ВЕРНУТЬСЯ

       Ұнатсын
ерегес пен егесті кім,

мақтауды, даттауды да көп естідім,

Аян ғой үлкенге де, кішіге де,

соншама жаман адам еместігім.

Мен емес тасырың да, тақсырың да,

балаймын соның бәрін жақсы ырымға.

Келемін қалың елмен қатар көріп,

ағын да, қарасын да, ақшылын да.

Біреуді жек көргем бе, кектенем бе,

орынсыз болған емес өкпе менде,

Барыспай бас жағына

қала берем

бәсі айқын балағатпен... шектелем де.

Әлдінің әлсіреген кезін бағып,

ешкімге ұрынбадым
өзім барып,

жасы үлкен ағасы ма, данасы ма -

сіңірдім санасына сөзімді анық.

Кім білсін,

салмақшы ма журе
күшке,

біреулер бүлінсе
де,

бүгеді ішке,

Мен болсам,

елі күнге
әдейілеп

бармаппын басы қату ренішке!

Көріне алмадым деп әрден күнде,

орынсыз шектен асып, шерлендім бе, -

Әйтеуір, нысап сайын береке деп,

келемін мерекелеп елмен бірге!

2002 жыл