ВЕРНУТЬСЯ

          Жаман атқа
жал бітіп,

Жақсы құлға төр тиіп,

Ақымаққа әл бітіп,

Аты жоққа мөр тиіп;

Жүргендерді жан күтіп,

Тәубасына келтіріп,

Байбатшаны қаңғытып,

Хан, патшаны өлтіріп,

Шаш ал десе бас алды,

Құртпақ болып құдайды

Құдай, бірақ кашанғы

Тәлкегіңе шыдайды?

Азаттықты
айта алмадық

 Ақ найзаның ұшымен.

 - Азатпыз! - деп
айқайладық,

Абақтының ішінен.

Жалықтырды соқыртеке

Ойынымыз осылып...

Іш арақты, өкірт, әке,

Мен де ішейін қосылып..

«Құдай жоқ» деп ұстаздарым

Қаратпады-ау құранға,

Қайран менің қыс-жаздарым,

Қор боп өткен ұранға.

Mac боп жатыр шәкірт жолда,

Хақтың жолы тосылып,

Іш арақты, өкірт молда,

Мен де ішейін қосылып...

Шерменде боп имам өлді,

Құрттық та оны - «көгердік»

Тобырда жоқ иман енді,

Қасиетке сенерлік.

Қала бердік соқыр тамда,

Ақты қара өшіріп.

Іш арақты, өкірт молла,

Мен де ішейін қосылып...

Сұбыханалла...

Астапыралла...

Асылық қой, не дейін?

Биыл мүшел жасқа шығам ба?

Тәубама онда келейін.

Ер - намысын,

Әйел - ғұрпын

Көркі етелік тойлардың.

Таста ішуді,

Қой, ел-жұртым,

Ал мен болсам - қойғанмын

Еcyac
заман,

Папуас тағдыр,

Есалаң болған есті өмір,

Ешкімге жаны ашымастан бір,

Кемеңгер күйде кеше жүр.

Іріңдеп кеткен жарамыз мынау,

Ыңырана білмес нар едік,

Жармасқан қолда жағамыз жүр-ау,

Жыртысқа жарап әредік.

Есіктен кіріп,

Төріме шығып,

Төккені аздай асымды,

Туын да туған жеріме тігіп,

Алшаңдап тіпті басынды...

«Тайбуырылмыз» деп тапырақтадық,

«Шүу!» десе шаптық шын қызып.

Арқасы жауыр шоқырақ халық,

Кім болса соны мінгізіп...

1990