ВЕРНУТЬСЯ

         (Блокноттан)

         Жаз еді мен
Алатаумен

Тілдескенде,
сырласқанда,

Гүлін иіскеп,
көгін басып,

Құзды занғар шыңға
асқанда.

Тау қойынан отау
тігіп,

Дем алғалы барған
едім,

Мөлдір ауа,
мөлдір суға

Шомылып ем,
қанған едім.

Қыстай оқып
шаршап шыққан

Жолдасым да бірге
барған,

Көк орманын
аралаған

Шырқап, самғап
әнге салған.

Мен отауда,
тербеп қалам

Тізем төгіп ойдан
өлең,

Бойлап жарым
ғылымға кең

Отыратын ойда
терең.

Химиясын,
физикасын

Күде ақарып бір
пысықтап,

Үлгіретін
Абайлардан

Алуға да өлең
жаттап.

Қарт шешем ғой
көз әйнекті

Ең үлкені біздің
үйдің;

О да оқитын қалыспастан,

«Шаһнамасын»
Фердаусидің.

Тау ішінде жалғыз
емес,

Көрші қонып жаттгық
достар,

Көлге қонған
шағаладай

Сансыз еді ақ
шатырлар...

Таудың беті қызыл
шуға

Сыңсып біткен
бүлдіргендер,

Кестелеген тау
өңірін

Кездеседі түрлі
гүлдер.

Ақ шатырдың
аққулары

Бұлтта жүзіп
келеміз біз.

Бұлтқа біткен
таудың гүлін

Күле жүріп
тереміз біз.

1936