ВЕРНУТЬСЯ

       Сыбырлап,сайтан
сені азғырғанша,

Сенем деп,жасағанға
жаздым қанша.

Селт етпес "сері"
қазақ деген осы,

Өз көрін өзіне
кеп қаздырғанша!...

Ұшқанша өз
басынан әсте бақыт,

Табандап тұрыпты
кім бәсте қатып.

Қанша жыл аспен
атқан көңілімді

Талқан ғып өте
шықтың таспен атып!...

Сол шақта-ақ
солғын тарта сөніп рең,

Шайнап ем
бармағымды, кеміріп ем.

Қу тағдыр қайда
барсам ит пен құсқа

Жем етіп
қойғаны-ай деп мені кілең!

Әйтеуір бірі едім
деп әйгілінің

Қазақтың айта
берем қай қылығын.

Мақтауға
келгенде де, даттауға да

Аспанға
шығарады айды бүгін.

"Құйрығы
бір-ақ тұтам", - деп
отырып,

Айтуға аса
құмар көбі өтірік.

Мақтаса -
пайғамбардан әрі асыра,

Даттаса - аш
бөрідей өре тұрып.

He шығар енді келіп жазғырғаннан,

Ойланбай, арың болса - қаздыр қалған.

... Білмейсің қандай амал жасарынды,

Қай жаққа
қашарынды азғындардан!...

Бабадан қалған
сөз мәні кеміп,

Бозінген көңіл
боздады делік.

Айғайға мұңы
араласқан ой

Қай-қайдағыны
қозғады келіп...

Дүниені біраз шайқаған дарын

Есіне ала
ма қайтадан бәрін.

Қайтара
алмадым қарызды мен де,

Арызымды
елге айта да алмадым.

Күндізі құптап,
түні ұмытпаған,

Өз өміріме
үңіліп те алам.

Дем беріп қойған
тыңшы біткенге,

Тіршіліктен де түңіліп
барам.

Санамда жүрер
сауығы мәңгі

Сағынар кімнің
ауылы қалды.

Жатқа қимайтын
жақсының бәрі

Жоңғардан
бетер жауығып алды.

Шыр бітпей қойған жалаңаш, арық,

Шарқ ұрар қанша шағала шабыт.

Тағдырым мені
тірідей ғана

Шыжғырып жатыр
табаға салып!...

Тіресіп келем, күресіп көрем,

Міз бағар
емес сіресіп керең.

Салдыр да
күлдір сайтан арбаның,

Соңынан
қалмай... ілесіп келем!..