ВЕРНУТЬСЯ

            Қазақ лиро-эпостарының ішінде «Айман - Шолпан» ерекше орын алады.
«Айман - Шолпанның» басқа лиро-эпостардан тақырыбы ғана емес, сюжет құрылысы,
тартыс желісі, композициясы да бөлегірек.

            «Айман - Шолпан» поэмасы лиро-эпос пен тарихи поэманың түйіскен,
екеуінің элементі табылатын жаңа бір түрі деуге болады. Оқиғасы тарихта
расталған, қатысушыларының бір қатарының-ақ тарихта аттары мәлім адамдар. Бұл
туралы бірнеше тарихи деректер бар.

            Бірінші дерек: 1837 жылы 13 декабрьде Исатай мен Махамбет
Жәңгірден жеңіліп, Жайықтың бергі бетіне өткенде алдарына қойған негізгі
мақсаттары - бұл жақтағы елдердің басын біріктіріп, қол жию, қарулы күшпен Хан
Ордаға қайта серпу еді. Бірақ ол тілектерінің оп-оңай орындала қоймайтындығы
байқалды. Өйткені Жайықтың бергі бетіндегі Әлімұлы мен Байұлының кейбір мықты
руларының арасында бақталастықтан туған ру тартыстары мықты еді. Сол Әлім
руларының сөзін ұстап, туын көтерушілер Көтібар Берсенұлы мен Арыстан Тінәліұлы,
Күленұлы Жүсіпби дейтін адамдар болатын. Ең алдымен осы рулар арасындағы
араздықтарының отына май құюшылардың дәйексіз, ешнәрсеге арзымайтын дау,
жанжалдарын тоқтатпаса, алдына үлкен мақсат қойған күреске көпшілікті
ұйымдастыра алмайтындығына көзі жеткен 
Исатай мен Махамбет сол рубасылармен сөйлесулер жүргізді. Рубасылардың
бұл дау, шарлары халық көпшілігінің тұрмысын төмендетпесе, жақсартпайтынын,
елді хан, сұлтанға қарсы ұйымдастыруға бөгет болатындығын ұқтырып, олардың
араларындағы дау-жанжалдардың төрешілері өздері болып, өзара келісімге келіп,
бітісулерін талап етті. Осы оқиғаның бір алуан көрінісін Ығылман Шөреков
өзінің  «Исатай - Махамбет» атты тарихи
поэмасында былай суреттейді:

         Көтібар мен Арыстан,

         Күлептің ұлы Жүсіпби,

         Адайменен жау болып,

         Таласқаның қоныс па?

         Өзіңді-өзің өлтіріп,

         Қатын мен бала жылатып,

         Қолданғаның соғыс па?

         Байұлын жатым деп,

         Әлімұлын жақын деп,

         Адамдық жөнін ұмытып,

         Айуан малша тоғыспа!..

         Бірлік тауып өздерің,

          Қайратың болса шықсайшы,

          Хан, патшамен ұрысқа.

            Ығылманның  айтуы бойынша,
Исатайдың аталы сөздеріне түсініп, алдымен сүйегі қызушылардың бірі Көтібар мен
Арыстан болады.

 

           Көтібар мен Арыстан,

           Қандары қызды намыстан.

           Адасып жүрген ісінің,

           Сырына әбден танысқан, -

дейді.

            Екінші дерек, «Айман - Шолпан»поэмасы туралы жазған бір
мақаласында доцент А.Қоңыратбаев жолдас та Көтібар, Арыстан, Есеттер жөнінде
бірнеше тарихи факті келтіреді: ...1814 жылы 
Көтібардың Серғазы ханның ордасына шабуыл салуы, 1809-1825 жылдар
арасында патша үкіметіне наразы болушылардың басында болуы, 1817 жылы  Серғазының Арыстанды ұстауы, 1855 жылы Бекет
Серкебайұлының Жантөре сұлтанның  баласын
өлтіріп, сол үшін Сібірге айдалуы...1 тағы басқалар.

          Есет бастаған көтеріліс жайлы өзінің
«Колокол» атты журналында 1858 жылы Г.И.Герцен де жазған болатын. Демек, бұл -  тіпті берідегі оқиға. Тарихшылардың сөзімен
айтсақ, күні кешегі тарихи адамдар.

            Демек,
басқа  лиро-эпостармен салыстырғанда,
«Айман-Шолпан» поэмасының оқиғасына қатысушы басты қаһармандарының қай жылдарда
болғанына даталар келтіріп, дәл айтуға болады десек, поэмадағы тартыстар туралы
да осыны айтуға болады. «Айман -Шолпан» оқиғасының тууына негіз болған факті ХІХ
ғасырдың бірінші жартысы деп мөлшерлеуге болады.

            Көтібардың Адай руларымен тартысқа түсуімен қатар, ол Тама руы не
басқа рулармен де талай-талай тартысқа түскенге ұқсайды. Және ол кез Мамандай
үрпекбасты шауып алу оншама қиынға түспейтін, оның дәуірлеп тұрған кезі. Ал ХІХ
ғас. екінші жарымындағы күрес тізгіні Есетке көшті және бұл кездегі күрес
басқаша сипатта болды. Поэма мазмұнына қарағанда,  «Айман-Шолпан» оқиғасы кезінде Есет жеті-ақ
жасар. ХІХ ғас. жарымында Есет - ел басқарған үлкен адам.

            Поэманың
осылар тәрізді соңғы кездегі тарихи шындықтармен байланысты шығуы оны тарихи
поэмаға туыстас етті. Өмір құбылыстарын суреттеу әдісінде бұл анық сезіледі.
Эпостық поэмаға

______________

1 «Қазақ әдебиетінің тарихы», І том, 207-б.

тән
элементтерден гөрі, тарихи поэмаға тән элементтер мұнда анағұрлым басым жатыр.

         Әрине, эпостық
элементтер де жоқ емес. Көбінесе олар поэмадағы елдің салт-тұрмысынан алынған
жайттарды суреттеумен байланысты болып келеді.

           «Айман -Шолпанның» тақырыбы да,
оқиға желісі де махаббат, сүйіспеншіліктің төңірегіне құрылмайды, екі рубасының
араларында болған бәсеке, бақталасының төңірегінде. Оқиғаның байланысы да,
дамуы да, шиеленісу, шешушілері де Көтібар мен Мамандардың алтын үйге таласып,
анттасып, серттескен сөзге келулерінің аяғы ел шабуға келіп тіреледі. Айман мен
Әлібектің арасындағы байланыс ғашықтықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол
екеуінің арасындағы сүйіспендік бұл оқиғадан әлдеқашан бұрын болары болып,
бояуы сіңген;  мал беріп, мал алысып құда
болысқан, бірі күйеу, бірі қалыңдық, ашық қол ұстасып, той жасап, некелерін
құюдан басқа жағы біткен, тек Әлібектің 
Орынбордан келуін ғана күтіп отырғанға ұқсайды. Шолпанды еліне
жөнелтерде Айман:

           Айтыңыз бізден сәлем жездең сорға,

           Қой айдап кетіп еді Орынборға.

           Әлібек үйде болса берер ме еді,

           Амал не, маңдайдағы қалың сорға? -

деп,
Әлібек екеуінің арасындағы қарым-қатынас ерлі-зайыптылық дәрежеде екендігін
ашық айтады.

            Әлібек
Қозы Көрпеш, Төлегендер тәрізді «ғашықтар зарпынан» Айманды іздемейді, өзі
жоқта қайын атасын шауып, қалыңдығын алып кеткен Көтібардан өзінің ар мен
намысын, барымтаға түскен малы мен жанын іздейді, сол үшін атқа мініп, атой
шақырады. Және  оның Айманды сағынып,
алабұртқан жаны, асыға күткен жүрек сезімі көрінбейді. Ол жағынан Айманда да
Әлібектен пәлендей айырмашылық жоқ. Бұлардың араларында басқа
лиро-эпостардағыдай сүйіспендік, махаббат мәселесі, онымен байланысты әр алуан
сезім дүниесі бірінші орында тұрмауы былай тұрсын, тіпті бұл мәселе поэмада
жөнді сөз  де болмайды. Бұл жайттар
«Айман - Шолпан» поэмасын лиро-эпостардан алыстата түседі. Біз күні бүгінге
шейін көп тереңдемей, лиро-эпостардың қатарында атап келдік. Егер мұқият
тексеріп, тереңірек қарасақ,  «Айман - Шолпан»
тарихи эпикалық поэма деуіміз керек.

            Бұл мәселенің бірқатар жақтары поэманың идеялық мазмұны, адам
образдарын талдаумен байланысты. Енді сол жақтарына тоқталайық.

                                                   «Айман-Шолпанның»
бір-ақ  нұсқасы  бар.

Ескерту:                            Бірінші
басылуы  -1896 жыл. (Осыдан кейін:  

                                            1898, 1901,
1906, 1910, 1939 жылдар басылған). Ең соңғысы - 1957 жыл. Бұл баспаларының
бір-бірінен кейбір жеке сөздерінде болмаса, айырмасы жоқ. 1957 жылғысы 1939
жылғы «Халық поэмаларынан» алынып, еш өзгеріссіз, сол күйі  басылған. Бұл баспаны басқарушылар бұрынғы
басылғандары жөнінде аз-мұз шолу, комминтариялар беруі керек еді. Ол болмаған.
Бұл келесі басылуында еске алыну керек.

                                        «Айман
- Шолпан» поэмасының тақырыбы,  Көтібар мен                   оқиға,      даму     
жолдары       шығармаға  

    Маман                               қатысушылардың
өзара қарым- қатынастары,

                                         оларды
көрсетуі  жағынан   алғанда,    
күні

өтіп бара жатқан
үстем тап өкілдері - ірі феодалдарды сықақ етуге арналғандығы, бұл мәселе
поэманың идеялық қазығы екендігі аңғарылады.

            Алдымен
поэмадағы оқиғаның бірінші байланысы - «алтын үйге» таласудың өзі күлкі. Еш нәрсеге
арзымайтын нәрсеге екі рудың үлкен екі адамының «ел шабамын, шаба алмайсың» деп
ант ішіп, серттесулерінің айналасында поэмада көп шындықтың беті ашылады.

Маманбай
барлығына сеніп менменсінсе, Көтібар «батырлығына», күшіне сеніп менменсиді.
Екеуі де рубасы, феодалдар.

        Маманбай:

                Елінде мендей шонық биі бар ма?

        Кедейдің айуан малдан күні бар ма?

        Ауызынан ақ тимеген қу кедейдің

        Алтыннан бақтырулы үйі бар ма? -

дейді.
Бірақ бұл сөзден Көтібар шын мәнінде кедей екен деп ұғып қалмау керек. Әңгіме
оның өзі жайлы емес, шыққан руының кедейлігі жайлы. Көтібардың өз басының
байлығы  сол асқа тоғыз нарға шай, қант,
тоқаш артып келген сән-салтанатынан да, поэманың басқа жерлерінен де анық
байқалады. Сондықтан үзіндідегі «кедей» деген сөзді тура мағынасында емес,
ауыстыру мағынасында ұғуымыз керек.

Маман мен Көтібардың серттескен жерін баяндай келіп:            

«Кетеді, Маман, енді баға-бұлың,

Табылмас ашулансам сенің күлкің,

Ауылыңды ас тарқамай шабарыма,

Маман бай, еркек болсаң, әкел қолың!»

«Қу кедей, жаман қатты шабарсың», - деп,

Маман бай түрегеліп алысты қол, -

дейді.

        Әйтсе де оқиға өрісінде екеуі де еш
түкке арзымай қалады. Маманбайдың ауылын Көтібар шауып алғанда, аста он батпан
болып сөйлеген Маман үйінен де шыға алмайды. «Тарта тұр аттың басын, ер Көтеке, шығады
әкем дауысы ойбайлаған» деген Айманның сөзінен басқа, Маман жайлы поэмада
ешнәрсе айтылмайды. Кешегі дандайсу менен бүгінгі «ойбайын» шендестіреді де,
әдейі тоқталмай өтеді. Соның өзінен-ақ Маманның күлкіге айналған жағдайы анық
байқалады.

         Көтібар да Маманның кебенегін киеді.
Онан айырмасы жартылай да болса, өзінің сертіне жетеді. Маманды шауып, Айман,
Шолпанды жайдақ нарға мінгізеді. Бірақ оның да жеткен жері сол ғана. Мұнан
былай ол ешбір ойын іске асыра алмайды. Поэмада оны батыр деген даңқына мәз
болушы, алды-артын ойламайтын даңғой, құр кеуде, ақылсыз адам образында
көрсетеді. Сөзінде нәр жоқ, істері уақ, шетке айбар, елге тұлға боларлық
батырларға тән қасиет, мінездерден жұрдай, ел арасына бүлік салушы, қазан
бұзар, ожыр, ұрда жық адамның бейнесін көзге елестетеді. Жұрттан өзін барлық
жағынан артық санап, басқалардан өзін анағұрлым жоғары қояды. Бірақ іс жүзінде  қасындағылардан анағұрлым төмен тұрғандығы
байқалады.

            Өйткені
Көтібар Арыстанның шылауы, Айманның шырмауында. Әйтсе де ол осыны сезбейді.
Ескі құр өркеуделікке, бойлауықтыққа салына береді. Арасы алшақ жатқан
мінездегі бұл тәрізді қарама-қарсылық оның кісі күлерлік жақтарын молайта,
оғаштай түседі.

  Көтібардың
Айманды тоқалдыққа аламын деп есек дәме болуы, олжа бөліскенде,  сөзден ұтылып, Айманға сөз салуы, тағы да
алдауға түсіп, онысын өзі аңғармай, Айманның айласын шыны деп ұғып, емескілене
түсуі  - бәрі де күлдіргі жағдай, өзінің
дәурені, күні өткенін аңғармайтын, кейінгі жастардың онан әлдеқайда ақылды,
айлалы екендігін сезбейтін топас, біртоға адам образы етіп шығарған.

          Көтібардың батырлығы
мен тентектігі араласып келеді. Батырлық, әрдайым өз елін шет жұрттың
шабуылынан қорғау, 
бір ру емес, барлық халық тілегіне ұштасатын тілек-мүддені қамтиды. Ескі
эпостарда кездесетін Қобыланды, Алпамыс, Тарғындар бірі қыпшақ, бірі қоңырат,
бірі ноғайлыдан шықса да, олар сол елдің екінші бір руына  қарсы соғысып емес, қазақтың көп жауласқан
елдері қалмақ, қызылбастарға қарсы күресулері арқылы батырлық даңққа ие болды.
Тарғын өз елінің бір адамын абайсыз өлтіріп алып, елінен қашып кетеді.
«Торғауытқа көрсеткен ерлігіңді, өз еліндегі жауларыңа неге қолданбадың»
дегенде, оған өзінің ожданы бармағандығын, өз елі, өз жұртының қанын төгуді
үлкен ездік деп білгендігін айтады.

 Тарихи Көтібардың рөлі қандай болды, ол жағын
тарихшылар айтар. Ал әдеби Көтібар - рубасы, «Байұлын жаты, Әлімұлын жақыны» білген, өрісі тар,
батыр деп атаса да, оның шын мәнінен аулақ жатқан, ұнамсыз образ, зорлықшыл,
үстем тап өкілі.

 Маман мен Көтібарды поэмада ұнамсыз
образдардың қатарында көрсетудің және бір мәні - екеуінің арасындағы түкке арзымайтын егестерінің елге тигізген
қырсығы. Көтібар Маманды шауып алса, соның қысасын қайырамын, «кекке кек аламын»
деп Әлібек шектінің бірнеше ауылын шабады.

            Сөйтіп, екеуінің кырсығы мен кecipi жай
халыққа тиеді. Мұндай  мәнсіз тартыстардың болмауын тілеген халық, халық жыршысы екеуін де сынап, сықақ етеді. Солардың істерін күлкіге айналдыру арқылы, басқаларды ондай ic-әрекеттерден қашыруға тырысады. Бұл
образдарды ұнамсыз ic, өрескел
мінездерімен жұртқа көрсетудің мәні осында   тәрізді.

                                              Поэма «Айман - Шолпан»    деп аталса
да,

Айман
образы                   мәселе Айманның айналасында. Айман тек  

                                                     бас қаһарманның
бipi емес, поэманың идеялық мазмұнының бip алуан жақтары Айманмен байланысты. Сондықтан ол айрықша тоқталуды
қажет етеді.

Шолпан
 - тек эпизодтық қаһарман. Бойы өciп,
бұғанасы қатып та
жетпеген, ақылды апаның көлеңкесінде ерке, өмірде жиі кездесетін көп қыздардың бірі. Бұл образ емес, тек портрет қана. Сонымен қатар ол поэма-дағы
оқиға кұрылысының бip алуан мәселелерін дәлелдеу
үшін  ғана енгізілген.

     Айман - эпикалық поэмаларда
бұрын болмаған жаңа
образ. Оның epекшелігi сұлулығында да, нәзіктігінде де,
махаббат сүйіспендігінде
де, батырлығында да емес, ақылдылығында.
Әрине, басқа эпос, лиро-эпостардағы қыздар
да ақылды, қиыннан тоят тілеп, қиялдағыны
болжайтындар аз емес. Бірақ Айман образын жасауда олардан басқаша мақсат қойылған және сол нысанаға сай,
әдебиеттегi апаларынан басқаша,
жаңаша бip әйел образы болып шыққан.       

Эпостарда
кездесетін Құртқа, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым т.б. алсақ, олардың елдік мәселелерге қатысулары ел қорғаны батырларға жақсы
жар болу арқылы. Кейбip шектен тыс
болжампаздық тәрізді, мифологиялық жайттарды
алып тастағанда, әлеумет істеріне сол батырлар арқылы ғана пайдасын тигізеді. Біpi кеңес беріп, батырдың жауды жеңуіне жағдай туғызып, ceбепшi
болса, eкіншici қысылған жерде
батырға дем, қайрат бepушi т. б.

Бірақ  осылардың ешқайсысы әлеумет істеріне тікелей араласып, ic тізгінін өздері
қолға алғаны жоқ. Лиро-эпостарда бұл мәселе   мүлде
қозғалмайды.

Ал
Айманды алсақ, бүкіл окиғаның тізгіні соның қолында екендігін көреміз. Поэмаға енгізілген
жерден бастап-ақ,
Айман ерекше көзге түседі де, біртіндеп өсе келе оқиға тартысыньң жібін түюші
де, шешуші  де өзi болады.

            Айман - халық поэмаларында жасалған
образдардың ішіндегі ең
көркем, ең шебер жасалған образдардың бipi.

Айман әpi сұлу, әрі ақылды,
әрі тапқыр, әріден ойлап, алыстан болжайтын
қыз болып сипатталады.

Айманның
көздеген мақсаты - екі елді жауластырмай, бітістipy, және өз басын Көтібардан аман алып қалу бола­ды. Ол өзінің ақыл, айласын осы жолға жұмсайды. Қандай нәрсе болсын, не icтемекшi болсын, Айман әріден ойлап, кеңінен
толғайды.

Көтібар
мен әкесінің араздасқанын естігенсін-ақ, ешкімге білдірмей, өзінше шара қолдануға
кіріседі. Серт байлаған соң Көтібардың
шаппай тынбайтынын біліп, күні бұрын қам жейді. Шолпанды жөнелтейін деп жатып:

Қызыл құм eciк алды биік бар-ды,

Құдайым көңіліме ақыл салды.

Ақ сандық қызыл құмның күн бетінде,

Ішінде осы малдай үш мал бар-ды, -

деп,  әртүрлі қымбат дүниелерді жау келмей, жасырып
үлгергенін айта келеді де:

Жасымнан көріп едім салтанатты,

Осыны ойлап қорқып ем жаман
атты.

Көтібap серт қып кеттi деген
күні

Аралға айдап тастап ем бес жүз
атты, -

дейді.

Айман
 ауылын шауып, апалы-сіңлілі екеуін нарға
мінгізіп, жау алып
бара жатқанда да саспайды. Киын-кыстаудан шығудың жолын іздейді.

«Шырағым, Шолпан,
екеуміз қосылып өлең айталық, мына дұшпандардың білгені «батырларға арыз айтып
келеді», білмегені «неге мәз болып келеді»
дер, не де болса дұшпанға пенде
болғанымызды мойынға алғанымыз жарамас», - дейді Айман.

Кімді
де болсын, бұл - сынайтын жағдай. Әйтсе де Ай­ман бұл сыннан өтуде үлкен ерлік көрсете біледі. Бұл оның дұшпанына жанасудағы  - біріншi адымы. Өлеңмен жеңушілерге мұңын шаға келіп:

Жігіттер келеді айдап алған малды,

Басқадан бір өзіңнен көңілім қалды.

Алмасаң өз қасыңа, ер  Көтеке-ау,

Көн шалбар, қисық найзаң мазамды алды, -    

дейді. Бұл оның дұшпанына
бетпе-бет, ауызба-ауыз сөйлесудегі екінші адымы болады.

Сөйтіп,
өзінің акыл-айласымен дұшпанының iшіне кіpiп алған соң, одан ат сұрайды. Kөтiбap атқа мінуге
рұқсат етеді.
Бірақ Айман тағы мынаны айтады:     

Не
айтып, не қойғаным біле алмаймын,

     Қасқайып бұрынғыдай  күле алмаймын.

     Тақымым тай күнінен  үйренген ат,

     Басқаны сұр жорғадай міне  алмаймын.

Айманның
мұнысы мекерлік не баска атқа шынында да мінe алмайтындығынан айтылған сөз емес, «алпыс екі айласыньң» бipi. Сұр жорғаны сұрағанда, оның
ойлағаны ат алу ғана емес, Шолпанды кейін
қайыру. Маманның жанына балаған атымен бip қызының қайтарылуы - келешектегі
бітімнің бастамасы, соған берілген
уәденің бip ұшқыны болып есептелетіні өзінен-өзі анық. Осыны ойлаған ақылды қыз аяғын әpire салып, сұр жорғаны сұрайды. Ат беремін деген сөз аузынан шыққасын-ақ, ізін
суытпай Шолпанды кейін қайтаруды
тілек етеді. Арыстанның аузынан
«қайтсын» деген сөзді естісімен, Шолпанға
тез қайт дейді. Шолпанға қосып берген 15 шал, 15 жігіттің бірде-біріне  сенбей,
Арыстанның өзі апарып салуын мақұл көреді.        

Арыстан
құрметтейді ақ Айманды,

Көңілім шалыңа да дер күмәнді.

Ықыласыңмен
тыңдасаң арызымды,

Өзің
ертіп салғайсың Шолпан жанды, -

дейді.

            Айманның Арыстанға апарып сал
деуі де кездейсоқ eмес, өзінің  нeriзгi ойға алғанын орындап шығу үшін, бұ да керекті шарттың бipi болатын. Арыстанды Шолпанмен
бipre жіберу, келешектегі бітімнің бip түйіні 
ету еді. Уақиғаның шешуі, шынында да, осылай болып шығады.

Айман
ашу үстінде батырға қарсы келмейді. 
Көтібар ұсыныс
жасағанда:

     Болады неке
оқып қиылғанда

     Ел-жұртым  тамам тегіс жиылғанда,

     Мен
сізден  қашамын ба бөтен жаққа,

     Құданың асығыс
жоқ бұйырғанға, -

деп жауап қайырады. Айманның
шын көңілі оған тию емес, қайткен
күнде де Көтібарды кідірте тұрып, Әлібектің  келуін күту.

         Айман Шолпанды   еліне 
қайырып, Арыстан мен Шолпанның 
арасына дәнекер болып және Арыстанды өз
жағына шығарып алған соң, Көтібарды тоқтата тұрудың амалына кipiceдi. Алдымен
Теңгені қолға алып, оны өзіне  қарсы қояды. Теңге келгенде әуелі көpiciп 
жылайды да, артынан:

Базарға теңге
апарсаң, пұл боларсың,

Қолыңа құрық
алсаң құл боларсың,

Айтқаны
Көтекемнің рас болса,

Қолыма су құятын
күң боларсың, -

 

дейді. Айманның  алдыңғы  әрекеті 
Теңгенің  сырын  тарту болса, соңғысы  оның 
кызғаншақтық отына май құю. Өшпенділігін  күшейтіп, өзін Көтібарға алғызбау үшін алыстан
орап, Теңгені де өз мақсаты үшін пайдалану әдісі еді.

   
        Айманның атқан оғы  далаға
кетпейді. Теңге бүлікті  салып, Айманның  алдынан ешкімді шығармай қояды. Көтібардың ауылына келгенде:

         

Үйінен батыр неге шықпай жатыр,

         Жатыр ма
батыр қорқып қатынынан, -                        

деп, кінәні  батырдың өзіне  аудара сөйлейтін болады.

Мұнан
кейін Айман бала арқылы «60 күнге дейін неке қиылмасын» деген тілегін орындатады.

Қысқасы,
поэманың басынан аяғына шейін Айманның ақыл,
айласы суреттеліп, оның көп жаннан анағұрлым естi адам екендігі көрсетіледі. Ел шапқан дұшпаны да, өзін құтқара
барған адамдар да Айманның ақылынан аса алмайды.
Сонымен қатар  оның тәсілі, айласы, ақылы
дұшпанын мұқату үшін жұмсалмайды, ел
бірлігі, жұрт тыныштығы үшін жұмсалады.
Айманның шын мәніндегі патриоттығы  да, кейінгілерге үлгілі жағы да осында.

Ауылы
шабылып, жары жауға түciп, не өлу, не тірілу деген сертпен шыққан Әлібекті бұзылып,
жарылған ешнәрсе жоқ деп Айманның сендіруі, Көтібардың ауылын шапқызбауы - eкі елді  бітістіру үшін жасаған ақылды ісі болатын. Атты өзі бағып, Көтібарды жау
келгенше хабарсыз
қалдырып, Көтібардың бітімre келмейтін eшбip шарасы
жоқ етіп, айнала қоршап алуы - асқан айла,
үлкен ақылдың ғана қолынан келетін iс.

     Істің
аяғы шабыншылық,
жауласушылық, қан төгіскен қатты араздықтарға айналып кетпеуі үшін Көтібар мен Әлібектің арасына
түсіп:

Алыстың
да жығыстың екі батыр,

          Сіздерді бітірейін төре беріп, -

деп, төрешісі өзі
болады. Кеше тоқалдыққа алмақ болып, қорбаңдап жүрген Көтекең Айманның торына шырмалып, бұлқынуға шамасы келмей
қалады. Бұл эпизодта да Көтібар көп көзінде күлкі болып, масқарасы шығады.

Бipaқ
жағдайды пайдаланып, Айман оны табаламайды. Өзінің екі елді бітістіру жөніндегі  желісі алыстан тартылған ойын іске асыруға кіріседі.
Ешкіммен ақылдаспай, Шолпанды Арыстанға беріп, Көтібарды әpi құда, әpi өзіне өкіл ата етеді. Бipey жығылып  қалып,
«Түсірдім бе деп
едім, түсіп қалдым ба?» деген екен, Көтібар бұл жерде де соның кебін киеді. Поэманың ұзына бойына созылатын
жаулық пен елдік мәселесінде Көтібар мен Айман қарама-қарсы келіп,  ақыры Айман
қолдаған елдік жаулықты жеңіп шығады.

Осылар
тәрізді қиыннан қиюласқан үлкен мәселелердің бәрі де Айманның ақылы,
тапқырлығы,  шебер, шешендіктері  арқылы оңына келеді.

Біз
жоғарыда Айман жаңа образ дедік. Өйткені ол өзіне шейінгі жыр-поэмалардағы қыздардай, сүйген адамының
шылауында жүретін, олардың көмекшісі, жәрдемшіci
дәрежесінде көрсетілмейді, олардан анағұрлым жоғары. Неге десеңіз, Айман ел
өмірінде «Ердің құны, нардың пұлы» дегендей, әлеуметтік үлкен-үлкен
мәселелерді өз қолына алып, солардың бірінде
де  сүрінбей, өте тапқырлық, ақылдылықпен шешеді. Және негізі нысанасы eкi елді жауластырмай, бітістipy болады. Айман
мақсатын орындау үшін, қолдаушы
өзінің досын да тапжылдырмай танып, оны өзіне көмекші  етеді.

Айман
образының жаңалығы да, ерекшелігі де осы айтылған әлеуметтік келелі мәселелердің
шешімін  таба білушілігінде. Сол үшін халық та,
халықтық ой-пікірді үндеуші белгісіз
ақын да Айманды тереңнен cүйіп, дәріптейді:

Шолпанды
берді Маман Арыстанға,

Әр
жерде әлсіздерге болысқанға.

Айман
қыз ақылымен тату қылды,

Бүйтіп
ел болмас еді ұрысқанда.

  Сөйтіп, Айман - ел ұғымындағы әpi ақылды, әрі айлалы, ел қамы, жұрт пайдасын ойлайтын  саналы қыздың обра­зы. Оның мінез, құлық, ақыл, айла,
қысқасы, барлық жақсы
жақтары - кейінгілерге
үлгі-өнеге ретінде көрсетілген,
тәрбиелік мәні  зор образ.

Айман
образына өте ұқсас, елдің тыныштығын ойлай­тын, мінезге бай, әртүрлі мәселеге тереңірек
қарайтын ақылды жастарға тән мінез, құлықтарды қамтитын - Арыстан. Бұл поэмада
екінші орындағы қаһармандардың санында
суреттеледі де, поэмада орын аз беріледі. Әйтсе де ол әр сөз, әpбip қимылымен
өзінің саналы, байсалды, ақылдылығымен
көзге түседі.

Маман
мен Көтібардың сертке келетін эпизодында-ақ, күпсінген eкi рубасының арасына
дәнекер болып, бiтіргіci келеді. Ел
тыныштығының  шайқалмауын  көздейді.

     Қараңыз мына сөздің сарасына,

     Көз жетті елді  шаппақ расына.

    «Шайтан сөз топ ішінде не керек» деп,

         Арыстан түсе берді арасына.

            Ақылсыз,
даңғой, тентекті әрдайым ақылмен сабасына түcipyre тырысады.

      Маманды
қорламақ болып, «Бәйгемді шаппай бер!» деген мақтаншақ батырға:

Көтеке-ау, атыңыз
еркін болса,  жеке келер.

Келгенін  аттың жеке әркім көрер.

Қосып тұр_ Маман
батыр үш көк мойын,

Келерін
кімнің  аты құдай білер, -

дейді.

     Көтібap
еліне келе сауын айтып, Маманды шабуға қол жиып, оны бастап баруды Арыстанға
тапсырады. Айман­ды тоқалдыққа  алсын дегенді айтады. Бipaқ Арыстан ат-тонын ала қашады. Ешкімнің обалына қалғысы келмейтіндігін және бармау әрекеті арқылы Kөтібарға
ой салмақшы, оны тоқтатпақшы болады.
«Сертшіл» батыр оған бөгелмей, қолды
өзі бастап аттанатын болғасын, Арыстан амалсыздан ереді.

Арыстанның ecтi адам
екендігі бұл жерде де аңғарылады. Әpi
ауыл-елі Көтібардың тіліне epiп аттанып бара жатқанда, қорыққан адамдай үйінде қалуды өзіне ар көрсе, бұл іске іштей қарсы болғанмен, алды-артын
ойламайтын ұр да жық, ожар ағасының
қасында болып, peтi келсе, шаужайын қағып,
сабасына түсіруді ойлайды және ic жүзінде
солай болады да. Айман eкeyi бip-бipiн емeypiннен түсінісіп, қыздың ойлаған мақсатына белсене кipicyiне көмекші болады. Айманның атты сұрап алуына да,
Шолпанды елге қайтаруына да, Есеттің Айманға 60 күнге шейін неке қимауын қалап алуына да, үлкен себепші болған Арыстан.            Өйткені оның әуелде ойлағаны елді шаптырмау
еді, ол қолынан келмеді. Ендігі ойлағаны
адамдарын жәбірлетпей, алған
малдарын қалай қайтарып берудің амалы болады. Сондықтан да ол осы мақсатты орындауға көмегі  тиетін ic-амалдарды жақтап, құптап
отырады. Шолпанды елге қайыру туралы Айман
ұсынысын бірден қолдап, оны өзі апарып салады, Арыстанның Маманды шабу
мәселесіне қатынасының жоғы, қарсылығы, оның бітімшілікті
ойлайтындығы  Шолпан
арқылы Маманға айтқан сәлемінен көрінеді:

Арыстан Маман
байға  сәлем айтты,

Жұбатып қызға
айтады барлық жайтты.

«Бұл малды
Көтібар ашуын басқаннан соң

кайтарам»
деп,

Шолпанмен
амандасып кейін қайтты.

 
          Қысқаша айтқанда, жаман
жорық, мәнсіз шабуылдың аяғы тыныштықпен
бітуінің бip тамыры Арыстанда жатыр. Сондықтан да ол ұнамды қаһармандар
санында саналуы керек.

         Әлібек поэма оқиғасының ең соңғы бөлімінде ғана көрінеді. Арыстан мен Аймандай болмаса да, Әлібек те
морт кететін ұрымтал адам eместігі
сезіледі. Орынбордан
келген бетінде қол жиып аттанбақ болса да, Айманның
сәлемінен кейін 60 күнге тоқталуы,
Айманның ақылын
алып, Әлібек Көтібардың ауылына келе килікпей, тоқталуы, бар мүмкіндік өз  қолында тұрғанда тез бітімге келуі,  о да
жау іздеуге, пәле қууға құмар еместігін аңғартады.
Әйтсе де Шолпан тәрізді бұл да
эпизодтық қаһарман.

                                                        «Айман - Шолпан»  жанры 
жағынан

Поэманың кейбір                                тарихи 
эпикалық  поэмалар   тобына

   ерекшеліктері                                  жатуы 
керек  дедік.  Неге та­рихи 

                                                   дейміз, ол жағы айтылды.

Ал
оның эпикалық поэмаға жататындығы айрықша дәлелдеуді керек етпейді. Өйткені
оқиғаның өзі өмірде қалай дамиды, сол сарында суреттеген поэманың бәpi де эпикаға жататындығы белгілі
қағида. Ал оған лирикалық түс  беретін ғашықтық,
сүйіспендік мәселесі бұл поэманың өзегі емес, оның элементтері ретінде ғана және ол басқа мотивтердің көлеңкесінде
қалып қояды. Лиро-эпосқа
тән лирикалық, философиялық шегіністер, күйініш-cүйініш, психологиялық суреттеу
жақтарының да бірқатары  поэмада  
мүлде  жоқ та, кейбіp  элементтері жоқтың қасы. Поэмадағы
күйініш-сүйінішті жырлауға арналған Айман мен Шолпанның қосылып айтатын монологі, зарларын айтуы десек, о да
терең сезіммен шыққан
психологиялық моменттерді көрсетуден гөрі, белгілі нысананы көздеген саналы пікірдің
көлеңкесі.

«Айман
- Шолпан»
басқа лиро-эпосқа  өзінің көркемдігі жағынан да ұқсамайды. Өмірдің әр алуан
құбылысын таңғалдырғандай
әдемі, тамсандырғандай нәзік етіп суреттейтін  «Қыз Жібек» не басқа
халық поэмаларындағыдай
көркемдік мұнда жоқ. Қиял дүниесінен араласып жататын эпизодтар да кездеспейді.

Әйтсе
де поэманың халыққа ұнаушылығы, оқушыларын өзіне тартуы жағынан ешқайсысынан кем түспейді. 1896 жылдың  бер жағында талай рет басылуының өзі-ақ  оқушылардың 
көп  болғандығын дәлелдейді.

       Мұның
ceбeбі - ең
алдымен, реалистік шындығында. Қазақ өміріндегі болған не болуы мүмкін оқиғаны алып, ондай тозығы жеткен тартыс енді болмауы керектігін меңзеп, сол арқылы көпшіліктің көкейіне
қонарлық  ой-пікірді  жырлауында.

     Поэмада
қолданылатын негізгі әдіс - баяндау, монолог, диалог. Оқиғаны суреттеудегі, адам образын жасауда пейзаж, портрет, суреттеу, жанама
мінездеулер кездеспейді.
«Айманның ақ мамықтай
білегі бар, майысқан жез қармақтай
сүйегі бар» деген тәрізді жол арасында айтылған, кейбір портреттік элементтері болмаса, айрықша
тоқталып, сұлу  қыздың  портретін жасауға не мінезін суреттеуге көңіл бөлінбейді.

Біpaқ
поэмада басқалардан ерекше көзге түсетін адам образдарының барлығы және шебер жасалғандығы жоғарыда айтылды. Шындығында,
Көтібардың, Айман­ның,
Арыстанның образдары шебер жасалған, әрқайсысы - өз ортасының мінез-құлық, іс-әрекетін
қамтитын, өз орталарына
тән адамдар. Демек, бұл поэмадағы об­раз жасау әдісі, шеберлігі неде?

     «Айман
- Шолпан»
поэмасының көркемдік құрылысы жағынан өзіне тән бip ерекшелік -бай оқиғаның сюжеттік желісіне зиян келтірмей, аз сөзбен көп нәрсені ұқтырып, тек мазмұнды
беруге керекті сөздерді
теріп ала білушілік. Оның сыртқы жұпыны, қарапайымдығына қарамай, ойды беруге жараған сөздердің бәрін де орнын тауып қолдана алушылық. тұжырымдылық. Мол,

   
     Адам образын, мінездерін
жекешелеп көрсету, айрықша суреттелмесе де, қаһармандардың iс-амалы және сөздерінің (монолог, диалог)
өзінен-ақ қаһарман мінезінің кейбір жақтары көрініп қалып отырады. Сәл нәрсеге байланып:

Алмасам
тоқалдыққа  Айманыңды,

Көтібар менің
атым жерге кірсін, -

деген сөздердің өзінен-ақ, Көтібардың ой-өpici, мінезі
қандай адам екендігі көп суреттеп жатуды
керек етпейді. Топ алдында cepттесіп,
ел шауып, жесір алып дандайсыған
батыр «мен озып  барып, үй тіктіріп  қояйын» 
деп  кетсе де, Теңгенің шеңгеліне бүріліп, қарсы алуға да
жарамай қалғандығы Айманның айтқан
бip ауыз өлеңінен-ақ түсінікті және
бұл сөздерден қыздың шешендігі, ұшқырлығы аңғарылады.

  Айман қыз сөз сөйлейді ақылынан,

 Кей адам бейнет тартар жақынынан.

 Үйінен батыр неғып шықпай қалды,

 Отыр ма батыр қорқып қатынынан?

      Көркі кетіп, көңіл, күш азайып,тілі
ғана қалған шалды көк
долы Teңгeнің қалай бүретіндігін жақсы білетін Ай­ман Көтібарды eкi ауыз сөзбен-ақ
тақырға отырғызып кетеді.
Поэманың бip алуан ерекшелігі айтылған әдістермен байланысты.

Екінші
ерекшелігі -
халықтық  юмор, сатирада деуге болады. Оқиға желісі 
негізінде нәзік юмор, сатираға құрылады.
Көтібар да, Маман да өздерінің іс-әрекеттерімен  әр жағдайда-ақ көп алдында
күлкі болып қалып отырады. Олардың өз бастары ғана емес, дәуірі, заманы күлкі болады. Кәрілер мен жастар түйіскенде,
ескінің  өкілдерінің ойлағандарының бip де бipi іске аспай, жастардың жеңіп шығуы және Көтібарларды ойларындағы пасық пікірі, бойларындағы менмеңдік,
өркөкіректіктерімен қоса балшыққа
батырып, әбден масқаралап, күлкі етіп 
кетуi осыны көрсетеді.

      Бұл
жайттар өте нәзік, өте шебер. Зер салмай, жай ғана оқып шыққан адамға анық сезілмеуі
де мүмкін. Бiрақ
Көтібар образыньң айналасында кім де болса, бip күлмей қалмайды. (Мұның негізгі себептері Көтібар образымен байланысты айтылды.)

Поэманың
стиліндег1 юморлық, сатиралық әдіс, оның тіліне де әсер eтуi заңды. Көп
жайттарда ирония, сарказмдер жиі ұшырайды.

   
        Мысалы:

Базарда Теңге
болсаң, пұл боларсың,

Қолыңа құрық
алсаң, құл боларсың.

Батырдың айтқан
сөзi рас болса,

Қолыма су құятын
күң боларсың, -

деп, Теңгенің есімін әжуалаудан
бастап, сөзінің астарлы мәнін оған сездірмей, қалжың-сықаққа айналдырады.

Қорыта
айтқанда, «Айман - Шолпан» поэмасы XIX f. әлеумет өмipiндeгi күні өтіп бара
жатқан ру тартыстарын,
олардың  рөлдерін сықақ ету, олардан
басқаларды бездіруді,
жаңа заманның өкілдері жастарды алды-артын түсінетін саналы адамдар образында бейнелеп, Айман сықылды сол дәуірдің ақылды
қызын, Арыстан тәрізді
байсалды, мейірімді ұлын өкшелес келе жатқан ұрпақтарына үлгі-өнеге етуді меңзейді. Поэманың әлеуметтік
және көркемдік мәні  де осында.

«Айман
- Шолпан»
тақырыбыньң сонылығы, сюжет құрылысының тартымды, қызықтылығы
арқасында театр сахнасынан
да орын алды.

     «Айман
- Шолпан» (4
перделі күлдіргі пьеса) деген атпен 1934 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Кейін операға лайықталынып, бipнеше уақыт
опера театрында да
ойналды.

Пьесаның  авторы - қазақтың үлкен  драматургі М.О.Әуезов.

Әрине,
поэма мен сахналық шығарма, пьеса бip нәрсе емес. Тақырып, сюжетін, адамдарының аттарын алу деген сөз, сол поэманы өз
қалпында сахнаға лайықтап көшіре салу деген сөз емес. Оның негізгі идеялық
нәрін, стиль
ерекшелігін ұғынып, ұлы сорабын сақтауға да, не өзгертіп, өзінше құруға да жазушы-драматург epiктi. Ол үшін жазушыны
даттауға болмайды. Тарихта болған адамдардың көркем шығармаларға атын енгізу де, олардың тарихын жазу емес, ұлы
адамдары болса ізет
көрсету, даңғойлары болса, күлкі ету үшін 
де енгізілуі  мүмкін.

«Айман - Шолпан» пьесасында
драматург, поэмадағы
белгілі қаһармандарымен қатар, өзінде жоқ, бipнеше жаңа адамдарды енгізген. Биші өзбек жігіт, биші орыс
әйелі, Қоқан саудагері, қу Жарас т.б. 
Бipaқ бұлардың енгізілуі
поэманың сюжетіне кеселдігі жоқ, қайта оқиғаны қоюлата, күлдіргі жақтарын толықтыра, күшейте түсед1. Сол  үшін 
олар   алынған да және солай  болып шыққан.

Пьесаның
тәуелділігі идеялық-мазмұн негізінде сақталады. Жаңадан қосылған  қатысушылардың бұл жағына да пәлендей әcepi сезілмейді.

Бірақ
бұл  еңбекте «Айман - Шолпан» пьесасын атағандағы мақсат - оған анализ-талдау беру емес, поэ­маның пьесаға айналып сахнадан орын
алғандығын атап өту, ол
бip.

Екінші, негізгі
айтайын дегеніміз, поэманың кейбір стильдік
құрылысы, оны автордың  қалай  ұғынып, қалай пайдаланғандығы.

«Айман
- Шолпан»
поэмасы жөнінде де бұрынды-соңды жазылған мақала, талдауларда оның идеялық мазмұнын ашу, образдарын сипаттау жақтары
айтылса да, бүкілдей
алғанда, поэма юморлық, сатиралық әдіспен жазылғандығы көмескі қалатын. М.О.Әуезов - поэманың осы ерекшелігін бipiнші рет дұрыс
түсінген адам. Бұл мәселе жөнінде Мұқаңның жазушылығына үлкен әдебиетшілігі де жәрдемдесуі
керек. Қалай да,
пьесаның осы жағы әдебиетті зерттеушілер үшін өте құнды. Өйткені   поэманың өзінде юморлық, сатиралық жайттар өте нәзік, жай баяндау мен
юморлық не сати­ралық
шектердің жігін айыру қиын болатын. Әдебиетшілеріміздің бұл жағын сөз етпей, сөз етсе, жұқалап өте берушіліктері де сондықтан еді.

            М.О.Әуезов
«Айман -
Шолпанды» 4 перделі  күлдipгі пьеса етіп жазғанда, поэманың оқушыларға
көмескі болып келген юморлық жақтарын бірінші
орынға шығарып, күлдіргі жайттарды Көтібардың
айналасына жинақтап, жаңа поэмада
бұрын жоқ, жаңадан адамдар енгізіп
және солар арқылы керекті мәселенің қырын шығapa түскен. Соған сәйкес, өзі жанынан күлкілі монолог, диалог, речитативтер жазған. Ескі мен жаңа, кәрілер
мен жастар шайқасқан жерде, ескілік
жеңіліп, жай ғана емес, күлкі,
масқара бола жеңіліп, барлық ic жаңалықты
қолдаушы жастардың пайдасына шешіледі.

Басқаларын
сөз етпей-ақ, оқиға аяқталар алдындағы Көтібардың монологі мен Теңгенің оған
айтқан сөзін алсақ та жеткілікті.

Айманның
ақыл-айласы арқылы құрылған торларға өзінің әбден шырмалып отырғанын  сезінбей, пьесада Көтібap:

Уа, сорлы үнім
енді ғана саңғырлады,

Қыранның аш дабылы даңғырлады.

Тоятқа айдап
Айман ілемін деп,

(Тағы да бip
жастықты басып алып)

Көңілде арман,
сірә, қалдырмады.

Жаман жау
жаяулаған жалбырлады,

Тоқал да ту
шолағын шандырлады.

Бөгеттің бәрін
бүгін үйіп-төгіп,

Еңбегін кәрің отыр
жандырғалы, -

деп лепіріп отырғанда, Айман,
Әлібек, Арыстан, Шолпандарды Теңге шымылдықпен үйге енгізіп:

Мұнда тұрған
күйеу,

Бipey емес, екеу.

Арыстан Шолпанды
алатын бопты

Сүйінші, мінe,
сүйінші!

Саған енді дым
жоқты.

Бұйырған жалғыз
тоқалың

Өңге емес, мiнe,
(өзін көрсетіп) мен бопты.

Kөтібap:

Жіберші, уа, жібер былай

Сорлататын неме
екен,

Cipә, мені сол
ұдай.

Уа, қайдасың сен,
сен шұнақ

Шұнақ құдай!

Құдай-құдай!»1 

(Аспанға мылтық
атып, найзасын
сындырады.)

Поэмада
да оқиға осылай бітеді. Бipaқ Көтібардың 
көп алдында
масқара болып қалушылығын тек сезініп қана күлуге болады. Поэманың басқа эпизодтарында да күлдіргі жайттар әлсіз ғана
сезілсе, кейде сезіп болмайтын дәрежеде көмескі болатын. Драматургтің поэмадағы
осы өзекті (юмор, сатира) тапжылтпай танып, оны өз мәніндегі искусстволық дәрежеге
жеткізіп, күлдіргі  пьеса етіп шығаруы - айта қалғандай үлкен
еңбек.