ВЕРНУТЬСЯ

        Үстімізге
аспанды бүркендік те,

Ұйықтап
кеттік жеткендей бір кеңдікке.

...Үлкен
балаларменен бірге оқыдым,

Асыққандай өзім
сол үлкендікке.

Үлкен бала
істейді үлкендігін,

Сенің көрініп тұрады бір кемдігің.

Ұшып
кете жаздаушы ем кеше ғана,

Құрып тұрған сияқты діңкем бүгін.

Дегеніне жете ме
шаршамаған,

Жылқы іздеп
жылдарда соншалаған.

Әсіресе өзімнен
үлкен қызбен

Бірге оқудың
керегі қанша маған.

Алмас арман бола
ма, жетпес үміт,

Сол күндердің
бәрі де кетпес ұмыт.

Сондарынан ерген
бір іні көріп,

Қыздар маған қарайтын
әпкесініп.

Сол күндер де
ақырын өтті үндемей,

Екіленбей,
елірмей, екпіндемей.

Үлкен болғым
келмейді осы күні,

Кішіліктен тұрады кеткім келмей.