ВЕРНУТЬСЯ

                (аңыз) Ұлағаттай, бұл әңгіме – әдемі,Әдемінің аз болмайды әлегі...Ұлықпан хакім, дана Дәуіт пайғамбар,Бір заманда ғұмыр кешкен шақ еді. Білгісі кеп, білік-ойын болжаған,Ұлықпанды шақыртып ап жалма-жан.Қой сойдырып қойыпты да, жұмсапты,Мүшелерін алып кел деп ең жаман. Біле-білсең, білместігің – бір өлім,Ұлықпан да орындапты тілегін.Әлгі қойдың көп ойланып жатпастан,Әкеліпті тек тілі мен жүрегін. Пайғамбарың үндемепті бірақ та,Жеткен жандай түрі мығым, мұратқа.Осы оқиға ұмытылып кеткендей,Өтті дейді, бір ай ма, әлде... бір апта.Тағы бірде шақырыпты...                                      Жол тапшы?Дәуіт сөзі не жайында болмақшы?Қой сойдырып қойыпты да, жұмсапты,Мүшелерін алып кел деп ең жақсы. Реніштің бұлты жаппай реңін,Ұстазының тәрк қылмай тілегін.Бұл жолы да бұрынғыша қайталап,Әкеліпті, тек тілі мен жүрегін. Дәуіт айтты: «Амал бар ма нанбасқа,Неге бүйттің, неге бұлай? Ал, баста...Ей, Ұлықпан, көрінбепті-ау көзіңе,Қасиетті кәрі жілік, жамбас та. Бас тартылып жатушы еді тойыңа,Білу керек, ең болмаса соны ұға!Түспепті ғой – тоқпан жілік тоқпақтай,Ортаң қолдай ортан жілік, - ойыңа»,-Деп, әдейі сөз жүгіртіп қамшылар,Сұрақ қойды найза сынды шаншылар:-Жүрек пенен тілді неге әкелдің,Мұныңның да бір мәнісі бар шығар? Жауаптарын көп күттірмей, кідірмей,Ойлы көзі дидарында күлімдей.Ділмар тілі дүниеден сыр қозғап,Ұлықпаның былай депті, мүдірмей: «-Жүрек тілсіз, тілсіз жүрек бола ма?!Бола қалса жағдайымыз оңа ма!Сыр осында: Қайда тартпақ, жүрек, тіл?!Табиғаттың мезгіліндей өліара... «Басқа пәле тілден» деп пе, босына?!Жат боласың туысыңа, досыңа.Бірақ оны айтқызатын сұм жүрек,Екеуінің жамандығы – осы да! Жүректі де күйдірмейік босына,Тірлік көшін бастар, тілмен қосыла.Болса егер жүрек -адал, тіл-тәтті,Екеуінің жақсылығы – осы да!» Кетті Ұлықпан Дәуітіңді ырза  ғып,Ырзалығы жанарында тұр жанып!Шәкіртіне деген шексіз пейілден,Үміт пайда болған екен, бір, жарық... ...Бар жақсыны кеудемізге көшіріп,Жүрейікші жібек желдей есіліп.Замандасым, қай кезде де жүректен,Алмайықшы, сол Үмітті өшіріп!..