ВЕРНУТЬСЯ

        Баяу тартып баяғы ырғақ,

көмескі үн,

сағынар да,

зарығар да емеспін.

Аңсап сені
жоқтайтын да бұл күнде,

айтқан сөзге
тоқтайтын да жоқ ешкім.

Бұрынғыдай
бұлқынбай да жұлқынбай,

Бұйығуға
бейім тұрған шіркінді-ай! -

Қой маңырап,

қозы жамырап бір түнде

көтеріле көшкен елдің жұртындай.

Азғыра ма,

жазғыра ма сол ескі үн,

Бұрынғыдай
бұлқына алар емеспін.

Ұнатуға,

жұбатуға бұл күнде,

жылатуға жарайтын да жоқ ешкім ...

Қызығудан мен таймай,

Қызуыңнан сен таймай,

қатар келе
жатырмыз қызығымыз ортаймай

Ішкен асым бойыма
тарамастай көрінер,

жастық алып

жаныңа

жарты сағат жантаймай.

Жұлдызыңның
жанғанын сен тілемей, мен тілеп,

жұғын
болмай жалғаның, жанып-күйіп елтіп ек

жарқыраса жанарың, жадыраса қабағың,

қазан-ошақ сылдыры кетер еді тентіреп!...

Көңіліңнен көз жазып қалар болсам сәтке бір,

кермек тати бастайтын сияқтанып тәтті өмір,

қызуынан

қырық жыл қоса ағарған қосақтың

отындай-ақ ошақтың шалқыр еді-ау шат көңіл!

Жұғын болмай
жалғаның, жанып-күйіп алғаным,

қызуыңа тоймадым,

қызығыңа
қанбадым,

өзінде деп білем
мен, төзімде деп сендегі

өмірімнің өзегі - тірлігімнің бар мәнін.