ВЕРНУТЬСЯ

Мен соншалық бақытты жан болайын,Тағдыр-тартыс иеленген жеңісін.Бәрібір де түнің мұңлы, ағайын,Сырға толы, қияли шақ мен үшін. Ұйқы қанша алсын есті талдырып,Өлең-өзек-сағымдайын-сағыныш.Тұла бойды бал сезіммен балқытып,Жүрегімде болады сан жарылыс. Жанартау боп атылардай алқынып,От-жүректің шарпыламын өртіне.Түні бойы ширығамын шарқ ұрып,Түннің қарап таңғажайып көркіне. Шабытыма жел берер де сол менің,Ай мен Жұлдыз,алқара көк түнгі аспан......Сенделемін кезіп ішін бөлменің,Жым-жырт түнге көзім салып мұңдасқан...

Автор: