ВЕРНУТЬСЯ

          Үкілі, тау
біткеннен аласасың,

Үйілген
алаңқайға ала тасың.

Үкілі, қыз
секілді ертедегі,

Үйіріп жолаушыны
қаратасың.

Тұрасың сұлулықтың әлеміндей,

Тұрасың жас өмірдей, кәрі өмірдей.

Құдайға шүкіршілік,

жеттің бізге

Жолдаған
ғасырлардың сәлеміндей

Кейбіреу Үкіліні
дөңес десін,

Көзіне басқа
таулар елестесін.

Үкілі, Үкілім-ай
аты болса,

Білемін басқалардың
теңеспесін.