқалады.
Баймағамбет шабамын деп, қылышын суырып алғанда айтқан «Хан қолында ұстаған,
қысқа қылыш» дейтін өлеңін импровизаторлықтың тамаша үлгісі десек,
«Шернияз  тарихы»  атты қолжазбадан алынған  төменгі өлеңі, тез айтуға машықтық, ұсталығы
жағынан  жоғарғы өлеңнен де асып түсетін
сықылды.

            Бір іс жөнінде хан Шерниязды
айыптап, дүре соқтырмақшы болады. Жұрт жиналып сұраса да, хан кешірім бермейді.
Жұртқа болмаған соң, ханға Шернияздың өзі барады. Есіктен кіре бергенде
маңдайшаға соғылып, басындағы жапатай бөрік түсіп кетеді. Еңкейіп  алайын деп жатқанда хан: «Ойланбастан осыған
өлең айт», - дейді. Сонда бір аяғы табалдырықтың сыртында, бір аяғы ішінде
тұрып:         

Басымнан түсіп
кетті жапбергенім,1

Құдай-ай, осы ма
еді көп көргенің?

Өсірген сылап-сыйпап
он саусағым,

Кәнеки, тап
бергенде, ап бергенің!

Қызыл тіл, барың
болса енді сөйле,

Таппасаң, қапияда
босқа өлгенің.

1 Жапбергенім - бөрік. (Қ.Ж.)

Ұлына екі атаның
бермей тілек,

Кім еді сонша
көпте жек көргенің... -

дейді. Тек қана
бұлар емес, ханның қызына, әйеліне, өзіне айтқан Шернияз сөздерін құрылыс
жағынан алсақ, тез шығаруға шеберліктің  
ең зор үлгісі деу керек.

            Халықтың суырыпсалма ақындарына,
әсіресе айтыс ақындарына және бір  тән
әдіс - қарсы жағын мүкі жерден ұстау. Бұл да Шерниязда өте шебер түрде
қолданылады. Медебаймен айтысында Шернияз осы әдісті қолданады. Абайсызда
Медебайдың аузынан «неме» деген сөз шығып кетеді. Қазақ тіліндегі кейбір
сөздердің бұрып айтса, басқа мағына беретіндігін пайдаланып, Шернияз сол сөзден
Медебайды сүріндіреді.

Медебай:                              

Ханыммен бірге
отырып тамақ жейтін,

Құжырайып отырған
бұл қай неме? -

десе,

Шернияз:                              

Осы ма Медебайың
хан мақтаған?

Қолында домбырасы  бармақтаған,

Хан алдында
немесін салмақтаған,

Көргенсіз неткен
есер қалжақтаған, -

деп бұра салады.
Бұл үзіндідегі Шерниядың әр сөзінің өткір сарказм болып келуі өз алдына, әлгі
айтылған «неме»  деген сөзді
шумақтың  пікір түйіні етіп, Медебайға
соны тағы  айтқызуға тырысады. Айтыстың
заңы бойынша, шумақтың түйіні, қазығы  
болған сөзге, пікірге  қарсы  нақтылы жауап беру қажет. Егер оны түсінбей
қалса, не жауап бере алмаса, қарсы ақынның жеңілгені. Айтысушылар бұған қатты
көңіл бөледі. Оның үстіне Шернияз Медебайдың өз сөзін сөйлемнің  қазығы 
етеді. Сондықтан Медебай жауап бермеуіне болмайды. Не ақын сол сөзді
дұрыстап, жеңіп шығуы керек немесе есебін 
тауып жалтарып кету керек. Бірақ бұл жерде Шернияз Медебайдың бұлтаруына
мүмкіншілік  бермей, ақыры Медебайды өз
сөзінен ұстап,  ханды да, тыңдаушы
көпшілікті де Медебайға қарсы қойып, өз жағына шығарып алады. Мұның аржағында
Медебай айтарлық ештеңе қалмайды. Медебай жеңіледі.

            Суырыпсалма ақындарға тән екі түрлі
ерекшеліктің екеуі де Шернияз өлеңдерінің сөз, сөйлем құрастыруындағы негізгі
әдіс. Бұл - суырыпсалма халық ақындарының дағдылы салтын берік сақтағандығын
айқындайтын жайттың бірі.

            Бірақ Шернияз халық ақындарының әдіс-приемдарын
берік сақтайды деп тұрсақ та, оның өзіне тән, өзінің ақындық бетін көрсететін
ерекшелігі де жоқ емес.

            Қай кезде болсын, тарихтан орын
алған ақын, жазушылардың, мейлі белгілі бір стильдің ақындары  болсын бір 
жағынан болмаса, бір жағынан бірінен екіншісінің айырмасы болмай қоймайды.
Бір істі екі кісі қатар істесе, екеуі бір іс 
болмайтыны сықылды, бір тақырыпта жазған екі ақынның не бірнеше ақынның
әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі болады.

            Осы 
тұрғыдан қарағанда, Шернияздың өз кезіндегі не өзінен бұрынғы ақындардан
айрықша бір ерекшелігі - оның өмір құбылысын суреттеуде қолданатын құралында,
яғни поэтикалық тілінде.

            Шернияз өлеңдерінде поэтикалық
тілдің әр түрі де кездесе береді. Тамаша теңеу, метафора, тағы басқалар.                              

Шаншатұғын
найзадай

Қылтың еткен,
жиырма бес,

Шабатұзын
қылыштай,

Жылтың еткен,
жиырма бес,

Бармысың жауға
түскен, алтыным-ай!..

Самалым, саз
қонысым, салқыным-ай!..

Ақ алмас,
алтын  сапты қылышым-ай!

Шықтың ба қабын
жарып ырысым-ай!..

Исатай  ділмар еді топтан озған,

Нар еді Бәйтерекке
мойнын созған

Исатай - ел
еркесі, ел серкесі.

Бұл үзіндідегі
метафораның ұлғайған түрі де, жай түрі де халық өлеңдерінен болсын, бұрынғы
ақындардан болсын табыла береді. Бірақ Шернияз өлеңдеріндегі сол жай түрінде
қолданған кейбір образдары терең сезімнің көлеңкесі екендігі де аңғарылады.
Әйтсе де оны Шернияздың ерекшелігі деп қараудан гөрі, Исатайға деген зор
махаббатының бір көрінісі деп қарағанымыз жөн. Өйткені бұл оның өмір құбылысын
суреттеудегі негізгі әдісі  емес, кей
кездегі көңіл күйінің қатты толқуын көрсететін жеке образдар ғана. Мұны біз
басқа ақындардан да жиі кездестіреміз.

            «Таудан  мұнартып ұшқан тарланым» (Махамбет) тағы  басқалар. Сондықтан метафораның бұл
түрлерінің барлығын ғана айтпасақ, тіл құрылысындағы ерекшелігі дей алмаймыз.
Демек, оның тіл құрылысындағы ерекшеліктерін басқа жақтарынан іздеуіміз керек.
Бізге Шернияздың өзіне шейінгі тарихи ақындармен (Бұхар, Байтоқ, Жанұзақ,
Махамбет, Жанкісі т.б.) салыстырғанда, ерекшелігі - поэтикалық тілдің  басқа түрінде деуге болады. Бізше, көп
сөздерінде Шернияз - юморист   ақын.
Сондықтан оның поэтикалық тілінде, сөздігінде ирония, сарказмдар жиі ұшырайды.                          

«Бай-еке, сіздің
қызда жаман бар ма?

Жамандар сіздің
қызды заман бар ма?

Жамандығы
бойынан  табылғандай,

Ауызым бармай тұр
ғой жамандарға.

Еркек болса, әр
жұртқа хан болғандай

Әйел қылған аллаға
амал  бар ма?

Орынбор сіз
салдырған қалалары,

Ақылға бәрі бірдей
даналары,

Өңшең абзал баланы
таба берген,

Бұлардың қандай
екен  аналары.

Ұжмақтың хор
қызындай тегіс туған,

Ай, алдай, қандай
мінсіз балалары», -

деп, Баймағамбеттің
әйелін, қыздарын, сырт жағынан қарағанда, мақтап тұрған тәрізді көрінсе де,
ішкі мазмұны олай емес. Жаманда дегенде тап солай екендігі айқын ашылатындығы
өз алдына, осы үзіндінің өзінен де оқушылардың түсінуі үшін де кілт беріледі:
«Жамандар сіздің қызды заман бар ма?», «Жамандығы бойынан табылғандай, ауызым
бармай тұр ғой жамандарға»  дейтін
сөздері  осыны  көрсетеді.

            Шернияздың әрі сөз тапқыштық, әрі
әзіл-қалжың, мүкі сөздерге, әдеби тілмен айтқанда ирония, сарказмдерге
шеберлігін дәлелдейтін толып жатқан мысалдарды Нұржігітұлының қолжазбасынан да
кездестіреміз.

            Шернияздың адай Абылға, өзінің
қонағына айтқан  сөздері дәлел.1

            Ирония, сарказм Шернияздың өлеңдерін
басқа ақындардан даралап көрсетерлік ерекшелігінің бірі дедік. Бұл сөзден басқа
ақындарда поэтикалық тілдің бұл түрі мүлде кездеспейді  деген ұғым тумасқа керек.

            Өйткені ирония, сарказм  Шернияздан бұрынғы халықтың ауыз әдебиетінде
де кездеседі. Бірақ ол кездесулерде заңды жоба бар дей алмаймыз. Сондықтан ол -
кездейсоқ қана нәрсе. Кездейсоқ, қай кезде болсын  жоққа тең. Демек, ирония, сарказм өмір
құрылысын суреттеуде Шернияздың негізгі құралы болуы оның өзінен бұрынғылардан
айырмашылығын көрсететін ерекше жайының бірі болып саналуы қажет.

            Шернияздың өзіне тән  ерекшелігі тіл жағында деп, оған айрықша
тоқталып өттік. Ал өлеңнің құрылыс (буын, бунақ, тармақ)

____________

1ИЯЛ архиві, 27-номерлі
материал

жақтарынан не ұқсас
жақтарынан өзіне дейінгі ақындардан еш өзгешелігі жоқ. Дағдылы он бір буынды не
жеті буынмен  немесе  сегіз буын аралас келетін жыр ағымы.
Ұйқастары қара өлең ұйқасы, не ерікті, не терме өлеңдерде келетін кезекті ұйқас
болып отырады. (Соңғы екеуі Шернияздың бұрынғы өлеңінде жоқ, қолжазбадағы
өлеңдеріне сүйенілді.)

            Шернияз бұдан бір ғасыр бұрын өмір
сүрсе де, оның өлеңдерінің біздер үшін мәні зор. Өйткені өз кезіндегі қара
халықтың көпшілігі шаруалардың мұңын жырлап, шаруалар көтерілісін басқарған,
халыққа қамқоршы болған ер ұлдарды дәріптейді. Сол кез, сол жағдаймен
байланысты  өзінің  басында 
кейбір қайшылықтары   болса да, ол,
негізінде, езілуші шаруалар табының жыршысы 
болды. Күлдіргі, сатиралық өлеңдердің 
шебері, ұстасы  ретінде  тамаша үлгі өлеңдер қалдырды. Сондықтан да
біз оны зерттейміз, тексереміз. Сондықтан да 
Шернияз  әдебиет  тарихынан орын алады.