ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Жаңа жылыңыз құтты болсын, аса қайырымды
Василий Владимирович, және аса қадірлі Евпраксия Васильевна!!! Шын жүрегімізден
Сіздердің және қымбатты үй-ішіңіздің амансау, бақытты болуыңызды
және барлық істеріңіздін, сәтті болуын тілейміз!
Біз,
Николаевскі уезінің барлық оқу қызметкерлері, қазір біздің аса қадірлі уезд начальнигіміздің үйінде отырмыз; үй қожасын тиісінше құттықтап кұрмет көрсеткеннен кейін,
біз бірінші тосты оқу жұмысының адамшылығы мол, адал қайраткерлерінің саулығы
үшін көтердік. Қайырымды адамдар жасасын! Шын мағнасындағы адамдарға құдреті күшті
құдай жар болсын! Ура!!! (Бұл
хатты уезд начальнигінің үйінде жазып отырмыз).
Мен бұратанамын ғой; сөйтсе де орыстың жаңа жылды
қарсы алуында бір тамаша көтеріңкілік бар; сондықтан, хатымның өзі де көтеріңкі
рухпен жазылып отырса, оған таңырқамаңыз. Шын қадір тұтатын достарың, сүйетін
адамдарың осындайда еріксіз еске түседі. Осындай адамдарым есіме түсіп, мен
казірдің өзінде мас болып отырмын. Сондықтан, сөзімнің тәртіпсіздігіне ренжімеңіз.
Жақсы адамдардың саулығы үшін үшінші рюмкамды ішіп
жатырмын. Тағы да ура!!!
И. АЛТЫНСАРИН.
1888 жыл, 31 декабрь.
Қостанай.