ВЕРНУТЬСЯ

        Уа, армысыз, Тағдыр қарт! Аман-есен бармысыз?

Қазақ қайтіп күн көрер зарлысыз да жарлысыз?

Маған да бір сүлесоқ қарағандай болып ең,

жанарында қалды ызғар, қабағында қалды сыз!

Түсінем ғой барлығын, барлығын да түсінем,

амандасқан боласың иегіңнің ұшымен.

Әлде сізді "әкелеп" алдыңызға жүгінер,

дәрменсіздің бірі деп қалдыңыз ба күші кем?!...

Бәрін біліп, қартым-ай, бәрін көріп келесіз,

мен дегенде неге Сіз қырын қарай бересіз? -

Жалғыз өзім үрейдің үздім қанша бұғауын,

айдынында дүлейдің жүздім
қанша... кемесіз!

Бала жастан мен де сол балдай уыз армандап,

ала қашқан толқынмен арпалыстым тал қармап...

Бізді көрсе асқақтап, осқырынды қашқақтап,

сұмырайдың
соңында сүметіліп қалған бақ!...

Бақытсыздау боп шығып бағлан жігіт, ойлы қыз,

мәңгүрттерге басқартып қойсақ керек тойды біз...

Тым құрыса,
қартым-ау, көзіңіздің қырымен

бір жалт етіп біз жаққа қарамай-ақ қойдыңыз!...