ВЕРНУТЬСЯ

     Ағайын-жұртқа
татымды

Ару болсын деп ақылды,

Осыдан қырық жыл бұрын

Өзім қойып ем атыңды.

Өмірдің өттің әр-шөлін,

ақталды бүгін сол сенім.

Кім екенінді бүгінде

Танып та болды ел сенің.

Қостым деп сені қатарға

Кешегі Жұпар
апаң да,

Риза болып өзіңе

Аттанған алыс сапарға.

Қамар да Қамар, Қамар-қыз,

Қандай бір кінә тағармыз.

Баз-базда балуан жігіттің

Жүгін де артамыз саған біз.

Төріңе толған мынау көп

Ойлаймын біліп жүр-ау деп.

Аузыңа сенің тұр
қарап

Атаңнан қалған бір әулет!

Көбейіп бақша-бағарың,

Азаймасыншы аларың.

Маңдайымызға бұйырған

Сүйкімді қалқам - ҚАМАРЫМ!