ВЕРНУТЬСЯ

       Көңілдің көк
дөненін шаптырғасын,

Жақтырсын
қатын-бала,жақтырмасын.

Алыстан асыға бір аңсай жетіп,

Ауылыңа тіреп едім аттың басын.

Есіңде бар шығар
деп бір өлеңім,

Ат басын ауылыңа тіреп едім.

Алдымнан өттің арып,бетті қарып

Жұқа тон -
жылуы жоқ жүдеген үн.

Түскендей елден ерек көліңе мұз,

Аузыңнан
шыққан болды өлі лебіз.

Сонда бір көріне алмай айбыныммен

Әлі де қайғы-мұңмен
көңіл егіз.

Бет қайтып нағылеттен,өбілеттен,

Кез еді ол күрестің де мәні кеткен.

Адамнан аумай қалдым, әлдеқашан

Көмбеден көкқасқасы ағып өткен.

Болдың-ау қимағандай дала шуын,

Алайын енді кімнен жан ашуын.

Сол күнгі көңілім де бір басқа еді,

Бал татып
тұрмас па еді қара суың!..

Қаншама қырын келсін тағдыр, мейлі,

Қиналған
кездерімді жан білмейді!

Ешкімге шағындырмай,табындырмай,

Өмірдің
өзі-ақ мені әлдилейді!

Бұралаң
тіршіліктің сан дүрмегін,

Шыдаған
көтеруге балғын белім.

Жылаған жасырынып
шақтарда да,

Басымнан сипаған
жоқ тағдыр менің.

Өзгенің өтесі жоқ, сірә, маған,

Ешкімді
оған бола кінәламан!

Келгенше осы жасқа,шынымды айтсам,

Көрмедім
жанашырлық бір ағадан.

Әйтеуір өрге сүйреп өз басымды,

Ешкімге көрсетпедім
көз жасымды.

Сезуші ем тағдырыңның
тәлкегінен

Тулақтай түгі түсіп,тозбасымды!