ВЕРНУТЬСЯ

       Қия алмай тұрмасаңыз
кешті балғын,

жырымды, сырымды да естіп алдың, -

бар екен әлі
қанша жол шегері,

тоқтатып көрсек еді көштің алдын!...

Жүріс бар алдымызда әлі тығыз, -

азырақ аттың белін ағытыңыз,

көрелік айналаны шолып та бір,

дұрыс па,
бұрыс па деп бағытымыз.

Үйренген дүреге
де, кіреге де,

көшіміз түзеліп пе жүре келе? -

Анау кім ат бауырын осқылаған:

"Жатыр, деп, теріс ақпай Іле неге?"

Көрдік қой тентегін де, терісін де,

не болып, не қоймайды ел ішінде.

Айтқаның дұрыс
болар одан гөрі

сен өзің арысың ба, берісің бе?!

Кетті ме, кетпеді ме аттың белі,

тілімдеп табанынды таптың нені?

Көрмеген күдірейіп бізді көзі,

күдерін үзді ме өзі жаттың көбі?...

Лықсып бірде кейін, бір ілгері,

көктеуге көштің алды ілінгелі,

шүбәлі бола қоймай еліміз де,

шыдады беліміз де... бүгілмелі.

Көшіміз
түзуленіп бір көрмеге,

жетерміз шуағы мол күндерге де,

ішіміз неге бірақ ұли берді,

мұншалық құри берді сүлдер неге?!

... Қия алмай күреңіткен кешті балғын,

бәрін де айтарымның естіп алдың.

... Ендеше төңірекке төккен арай

бұра бер
көкке қарай көштің алдын!

24 ақпан, 2006