ВЕРНУТЬСЯ

       Теріс қарап түксиіскен,
түнерген,

Не
жақсылық күтем дейсің бұл
елден.

Еркіндікті алсақ та ойып ортадан,

Ескілікті
аңсап қойып жүрем мен.

Одырандай орын алып төрден құл,

Жанарымен
жер шұқыса көргенді ұл,

Оңып қайда
барам дейсің, ағайын,

Не
барқадар табам дейсің елден бұл.

Көкіректе қалмағандай оттан түк,

Жүректен
де, тірліктен де жоқ тамтық.

Алаяқтар аяқтыға жол бермей,

Ауыздарға сөз бермейді көп тантық.

Жер ортасы жастан ауа бергенде,

Кезіктіріп
кесірлі құл, кердеңге,

Жыланбасқа
қоймады ғой қу тірлік.

Бұдан басқа жоқ қой бірақ ел
менде!