ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қадірлі Василий Владимирович!
  Сіздің 18
мартта жазған хатыңызды кеше ғана алып, оған казір жауап кайтарғалы отырмын.
Мектеп бітірушілердің емтиханында болу үшін Ырғыз бен Торғайға мен апрель айының 20 ларынан кейін бармақ
едім. Бұдан ерте Сіздің де, менің де ешқайда шыға қоюымыз, әрине, мүмкін емес; өйткені, кар кеше ғана ери бастады, еру түріне қарағанда жай ериді-ау деп ойлауға болады; сондықтан кашан
су жүре бастап, онық қашан өткел беретінін
казір білуге де болмайды. Болыстық мектептер жайында мен әлі
попечительден ұсыныс алған жоқпын. Ал егер мектеп үйлерін салу жұмысы маған
тапсырылатын болса, онда не емтиханға баруымды, не мектеп үйлерін салу
жайындағы бұйрықты тоқтата тұру керек болар деп ойлаймын; өйткені, бұл екеуі де
дереу, қалай мүмкіндік болған күні, менің уездерді, болыстарды аралап қайтуымды
керек қылады. Одан кейін, Сіздің жолға шығатын кезіңізді де болжап, мен, сірә,
емтиханға баруымды қоя тұрып, Сізді осы Қостанайдан күтіп алғаным жөн ғой
деймін. Мұндағы окушылар май айының басында жазғы дем алысқа таратылмайды, егер
майдың 10-15 нен қалмай келетін болсаңыз, Сіз оларды мектептен табасыз. Егер
Сіз тура Костанайға келмек болсаңыз, онда, қазір көктем кезі болғандықтан,
Сізге Қостанайға Орскі, Троицкі арқылы келетін қара жолмен жүруге кеңес берер
едім; өйткені, Оралдың далалық жағында біздің жерімізге дейін келетін жолда
казір земствоның ылау аттары жоқ, оның үстіне, бұл жағдайда да, Башқұртстанда
да паром, көпір дегендердің жоқтығынан өзен-сулар жазғытұрым аяқ  басқан сайын кедергі жасай берулері мүмкіні. Ал
онансоң мына жолмен де келуіңізге болады: Орынбордан Ақтөбеге, Ақтөбеден
земствоның ылау аттарымен Орскіге, _ Орскіден казак-орыс станцияларынын,
үстімен Николаевскі станицасына келесіз; бұл арадан тағы да қазақ аттарымен
жүруіңізге тура келеді; бұл аттардың кашан, кай жерден күтуі керегін күні-бұрын
маған не уезд начальнигіне хабарлап қоюыңыз керек. Бұл жол арзандау болады.
бірақ ұзағырақ жүресіз, өйткені барлық жерде бірдей ат әзір, өткел жөндеулі
бола бермейді.
Ал енді менің қазіргі Торғай әкімшілігінің басшылығынан
көріп отырған жауыздығым жайына келетін болсақ мен мұны жалпы түрде попечитель
мырзаға жазған хатымда айтканмын. Арыз берген кім екенін губернатор маған
айтпады; аты-жөнін көрсетпей жазыпты деді де қойды; онысы, әрине, дұрыс емес.
Алайда, мұның бәрі семейлік бір фавориттің, уезд началышгінің бас көмекшісі
Х-ның істеп жүрген ісі екені байқалып отыр; оның өзі губернаторға үнемі,
жасырын түрде хат жазып тұрады екен. Ол өзінің Қостанайлык достарының бәрін де,
оның ішінде өзініи. уезд начальнигін де ескерусіз калдырмапты. Ал мұның бәрін
істеп журген себебі - өсек-аяң арқылы бастықтарға жағыну болса керек, деседі; үлы
мәртебелі тақсыр осындай өсек-аяңға ұйып кұлақ қоятын көрінеді. Бұл жасырын
арыз беруші кім болса да іс әшкере түрге көшпес деп ойласа керек, сейтіп, сірә
басқа біреуге керек болып отырған бұл орыннан мені сотсыз, тергеусіз қуып
шыққысы келсе керек. Бұл арсыз өтіріктің бәрін ең алдымен Орынбордың өзінде
Торғай облысыньщ прокурорынан не обльістық басқармасынан ресми немесе жай түрде
сұрастырып ашуға болады; губернатордың хатына қарағанда, ол мені енді,
еңалдымен губернатор тағайындаған уездік управлеиие чиновниктері жайында
прокурорға және облыстық баскармаға жазба түрде де, ауыз-екі де жала шағымдар
берді деп кіналайтыны көрініп отыр; бул чиновниктердің үстінен сірә ешкімге де
арыз жазып, шағым беруге жол жок болса керек. Ал қазактар мен жаңадан келіп
қоныстанып жаткан орыстар да шағым бере алмайды деп ойлайтын болса керек.
Сізден, ең алдымен, осы туралы кағаз жазып сұрап білуіңізді қатты өтінемін,
өйткені, осыдан барып істің ақиқаты ашылады; сондықтан мұны Орынбордан шықпай тұрып
сұрап білуіңізді өтінер едім. Мен казір өте жабыркау, өте көңілсізбін, өйткені,
мен көмектеседі, қолдайды деп үміт еткен өкімет орындарынын өзі акырында келіп,
мені заңды және тіпті зансыз жолдармен үздіксіз қудалап отырады. Осыдан кейін
не күтуге болады, әділеттік деген қайда? Осының бәрін сарка келгенде, мен енді,
әшкере сот күру арқылы болса да істің беті ашылса екен деген ойға келіп
отырмын. Сондыктан, губернатордың хаты негізінде прокурордан және облыстық баскармадан
осының жайын сұрастыруыңызды қатты өтіне келіп, Сіз бір рақым қыларсыз деп
сенемін.
Өзіңізге шын берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
Қостанай.
1886 жыл, 2 апрель.