Көрсетіп ауық-ауық еңсенді елге,
не жетсін теңіз болып теңселгенге, -
айналар аспан жерге,
тастар - желге
толқыны тоғыз балмен өлшенгенде!
Білмей қап жау алғанын,...
тау аңғарын
жаңғыртып жай оғындай ауандағы үн,
құдірет
қас-қағымда білдіреді
қолында осындай да... зауал барын.
Өгіз боп өкіре ме,
зекіре ме,
көбігі көкке атыла секіре ме, -
Кешесің бір мүсәпір пенделік хал,
айналып ауға түскен бекіреге.
Ерлікпен бола кетер ездік егіз,
білуші ек баспен қайғы кезді де біз, -
әп-сәтте айырылғанда абыройдан
досың да, дұшпаның
да безді деңіз!
Жай оғы - жасынбысың,
масылмысың,
ел-жүрттан нелер пөле жасырды ішің, -
Батырып терсегінді тереңіне
құрдымнан
алып шығар асылды шын!
Әлқисса,
етпейін деп шерден кенде,
сала ма өмір сені сергелдеңге, -
айтқызып иманынды,
ауық-ауық
не жетсін теңіз боп та тербелгенге!
3 наурыз, 2006
- 100 просмотров