ВЕРНУТЬСЯ

      Аса құрмегті Василий Владимирович!
    Менің
хрестоматиямды басып болды. Енді тек оны мұқабалау ғана қалып отыр. Бес күннен кейін, бастықтарға және меніц жақын достарыма жіберуге
арналған алғашқы 20 кітабын мұқабалап болғаннан кейін, өз жөніме
кетемін.
Енді, Василий
Владимирович, Орынбор оқу округі үшін Орынборда
хрестоматияның неше данасын қалдыру керек екені
туралы мәселені шешуге көмек етіңіз. Қазақ хрестоматиясының шыққандығын
Түркстан округіндегі халық мектептерінің
директорына және Сібір округінің оқу жұмысын басқарушыға қалай хабарлауға болар екен. Мүмкін бұл жайында
попечительмен сөйлесу керек болатын шығар,
мұны өзім сөйлесіп керейін. Бірақ Орынбор оқу округіне керекті Хрестоматияның саны туралы попечитель Сіздің пікіріңізді күтіп отырған сияқты. Попечительдің айтып жүрген әйгілі мәжлісі жақында болып
өтті. Бірақ оның немен тынғанын мен әзір білмеймін, себебі, бұл маслихат екі
әскери адамның, генерал-губернатор мен попечительдің арасында ғана болды. Мен оның
алдындағы, попечительде болған мәжліске ғана қатыстым.
Жалпы Сіздің қарамағыңыздағы мектептерге жіберілетін
кітаптың саны туралы, мүмкін болғанша тез хабар еткеніңіз тәуір болар еді, егер
Сіздің хатыңыз, бүгіннен бастап есептегенде, мұнда бір жетіден кейін келетін
болса, онда хатыңызды Федор Дмитриевичтің атына жазыңыз, оған мен бұл жөнінде
не істеу және қалай істеу керек екендігін айтып қоярмын. Жұбайыңызға менен
көп-кеп сәлем айтыңыз.
Сізге шын көңілімен берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1879 жыл, 17 ноябрь.