ВЕРНУТЬСЯ

       Діннен емес, тілден
алған үлесін,

Қазақ деген халық барын білесің,

Сондай елдің үлымын деп өзің де

шаршы топқа шалқая бір кіресің.

Осы тіл деп мінәжатың, мұратың,

айтып өткен бар ғұлама, ұлы Ақын.

Елдің дүмі, ердің құны дегендер,

екі-ақ ауыз сөзге сыйып тұратын.

Co
қызыл тіл арқасында кешелер,

отқа түсіп, оққа да ұшып нешелер,

Көре-көре көсем болып ұлдары,

сөйлей келе шешен болған, деседі ел.

Қазақ дейтін қалың елде қыры кең,

болды қашан қара сөздің құны кем.

Тілі еді ғой қайтарған да жау бетін

Қаз дауысты Қазыбектер үнімен.

Тілі барда небір сері, не серкең.

иығы асып, өзгелермен өсер тең,

"Өлер едім, депті Расул, бүгін-ақ,

авар тілі жоқ болады, десе, ертең!"

Діннен емес, тілден тауып керегін,

Қазақпын деп, қайсар өскен ел едің,

Ана тілім құрыр
болса,

мен де сол:

"Өмір сүріп керегі не!" - дер едім.

Салтымызда жоқ еді деп, ғұрыпта,

сылтау іздеп жатпайыншы сынықка,

Көзге мақтап қайте қоям, өйткені

сөзден аттап кете алмайды ұлық та.

Мұратыңа
жетем десең көздеген,

бұрынырақ
өтем десең озгеден,

Айтқаныңнан айнып кетпей,

абай бол:

Тас жармаса,

бас жарады сөз деген!

Болжап біліп болашағын, салмақтап,

әппақ уыз, алдындағы дәмді ақтап,

өтсе деймін ұрпақтарым
ендігі

ана тілін анасындай ардақтап.

Сөз аяғы айналды деп ұранға

Тарпаң інім тағы да бір сынар ма, -

Қайтем бірақ,

қаным бірге тіліммен,

әнім бірге,

жаным бірге шығарда!....

2006 жыл