ВЕРНУТЬСЯ

       -Бектұр-ау,

Мына күн де бұзылайын
деп тұр-ау,

Бұзылайын деп тұр,
білем, зәнталақ,

Деді Бекең,көздері
сәл қанталап.

-Бұршағы ма,қар аралас жаңбыр ма,

Қарауытып...

-Қалай
екен мал қырда?

-Қораны да
бүтіндемей, үйді де...

-Е,
жасаған! Соған да қол тиді ме.

-Келіп
қалды-ау қысың да,

-Жә,
қысылма.

-Жаз
дегенің өте шықты-ау тегінде.

-Қарар деп
пе ең көңілге.

-Қас-қағымда
өте шыққан өмір-ай!

-Өзің
қолда...

-Е, Құдай.

-Шалым-ай,

 өтіп бара жатырмыз-ау... жарымай.

-Қоймады
ғой айналдырып бір қырсық,

  Деп Бекең де әлдекімге тұрды ұрсып.

-Бірақ,
талай қызық та күн болыпты-ау!

-Е, құдайдан қорықпау...

-Бақыттың
да құшағыңда балқыдық.

-Әй,
оттамай! - деді сонда шал тұрып:

-Шайыңды
қой,

 Орнат ана мосыны,

 Өмір депті бұрынғылар осыны!